Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



бет44/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53

ҮІ. Сабақты қорыту: № 8, 11, 13 ауызша есептеу, талдау.

ҮІІ.Үйге тапсырма: № 10, 177 бет. Бағалау
96. Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Мақсаты: Оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту әдісімен таныстыр; білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, суреттер. Сабақтың түрі: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Білімін тексеру: 1) математикалық диктант

58+1 60+9 75-70 3 ∙ 2 6 : 2 4 ∙ 5

70+1 91-1 27-20 2 ∙ 3 10 : 2 20 : 4

2). Ауызша жұмыс.Ойын « Санды тап» (карточкалармен жұмыс, көру арқылы)



ІІІ. Өткен материалды бекіту.

  1. № 1. Есептеуді жалғастыр:

9 ∙ 17 = 17 ∙ 9 = (10 + 7) ∙ 9 = 10 ∙ 9 + 7 ∙ 9 = 90 + 63 = 153

6 ∙ 13 = 13 ∙ 6 = (10 + 3) ∙ 6 = 10 ∙ 6 + 3 ∙ 6 = 60 + 18 = 78



  1. Жұптық жұмыс. № 2

  2. № 4. Өрнек құр және оның мәнін тап.

  1. (40 + 8) ∙ 8 = 40 ∙ 8 + 8 ∙ 8 = 320 + 64 = 384

  2. (30 + 6) ∙ 4 = 30 ∙ 4 + 6 ∙ 4 = 120 + 24 = 144

  3. 20 ∙ 9 + 18 ∙ 5 = 180 + 90 = 270

  1. Өздік жұмыс. № 5. Салыстыр.

  2. Жұптық жұмыс № 6.

  3. Есеп шығару. № 7.

18 кг – 6 қорап Шешуі: 18 ∙ 6 – 16 ∙ 3 = 108 – 48 = 60

16 кг – 3 қорап Жауабы: «Баян сұлу» ф. көбірек, 60 кг көп.

Қайсысы көбірек, қанша -?

№ 8.


24 тоқаштан – 10 қорап, неше артық ? Ш: 24 ∙ 10 – 8 ∙ 3 240 – 24 216

8 тоқаштан – 3 қорап Ж: қатырма тоқашты 216 артық алды.

№ 9. 12 ∙ 7 (10 + 2) ∙ 7 10 ∙ 7 + 2 ∙ 7 70 + 14 84 жауабы: 84 түрі бар.

ІҮ. Сабақты қорыту.

Топтық талдау. № 10. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба?тексер.

Шығармашылық жұмыс. № 11.Ү .Үйге тапсырма: № 3, 12. 178 -179 бет. Бағалау
97. Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Мақсаты: Оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту әдісімен таныстыр; білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7, 9. ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Ауызша жұмыс. 1. Көбейту кестесі бар карточкалар таратып беру (2,3,4,5,6,7)

2 ∙ 2 = 4 2 ∙ 5 = 10 2 ∙ 8 = 16

2 ∙ 3 = 6 2 ∙ 6 = 12 2 ∙ 9 = 18

2 ∙ 4 = 8 2 ∙ 7 = 14 2 ∙ 10 = 20

ІҮ. Өткен материалды бекіту.

1. № 1. Мысалдарды шығарып, сауысқанның жасырған заттарын тап.

35 : 5 + 3 = 7 + 3 = 10 (сағат) 36 : 4= 9(қуыршақ) 9 ∙ 9 = 81 (айна)

(10 + 9 + 81) – 8 ∙ 8 = 100 – 64 = 36 (моншақ) Жауабы: тыққаны моншақ.

№ 2. Кестені толтыр. а ∙ 3 – 15, мұндағы а = 12, 24, 33, 42, 15;

1 2 ∙ 3 – 15 = 36 – 15 = 16 24 ∙ 3 – 15 = 72 – 15 = 57 т.с.с.

№ 3. Өрнек құрып, оның мәнін тап. Өздік жұмыс.( (6 + 3) ∙ 4 = 9 ∙ 4 = 36 т.с.с)

№ 4. Есепте. Жұптық жұмыс (3м 1дм ∙ 10 = 31 м)

№ 5. Теңдеулерді құрып, сұрақтарға жауап бер. Ұжымдық жұмыс.


  1. 42 шығу үшін 7-ні қандай санға көбейту керек. (6- ға, өйткені 42 : 7 = 6.)

№ 6. 36 + 36 : 9 + 65 = 36 + 4 + 65 = 105 Ж: 105 зат ұрлады.

2. Есеп шығару. № 7.

4 күн – 36 мин аңдыды. ?аңдыды. 36 ∙ 4 + 5 ∙ 30 = 144 +150 = 294

5күн - жарты сағаттан жауабы. 294 мин = 5 сағ 44 мин аңдыды.

№ 8.

Лулу 3 күнде – 27 балық 27 ∙ 3 ∙ 2 = 81 ∙ 2 = 162



Лоло 2 есе артық - 3 күнде ? Ж: Лоло 3 күнде 162 балық ұстады

3. Өздік жұмыс . № 9. Амалдарды орында. ( 712 – 542 =170 )

4. жұптық жұмыс. № 10.

5. № 11. Ауызша. 4 + 4 + 4 + 4 = 4 ∙ 4 = 16(см. периметрі) 4 ∙ 4 =16(см. ауданы)



Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

1). Шығармашылық. № 12. ( жауабы: 1 болып Олег, екінші – Женя , үшінші Рустем.

төртінші Әсет келді. ҮІ. Үйге тапсырма: № 13, 181 бет. Бағалау.
98. Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Мақсаты: оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту әдісімен таныстыр; білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 13. ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Ауызша жұмыс. Көбейту кестесі бар карточкалар таратып беру



ІҮ. Өткен материалды пысықтау: 1. № 1, № 2 ауызша орында.

а) Әрбір санды 4 есеге арттыр: 7, 9, 8, 12, 16, 11.

7 ∙ 4 = 28 9 ∙ 4 = 36 8 ∙ 4 = 32 12 ∙ 4 = 48 16 ∙ 4 = 64 11 ∙ 4 = 44

ә) Әрбір санды 3 есе кеміт: 12, 9, 27, 90, 300, 150.

12 : 3 = 4 9 : 3 = 3 27 : 3 = 9 90 : 3 = 30 300 : 3 = 100 150 : 3 50


  1. Жұптық жұмыс. № 3. Тиісті амалдар таңбасын қой.

  2. Есеп шығару. № 5.

Жүгіру – 63 спортшы Ш: 63 + (63 : 7) + (63 : 7 + 12) = 63 + 9 + 21 = 93

Секіру - ?, 7 есе кем ? Ж: барлығы 93 спортшы.

Диск лақтырушылар - ?, 12 көп

№ 6.


18 адамнан – 6 қатар Шешуі: 16 ∙ 7 - 18 ∙ 6 = 112 – 108 = 4

16 адамнан - 7 қатар Жауабы: 4 жанкүйер артық.

Қайсысы қаншаға артық?


  1. Өздік жұмыс. №7. Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар.

Ш: 450 ∙ 2 : 3 = 900 : 3 = 300 Жауабы. ракетка 300 тг тұрады.

  1. Ауызша. № 8,№ 9. Ш: 15 ∙ 8 = 120 жауабы. хауыз ғимаратының биіктігі 120м.

  2. Топтық жұмыс: 1топ (№10); 2 топ (№ 11); 3 топ (№ 12)

Ү. Сабақты қорыту: № 12, амалдарды орында:

ҮІ.Үйге тапсырма: № 4, 13. 181 - 182 бет. Бағалау

99. Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту



Мақсаты: Оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту әдісімен таныстыр; білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық. Көрнекілігі. схема, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.



ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 4, 8.

ІІІ. Білімін бекіту: 1.ауызша жұмыс.

7 ∙ 7 = 49 7 ∙ 4 = 28 3 ∙ 7 = 21 56 : 7 = 8

8 ∙ 7 = 56 28 : 7 = 4 7 ∙ 6 = 42 7 ∙ 9 = 63

14 : 7 = 2 2 ∙ 7 = 14 5 ∙ 7 = 35 7 ∙ 6 = 42



2. Ауызша № 1, № 2.

3. Топтық жұмыс. № 4. Есепте: 1 топ(1-2баған); 2 топ ( 3 -4)

56 ∙ 2 = (50 + 2) ∙ 2 = 50 ∙ 2 + 2 ∙ 2 = 100 + 4 = 104

56 ∙ 4 = (50 + 6) ∙ 4 = 50 ∙ 4 + 6 ∙ 4 = 200 + 24 = 224


  1. Қатар бойынша. 1 қатар - № 5; 2 қатар № 6; 3 қатар № 7.

  1. 9 ∙ 8 = 72 (к. ж. ұнтақ) 2) 14 ∙ 5 = 120(м. мата)

3) болды – 90 кг картоп

желінді – 69 кг Ш: (90 – 69) : 3 = 21 : 3 = 7

қалғанын 3кг бөлді - ?пакетке Ж: 7 пакет керек.


  1. Кесте бойынш есептер құрастыр және оларды шығар. № 8.

Ш: 12 : (15 : 5) = 12 : 3 = 4 Жауабы: көк құмыраның саны 4.

  1. Өздік жұмыс, № 9. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер:

110 : 39 = 2(қалд. 32) 460 : 76 = 6(қалд.4)

370 : 92 = 4(қалд. 2) 230 : 45 = 5 (қалд. 5)

№ 10. Теңдеулерді шеш. (3 оқушы тақтада).

ҮІ. Сабақты қорыту: 1. Шығармашылық жұмыс. № 11. (жауабы: 32см-ге)

Үйге тапсырма: № 3, 12. 184 бет. Бағалау.

100. Сабақтың тақырыбы: Тура теңдіктердің қасиеттері



Мақсаты: тура теңдіктер және олардың қасиеттері туралы білімін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену

Көрнекілігі: сызба,кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3, 12. ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс.

а) Әр түрлі тәсілмен оқу және «тізбек бойымен» шешу:

29 + 8 = 37 51 – 7 = 44 38 + 27 = 65 80 – 34 = 46

37 + 7 = 44 63 – 8 = 55 74 + 10 = 84 50 – 27 = 23

46 + 5 = 51 92 – 5 = 87 13 + 88 = 101 90 – 62 = 28

ә) «Кім жылдам?» - 4 мысықтың неше аяғы бар? 5 тышқанның неше құлағы бар?

10 торғайдың неше қанаты бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа ұғымды түсіндіру.


5 + 5 = 2 ∙ 5

2 + 3 = 5

4 + 6 = 2 ∙ 5

Теңдіктің екі жағын да 5-ке бөл.( 5+ 5) : 5 = 2 2 5 : 5 = 2 яғни 2 = 2

Қандай теңдік шықты? Тура ма әлде тура емес пе? (тура теңдік).


Егер теңдіктің екі жағын да нөлге тең емес бірдей санға көбейтсек не бөлсек, тура теңдік шығады.

№ 2. Ұжыммен. Теңдіктер тура ма , тексер. Егер тура болса, алақанды шапалақтаймыз.



  1. Теңдіктің ек жағын да 4-ке көбейт:

3 + 5 = 4 2 6 + 4 = 2 5 4 3 = 10 + 2

(3 + 5) 4 = (4 2 ) 4 (6 + 4) 4 = (2 5) 4 ( 4 3) 4 = (10 + 2) 4

32 = 32 40 = 40 48 = 48


  1. Теңдіктердің екі жағында 2-ге бөл.

6 + 8 ‹ 7 ∙ 4 8 + 2 = 10 2 + 4 › 2 ∙ 3

(6 + 8) : 2 ‹ 7 4 : 2 (8 + 2) : 2 = 10 :2 (2 + 4) : 2 › 2 ∙ 3 : 2

7 ‹ 14 5 = 5 4 › 3

Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.



ҮІ. Өткен материалды бекіту. 1. Өздік жұмыс: № 3, № 4.

  1. Жұптық жұмыс. № 5. Қолайлы тәсілмен есепте:

(14 + 6) 5 = 20 5 = 100 (6 + 5) 2 = 6 2 + 5 2 = 12 + 10 = 22

  1. Есеп шығару. № 7.

Т.шешу- 1 сағ. үштен бірі Шешуі: 20 + (20: 2) + 30 = 60 мин = 1сағ.

Есеп шығару - ?, 2 есе кем ? Жауабы: 60 мин немесе 1 сағ.

Мәтіндік есеп шығару – 1 сағ. жартысы

№ 8. Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар:

Ш: 24 2 : 8 = 48 : 8 = 6 Жауабы: 6 қорап.

№ 9. Өздік жұмыс.

І – 10күн -28 беттен, ? есе артық Ш: (28 ∙ 10) : (14 10) = 280 : 140 = 2

ІІ – 2 апта -10 беттен Жауабы: 2 есе артық.



  1. Топтық жұмыс: № 10

ҮІІ. Бекіту: бүгінгі сабақта не істедік, неге үйрендік? № 11. Шығармашылық жұмыс.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 6. 185 бет. бағалау.

101 . Тақырыбы: Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу



Мақсаты: Оқушыларды тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу біліктігін қалыптастыру; есеп шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге баулу. Әдісі: қайталау, талдау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 4. ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

Ауызша жұмыс. (1)

6 + 7 = 13 8 ∙ 7 = 56 14 – 7 = 7 14 : 7 = 2

9 + 7 = 16 6 ∙ 7 = 42 23 – 7 = 16 7 : 7 = 1

5 + 7 = 12 5 ∙ 7 = 35 35 - 7 = 28 21 : 7 = 3

8 ∙ 8 = 64 3 ∙ 7 = 21 72 : 8 = 9 42 : 7 = 6

64 : 8 = 9 9 ∙ 7 = 63 8 ∙ 9 = 72 35 : 7 = 5



ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:


9 ∙ 4 : 4 = 9



27 : 9 ∙ 9 = 27

у ∙ 5 : 5= у

х : 4 ∙ 4 = х

15: 3 ∙ 3= 15

8 : 2 ∙ 2 = 8

Қорытынды: Егер кез келген санды бір санға көбейтіп, содан кейін дәл сол санға бөлсе, алғашқы санның өзі шығады.

№ 2. Теңдеулерді шешу тәсілін түсіндір:

Х ∙ 3 = 27 х : 9 = 4

Х ∙ 3 : 3 = 27 : 3 х : 9 ∙ 9 = 4 ∙ 9

Х = 27 : 3 х = 4 ∙ 9

Х = 9 х = 36

9 ∙ 3 = 27 36 : 9 = 4

Тура теңдіктер қасиеттері қолданылды.

Жұптық жұмыс. № 3. Тура теңдіктер қасиеттерін пайдаланып,теңдеулерді шеш:



Сергіту сәті: Ү. Өткен материалды бекіту.

1. Өздік жұмыс. № 6 . Қосындылар мен айырмалардың мәндерін тап:

2. Есеп шығару. № 7.

40 кг – 6 жәшік ? Шешуі: 40 ∙ 6 + 100 ∙ 2 = 240 + 200 = 440

100 кг – 2 контейнер жауабы: жалпы салмағы 440 кг

№ 8.


5 корпус – 16 ұл ? Шешуі: 16 ∙ 5 + (16 ∙ 5 : 4 ∙ 4) = 80 + 80 = 160

4 корпус – сонша қыз Жауабы: барлығы 160 бала.

№ 9.

Ұзындығы – 18м бұл периметрінің бестен бірі



Р = ? Р = 18 ∙ 5 = 90

№ 10. Ш: ( 2 ∙ 2 + 4) ∙ 2 = 16 Жауабы: периметрі 16 см



Ү. Сабақты қорыту: Ұжымдық жұмыс. № 11. № 12 № 4.

ҮІ. Үйге : № 4, 13.187 - 188 Бағалау.
102. Тақырыбы: Қарапайым теңдеулер құруға арналған есептер

Мақсаты: қарапайым есептер негізінде қарапайым теңдеулерді құру және оларды тура теңдіктердің қасиеттерін пайдаланып шығару біліктілігін қалыптастыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ойлау, іздену, өздік жұмыс. Көрнекілігі: суреттер, сызба, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 4, 13. ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс.

Карточкалардағы көбейту, бөлу кестесі. ІҮ. Есептер шығару:

1.№ 1 Мынадай санды тап:

1) 24- тен 3 есе артық; бұл 24 ∙ 3 = 72 4) 36-дан 4 есе артық; 36 ∙ 4 = 144

2) 12-ден 5 есе артық; бұл, 12 ∙ 5 = 60 5) 140-тан 7 есе кем; 140 : 7 = 20

3) 600-ден 6 есе кем; 600 : 6 = 100 6) 400-ден 2 есе кем; 400 : 2 = 200


2. Өздік жұмыс. № 2. Тура теңдіктер қасиеттерін пайдаланып, теңдеулерді шеш:

№ 3. Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар.

а) 15 ∙ 3 = 45(тг) ә) 75 : 3 = 25(тг) б) 75 : 15 = 5(тауық суреті бар марка)


  1. Есеп шығару. № 4.

  1. Ш: 45 : 5 = 9 Ж: әр себетке 9 кг қарлыған

  2. Ш: 48 : 8 = 6 Ж: 6 тәрелке қажет

  3. Ш: 12 ∙ 4 = 48 Ж: барлығы 48 кәмпит бар

  1. Өздік жұмыс. № 5.

Алмұрт – 17 ағаш Шешуі: 17 + (17∙ 3) + (17 ∙ 3 – 27) = 17+ 51 + 24 = 92

Шие - ?, 3 есе артық ? Жауабы: 92 ағаш отырғызылды.

Алма - ?, 27 кем

№ 6. Ш: (5 + 8) ∙ 10 = 13 ∙ 10 = 130 Жауабы: 130 жаңғақ алды

№ 8. Жұптық жұмыс. 8 ∙ 6 : 4 12 Ж: шаршының ұзындығы 12 см.

Шығармашылық жұмыс. № 10. (жауабы: 55.)



Ү. Сабақты қорыту: № 11. Сәйкестікті анықта. ҮІ. Үйге тапсырма: 7, 9. 189 бет.

103. Тақырыбы: Қарапайым теңдеулер құруға арналған есептер



Мақсаты: Қарапайым есептер негізінде қарапайым теңдеулерді құру және оларды тура теңдіктердің қасиеттерін пайдаланып шығару біліктілігін қалыптастыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ойлау, іздену, өздік жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7, 9. ІІІ. Өткенді пысықтау. 1. Ауызша жұмыс.

8 ∙ 8 = 64 3 ∙ 7 = 21 72 : 8 = 9 42 : 7 = 6

4 : 8 = 9 8 ∙ 9 = 72 9 ∙ 7 = 63 35 : 7 = 5

2 ∙ 8 = 16 2 ∙ 2 = 4 2 ∙7 = 14 1 ∙ 2 = 2

2 ∙ 9 = 18 0 ∙ 2 = 0 2 ∙ 6 = 12 3 ∙ 2 = 6

ІҮ. Есептер шығару: № 1.

6 есе арттыр:

4 ∙ 6 = 24 6 ∙ 6 = 36 5 ∙ 6 = 30 9 ∙ 6 = 54

20 ∙ 6 = 120 80 ∙ 6 = 480 100 ∙ 6 = 600

5 есе кеміт:

10 : 5 = 2 300 : 5 = 60 150 : 5 = 30 45 : 5 = 9

40 : 5 = 8 500 : 5 = 100 100 : 5 = 20


  1. № 2, № 3 ауызша орындау.

  2. № 5. Теңдеулер құр.

  1. 1к – 3м х : 3 = 7

7к - ? х = 7 ∙ 3

х = 21


  1. : 3 = 7 Жауабы: 7 көйлек тігу үшін 21м мата керек.

  1. 6 ∙ х = 54

Х = 54 : 6

Х = 9


6 ∙ 9 = 54 Жауабы: 9 шатыр керек.

  1. 48 : 8 = 6 Жауабы: 6 орындықтан



  1. № 6.

І күні -64 м Шешуі: 64 + (64 ∙ 2) + ( 64 ∙ 2 + 180) =

ІІ күні - ?, 2есе артық ? = 64 +128 + 308 = 500

ІІІ күні - ?, 180 м артық Жауабы: үш күнде 500м жүрді.
№7.

Барлығы – 50кг бал. Шешуі: (50 - (8 ∙ 4) : 3 = 18 : 3 = 6

8 кг – 4 бидонға Жауабы: 6 банка керек.

3 кг - ? банка

№ 8. Ш: 50 – 50 : 5 = 50 – 10 = 40(м) Ж: әлі 40 м жүруі керек.


  1. Өздік жұмыс. № 9. Өрнектердің мәнін тап.

Ү. Бекіту:

- Сабақта біз не істедік? Қай тапсырма ұнады? Неге? № 11, 12.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 4, 10. 190 - 191 бет. 2. бағалау.

104. Тақырыбы: Қайталау.



Мақсаты: Екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы кестеден тыс көбейту біліктігін және қарапайым есептер негізінде қарапайым теңдеулер құрып, оларды тура теңдіктердің қасиеттерін пайдалана отырып шығару біліктігін, дағдыларын жетілдіру;

Әдісі: қайталау, талдау, сұрақ – жауап,өздік жұмыс. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.



-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 4, 10 .

ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

  1. № 1, № 2 ауызша, келесі санды тап:

  2. Жұптық жұмыс. № 3. Теңдеу құр және оны шеш.

  3. Схема бойынша есептер құрастыр және оларды шығар:




Ш: 12 ∙ 3 + 24 = 60 Ш: 10 ∙ 4 : 8 = 5
Ж: 60тг. Ж: 5доп.

Ауызша. № 8. Ш: 120 : 4 ∙ 8 = 30 ∙ 8 = 240 Ж: 240тг төледі.



  1. Өздік жұмыс. № 9. Өрнектердің мәндерін тап.

  2. Жұптық жұмыс. № 10.

ІҮ. Сабақты қорыту: 1. № 11 ауызша. 2. Шығармашылық жұмыс. № 12.

(жауабы: дойбыда: 1 орынды Наташа, 2 – Ира, 3 – Коля, 4 – Петя;

Шахматта: 1 орынды Саша алды, 2- Оля, 3 – Люда, 4 – Таня.)

Ү. Үйге тапсырма: 4, 192 бет.
105. Тақырыбы: Санның кубы. Санның үшінші дәрежесі

Мақсаты: Оқушыларды санның кубы ұғымымен таныстыру, көбейту және бөлудің мағынасын бекіту, математикаға деген қызығушылығын арттыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік, жұппен

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:


23


Кестеге қараңдар, санның таңдалуын дәлелдеп көріңдер.

Қорытынды: бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін


2

?

2
көбейткіштің кубымен алмастыруға болады.

№ 1, № 2 ауызша орындау.

Өздік жұмыс. № 3.Ауыстыруға келетін көбейтулерді көбейткіштің кубымен ауыстыр:

5 ∙ 5 ∙ 5 = 53; 12 ∙ 12 ∙ 12= 123 ; 1 ∙ 1 ∙ 1 = 13;

18 ∙ 18 ∙ 18= 183; 20 ∙ 20 ∙ 20= 203 ; 0 ∙ 0 ∙0= 03

№ 4. Өрнектердің мәндерін тап.

53 – 43 = 13 103 – 13 = 93 33 + 23 = 5 3

ІҮ.Түсінгендерін тексеру:


  1. Топтық жұмыс. № 4. Теңдеулерді шеш.(үш топпен)

  2. Есеп шығару. № 7. Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

Ш: 64 : 8 ∙ 45 = 8 ∙ 45 = 360 Жауабы: шоколад үшін 360 тг төледі.

№ 8 (1).

Ш: 800 : 100 ∙ 9 = 72 Жауабы: 72л бензин жұмсайды.

Ш: 600 : 100 ∙ 6 = 36 Жауабы: 36 л бензин жұмсайды.



  1. Топтық жұмыс.

1 топ № 9; 2 топ № 10; 3 топ № 11 орындайды.

Ү. Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта немен таныстық? Шығармашылық жұмыс. № 12.(асхана 3 және 4- айларда 50 кг шығындыған).Ауызша № 13.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 6, 194 бет 2. Бағалау.
106. Тақырыбы: Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр

Мақсаты: оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру; зейінін, жадын, тілін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, өздік . Көрнекілігі: сызбалар, кестелер,суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 6.

ІІІ. Білімді тиянақтау: Ауызша жұмыс.

а) 2 ∙ 3 = 6 4 ∙ 3 = 12 6 ∙ 3 = 18 8 ∙ 3 = 24 1 ∙ 3 = 3 0 ∙ 3 = 0

ә) Есеп шығару.

- Қайыңның биіктігі 9 м, ал үй одан 3 м биік. Үйдің биіктігі қандай? ( 12м)



ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру. 1.Мақсат қою кезеңі. оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру. 2.Оқулықпен жұмыс. №1, 2, 3, 4.

ЕСІҢДЕ САҚТА!




Бірлік

















2. Тап:



Ұзындықты

Ауданды

Көлемді

1 см



1 см2



1 см3






1 л – сыйымдылық бірлігі.

1 л = 10 см ∙ 10 см ∙ 10 см = 1000 см3

Текшенің көлемі – 1 см3

Текшенің үш өлшемі бар:

Ұзындығы – 1 см, ені – 1 см, биіктігі – 1см


Көлемі 1000 см3 (1л) судың массасы 1 килограмға тең.




  1. Текшенің қырларының ұзындығы 3см; 4см; 5см болса, оның көлемі неге тең болады?

3 ∙ 4 ∙ 5 = 60 (см3) Қорытынды:


Егер текше қырының ұзындығы а – ға тең болса, онда оның көлемі а3 - қа тең болады.

Практикалық жұмыс. № 5, № 6.Көзбен көріп салыстыру,Суретте көлемі бірдей ыдыстар бар ма? Оны қалай тексеруге болады?

Ү. Өткен материалды бекіту: 1. Жұптық жұмыс. № 7. Теңдіктер тура ма, тексер.

1) 37 – (16 + 19) = 37 – 16 + 19 2 = 40 37 – (16 + 19) ‹ 37 – 16 + 19

2. Ауызша есеп шығару: № 9.

(9 : ( 6 : 2) = 9 : 3 = 3 Ж: осындай 3 террасаға төсеуге болады.

№ 10. Түсініп шығару(іздену)

Жүзім 8кг – 12 жәшік Шешуі: (8 ∙ 12 – 32) : 32= (96 – 32) : 32 = 2

Сатылды – 32 кг Жауабы: 2 есе артық

Неше - ? қалды

№ 11. Топтық жұмыс. Теңдеуді шеш.(үш топтан 3оқушы)

Өздік жұмыс. № 12. Бөлінгішті тап және оны санның кубы түрінде жаз:

Х ∙ 7 = 36 + 13 34 + х = 8 ∙ 6 х : 6 = 42

Х ∙ 7 = 49 34 + х = 48 х = 42 ∙ 6

Х = 49 : 7 х = 48 – 34 х = 252

Х = 7 х = 14 252 : 6 = 42

7 ∙ 7 = 49 34 + 14 = 48 42 ∙ 42 ∙ 42 = 423

7 ∙ 7 ∙ 7 = 73 14 ∙ 14 ∙ 14 = 143

ҮІ. Сабақты қорыту:1) Шығармашылық жұмыс. № 13.2)№ 14. Сәйкестігін тап.(ауызша)

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 8. 197 бет. Бағалау.
107. Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу

Мақсаты: Қосындыны санға бөлу ережесімен таныстыру; дұрыс есептеу және есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, жұптық жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Алақан» жаттығуы.


ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 8.

ІІІ. Өткенді пысықтау: ауызша жұмыс. (1)

4 8 = 32 9 ∙ 2 = 18 4 ∙ 9 = 36 3 ∙ 4 = 12

32 : 8 = 4 18 : 2 = 9 36 : 9 = 4 12 : 4 = 3

32 : 4 = 8 18 : 9 = 2 36 : 4 = 9 12 : 3 = 4



ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Қосындыны санға бөлу ережесімен таныстыру.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру:

  1. Оқулықпен жұмыс. № 1.Өрнектерді және олардың мәндерін салыстыр:

(6 + 9) : 3 = 6 : 3 + 9 : 3 (14 + 21) : 7 = 14 : 7 + 21 : 7 (12 + 18) : 6 = 12 : 6+ 18 : 6

5 = 5 5 = 5 5 = 5

Қорытынды жаса.


Қосындыны санға бөлу үшін,

әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға;

қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөліге болады.



  1. Жұптық жұмыс. № 2. Бөлуді қалай орындалғанын түсіндір:

  1. (10 + 6) : 2 = 16 : 2 = 8

  2. (10 + 6) : 2 = 10 : 2 + 6 : 2 = 5 + 3 = 8

  1. Өздік жұмыс. № 3. Әр өрнектің мәнін екі тәсілмен тап.

ҮІ. Білімдерін тексеру.

  1. Ауызша. Дымбілмеске көмектес. № 4, Суретте салынған фигуралардың көлемдерін тап.

  2. Есептерді екі тәсілмен шығар: № 7.

Әкелінді - 24 пиранья, 36 тұтасқанат Шешуі: (24 + 36) : 6 = 60 : 6 = 10 немесе

6 аквариумға - ? балықтан (24 + 36) : 6 = 24 : 6 + 36 : 6 = 4 + 6 = 10

Жауабы: әр аквариумда 10 балықтан.

№ 7(2).


Келді – 40 бала, 16 е. адам Шешуі: (40 + 16) : 8 = 56 : 8 = 7

8 топқа бөлінді - ? адамнан (40 + 16) : 8 = 40 : 8 + 16 : 8 = 5 + 2 = 7

Жауабы: әр топта 7 адамнан

№ 8.


Көрмеге – 14 натюрморт Шешуі: (14 + (14 3)) : 7 = 56 : 7 = 8

? портрет 7-ден бір Ж: 8 портрет қойылған.

Пейзаж - ?, 3 есе көп


  1. Өздік жұмыс. № 9. Салыстыр:

30 дм 2см = 302 см 1 сағ 10мин ‹ 80 мин

5м 5см ‹ 550см 3 тәул. 24 сағ = 96 сағ

32 см ‹ 30дм 2см 2 м 3дм › 203см

ҮІІ. Сабақты қорыту:


  1. Шығармашылық жұмыс. № 10. (Жауабы: 15 + 45 + 12 = 72(см) сынық сызық ұзындығы) ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 6, 11. 199 - 200 бет.

108. Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу



Мақсаты: Қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді үйрету; есеп шығаруды меңгерту; ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өздік жұмыс. Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6, 11..

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс: 1.

4 8 = 32 9 ∙ 2 = 18 4 ∙ 9 = 36 3 ∙ 4 = 12

32 : 8 = 4 18 : 2 = 9 36 : 9 = 4 12 : 4 = 3

32 : 4 = 8 18 : 9 = 2 36 : 4 = 9 12 : 3 = 4



  1. Математикалық диктант.

1. Екі санның қосындысының мәні 46 тең. Олардың біреуі 6. Екінші сан неге тең?

(х + 6 = 46 46 - 6=4 0)

2. Екі санның айырмасының мәні 5. Сандардың біреуі 24. Екінші сан неге тең?

( х – 24 = 5 24 + 5 = 29)

3. 12 және 7 сандарының қосындысының мәнін табыңдар. (12 + 7 = 19)

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.


  1. Әрқайсысына затын табуға көмектес:

100 : 20 = (60 + 40) : 20 64 : 8 = (25 + 39) : 8

48 : 8 = (16 + 32) : 8 4 ∙ 3 = 15 : 5 + 45 : 5

81 : 9 = 24 : 4 + 12 : 4 30 ∙ 4 = ( 22 + 18) ∙ 3


  1. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 23, 45, 42, 67, 90, 38.

23 = 20 + 3 45= 40 + 5 42 = 40 + 2 67 = 60 + 7 90 = 90 + 0 38 = 30 + 8

  1. Топтық жұмыс. № 3. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін тап:

1 топ. 2 топ. 3 топ.

(50 + 15) : 5 = 65 : 5 = 13 (32 + 48) : 8 = 80 : 8 = 10 (19 + 17) : 4 = 36 : 4 = 9

(9 + 9) : 6 = 18 : 6 = 3 (52 + 11) : 9 = 63 : 9 = 7 (42 + 24) : 6 = 66 : 6 = 11

Ү. Түсінгендерін тексеру:

1. Өздік жұмыс. № 4. Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тап.

1) 75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр; (75 – 27) ∙ 3 = 48 ∙ 3 = 144

2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт; (40 + 16) : 7 = 56 : 7 = 8 т.с.с.

2. Жұптық жұмыс: № 6. Салыстыр:

3. Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар.№ 7.

Қияр – 12 кг Шешуі: (12 + 15) : 3 = 27 : 3 = 9

Қызанақ – 15 кг Жауабы: 9 банка керек.

3кг бөліп - ? банка

№ 7(2).


І ағаш – 36 кг Шешуі: (36 + 24) : 6 = 60 : 6 = 10

ІІ ағаш -24 кг Жауабы: 10 жәшік керек.

6 кг - ? жәшік

№ 8.


5 жәшік – 40 кг Шешуі: 40 : 5 ∙ 7 = 56

7 жәшікте - ? Жауабы: 56кг жүзім.



  1. Ауызша. № 9. (28 см2)

  2. Шығармашылық жұмыс. № 11. Теңдіктер тура болатындай етіп, бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қой.

( 45 + 54) : 9 = 11 2 ∙ (3 – 1) – 3 = 1

(56 + 49) : 7 = 15 ( 3 + 5) – ( 2 + 5) = 1

(28 + 32) : 4 = 15 4 + (7 – 3) – 7 = 1

ҮІІ.Қорыту. Бүгін не білдік? Үлестірмелер ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 5, 10 , 87. Бағалау.

109. Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу.



Мақсаты: разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу жайлы түсінік беру; есеп шығаруды меңгерту; ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, есептеу, ұжымдық, өздік. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 5, 10.

ІІІ. Бастапқы бекіту. ауызша жұмыс.

4 ∙ 6 = 24 6 ∙ 6 = 36 5 ∙ 6 = 30 9 ∙ 6 = 54

20 ∙ 6 = 120 80 ∙ 6 = 480 100 ∙ 6 = 600

10 : 5 = 2 300 : 5 = 60 150 : 5 = 30 45 : 5 = 9



40 : 5 = 8 500 : 5 = 100 100 : 5 = 20

Мақсат қою кезеңі: разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу жайлы түсінік беру

ІҮ. Жаңа сабақ:

  1. № 1. Бос орындарды толтыр:




100

90

20


5

3

30

∙ ∙ ∙ ∙ ∙


№ 2. Бөлуді қалай орындағанын түсіндір.

96 : 3 = (90 + 6) : 3 = 90 : 3 + 6 : 3 = 30 + 2 = 32

82 : 2 = (80 + 2) : 2 = 80 : 2 + 2 : 2 = 40 + 1 = 41

77 : 7 = (70 + 7) : 7 = 70 : 7 + 7 : 7 = 10 + 1 = 11



  1. № 4. Қалып қойған амалдар таңбаларын тиісті орынға қой:

(7 + 8) ∙ 4 = 7 ∙ 4 + 8 ∙4 (5 + 7) ∙ 6 = 5 ∙ 6 + 7 ∙ 6 .

Ү. Түсінгенін тексеру.

  1. Есеп шығару: № 6.

Ақ раушан - 42гүл Шешуі: (42 + 49) : 7 = 91 : 7 = 13

Қызыл раушан – 49 гүл Жауабы: 13 гүлшоғы жасалды.



  1. гүлден - ? гүлшоқ

  1. Топтық жұмыс. 1 топ: № 6(2).

Қара қоян – 20 Шешуі: (20 + 12) : 4 = 20 : 4 + 12 : 4 = 5 + 3 = 8

Ақ қоян – 12 Жауабы: 8 торға отырғызды.

2 топ № 7.

Печенье – 15 кг Шешуі: (15 + 12) ∙ 4 = 27 ∙ 4 = 108

Кәмпит - ?, 12 кг ауыр Жауабы: 4 қорапта 108 кг

4 қорап - ? кг

3 топ № 8 .

5 жүйек – 50 л Шешуі: 50 : 5 ∙ 7 = 70

7 жүйек - ? Жауабы: 70 л су керек.


  1. Түсіндіріп , талдап шығару. № 9.

Периметрі - 480 см ( 480 – (80 + 80)) : 2 = 240 : 2 = 120(см)

Ені – 80 см

Ұзындығы - ?


  1. Жұптық жұмыс. № 10. Өрнектердің мәнін тап.

80 ∙ 5 = 400 60 ∙ 7 = 420 240 : 80 = 3 400 : 80 = 5

320 : 4 = 80 540 : 90 = 6 30 ∙ 7 = 210 80 ∙ 60 = 4800



  1. Өздік жұмыс. № 11. Санның квадраты мен кубын көбейтіндімен алмастыр және

өрнектердің мәндерін тап:

42 ∙ 3 = 4 ∙ 4 ∙ 3 = 48 48 – 33= 48 – 3 ∙ 3 ∙ 3 = 48 – 27 = 21

32 + 53= 3 ∙ 3 + 5 ∙ 5 ∙ 5 = 9 + 125 = 134 42 ∙ 100 = 4 ∙ 4 ∙ 100 =16 ∙ 100 = 1600

ҮІ. Сабақты қорыту:


  1. Ауызша талдау: № 12.

  2. Шығармашылық жұмыс. № 13.

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 3, 14. 203 - 204 бет. Бағалау.
110. Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу.


Каталог: upload -> maps
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
maps -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты
maps -> Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты 3- сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет