Оқушыларды мадақтау. қоянның суретін тарату
Үйге тапсырма: 3-4 бет қайталау,дәптердегі 3 тапсырма.
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Заттарды ұзындығы, түсі, пішіні бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың көрнекіліктері: текше, сызғыш, ағаштардың суреттері.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
- Екі көз не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін керек.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл -кеңес тыңдау үшін керек.
-Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек жасау үшін керек.
-Екі аяқ не үшін керек?
-Туған жерге жету үшін керек.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
1-ден 10-ға дейінгі ауызша санау жаттығулары (1-ден 5-ке дейін,6-дан 10-ға дейін, 3-тен 9-ға дейін, т.б.санау); әр қатардағы парталарды санау; «Эстафета» түріндегі ойындарды ұйымдастыру.
IІІ. Жаңа материалмен таныстыру
Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық жұмыс ретінде практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан соға қарай санандар. Бұл ойыншықтар туралы не айталасындар?»
Ары қарай үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі.
Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек - геометриялық фигуралармен жұмыс. Содан соң оқушылар геометриялық фигураларды салыстырады.
Осы материалмен санау және фигураларды топтастыруға ұйымдастыруға болады. Фигураларды мөлшері бойынша, содан соң түсі бойынша екі топқа бөлуді ұсынады.
Оқушылар осы сабақтан заттарды биіктігі, ұзындығы, ені, т.б. бойынша салыстырады (мұғалім мен оқушының бойы, үзілген жіптердің ұзындықтары, партаның биіктігі, қуыршақтардың мөлшері).
V. Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырманы орындау кезінде белгілері бойынша (биік-аласа, үлкен -кіші) салыстыру жұмысы жүргізіледі
№2 тапсырмада санау,топтау,салыстыру орындалады. Бұл тапсырма балалардың бақылағыштығын, зейінін дамытуға бағытталған.
№3 тапсырмада заттардың массасы туралы қарапайым тұрмыстық түсініктері анықталады: «Үлкен зат -ауыр зат, кішкентай зат-жеңіл». Мұғалім массасы бойынша салыстыруға болатын, сөйлем құрап айтуға ыңғайлы заттарды атауды сұрайды. Мұғалім оларға көмек ретінде массасы бойынша салыстыруға болатын мысалдарды келтіреді. Мынадай ойын түрлерін ұйымдастыруға болады: «Сенің портфелиндегі заттар қандай материалдан жасалған?», «Жұбын тап», «Не өзгерді?», т.б. (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз).
VI.Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Допты алды қолына
Допты қойыды жолына
Оңға қарады, солға қарады
Үлекен тау деп ойлады.
VII.Дәптермен жұмыс 9-10 бет
№1 тапсырма алғашқы бекіту жұмысына арналған. Бұл жаттығуларды орындауда балалар берілген тапсырма бойынша ағаштарды ажырата білуі маңызды: «Теректі көрсет. Қайыңды көрсет. Ағаштардың арасынан емен ағашын көрсет. Қайың, емен,теректің жапырақтарын көрсет және оларды ағаштармен сызық арқылы қос».
№2 тапсырма бойынша мұғалім 4 ұяшықтан тұратын 4 кестені қарауды ұсынады:
-Оң жақтағы жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн бейнеленген. Оң жақтағы төменгі ұяшықта ненің суреті салынған? Сол жақтағы төменгі ұяшықта ше? Кестенің ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп ,қарындашпен суреттерін сал.
№3 тапсырма графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін берілген.
Өздік жұмыс үшін №4 тапсырманы ұсынуға болады.
Балалар сәйкес жіпті иненің көзіне «өткізеді». Балалардан өздерінің таңдауларын әрекеттерін түсіндірулерін міндетті түрде сұрау керек.
VIIІ.Сабақтың қорытындысы.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Қандай тапсырма сендерге ұнады?
-Қандай тапсырма қиын болды?
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру.
Сабақтың мақсаты: 1. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру арқылы қарапайым түсініктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларды санауға үйретудің тәсілдерімен таныстыру, зат пен санды сәйкестендіруге үйрету.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбер.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап өткен күнге!
2. Тығырық:
-Балалар, мына екі тышқанның қайсысы ірімшікке бірінші жетеді ?
-Әрине, бірінші тышқан бірінші жетеді, себебі жолдары әр түрлі. 1- қысқа, 2- ұзын
- Заттардың ұзындығына қарай әр түрлі болатынын түсіну.
3. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың назарын оқулыққа аудару.
7 бет №1 тапсырма заттарды ата, сана, салыстыр. Ұзын, қысқа.
7 бет № 2 тапсырма Сурет бойынша жұмыс. Заттарды ата, сана, салыстыр.
Биік- аласа. Қалың –жұка.
4 бет №3 Сана. Салыстыр. Топта
4.Дәптермен жұмыс:
1. Заттарды ата, салыстыр. Айырмашылықтарын ата.
2. Қысқа жолды сарымен, ал ұзын жолды жасылмен боя.
3. Нүктелер мен таяқшаларды жазу.
4. Суреттерді толықтыру
Сергіту сәті:
Жоғары қарадым – аспан көрдім,
Төмен қарадым- жер көрдім.
Оңға бұрылдым, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім
Дұрыс отыру,дәптердің дұрыс орналасуын, қаламды дұрыс ұстауды қадағалау.
Сабақты қорытындылау:
Бүгін не істедік?
Заттардың қандай белгілеріне қарай топтауға болады екен?
Үлкен, кіші, түсі, саны.
Сендерге не ұнады?
Рефлексия: Сана салыстыр.
Оқушыларды мадақтау. Жұлдыз тарату
Үйге тапсырма: оқулық 7-8 бет қайталау, дәптер 5 бет №4 тапсырма.
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
4-сабақ
Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу
Сабақ мақсаты:
а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру.
б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға баулу.
Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар
Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды жаңа математика сабағына даярлау. Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге берілген тапсырманы тексеру; 10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
А) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан туындайтынын түсіндіру.
ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.
Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою
Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс
А) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады. Нәтижесін оқушыға айтқызу.
Б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады.
В) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)
ҮІ. Қорытынды
Сұрақтар қойып жауап алу.
ҮІІ. Үйге тапсырма 8-бет Суретпен жұмыс
ҮІІІ. Бағалау
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттардың екі тобын салыстыру
Сабақтың мақсаты:
1. Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.
2. Ұқыптылыққа баулу.
3. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімді бекіту.
1. Салыстыру (беттестіріп.)
2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)
3. Сызғыштың көмегімен анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.
1-тапсырма
Шахмат тастары мен қол теннисінің шарларын санау,салыстыру
2-тапсырма
Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Ұл бала мен қыз баланың саны анықталып салыстырылады
3-тапсырма
Қорапқа белгілері бойынша ойыншықтарды орналастыру
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға берілген жасыл қоршаудағы тапсырма орындалады.
-не болуға тиіс?
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс жаттығулары жасалады.
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
Ү. Жаңа білімді бекіту.
а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)
ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша.
б) 0-4---5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса,асық сонша.(5)
Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4)
Дәптермен жұмыс:
Сабақты қортындылау:
Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте бағдарлау
Сабақтың мақсаты: 1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау.
ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.
б) Оқулықпен жұмыс:
1 тапсырма
1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.)
2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.
3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.
б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.
2-тапсырма
Суға жүзіп жүрген балалар туралы әңгімелеу.
3-тапсырма
Жеміс ағашындағы заттарды санау. Не жоғарыды? Төмендегі не?
Оң жақта? Сол жақта?
4-тапсырма
Үш түрлі ойыншықтың орнын ауыстыру керек
Дидактикалық ойын
«Жоғарыда-төменде»
Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
в) Дәптермен жұмыс.
Ү. Білімді бекіту:
г) Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау
Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру , нақтылау.
2.Дамытушылық: уақытты анықтайтын терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету; оқиғалардың ретін қоя білудағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:ауызша, жазбаша.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекіліктері: күн тәртібі, сағат макеті, суреттер
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер -Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанамын мен»
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға Аю келді. Ол бізге көп тапсырма
әкелді ( әр тапсырманы Аю үнтаспадан хабарлап тұрады)
Сабақтың ережесі:
1.Тыныштық сақтау
2.Бір -бірін тыңдау
3. Ойды ашық айту.
4.Жауапты толық айту.
|
|
|
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Кеңістіктегі заттардың орналасуы туралы түсініктерін бекітетін, санауды қайталауға бағытталған ойындар мен жаттығуларды кіргізе отырып, ауызша жұмыстар жүргізуге болады («Не өзгерді?», «Ұшақтың ұшуы», «Дыбыс қайдан шықты?», «Керісінше», «Сөйлемді аяқта») т.б.
IV. Жаңа материалмен таныстыру. Ауызша жаттығулар.
Аю: -Мен бірнеше сөздерді айтамын, сендер мұқият тыңдап, қай сөзді бұрын, қай сөзді кейін айтқанымды байқандар: дүйсенбі, сәрсенбі, сейсенбі. Енді 5-ке дейін хормен санайық. Қай санды бұрын айттық, екі ме, әлде үш пе? т.б
-Келесі Аюдың тапсырмасы, оқулықпен жұмыс.
V. Оқулықпен жұмыс.
Балалардың назарын №1 тапсырмадағы суретке аударып, баланың алдымен не істегенін, содан соң не істейтінін ретімен айтуларын сұрау.
Оқушының күн тәртібі туралы әңгіме жүргізуге болады.
№2 тапсырма бойынша кім үлкен,кім кіші екенін анықтау керек. Отбасының барлық мүшелерінің жасын өсу және кему реті бойынша айтқызу.
№3 тапсырма «ерте -кеш» түсініктерін қолданып, уақыт туралы әңгіме жүргізуге арналған. Оқушылардың бақылағыштығын, салыстыра білу дағдыларын арттырады.
-Балалар, Аю бізді демалуға шақырып жатыр.
VI.Сергіту сәті.
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығуларды жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір
Бір ,екі,үш
Баспен қимыл жасаймыз
Бір,екі ,үш.
VII.Дәптермен жұмыс 7-8 бет .
Жаңа білімді игеру деңгейлерін бақылау үшін оқиғалар ретінің орны ауыстырылған суреттерді ұсынуға болады (мысалы, ертегі мазмұнының сюжетті суреттері , жыл мезгілдерінің суреттері, т.б.) және қателерін түзеу өздеріне тапсырылады. №1 тапсырма орындалады.
№2 бұл тапсырманы түсіндіре отырып орындау. «Бір шаршы оңға сызамын, бір шаршы жоғары, екі шаршы оңға, бір шаршы төмен, бір шаршы оңға», т.б.
№3 тапсырма алған білімдері бойынша сөздік қорларын бекіту үшін орындалады. Заттарды өзара байланысты топтарға бөледі: ағаш, тақтай, орындық: қой, жіп, свитер, дән, ұн, нан. Содан соң олардың пайда болу ретін анықтау.
VIIІ.Өздік жұмыс .
Өзіндік жұмыс ретінде №4 тапсырманы орындауға болады. Кестеге қарап, суреттерді салыстыру. Егер оқушыларға қиындық тудырып жатса, мұғалім жоғарғы, ортаңғы, төменгі қатарда не бейнеленгенін анықтауға көмектеседі. Содан соң бұл заттарды топтайды, артық затты атайды.
ІХ.Сабақтың қорытындысы.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сабақта не істедік?
-Қандай тапсырма қиын болды?
Х. Оқушыларды мадақтау.
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру. 2. Ұқыптылыққа баулу,адамгершілік тәрбие беру. 3. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім?2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім?3-ші, 4-ші кім? Барлығы қанша бала?
Ү. Оқулықпен жұмыс:
1-сурет.
-Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр?
-Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім?
- Ең соңында кім келе жатыр?
2-сурет.
1 Алма ағашы қайтті? Одан кейін....? Күзде ше? Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды?
3-сурет. Ең алғаш рет балалар мектепке келді? Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)
4-сурет. Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.
Сергіту сәті.
Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр
(Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр
(Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)
ІҮ. Жаңа білімді бекіту.
1. Санауға жаттығу.2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру.
3. Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
9-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Біріктіру және бөліп алу.
Сабақтың мақсаты:
1. Балалардың біріктіру және бөліп алу туралы білімдерін анықтау.
2. Сурет бойынша жұмыс жасау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы тексере отырып , өткен сабаққа шолу жасау.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы:
Біріктіру және бөліп алу деп аталады.
А) заттарды бір-біріне біріктіруге болады.
Ә) Затты бөліп алуға болады.
ІҮ. Жаңа сабақ
А) Балалар, оқулықтағы сурет бойынша бір-біріне жақындату.біріктіру
ә) Енді 2 топқа жіктейміз 2,3
б) Жоғарыдағы сурет біріктіру, ажырату
В) Ортаңғы сурет бойынша біріктіру және ажырату бірдей қарастыру.
Сергіту сәті
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
Дәптермен жұмыс.
Үлгі бойынша жұмыс
Ү. Бекіту. Бүгін біз нені үйрендік?
ҮІ. Сабақты қорыту.
ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
10-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сызықтар
Сабақтың мақсаты: 1. Cызықтың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; сызықтарды ажырата білуге үйрету.
2.Оқушыларды математикалық терминдермен таныстыру. Толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
3.Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күн, ауа, жер, су, аспан
Маған, саған, біздерге
Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.
-Біз бүгін математика сабағында «Геометриялар елі» деп аталатын фигуралардың сиқырлы патшалығына тап болдық. Бұл елде ерекше тұрғындар өмір сүреді. Ал олардың қандай екенін бүгінгі сабақта білетін боласыңдар. саяхатшылар жолға әрқашан да мұқият дайындалады. Қазір сендердің жолға дайындықтарынды тексереміз.
«Жұмылған көзіңмен тап» ойыны. Мұғалім оқу құралдарын атап оларды көрсетулерін сұрайды. Оқушылар көздерін жұмған күйі аталған затты тауып, оны көрсетеді.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Көрсетілген белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдыларын бекіту үшін мұғалім «Сөйлемді жалғастыр », «Артық фигураны тап», «Фигураны анықта», «Жұбын тап», т.б. ойын жаттығуларын ұйымдастыруына болады (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз ).
IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Жаңа сабақты практикалық жұмыстан бастаған жөн:
-Менің қолымда екі ұшынан шарғыға оралған жіп бар. 2 шарғыдан жіпті екі жаққа тарқатамын. Жіпті қатты тартайық. Қандай сызық алдық? Жіпті екі жақ бағытта да әлі тарқата беруге бола ма? Жіппен сызықтың қандай айырмашы-лығы бар? Егер жіпті босатсақ, онда ол қисық сызыққа ұқсас болып шығады. Сөйлемді аяқтандар: «Сызықтың басы да ,... . Ол - ...».
ІV. Оқулықпен жұмыс .
№1 тапсырма жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған .
-Сендер Геометрия елінің маңызды тұрғындары - сызықтармен танысасындар. Сызықтар түзу және қисық болады. Қалай ойлайсыңдар, суреттегі сызықтардың қайсысы түзу, қайсысы қисық? Түзу және қисық сызықтар сызындар. Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын бір бет қағазға орындап көреді.
V. Жаңа сабақты бекіту.
№2 тапсырманы орындау кезінде оқушылардың назарын түзу жолдың ең қысқа жол екеніне аудару керек. №3 тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар сызық түрлерін атайды.
VІ. Логикалық тапсырма .
№4 тапсырма логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Бұл тапсырманың шешуінің бірнеше нұсқасы бар екенін оқушыларға байқатудың маңызы зор. Оқушылар қай фигураның артық екенін анықтап, өз шешімдерін дәлелдейді. Фигураларды түсі, пішіні, мөлшері бойынша салыстыруға болады.
VІІ.Сергіту сәті
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп -теріп алайық
Қалтамызға салайық.
VIІІ.Дәптермен жұмыс 17-18 бет
№1 тапсырма бойынша сызықтарды түсті қарындашпен бастырып, фигураларды дұрыс айтуға үйренеді.
№2 тапсырманы мұғалім оқиды, балалар керекті фигураны тауып, оны бояйды.
№3 тапсырма шығармашылық тапсырма болып саналады. Алдымен кестеге талдау жұмысы жүргізіледі. Неше баған, неше қатар барын анықтайды. Салынған фигуралардың атын атайды, олардың қасиеттері - пішіні, мөлшері, түсі анықталады. Ары қарай олардың баған, қатар бойынша орналасу реті талқыланады. Содан кейін ғана жетпей тұрған фигураны табады. Мұғалім осылайша балаларды талдауға, пайымдауға, пікірін дәлелдеуге үйретеді.
ІХ.Сабақты қорытындылау.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сабақта не істедік?
-Қандай тапсырма қиын болды?
Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
11-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Нүкте, сәуле, бұрыш.13 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Геометриялық фигуралар:нүкте, сәуле, бұрыш ұғымымен таныстыру. 2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: 1. Түзу сызық. 2. Қисық сызықтарды көрсетіңдер. (тақтаға сызып) 3. Геометриялық фигуралардан сызық түрлерін ажыратып, тауып айту.
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
а) Жаңа материалды көрсете отырып түсіндіру.
……
…… ________ ______
Нүктелер Сәулелер бұрыштар.
Нүкте-қарындаш пен қаламның қағаз бетіне қалдыратын ізі.
Сәуле-бір шетін қолға ұстап тұрып ары қарай соза беруге болады.
Бұрышты әр түрлі құралдар немесе қағазды бүктеп көрсетемін.
Сергіту сәті Ү. Білімді тиянақтау және бекіту
ә) Оқулықпен жұмыс. 1. 1-сурет бойынша нүкте, сәуле, бұрыш терминдері енгізіледі.
Кеңістіктегі орны бойынша нүкте, сәуле, бұрышты анықтау. 3. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата білу.
Бір нүкте арқылы бірнеше түзу жүргізуге болатындығын аңғарту. ә) Дәптермен жұмыс.
Үлгі бойынша жазып үйрену. ___ ___ ___ ___
== == == == == ==
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік? Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстық
ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
12-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кесінді
Сабақтың мақсаты: 1. Геометриялық фигура- кесінді туралы түсінік беру және оны басқа фигуралардан ажырата білу. 2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. 3. Геометриялық фигуралар туралы білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған кесінді. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: 1. Нүкте деген не?. 2. Сәуле туралы не білеміз?
3. Бұрыштарды көрсет.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Мұғалімнің түсіндіруі: Сымның қиындысын алып,екі ұшын бормен тұйықтап көрсетемін. Екі ұшы тұйықталған түзу кесінді деп аталады.
ә) Кесінді сызу ерекшелігімен таныстыру.
б) Басқа геометриялық фигураларды ажырата білу.
№1 тапсырма жаңа сабақты түсіндіруге арналған. «Сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы, қандай ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше?» деген сұрақтар қойылады.
№2 тапсырма.
-Бізге өлшеу үшін қандай да бір өлшем керек. Айгүл өлшемдерге бөлінген алып, кесіндіні өлшеді. Кесіндіге неше өлшемді сыйғызуға болады? Самат осы кесіндіні көк жолақпен өлшеді. Оның өлшемі неше рет сыйды.
-Неге Айгүл мен Самат бір кесіндіні өлшеген кезде әртүрлі өлшем шықты? Балалардың назарын бірдей кесіндіні түрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығатынына аудару керек.
Алғашқы бекіту жұмысы үшін №3 тапсырма орындалады. Оқушылар ұзындығы оқулықтағыдай өлшемді алып, кесіндіні өлшейді. Мұғалім тағы бір рет бірдей кесіндінің әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде шамаларының бірдей болмайтынын түсіндіреді.
V. Логикалық тапсырма . №5 тапсырма логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған .
Сергіту сәті
Ү. Жаңа білімді тексеру.
Төбелері нүктелер.
Қабырғалары кесенділер.
ҮІ. Білімді бекіту
Кесінді деген не?
ә) Дәптермен жұмыс. Кесінді сызуды үйрену. Дәптердегі үлгісімен жазу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
13-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Кесіндінің ұзындығын өлшеу . Сантиметр
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сызғыш пен қарындаштың көмегімен кесінді салуға үйрету.
2. Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Зейінділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: жалпы кластық топшама
Сабақтың барысы:
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
1. Сабаққа психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбер»
Кел, бала, сабақ баста
Жаз, оқы, сөйле, тыңда
Айт, зертте, тексер, сұра
Шаршама да, дем алма
Математиканы үйренсең
Көп ұғарсың сен ертең
2. Ауызша жаттығу
Математикалық диктант
Менің төрт алмам болды, оның біреуін досыма бердім. Менде қанша алма қалды? – 3
Ағашты 4 торғай отыр. Оған тағы үш торғай келіп қонды. Барлығы неше торғай отыр?– 7
Саматтың 5 шары болды. 2-уі жарылып қалды. Нешеу қалды? – 3
Қорада бір сиыр және бір тауық бар. Барлығы неше аяқ бар? – 6
ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ
1.Жаңа сабақ
№ 1. Кесінділердің ұзындықтарын өлшеп салыстыру
№ 2. Сен кесінділердің ұзындығын өлшеу үшін сызғышты қолдана аласың. Енді кесінділер сызуды үйренеміз. Суретке мұқият қара.
2. Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.
ІІІ. ТОЛҒАНЫС
1. Шығармашылық тапсырма
2. Үйге тапсырма
2 см-ге тең қызыл кесінді, 3 см-ге тең көк кесінді және 4 см-ге тең жасыл кесінді сал.
Шығармашылық тапсырма: Көжекке сәбізге жетуге көмектес
3. Бағалау, мадақтау
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
14-сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |