Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
Ой шақыру
- Кеңпейілділік, жомарттық дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
Дәйек сөз. Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес Халық мақалы
Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу
Сұрақтар:
-Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
- Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен?
-Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?
«Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама» Сұрақтар:
- Неліктен Асан Қайғы олай сынады?
- қандай шешімге келді?
- Кейіпкелердің қайсысы жомарттық танытты?
- Сен не істер едіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сыныпты 3-топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.
І топ. Жағдаятты шешу. (Тақтада ілінген күн көзінің шуағындағы жазылып тұрған жағдаяттарға жауап беру).
1 – сұрақ
Егер ойламаған жерден сен лоторея ұтысынан миллион теңге ұтып алдың, оны қалай жұмсар едің?
2 – сұрақ
Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп, қонатын жері жоқ екенін, таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады. Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар еді. Анаң үйде қонақ көп екенін айтып, ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты. Сен не істейсің?
3 – сұрақ
Кешқұрым сен сабақтан келе жатып автобуста бір өзің қатарлы қыздың билет тексерушіге ақшасының таусылып қалғанын айтып, баратын жеріне дейін ала кетіңізші деп жалынып - жалбарынып тұрғанын көрдің. Ал билет тексеруші ол қызды алып кеткісі келмегенін байқадың. Сен бұл кезде не істер едің?
4 – сұрақ
Қалада апаңның үйіне бардың. Сені дүкеннен нан әкелуге жұмсады. Сен дү - кеннен нан алып келе жатқанда бір 5 - 6 жасар жылап тұрған қызды кездестір - дің. Ол адасып кеткен сияқты. Сен оған көңіл бөлер ме едің?
5 – сұрақ
Жанна өте ақкөңіл болатын. Өзі жақсы оқитын. Ол барлық балаға білгенін айтып, көмек беруден жалықпайтын. Ол бірде сырқаттанып, сабаққа келмей қалды. Өзі сабақтардан өткен тақырыптарды меңгермей қалды. Ал досы Нұр - гүл болса, оған көмек беруді ойламады да. Сен не істер едің?