Ṿ . Мағананы тану . Оқулықпен жұмыс .
1) 7 санын бізге таныс сандарды пайдаланып қалай шығарып алуға болады ?
4*3 ꞊ 7 6 * 1 ꞊ 7 5 * 2 ꞊ 7 3 * 4 ꞊ 7 4 * 3 ꞊ 7 2 * 5 ꞊ 7
2) Салыстыру
6 ‹ 7 7 › 6
«Адасқан сөздер » ойыны
ṾІІ. Сурет бойынша 7 саны және цифры және теңдік туралы түсіндіру , сандарды тура , кері санау
ṾІІІ . Миға шабуыл .
Алма бағы жайнаған
Қызыл алма айналам
Алдым үзіп бесеуін
Тағы да алдым екеуін
Алдым сонда нешеуін? ( жетеуін )
ІХ . Қорытынды .
- Оқушыларды мадақтау , бағалау .
Үйге тапсырма: №3 59-бет
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
40-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 7 санының құрамын анықтай білуге үйрету.Сәйкес теңдіктерін жазу және оқуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетімен қорытынды жасауға баулу.
Тәрбиелік: Білімге ынталандыра отырып,еңбекке баулу,бір-біріне көмектесуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, дидакикалық материалдар,слайдтар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
-Кеше қандай санмен таныстық?
-7 санымен.
1.Сандар құрамын ауызша қайталау.Топпен жұмыс.
1-топ 2-топ 3-топ
4 5 6
2.7-ге дейін тура және кері санау: 1,2,3,4,5,6,7 7,6,5,4,3,2,1
3.Сандарды тақтаға жазу.
1. Сандар жайлы жұмбақ айту.
Балғасы жоқ орақпын./5/
Бүкірлеумін ирекпін,
Мойынындай үйректің./2/
Сергіту жаттығуын жасау.
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?/7/
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Біз бүгін сендермен 7 санының құрамымен танысамыз.Ойыншықтарды екі сөреге қою арқылы 7 санынының құрамына көңіл аударту.
Өзіндік жұмыс жүргізу.Сандарды бос тор көздерге орналастыру.
7 7 7
5 2 4 3 1 6
Оқулықпен жұмыс.Есепер шығару.
4+3=7 7-4=3
5+2=7 7-5=2
Кескіндерді салыстыру.
7см*6см 6см*7см
Салыстыру
0*7 7см*6см 7*7 6*7
Ойын «Жоқ санды тап»
Қазақ халқының 7 санына байланысты 7 ата, 7 күн,7 жарғы, 7 қазына туралы айту.Оқушыларға айтқызу.
Дұрыс жауапты тап.Сызықпен қос.
1+6 7-1
4+1 5+2
2+5 3+4
Сергіту жаттығуын жасау.
Өз беттерімен ауызша есеп құрастыру.
Олжаста 5 қарындаш бар .Самал 2 қарындаш берді.т.б
Апта күндеріне байланысты өлеңмен таныстыру.
Сәл дем алып, тыным ал,
Тақпақ тыңдап , ұғып ал.
Апта деген ағайдың
7 бірдей ұлы бар.
Біріншісі-Дүйсенбі
Екіншісі- Сейсенбі
Үшіншісі-Сәрсенбі
Төртіншісі-Бейсенбі
Бесіншісі-Жұма
Алтыншысы-Сенбі
Жетіншісі-Жексенбі
Дәптермен жұмыс.
6+1 7-1
0+7 7-0 т.б
Жұмбақ шешу.
Жаңылмастан жетеуі ,
Кезек қызмет етеді./ аптаның 7 күні/
Қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: №4 61-бет
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
41-сабақ
Сабақ тақырыбы: Салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарының қосу және азайту кестесіне сүйене отырып, екі таңбалы сандарды, өрнектерді салыстыру, сөз есеп, теңдеуді шешуге машықтандыру.
Дамытушылық: оқушының ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау қайта жаңғырту, белсенді тақтамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, әдептілікке, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, карточкалар, әңгімелесуші оқулық, плакат.
Барысы:
І. Ұйымдастырушы кезең
- амандасу
- сабаққа даярлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
– Өткен сабақта біз қандай тақырыпты өттік? Ал олай болса, барлығымыз белсенді тақтаға назар аударайық. 5 пен 6 санының қосу және азайту кестесін еске түсірейік.
- Дұрыс, «Ақылды елге қарайды, Ақылсыз елге қарайды» демекші бүгінгі сабағымызда өзіміздің ақылды, біліміміз мол екенін дәлелдейік. Ал, енді, менің мына сұрағыма жауап беріңдерші.
- Салыстырудың қандай таңбалары бар?
- Егер екі санның немесе өрнектің арасында «=» таңбасы тұрса, онда ол...
- Егер екі санның немесе өрнектің арасында «>» және «<»таңбасы тұрса, ол...
- Олай болса, қазір біз «Үндемес» ойынын ойнаймыз. Бұл ойында мен сендерге салыстырылған сандар мен өрнектерді көрсетемін, ал сендер егер теңдік болса, екі қолдарыңды, теңсіздік болса, бір қолдарыңды көтересіңдер. Осы ойынның ең негізгі ережесі – үндемей тек қолдарыңды көтеру.
2+3*1+3 3+1+2=2+0+1+3 1+2<3-0+2
ІІІ. Өткенді қайталау
- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – салыстыру. Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз – сандарды қосу және азайту кестелерін пайдаланып, өрнектердің мәнін тауып салыстыру, теңдеу шешуге машықтандыру, өздіктерінен жұмыс істеу.
Оқулықпен жұмыс
№1 Дөңгелек пен үшбұрыштарды салыстыру
№2 Қосу,азайту амалдарын пайдаланып салыстыру
№3 Салыстыруға берілген өрнекті оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде беріледі.
Шығармашылық тапсырма : «Не өзгерді?
Үйге тапсырма: №4 62-бет
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
42-сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |