Сабақтың тақырыбы: Салыстыру. 49 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Өрнектерді, өрнек пен сандарды салыстыруға үйрету. 2. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. 3. Өткен сабақтан алған білім деңгейін кеңейте түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.- 7 цифрын жазу.
- 7 саны қандай сандардың қосындысы?-7 саны қай сандардан артық?7 саны қасиетті, киелі сан екенін айту
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
Түсіндіру: 4+2>4+1 6-2*6-1
4+1<4+2 6-1>6-2
1. Салыстыру
2. 5<1+5 5+1>5 5>5-1 5-1<1
3. Салыстыру.
4+1*4 4-1*5 3-2*1 4*4+2 5*4-2 1*3-2
4.Тақтамен жұмыс. Жазуларды толықтыру.
|
<
|
7
|
|
7
|
>
|
|
|
7
|
=
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
см
|
>
|
|
см
|
|
2
|
См
|
=
|
|
см
|
|
|
см
|
<
|
4
|
см
|
Сергіту сәті Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Ү. Білімді тексеру.
4<3+2 5-3=2 7-1=6 6< 7… ...>5
3+2>4 2=5-3 6=7-1 3= ... 7>...
Дәптермен жұмыс:
3+1*3+2 3-1*3-2 3+2*3+1 3-1*3-1 3+0*3-0 3-0*3+0
Ойын «Ойлан тап» 5+...*5 6-...*6 7*7-...
ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз нені үйрендік?
1. Бұтақта 7 торғай отыр еді. 5торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 6 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 7 ер бала, ал қыздардың 1- еуі кем. Қыздар нешеу?
Үйге тапсырма: №4 63-бет
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
43-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
8саны және цифрымен таныстыру. 8 санын шығарып алу жолы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру. 8 цифрын дұрыс жазуға үйрету. Ауызша санау, есептеу дағдыларын дамыту.
Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, ойын, ой-толғау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, текшелер, цифрлар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.
Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.
– Біз сабақта … (отырмыз).
Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын … (көреді).
Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).
Басымыз жақсы … (ойлайды).
Біз сабаққа … (дайынбыз).
Мұғалім:
– Бүгін біз пойызбен «Сандар әлеміне саяхатқа» барамыз.
Онда қызықты тапсырмалар орындап, математикалық ойындар ойнаймыз.
– Пойызбен бару үшін не алу керек?
– Билет алу керек.
«Билет» алу үшін оқушылар мұғалім көрсеткен сандарды атап, «вагондарға» отырады.
Интербелсенді тақтада пойыздың видеосы қойылады.
ІІ. Өткенді қайталау
– Біз сандар әлеміндеміз. Кәне, бірінші тапсырманы орындайық.
«Шатасқан сандар» ойыны. Сандарды өсу ретімен қою.
ІІІ. Мақсат қою.
-7 cанынан кейін қандай сан?
– 7 санынан кейін 8 саны.
– Сабақтың тақырыбын анықтаңдар.
– Біз бүгінгі сабақта нені үйренеміз?
ІҮ. Жаңа сабақ
1. – 8 саны неге ұқсайды? -Көзілдірік, екі допқа, бантикке, балапанға, аққалаға.
2. Тура, кері санау. 8 cанының орнын анықтау.
0 1 2 3 4 5 6 7 8
-Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?
-8 саны қандай сандардан артық?
8>7 8>5 8>3 8>1 8>6 8>4 8>2 8>0
-8 саны қандайсандардан кем?
3. Кесіндінің ұзындығын өлшеу
_____________________________
_________________________
Қызыл кесінді- 8см, көк кесінді – 7см. Салыстыру.
8 см=8 см 7 см<8 cм 8 см> 7 cм
4. Сурет бойынша өрнек құрастыру, мәнін табу.
7+1=8 8-7=1 8-1=7
6+2=8 8-6=2 8-2=6
5+2=8 8-5=3 8-3=5
4+4=8 8-4=4 8-8=0
Оқулықтағы мысалдар ретімен орындалады.
Сергіту сәті:
Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайын.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта-қайта санайын.
5. Топпен жұмыс.
– Алдарыңдағы геометриялық пішіндерден ортақ бір зат құрастырыңдар.
Оқушылар үй, көлікті құрастырады. Ол неше төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектен тұратынын атайды.
Дәптермен жұмыс.
8 цифрын жазу. Өрнектерді жазу.
ҮІІ. Білімдерін тексеру
«Көршісін тап» ойыны
«Моншақтың» жауабын тап
«Сандар әлемінен» оралуүшін оқушылар көздерін жұмып, тура, кері санайды.
ҮІІІ. Қорытындылау.
– «Сандар әлемінде» қандай санмен таныстық?
– Ол сан туралы не білдік?
ІХ. Үйге тапсырма: 65- бет №4 тапсырма
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
44-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 8 санын қосып, алуды қайталау. 8санының құрамымен таныстыру.
Оқу - тәрбиенің міндеттері: Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру. Дамытушылық: Оқу - танымдық,
коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық құзыреттіліктерін, ойлаудың математикалық стилін, логикалық ойлау құрылымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты - коммуникативті технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: флипчарттар, ақ парақтар, түсті маркерлер.
Сабақтың барысы
1.Психологиялық ұйымдастыру кезеңі «Достар» психологиялық жаттығуы арқылы көңіл - күй орнату. Топта отырған оқушылар бір қолдарын парта ортасына біріктіріп, бір – біріне іштей жақсы тілектер тілейді.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
2 санының көршілерін ата!
5 санының көршілерін ата!
Аптаның 5-ші күнін ата!
Аптаның 7-ші күнін ата!
Мен 4-ші үйде тұрамын көршілерімнің нөмірін ата?
Бір күннен соң аптаның қай күні болады?
Аптаның нешінші күні дем аламыз?
ІІІ. Жаңа сабақ
№ 1. 8 саны қандай сандардың қосындысы?
8=7+1 8=6+2 8=+5+3 8=4+4
Қосу және азайтуға мысал құрастыру.
7+1=8 8-7=1 8-1=7
6+2=8 8-6=2 8-2=6
5+2=8 8-5=3 8-3=5
4+4=8 8-4=4
№2 . Кесіндінің ұзындығын салыстыру. 8 см >7см 5см <8см
4. Танымын дамытуға жаттығулар орындату.
0<8 8 cм > 6 см 5<8 3cм>8 cм
8=8 8см=8см 8>7 8cм>5cм
Сергіту сәті:
Үйге кірді Алдияр, ----------------------Ағаштағы төрт алмұрт,
Оған қоса Мадияр.-------------------- Өскен екен тимей құрт.
Кейін келді Айдана, ------------------ Самал алып екеуін,
Қанша болды бар бала? ------------ Қалдырған екен нешеуін?
(1+1+1 =3 ) ----------------------------------- (4 - 2=2)
ІҮ. Сабақты қорытындылау кезеңі.
Ү. Үйге тапсырма. Кел,ойнайық! 67-бет
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
45-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры
Мақсаты:
Білімділік: «Зат – сан – цифр» сәйкестігін тағайындай алу білігін тиянақты қалыптастыру, 9 санын шығарып алу тәсілдері жайындағы білімді бекіту. 9 цифрын жазуды қалыптастыру. Сандар қатарын, сандарды санауға төселдіру. Ұзындықтарды салыстыруға үйрету.
Тәрбиелілік: Алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін есте сақтау қабілет дамыту.
Типі: Жаңа білімді бекіту Түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, салыстыру
Көрнекілігі: 1 - 9 – ға дейінгі сандар, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік.
Сабақтың ережесімен таныстыру.
1. Ұйымшылдықпен қатысу. 2. Бірін – бірі тыңдау.
3. Сұрақтарға нақты жауап беру. 4. Белсенділік таныту. 5. Ойын жүйелі жеткізе білу.
ІІ. Сабақтың түрін ашып алу
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық «Санай біл»
ІҮ. Жаңа сабақ
1. 9 санының баспа жазба түрімен таныстыру
2. Сан қатарын санату
3. Сағаттан 9 уақытын көрсету, анықтату
Ү. Дәптермен жұмыс
9 цифрын жазу
ҮІ. Оқулықпен жұмыс №1 Теңдіктің қалай құрылғандығын түсіндіру
Кесіндінің ұзындығын өлшеу
ҮІІ. Сергіту сәті
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.»
9 санын өзінің алдында тұрған сандармен ауызша салыстыру.
ҮІІІ. Тақтамен жұмыс №3 тапсырма «Қандай сандар жетіспейді?»
ІХ. Өзбетінше жұмыс «Кел,ойнайық!»
Х. Логикалық тапсырма «Кім тапқыр?»
ХІ. Сабақты қорытындылау
«Сиқырлы сандық»
Сандық ішіндегі тапсырмаларға жауап алу арқылы балаларға тілек айту
1. Табақта 5 алма, қолымда 4 алма. Қосқанда барлығын болады неше алма?
2. Ал, қане қараңдар. Неше қоян санаңдар 6 ақ, 3 көк. Шешуін кім табады?
3. Сымда отыр 7 торғай, Тағы қонды 2 - еуі. Болды енді нешеуі?
4. Талда ілініп тұрды 9 жапырақ. Ұшып кетті 5 - еуі. Қалды енді нешеуі?
5. Көктемде келді 8 тырна. Тағы келді 1 - еуі. Болды сонда қанша тырна?
Х. Оқушыларды бағалау, мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға күн бейнесі үлестіріледі.
Үйге тапсырма: №4 69-бет
Математика Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:_______________
46-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
2. 9 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды, тиісінше кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.
3. Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: 9-ға дейінгі цифрлар,карточкалар,дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты пысықтау:Үйге :9 цифрын жазып келу тапсырылған және 9-ға дейін тура және кері санату.
Жаңа сабақпен таныстырмас бұрын 2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ:9 санының құрамы.
9 конфетті алып, оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігі қарастырыла отырып, (9=?+?) қосындылары құрастырылады.
9 = 0 + 9
9 = 1 + 8
9 = 2 + 7
9 = 3 + 6
ІV. Сергіту жаттығуы.
V. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырма суреттерге қарай отырып, оның сюжетіне байланысты әңгіме құрып, 9 цифрды пайдаланып, 9 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.
9=7 2 9=2 7
9=3 6 9=6 3 қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып кетеді.
2-тапсырма: Қызыл түсті кесінді 9см,көк кесінді 8см,оларды салыстыр.
9см * 8см
8см *9см Көк кесінді 1см қысқа, ал қызыл кесінді 1см ұзын.
№3 Салыстыруға берілген мысалдар орындалады
№5 Фигураларды атап,еске түсіру
Жасыл қоршаудағы тапсырма орындалады. Оқушылар белгісіз торға сурет қандай болу керектігі туралы өз ойларын айтады
VII.Қорытынды: 9 санының құрамын айт.
8>8>8>
Достарыңызбен бөлісу: |