Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау



бет8/19
Дата20.03.2020
өлшемі5,65 Mb.
#60480
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
математика 1


2. 2 бала+1 бала=3 бала 3. 2+1  4. 3-1   

5. 3 ұл+3 ұл =6 бала доп ойнады көк қызыл

ІҮ. Мақсат қою.

Оқушының математиканы қаншалықты меңгергеніні білу



Ү. Бекіту

1 сан мен 0   үшбұрышты қосу

*+*=5 сурет  бойынша әңгімелеу

есептеу


3) сурет бойынша қосынды , айырманы құрастыру

4) 0-ден 5-ке дейін тура кері санау.



Сандардың ұйқастығын айту.Санамақ жаттау



ҮІ. Үйге тапсырма. №4 52-бет Бағалау

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

34-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өздік жұмыс №2

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының білімін тиянақтау.  2. Тазалыққа баулу.

3. Білім деңгейін толықтыра отырып тереңдете түсу.                  

 Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі:   сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                            Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

1.Сандар қатарындағы бір санының алдындағы немесе артындағы сандар қалай аталады?

1    3                2     4                3    5 ?

2.Заттар тобын біріктіру.

3. Белгілі бір саннан кейінгі санды шығарып алу жолдарын еске түсіру.

4. 2 санын жаттығулар арқылы салыстыру «артық», «кем», «тең», ұғымдарын (>  <  = ) пайдалана алатынына көз жеткізу.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.1.Сурет бойынша есеп құрату. Сынып бөлмесін тазалауға 4 ұл,1        

         қыз бала қатысты. Барлығы неше оқушы қатысты?

                4+1=5

Жауабы: 5 оқушы.

Үйірмеге екі бала келіп еді, біреуі артынан келді. Үйірмеге неше бала қатысты?         

                2+1=3                   3-1=2

Осы есептерге кері есеп құрау.

2. Салыстыру.5>3        5<6

3 Жаттығу жұмыстарын жүргізу.а) Бір мен екінің қосындысының мәнін тап.

ә) Қосылғыштардың орнын ауыстырып жаз.б)  Қосу амалына кері азайту амалын жаз.

2.Суретін салып, есепті шығар.

Витя 2 балық аулады, ал Сұлтан-3. Екеуі барлығы неше балық аулады?

3.Салыстыр:

3+0*2+1;


4-2*4+2;

6-2*7-1;


4.Торлардың орнына «+», «-» таңбасын  жаз:

3      3=0            5     4=1

5    2 =3            3     2=1
 ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не істедік?


 Үйге тапсырма №7 53-бет

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

35-сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Оқушының білім деңгейін анықтау.

Сабақтың мақсаты: 1.Натурал сандар қатарын дұрыс жазу. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.                          

Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі:  деңгейлеп оқыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ        

                            Сабақтың мазмұны.



І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар.1. 1 мен 2-нің қосындысын жаз.2. Қосу амалындағы қосылғыштың орнын ауыстыр. 3. Қосу амалына кері азайту амалын жазып, айырманың мәнін табыңдар.

                1+2=3        3-1=2

                2+1=3        3-2=1

ІІІ. Салыстырыңдар.

        5*4        4*2        0*5        5*1        3см*5см        1см*2см        5см*2см



ІҮ.Сандар қатарын толықтырып жазыңдар.




1




3




5







0




2




4

5













2

3




5

 

Ү.012345 сандарын пайдалана отырып,10 теңсіздік, 5 теңдік жазыңдар.

                1<2        2<3        3<4        4<5        0<5

                1<3        2<4        1<5        1<4        2<5

Дәптермен жұмыс:

1 Есеп құру.

2. Мысалдар шығару.



ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Қане кім шапшаң?

Үш алманы бақтағы

Кірпі алып  жинады

Ең әдемі   біреуін

Ақ  тиінге  сыйлады

 Ыдыстағы  алманың

Санап  көрші қалғаны


ҮІІІ. Сабақты бекіту

    • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

    • Несімен  ұнады?

    • Не үйрендік?

    • Қандай тапсырмалар орындадық


Үйге тапсырма: Сандардың құрамын жаттау

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________

36-сабақ
Сабақтың тақырыбы:  Бақылау жұмысы №2

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының білімін тиянақтау.  2. Тазалыққа баулу.

3. Білім деңгейін толықтыра отырып тереңдете түсу.                  

 Сабақтың көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі:   сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                            Сабақтың мазмұны.



І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



І-нұсқа   

1.1 жасыл алма және 2 қызыл  алманың суретін сал.Барлығы неше алма?

(шешімін жаз)

2.Сандарды салыстыр.

1*2 5*2

3*4                                   3*2



2*0                                   1*0

3.Амалды орында:

1+2; 4+1;

3+1; 4-1;

3-1; 5-2;

4.Қатардағы түсіп қалған сандарды жаз:

…1…3…5

…4…2…1…



  ІІ-нұсқа    

1. 2 алмұрт және 2 апельсиннің  суретін сал. Барлығы неше  жеміс салынды?

(шешімін жаз)

 
2.Сандарды салыстыр.

2*3 4*5

1*1                                   1*3



3*0                                   5*0

3.Амалды орында:

1+1; 1+3;

2+3; 2-1;

5-1; 3-2;

4.Қатардағы түсіп қалған сандарды жаз:

0…2…4   5;

5…3…1…




ІІІ. Сабақты пысықтау

ІҮ. Үйге тапсырма: Сандардың құрамын жаттау

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________



37-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифрі
Сабақтың мақсаты:
1. 6 санымен және цифрімен, алтыбұрыш фигурасымен таныстыру
2. Математикалық тілін, ойлауын дамыту
3. Өз бетімен жұмыс істеуге, тазалыққа тәрбиелеу
Өткізу әдісі: түсіндіру, көрсету, өздік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, сандар
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың партада дұрыс отыруларына назар аудару
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Сергіту сәті
II. Өткен сабақты еске түсіру
- 1 мен 10 аралығындағы сандарды өсу ретімен санау
- Кему ретімен санау
- 3 санының құрамын пысықтау
- 5 санының құрамын пысықтау
- 4 санының көршілерін атау
III. Жаңа сабақ
Мұғалім қолына 5 жұлдыз ұстап тұрып, оларды санатады. Сол 5 жұлдызға тағы 1 жұлдызды қосып, енді жұлдыздардың саны 6 – ға тең болғанын дәлелдейді. Қолына алтыбұрыш фигурасын ұстап тұрып, оның алты бұрышы және 6 қабырғасы бар екенін көрсетеді. Бұл фигураның бүгінгі сабаққа қатысы бар немесе жоқ екенін оқушыларға анықтатады.
1 – тапсырма. Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндір.
1 – сурет. Шкафта 5 көйлек бар, оған тағы 1 көйлекті әкеп қоссақ қанша көйлек болады?
6 көйлек болады.
2 – сурет. 6 тігінші қыз көйлек тігіп отырды. Оның біреуі көйлегін тігіп бітірді. Көйлек тігіп бітірмеген әлі қанша қыз бар?
5 қыз қалды.
5 + 1 = 6 6 – 1 =5 екенін оқушылар 1 және 2 – суретке қарап тапсырма орындаған кезде өздері қорытындылайды.
3 - сурет. Кесіндінің ұзындығын өлше.
Кесіндінің ұзындығын сызғыш арқылы өлшеуге нұсқау беріледі. Сызғышты қалай пайдалану керек екеніне назар аударған жөн.
Кесіндінің ұзындығы – 6 см. 6 см кесіндіден неше см кесінді қысқа болуы мүмкін?
6 см > 5 см
2 – тапсырма. Теңдіктер құр. Оларды оқы.
5 көк түсті алтыбұрышқа 1 қызыл түсті алтыбұрыш қосылды. Барлық фигура қанша болды?
Барлық фигура 6 болды.
5 + 1 = 6; 6 – 1 = 5 екенін оқушылар өздері қорытындылайды
3 – тапсырма. Салыстыр.
1 - сөреде 5 жіп бар. 2 – сөреде 6 жіп бар. Қай сөредегі жіп көп?
5? 6
6? 5
IV. Өздік жұмыс




4 – тапсырма. Тиісті сандарды таңда.
?? 5 =?
? +? = 5 5 -? =?
5 – тапсырма. Жауабын ата.
2 ханқыз және 5 көбелек ұшып жүр. Барлығы қанша жәндік ұшып жүр?
3 + 2 =?
2 + 3 =?
5 – 3 =?
5 – 2 =?
1 қоңыр түсті саңырауқұлақ және 2 қызыл түсті саңырауқұлақ өсіп тұр. Барлығы қанша саңырауқұлақ өсіп тұр?
1 + 2 =?
? +? =?
3 - 1 =?
? -? =?
Жерде 3 қарағай бүрі және 1 шырша бүрі жатыр. Барлығы неше бүр жатыр?
3 +? =?
? +? =?
4 -? =?
? -? =?
6 – тапсырма. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

V. Сабақты қорытындылау
Біз бүгін 6 саны және цифрімен таныстық.
Мадақтау
Үйге тапсырма: №4 55-бет

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:_______________



38-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 1. 6 санының құрамын меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, бағыт - бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру. Оқушыларды ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
[i]Психологиялық дайындық.[/i]
Ойға толып санамыз
«5»болсын алар бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
6 цифрін жазу. - 6 санын қалай шығарып аламыз?
- 6 саны қандай сандардан артық? - 6 - дан кем сандарды ата?
- Қосу және азайту амалына өрнек жаз.
5+1=6 6 - 5=1 6 - 1=5
2+4=6 6 - 2=4 6 - 4=2
3+3=6 6 - 3=3
Өткен сандардың құрамын анықтауға байланысты қызықты есептер шығарамыз.
Омартада үш қонжық,
Ойнауға тығылмақ кірісі.
Жасырынса бірі бөшкеге
Тоғайға жүгірді нешеуі? (2)
Балапандарым - байлығым,
Бармысыңдар барлығың?
Тексерейін, санайын.
Ұябасар - анасы
2 - еуін тапты жүйектен.
Арпа іздеген 2 - еуін
Байқап қалды алыстан.
Айтыңдаршы балалар
Нешеу екен барлығы? (4)
Сарылау үш түймедақ,
Тамаша екі көктікен.
Балалар маған сыйлаған
Байламда неше гүл екен? (5)
- Міне, балалар, барлығымыз дұрыс таптық. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда 6 санының құрамымен танысамыз.

Мысықтың бес баласы
Не берсең, соны жейді екен.
Жаласа қаймақ біреуі,
Табыңдар сонда қанша екен,
Барлығы мысық баласы? (6)
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс
1) 6 санының құрамын анықтау. 6 6 6 5 1 4 2 3 3
2) 5+1=6 4+2=6 3+3=6
3) Салыстыру.
6см > 5 cм 5см < 6cм

№5 Тиісті сандарды үйлерге орналастыру
Сергіту сәті: Қимылдатып саусақты,
Оңға, Солға бұрап көр.
Ұстап көріп моншақты,
Әсем бейне құрап көр.
Сырт - сырт, сырт - сырт
Шықсын дауысы
4) Тақтамен жұмыс: 5) Жасырын сандарды тап. 2 4 6 6 4 2
[i]«Жапырақ жинау»ойыны[/i]
Шарты: берілген есептерді дұрыс, қатесіз тақтаға жазу
2 - 1+2 4 - 1 – 1 3+1 – 2
1+1+1 5 – 1 5 – 4 3+2 4+1
Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
6 санын жазып үйрену
6 санының құрамын жазу. Өрнектердің мәнін табу.
Шығармашылық тапсырма.
Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
- Екі үшбұрыш берілген ұқсастығы екеуі де үшбұрыш, айырмашылығы біреуі екіге бөлінген.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: 


- Бүгін біз сендермен қандай санның құрамымен таныстық?
- 6 саны қандай сан?
- 6 саны қай сандардың қосындысы?
- 6 санының көршілерін ата.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет