Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау



бет1/19
Дата20.03.2020
өлшемі5,65 Mb.
#60480
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
математика 1

Математика Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау
Сабақтың мақсаты: 1. Математика пәні жайында түсінік беру. Математика ғылымының қажеттілігі мен пайдасы. Қарапайым түсініктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларды санауға үйретудің тәсілдерімен таныстыру, зат пен санды сәйкестендіруге үйрету.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру:

Шаттық шеңбер.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап өткен күнге!

2. Тығырық:

-Балалар, мына кішкентай көжек неге жылап тұр деп ойлайсыңдар?

-Көжек,балалар, мектепке бірінші сыныпқа келіпті, оның қолында не бар? -- қолыңдағы шарларының жартысын ұшырып алыпты, соған жылап тұр екен.

-Көжекке көмектесеміз бе?

-Санап шарлардың жібін көжектің қолына ұстату.

-Жақсы балалар, сонымен неше шар бар екен?


-Жақсы, балалар, біздің көжек енді оқушы болды. Оған енді керек?

-дұрыс оқулықтар.

-санауға, есептер шығаруға бізді қай пән үйретеді, қай оқулық?

-дұрыс, математика.

-ендеше, көжекке математика кітабын сыйға тартайық. Ол орман мектебінде барып математика ғылымын оқып,зерттесін.

- ал енді біз де кітабымызды ашып, сандар әлеміне үңіліп, санауды үйрене бастайық.

3. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылардың назарын оқулыққа аудару.



3 бет №1 тапсырма заттарды ата, сана.

Тура санау, кері санату. Әр затты санау, барлығын бірге санау.


3 бет № 2 тапсырма сурет бойынша жұмыс.

  • Кімдерді көріп отырсыңдар?

  • Мұғалім нешеу?

  • Оқушылар нешеу?

  • Оң жақта неше бала?

  • Сол жақта неше бала? т.т

4 бет №3 Қояндар нешеу? Тәтті тоқаштар нешеу? Барлық тоқаштар қояндарға жете ме? (Бөлшектері үлестіру алдағы уақытта үлес тақырыбына дайындық) торттың бір бөлігі, бірден екі бөлігі, барлығы төрт бөлік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет