VІ. Келесі үйдің иесін табу үшін мына жұмбақты шешіп көріндер
Өзі айлакер және қу,
Жүрген жері айғай-шу. (түлкі)
Түлкі нешінші үйде тұрады? Ол жөнінде не білесіңдер? Ол нені жақсы көреді? Оған не апаруға болады? (балық)
Түлкінің тапсырмасы: сурет бойынша теңдіктер құру.
3+2=5
2+3=5
5-2=3
5-3=2
|
4+1=5
1+4=5
5-1=4
5-4=1
| VІІ. Келесі үй иесін жұмбақ арқылы анықтаймыз
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен болып жасқанар,
Кіп-кішкене арадан. (аю)
Аю нешінші үйде тұрады? Ол жөнінде не білесіңдер? Аю нені жақсы көреді? Оған не апарамыз? (жидек)
Аюдың тапсырмасы: «жоғалған сан» ойынын өткіземіз.
VІІІ. Орманды қасқыр аралап жүр екен. Ол туралы не білесіңдер?
Қасқыр да сендерге тапсырманы дайындады: сандарды салыстыру керек.
4 см 2 см
5 см 5 см
1 см 3см
2 см 5см
ІХ. Орманда тағы да бір үй бар екен, оның иесі жоқ. Бірақ ол бізге өз тапсырмасын жазып қалдырып кетіпті. Ойынның аты: «Үйді табуға көмектес»
Тапсырмасы: мына тұрғындардың үйлерін табуға көмектесу керек. Олардың үйлері қандай фигураларға сәйкес келіп тұр? (тіктөртбұрыш, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш)
Достарыңызбен бөлісу: |