Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау



бет5/19
Дата20.03.2020
өлшемі5,65 Mb.
#60480
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
математика 1

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


1. Оқушылармен амандасу. Құрал — жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Шаттық шеңбері.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.

3. Психологиялық дайындық:

Қазір жылдың қай мезгілі?


Күз айларын атап беріндер.
Күздегі ерекшеліктер қандай?
Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Олар күзде немен айналысады?

ІІ. Мақсат қою: Бүгінгі сабақта біз қонаққа барамыз


Айтыңдаршы,балалар,қоңақта өзімізді қалай ұстау керекпіз? (әдепті болу, сыйлық апару қажет)

ІІІ. Алдымен қайда баратынымызды білу үшін жұмбақты тыңдап ойланыңдар. Бұл қандай жануар?


Бұл орманды мекендейтін жабайы жануар.Оның қорегі жаңғақ,саңырауқұлақтар мен
түрлі тәттілер болып табылады.Жүні түрлі түсті болады:ақ, қоңыр, қызғылт сары. (тиін)

— Қонаққа баратын болғасын біз тиінге сыйға не апарамыз? Ол қай үйде тұрады, нешінші нөмірде? Тиіннің тапсырмасы: 10 дейін тура және кері санау.

12345678910            10987654321

ІV. Бұл тапсырманы дұрыс орындадындар, жарайсыңдар


Сапарымызды жалғастырайық. Келесі үйдің иесін табу үшін жұмбақты шешіндер.

Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Ол нешінші үйде тұрады? (2)

Қоянға сыйға не тартамыз? Ол нені жақсы көреді? (сәбізді)

Қоян қандай жануар? Сендер не білесіңдер?

Қоянның тапсырмасы: өрнектердің мәнін табу. (Карточкалар беріледі)

4-2=
4+1=
3+2=
1+2=

2-1=
5-1=
5-2=
3+1=

Жақсы, балалар, мына тапсырма да орындалды.

V. Келесі үйдің иесін табу үшін, мұқият тыңдап,ойланып табындар


Оның үсті тікенді, бауыры ақ, аяқтары қысқа болады. Бірақ өте тез жүгіреді.
Ол жәндіктермен, саңырауқұлақпен, жеміс- жидекпен қоректенеді. (кірпі)

Кірпі нешінші үйде тұрады? Оған сыйға не апаруға болады? Кірпі туралы не білесіңдер?



Кірпінің тапсырмасы:5 санның құрамын қайталау. (карточкалар беріледі)
Кірпіге саңырауқұлақтарды ыдыстарға бөліп салуға көмектесіңдер.

Жарайсыңдар, балалар, кірпі көмек көрсеткендерін үшін өте риза болды.



Сергіту сәті.

1. Асанда 4 алма бар. Ол біреуін Әселге берді.Асанда неше алма қалда? (4)

2. Екі сиырдың неше мүйізі бар? (4)

3. Әтеш алдымен 5 жұмыртқа, сосын тағы бір жұмыртқа салады. Барлығы неше жұмыртқа болды? (Әтеш жұмыртқа салмайды)

4. Бес алмұрттың үшеуін досың сұрап алды. Айтшы,сонда өзіңде нешеуі қалды? (2)

5. Жанып тұрған екі майшамның біреуі сөніп қалды.Нешеу қалды? (1)

6. Анамда бар екі білезік,әжем қосты бір білезік. Апамда болды неше білезік? (3)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет