1.2 Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиясы
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - әрекетін, мінез – құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез – құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай балалар төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды әрі қарай өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Баланың жоғары дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескерту керек. Баланың дамуы мен ойлау қасиеттері оның бүкіл өмір, өткен өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер баланың бойынан бірден даяр күйінде аңғарылмайды.
Егер баланың бойындағы кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олықылықтары қалайшы толтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан былайғы даму кезеңдерін де жоюды жандандырудың әдіс - тәсілдерін іздестіру қажет.
Осы орайда бала кемістігін қарапайым жаттығулар арқылы түзетуге болады.
Ал шетел психологтары бала психологиясы жайындағы көзқарасын терістейді. Өйткені адам психикасының дамуының жалпы заңдарын негізделген табиғи әрі міндетті құбылыс деп түсіндіреді.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінде өзіндік бағалау әлі де болса мінез – құлық мотивінің үстемді түрінде көрінбейді. Бұл балалар өз іс - әрекеттеріне иек артпайды, жасаған кемшіліктерін көре бермейді. Оларды жөндеудің, қайталаудың жолдарын іздестірмейді, өзін басқалармен салыстырмайды [32.172].
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.
Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек [33.127].
Тіпті жай ғана мысалды алып қарайық; егер де гүлді күтсең, суырсаң, жақсы қарасаң онда ол жайқалып өседі. Адамдарға әсемдігін, түсін береді. Ал егер оны қарамасаң, оны күтіп баптамассаң, таптасаң ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл өмірдің шындылығы.
Бірақ, осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасыларда ұмытылып жатады. Немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді.
Әрине мұндай отбасыда тәрбиеленіп жатқан әр балада тыныштығы мен жайбырақаттығы, әлі қалыптасып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез – құлқы бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз болуы, ондағы жанжал ұрыс- керістер мінез – құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тәрбиесіне елеулі әсерін тигізеді.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің пайда болу себептерін Р.Г. Илимешова өз зерттеулерінде 4 топқа бөледі.
1-кесте. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың пайда болу себептері
Отбасы, өскен ортасы
|
Алған тәрбиесі
|
Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты толық емес отбасы, отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни балаға кері әсер етушілік, маскүнемдер.
|
Жаман қылықтарға, әдеттерге әуестенеді, кекшілдік, ашуланшақ
|
Бала жағдайы толық жасалған, еш-қандай өмір қиындығын көрмеген.
|
Балалар өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Қарым–қатынаста алаңдау-шылық қасиеттері төмен.
|
Отбасы мүшелерінің көзқарасы тек қана осы балада, оның қылықтарын үнемі мақтан тұтады, Мектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата - ана баланың айтқанын орындайды
|
Өзімшіл, өзіндік бағалауы өте жоғары.
|
Ата – аналар өте қатал. Баланы шамасынан тыс талаптар қояды
|
Өзіне сенімсіз, өз пікірін, ойын айта алмайды, қорқақтық алаңдаушылық бар.
|
Мектеп жасындағы немесе мектепке дейінгі балалардың мінез – құлқындағы ауытқушылық олардың ортасына, отбасысына байланысты.
Жалпы мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар балалар әдетте аумалы- төкпелі морт деп аталатын балалар. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.
Балалардың мінез - құлқында қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады [34.258]. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ балада қалыптасатын барлық мінез еркшеліктері мен қасиеттерін алдын - ала бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс.
Егер баланың мінезінде қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез – құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік ақаулар пайда болуы ықтимал. Мінез – құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы.
Осы мәселелерді жойып, жеңіу үшін мінез – құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек.
Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәніне зер салайық. Жалпы әдебиеттерде талдау негізінде, бұл мәселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, және т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез - құлық - адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Кеңес психологиясында мінез – құлықтың ауытқығаны қоғамдағы құқыққа немесе адамгершілік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді [35.75]. Ауытқушылық мінез - құлық алғашқы пайда болуы, балалалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста байқалады.
Сонымен мінез – құлық ауытқуы бар жасөспірімдердің мінезі жалпы қоғамдық ережеден, психикалық денсаулық ережесінен, мәдени немесе адамгершіліктік ережесінен ауытқыған тәртіп жүйесін айтады.
Л.Кулагин оқудың сәтсіздігі мен мінез – құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайының әр түрлі ауытқуларының әлеуметтік, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалуында. Көп жағдайда мінез- құлықтың ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады деп дәріптейді.
«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез –құлықтар, өзара қарым – қатынасы жойылып, өзіне -өзі баға беру шеттен тыс шығып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түсу [36.136].
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез – құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез – құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс -әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез – құлықтың концепциясына сәйкес кез – келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.
Ауытқушы мінез –құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез –құлық.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез –құлық.
Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А. Беличева ауытқушы мінез –құлықты әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.
1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние - мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып – салу, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.
2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (бағыттану,бұзақылық, ұрып –соғу,өлтіру, зорлау)
3.Енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне -өзі қол жұмсау)
Мінез –құлықты баланың осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының күәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез – құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында жүріп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.
Сондықтан да, жасөспірімнің қандай да бір мінез –құлқының ерекшілігінің ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс – шараларын тағайындауға болады.
Кейде жасөспірім өзінің мінез - құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері қалыптасады. Керісінше, мінез - құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын (қызметшіл, сыншыл емес, назарының мұғалімде болуы, күткен түрде әрекет ету және т.б.) мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.
Ауытқушы мінез - құлықтары бар жасөспірімдердің мінез –құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез - құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез - құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды [37.231].
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторлары:
а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез – құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік –педагогикалық олқылықтар;
ә) жайсыз отбасылық қарым – қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт – санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым – қатынастың орнамағандығынан, ата – аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;
б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;
в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік – психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.
Мінез - құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым -қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету [38.22].Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.
1.3 Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Қазіргі кезеңдегі мінез – құлқы ауытқушылғы бар балалар мәселесі кең шеңберде зерттеушілердің, яғни психолог, педагог, социолог және дәрігерлердің назарын аудартуда. Сонымен қатар, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және ата-аналардың негізгі көкейтестік мәселесінің бірі болып саналады.
Өйткені қандай болмасын ата-ана, өзінің баласының парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып еліміздің мәртебелі азаматы болуын қалайды. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне байланысты бұл мәселе, яғни жеткіншектердің мінез-құлықтары қалыпты дамып ізгі жолда жүруі күмәндатады.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, жеткіншектердің тұлғасының дұрыс қалыптасуы үлкен ықпалын беретіні жүйелі тұрғыда қарастырылады. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны жөніндегі мәселе, психология-педагогикалық, әлеуметтік, дәрігерлік-және заң тұрғысында әртүрлі қарастырылады. Мінез-кұлық - адамның күнделікті өміріндегі тұлғалық қасиеттерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Негізінде мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді. Және жүктелген іске адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Күнбе - күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады [39.122].
Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге, не мінез –құлық амалына қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық - еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез – құлық пен қимыл – қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, (отбасынан әрі аспайтын болса) онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады.
Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп өмірінің моральдық - психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық, өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады [40.212].
Олай болса нақты адамның мінезіне талдау жасағанда, ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды ескере алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытиын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі деп тұжырымдаған.
Қазіргі кезде. әсіресе ауытқушы болған балалардың мінез – құлықтарында балалардың тұлғасы, яғни эмоциялық аймақтары, өзін -өзі бағалау, қарым –қатынас деңгейі жөніндегі мәселе кең шеңберде зерттеушілердің назарын аудартуда. Өйткені, бала есейген сайын қоршаған ортаның пікіріне емес, өзінің пікіріне құлақ салады. Оқушы мен мұғалімдердің, оқушы мен ата – аналардың, жолдастарының арасындағы қарым – қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды.
Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны балалардың мінез – құлық ауытқуларын, өзін - өзі бағалау, талаптану деңгейі мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция - деп жасөспірімдердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиешіленуге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік - психикалық ауытқуларын алдын алуын ұйымдастыру.
Кеңес психологиясында мінез-құлықтың ауытқығанын қоғамдағы құқыққа немесе адамгершіліктік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді. Мінез - құлықтың ауытқуы алғашқы пайда болуы, балалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста жиі байқалады [41.215].
Бұл ақыл-ой даму деңгейінің біршама төмендігін, тұлғаның толық қалыптаспаған процесін, қоршаған ортаның және отбасының теріс әсерін, сонымен қатар, топтардың талаптарынан және осындағы қабылданған құндылы бағдарлардан жасөспірімдердің тәуелдігін сипаттайды. Мінез-құлқы ауытқушы болған жасөспірімдердің өз ісінің дұрыстығын дәлеледеп беру тәсілімен жиі қызмет етіп, үлкендердің шындықтарына немесе әділсіз болып көрінуіне қарсылық көрсетеді. Кейбір жағдайларда, ауытқушы мінез-құлык адамгершілікті - өнегелік қалыптарын жеткілікті білімдермен үйлесуі мүмкін, яғни бұл ерте жастан бастап адамгершілікті-өнегелік дағдыларын қалыптастыруының қажеттілігін көрсетеді [42.23].
Белгілі психолог Л.С. Выготский "қиын балалық шақ" кезеңін талдау кезінде, оның барлық факторларының болу мүмкіндіктерін, яғни " жеткіншектердің биологиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық жетілуін ескеру қажет, деп белгіледі. Өйткені, қандай да бір аймақта ауытқылардың болуы, әлеуметтік ауытқушыділікке әкеледі. Сонымен қатар, Л.С. Выготский әр түрлі факторларды бағалауының қауіптілігі жөнінде-ескере отырып, факторлардың барлық жиынтығының ықпалын кешенді түрғыда қарастырылуының маңыздылығын дәлелдеді.
Балалар мен жасөспірмдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны — бұл өзінің негізінде түрлі биологиялық және әлеуметтік себептерге ие болған ауытқылардың ауқымды тобы. Ауытқушы мінез - құлықтың дамуының негізгі себебі биологиялық факторлар бола бермейді, бірақ олардың алдын болжаушы негіз ретіндегі орны аса маңызды.
Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негізі, тұқым қуалаушы факторлар және ананың ауыр аяқ кезіндегі түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардың әсер ету салдары да болуы мүмкін. Ана ағзасына кері әсер ететін аса зиянды факторлар қатарына ішімдік, темекі шегу, токсикологиялық, нашакорлық заттардың пайдалануы бірінші кезекке өз үлесін тигізеді.
Соңғы жылдары кері экологиялық факторлар, әсіресе жоғары радиация әрекеті өзекті мәселелердің біріне айналуда. Аталған факторлар ата ананың генетикалық аппараттын өзгеруіне әкелуі ықтимал, соның салдарынан әртүрлі аурулардың пайда болуы айдан анық.
Мұндай жағдайларда тума және тұқым қуалаушы ауру, соңында сыртқы себептерге байланысты болады. Көптеген зерттеушілер мінез-құлық ауытқуының биологиялық негізі тұқым қуалаушы факторлар болуы мүмкін және ананың ауыр аяқ кезінде түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардын салдарының ағзаға әсер етуі (әр түрлі дәрі – дәрмектер, ішімдік, нашақорлықтарды қолдану, үнемі күйзелістік жағдайлар, инфекциялық аурулар, психикалық, физикалық травмалар және т.б.) деп дәріптеді.
Р.Г.Иьлешева мінез-құлық ауытқуының мүмкіндігін туғызатын биологиялық факторларға психикалық және физикалық даму, жетілу қарқындылығының үйлеспеу кезінде пайда болатын "қайшылық"' жатады деп белгіледі. Қалыпты жағдайда бұл үрдістер қатар жүреді. Мұндай мысалдардың біріне психофизикалық инфантилизм, яғни балалық шаққа тән психикалық, мінез-құлық ерекшеліктерінің жеткіншек жастағыларда (ересек адамдарда) сақталуы жатады.
Мінез-құлықтың ауытқыған генезінде маңызды орын алушы әлеуметтік факторлар қатарына тәрбие мен қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары да жатады. В.В. Ковалевтің мәліметі бойынша, қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойындағы жағымсыз әсерінің салдарынан жеткіншектердің "тұлғасының патологиялық дамуы" қалыптасуы мүмкін. Әлеуметтік факторлар түрткі болған мінез-құлық ауытқылары арасында шағын әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған құбылыстармен байланысты патологиялық тұрғыға жатпайтын түрлер маңызды орын алады [43.52].
Бұл кезеңде, ұзақ уақыт бойында көбінесе ерте балалық шақтан келе жатқан, қоршаған орта мен тәрбиенің жағымсыз жағдайлары ерекше орын алады. Ол әсіресе, қараусыз қалу жағдайларымен және тұрақты түрде ақпараттардың жетіспеушілігімен байланысты болады. Мұның салдарынан баланың танымдық іс-әрекеті, еңбектің жүйелі, дербес дағдылыры, еріктік және адамгершіліктік-өнегелі нұсқауларының қалыптасуы баяулай түседі.
Шағын әлеуметтілік пен педагогикалық тұрғыда қараусыз қалу құбылыстарымен байланысты жасөспірімдерде мінез-құлықтың ауытқығаны мен әлеуметтік ортаға қарсылық білдіру түрлері жиі кездеседі. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқығанына себепкер болатын әлеуметтік факторлар қатарына педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жағдайлар кіреді. Бұл термин көбінесе педагогикалық үрдістің кемістігімен байланысты жүйелі тұрғыда үлгермеушіліктің нәтижесінде болатын аффективті сфераларындағы ауытқуларыдың қалыптасуымен сипатталады.
Сонымен мінез-құлықтың факторлары жеке жүрмей, мінез-құлықтың дамуына әртүрлі жағымсыз үлеспен әрекет етуші жағдайлардың әрекеттестігін көрсетеді. Л.Г. Кулагин "Оқудың сәтсіздігі мен мінез-құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайындағы әртүрлі ауытқылардың әлеуметтік, педагогикалық түрғыдан қараусыз қалуында жатыр. Көп жағдайда мінез-қүлықтын ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар,. отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады", деп дәріптеді.
В.В. Ковалев, А.Е. Личко өз еңбектерінде, қоршаған ортамен әрекеттестікте пайда болатын және осы кезеңде мінез-құлықтарын қалыптасуына ықпалын тигізетін, жеткіншек жасына тән психологиялық реакцияларындағы балалық және ересектік ерекшеліктерінің бір уақытта үйлесуі жөніндегі мәселені зерттеген [44.112]. Авторлар жасөспірім жасына тән мінез-құлықтың бірнеше реакцияларын сипаттайды:
Эмансипация реакциясы - бұл жасөспірімдердің дербестікке,
үлкендердің қамқорлығынан босануына талаптануын
бейнелейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында бұл
реакция мектептен немесе үйден қашудың негізінде,
мұғалімдер мен ата-аналарға бағытталған ашудың әсерінде
және жеке әлеуметтікке қарсы қылықтардың негізінде болуы
мүмкін.
"Теріс нәрсеге еліктеу" (иммитация) реакциясы - бүл баланың
мінез-қүлқында, әсіресе отбасы мүшелерінің қолайсыз мінез- құлықтарына қарсылығын білдіру кезінде айқын көрінеді. Сонымен қатар, тәуелсіздікке күресу мен эмансипация реакциясының құрылуын бейнелейді.
Топталу реакциясы - бүл мінез-құлықтың белгілі бір стилмен
жеткіншектер және топ аралық, әсіресе өзінің лидерімен қарым-қатынастың жүйелігін сипаттайды.
Әуестену реакциясы - жеткіншектің тұлғасының ішкі
құрылымының ерекшеліктерін бейнелейді.
Жыныстық әуестігімен қалыптасатын реакциялар (органанизм,
ерте жыныс қатынас өмірі, жыныстық мәселелерге қызығушылықтың жоғары болуы).
Жасөспірімдердің қырық төрт пайызы толық отбасы болмағанын, яғни тек ата- анасының біреуі ғана болғанын, отыз пайызда жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, он бес пайызы әке шешесінің ішімдікке салынғанын анықтаған. ( бұдан шығатын қорытынды мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың негізгі себебі отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы.
Сонымен бірге физиологиялық, психосоматикалық негіздер бар екенін ескертеді.
Екіншіден. бала жағдайы толық жасалған ешқандай өмір қиындығын көрмеген. Мұндай балалар өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Қарым- қатынаста алаңдаушылық қасиеттері жоғары.
Үшіншіден, отбасы мүшелері тек қана осы балада. Оның қылықтарын мақтан тұтады. Мектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата-ана баланың айтқанын орындайды.
Төртіншіден, ата – аналар - өте қатал. Балаға шамасынан тыс талаптар қояды. Өзіне сенімсіз, өз пікірін, ойын айта алмайды. Қорқақ, алаңдаушылық қасиеттерге берік болады.
Осыған байланысты орта мектептерде ауытқуы бар балалардың мінез-құлқына, ақыл-ойына, қылықтарына байланысты жеке сабақ өтілді. Бұндай балалармен педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, дефектологтармен жұмыс жасайды. Түсінігі, ақыл – ойы, мінезі арнайы мектептегі бірінші сынып оқушысына тән.
Ең маңыздысы мінез-құлқын анықтау, оны емдеуге жіберу, емделіп келгеннен кейін оған ерекше көңіл бөлу болып табылады. Мұндай сырқатқа ұшыраған балаларды көмекші мектептерде емдеп, білім беру керек.
Бұл аурудың басты себебі, белгісі эмоция жігер сферасының өзіне тән өзгермеуі.
Мінез-құлқы ауытқушы болған жасөспірімдердің мінез- құлқы бұзылған жағдайда біріншіден қоршаған ортамен байланысы бұзылып, өзінше тұйықталып, көңілге қонымсыз істер істейді, сандырақ сөздер айтады, үнемі алаңдай береді, ешбір себепсіз қорқады [45.62].
Баланың мінезінде өзгерістерді оның жүріс-тұрысынан, қылжақтауынан, ауыз мұрны қимылынан, сөйлеуінен көруге болады. Т.А. Власова мен М.С. Певзнердің еңбектерінде жасөспірім жасында бір қатар мінез-құлық ауытқыларының қалыптасуына байланысты дамудың түрлі формаларындағы балаларды оқытуының барабар жағдайларының жағымсыз рөліне нұсқаулар көрсетілді. В.Г. Властовский (1976ж.) өз зерттеулерінде, жалпыға бірдей мектептердегі "қиын" жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқылары, негізінен психикалық тұрақсыздық синдромына қатысты болады деген тұжырымға келді.
Ол өз кезегінде психосоматикалық сфераның жетілмеуімен қатар, әлеуметтік декривациямен де шартталады, яғни тәрбиенің жағымсыз жағдайларымен ескеріледі. Таным іс-әрекетінің церебральды-органикалық сипатымен қатар эмоционалды бейнедегі инфантилді қылықтардың үйлесуі, жалпыға бірдей мектептегі оқушылардың көпшілігін церебральды-органикалық сипаттағы психикалық дамуы тежелген жасөспірімдер қатарына жатқызылылады деген қорытынды жасауға түрткі болды. "Қиын" жасөспірімдердің еріктік-аффективті сферасының ауытқыған көріністері бойынша түрліше болып келеді.
К.С. Лебединский және Райский М.М. жалпыға бірдей мектептегі тәрбиесі қиын жасөспірімдердің аффективті қозғыштық синдромын зерттей, талдау жүргізу негізінде оларды екі топқа бөлді:
1.Жасөспірімдердің аффективті қозғыштық деңгейін патологиялық емес ретінде бағалауға болады. Оларға мінез-құлықтың жеңіл түрде зақымдануы, невротикалық реакциялар мен дәлелденбеген құбылмалы көңіл-күйдің болмауы, аффективті реакциялардың сомато-вегетативті құрылымының "жүмсақтығы", қолайлы жағдайларда мінез-құлықтың орнын толтыру қабілеттілігі тән. Олардың аффективті ашулары қысқа мерзімді және жеткіншектердің оларға өздерінің белгілі сынауы тән болып келеді.
Бұл топтағы жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқылары шағын әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалуымен ескеріледі. Көпшілігінде тұрақсыздық, өзін-өзі бағалауының толық дамымаушылығы, талаптану деңгейінің төмен болуы беліленген.Сонымен қатар, жынысытық қарым-қатынасқа байланысты қызығушылықтары айқын көрініп, ақыл-ой деңгейі орташа қалыпта болуы көрсетілген.
2.Мінез-құлықтары ауытқыған және аффективті қозғыштығының патологиялық деңгейіндегі жасөспірімдер. Олардың қолайсыз жағдайда тәрбиеленген шеңберінде, резидуалды-церебралды кемістігінің орнының толмауы және эплептикалық, шизойдтық түріндегі органикалық психопатия айқындалып, қозғыштық типі бойынша тұлғаның патохарактерологиялық қалыптасуы белгіленді. Сонымен қатар, бұл топтың қыздары мен ұлдары арасындағы ерекшеліктерінің айырмашылығы айқындалды.
Мәселен, ұл балаларда агрессиямен қатар аффективті дәрежеге бейімділіктің болуы белгіленген. Аффективті қозғыштықтың байқалуы олардың қатыгездік, жыныстық қарым-қатынасқа қызығушылықтың жоғарлауы, ішімдіке ұмтылу түрінде эмоционалды тежелу құштарлығымен үйлеседі.
Көптеген зерттеушілер психопатты тәрізді ауытқуларды мінез-құлық декомпенсациясының жиі көріністері, деп есептеді, олар: аффективті тұрақсыздық пен қозғыштық; өте қарапайым истороидты реакцияларға, қанғуға, ұрлыққа, т.б. бейім деп есептеді.
Л.С. Выготский, М.С. Певзнер, Л.В. Занков, Т.А. Власованың еңбектерінде "Қиын балалық шақтың" психологиялық-педагогикалық зерттеу мәселелері кең түрғыда қарастырылған. Мінез-құлық ауытқыларын, аурудың клиникалық сипатының шеңберінде ғана немесе оның құбылыстарын зерттеген клиницистерге қарағанда, кеңес психологтары мен дефектологтары тәрбие, оқыту, еңбек бағдарының барабар түрде әдістерін талап етуші дамудың ауытқуларының шеңберінде қарастыра отырып, мінез-құлық қиындығының мәселесі бойынша онтогенетикалық көзқарастарды анықтады.
Психикалық дамуы қалыпты жағдайдағы балалардан қарағанда, ақыл-ойы кем балаларда мінез-құлықтың ауытқуы жиірек кездесетіні белгілі. Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлықтарының ауытқуына себеп болатын паталогиялық факторларға, ақыл-ой кемістігінің жағдайлары да жатады. В.А. Малинаускене (1977ж.) өзінің зерттеу еңбектерінде осындай ауытқылардың пайда болуына түрткі болатын 5 түрін атап көрсетті:
1) ақыл-ой қалыпты дамыған адамдардағы себептер;
2) мидың дөрекі турдегі органикалық зақымдануы;
3) ақыл-ой кемістігінен жиі кездесіп отыратын дағдарыс, түнелу және дау-дамайдың орын алуы;
4) эмоционалды ауытқушылықтар және соның салдарынан сын көзбен қарауының жетіспеушілігі.
Кейбір зерттеушілер мінез-құлықтың ұрлық, жыныстық қатынастың жоғарлауы сияқты көріністерін психогенді орнын толтырушы реакция, деп атайды. Сонымен, М.С. Певзнер (1989ж.), Г.Е. Сухарева (1965ж.), А.А. Штраусс (1947-1955 ж.) зерттеулерінде олигофрения кезіндегі мінез-құлықтың ауытқуы жүйке жүйесінің өзінің органикалық кемістігімен, атап айтқанда оның бас миының зақымдалуымен байланысты болуы ескеріледі.
Алайда, биологиялық және әлеуметтік сипаттағы жағымсыз факторлардың әсерінен осы балаларға қатысты жасалынған әлеуметтік болжам жағымсыз болуы да мүмкін. Жасөспірім кезең, әсіресе жыныстық жетілу кезінде, түрлі жағымсыз әсерлерге тез берілуі мүмкін [46.73].
Психиканың зақымдалу факторлары да олигофрен жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқуына әсер етуі мүмкін, атап айтқанда, жалпыға бірдей мектептерде сәтсіз орналасуы, құрбылары мен ересектер тарапынан менсінбеушілік сезімі, жәбірлеуші мазақ атымен атау және т.б.
Иванов Е.С., Шипицина Л.М. (1989) өз зерттеулерінде ақыл-ойы кем жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқуының қалыптасуына тек биологиялық себептермен ескерілетін психиканың жоғары деңгейілерінің дамымаған ерекшеліктері ғана әсер етпейді, сонымен қатар, әлеуметтік - психологиялық факторлар, яғни оқу, тәрбие, мектеп, отбасы, құрбыларының тигізетін әсерлері, - деп белгілеген. Бұл түрғыдағы жасөспірімдер ауытқушыділігінің әлеуметтік факторлары қалыпты жағдайдағы балалардың мінез-құлық ауытқыларының себептерімен ұқсас болып келеді.
Мінез-құлықтың ауытқыған формаларының арасынан мектептен, интернаттан қашу, қанғыру жиі байқалады. Жасөспірімдер оқуға немқұрайлы немесе жағымсыз түрде қарайды. Зерттелген балалардың барлығы 3 топқа бөлінеді:
- Бұл жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқылары мектеп интернатының қабырғасында ғана, яғни тәртіп бұзу, тыңдамау, темекі шегу, ұсақ ұрлық жасаумен шектеледі. Олардың психикалық дамымаушылықтары таяз, бірдей емес немесе дисгармониялық болып келеді.
Оқушылардың мінез-құлық ауытқылары мектеп қабырғасында шектеліп, белгілі бір әлеуметтік қауіп-қатерді тудырады.
Бұл жасөспірімдерге мектептен қашу, қанғыру, ұрлық жасау, бұзақылық қылықтар мен әрекеттер жасау, жыныстық мінез-құлық ауытқылары, өзін-өзі өлтіруге талаптану ниетін көрсетуі тән болып табылады.
Жасөспірімдердің көңіл - күйлері қимыл, қозғалыстың зақымдалу салдарынан жиі шиеленіседі. Қимыл, қозғалыстың үнемі абыржуына байланысты бұл жасөспірімдердің басқарылуы күрделі болыпкеледі,өйткені оларға мінез - құлықтың тәртіпсіздігі, өз қылықтарын сын көзбен қарап, жете түсінуінің жеткіліксіздігі тән. Әрине,мұндай қылықтар мұғалімдер мен құрбыларының арасында қарым- қатынастың бұзылуына әкелетіні сөзсіз.
Мінез - құлықтың қиындықтары олардың эмоционалды сфараларындағы ауытқыларының күшеюімен байланысты болады. Оқушылардың көпшілігінде ақ көңіл немесе көтерінкі көңіл-күй тұрғысындаешқандай себепсіз агрессивті әрекеттермен бірлескен аффективтір еакциялар пайда болуы мүмкін.
Ал осы топтағы кейбір оқушыларда эмоционалды ауытқылар, аффектінің үнемі күшею тұрғысынан көрініп, ауық-ауық дисфориялық күйлер пайда болды. Бұл кезде балаларда ашулы, көңілсіз күйлер және ауытқыған әрекеттерге бейімділік байқалады. Кейде эмоционалды шиеленісудің тұрғысынан, оларда көтерінкі көңіл-күй пайда болады, бірақ агрессивті әрекеттерде сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, садистік
әрекеттер мен өзін-өзі өлтіруге талаптануы (суицидтік) байқалады.
Бұл жасөспірімдерге екінші топтағы ауытқылар мен нашақорлық, уланудың (токсикоманияның) үйлесуі тән болып келеді. Бұл топқа әртүрлі формадағы олигофрен балалар жатады.
Уланудың пайда болуына жоғары иланушылық, еліктеу, әуестіліктің ауытқығаны, ақыл - ойдың төмендігі мен өз іс-әрекеттеріне сын көзбен қарай алмау мүмкіндігінің болмауы маңызды болып табылады. Қоғамға қарсылық көрсету тәжірибесі бар жасөспірімдер әдетте улануға (токсикаманға) жақын болады.
Олар уланудың денсаулыққа зиян келтіретіні жайлы
түсінікті жөнді ұқпайды. Жалпы балалар арасында, әдетте мінез – құлқы аумалы - төкпелі, морт деп аталатын балалар болады. Ондай болу себебі – ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.
Мінез – құлықтың пайда болуына себепші сыртқы қолайсыз факторларға; туған кезде болған жарақат, ұрықтың жатырдағы даму кезінде және жас шақта миға инфекцияның түсуі, ұзаққа созылған асқазан - ішек немесе басқа соматикалық ауруларға байланысты токсикоз, сондай – ақ ұрықтың өсіп - өнуіне зиянды әсер ететін (мерез, маскүнемдік, сәуле қуаты, ананың ұзаққа созылған ауруы, эндокрендік кемістіктер және т.б.) жағдайлар жатады.
Балалардың мінез – құлқында кездесетін қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректер, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ балада қалыптасатын барлық мінез ерекшеліктері мен қасиеттерін алдын – ала белгілейтін бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс [47.18].
Педагогикалық тұрғыдан алғанда және қолайлы әлеуметтік жағдайда баланың мінезіндегі ерекшеліктер бірін – бірі толықтыратындықтан , ол қоғамның толық праволы мүшесі бола алады. Егер баланың дамуы қолайсыз жағдайда өтсе, онда мінез – құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік - ақаулар пайда болуы ықтимал. Бұл тұрғыдан алғанда маңыздысы мектеп басшылары мен педагогтардың мінезіне, қимыл–істеріне топтап, олардың өзіндік мінез–құлқының дамуының заңдылықтарын білу маңызды [48.57].
Алайда мінез – құлықтағы қайсібір теріс өзгерістердің бәрін де психопатияның бір көрінісі деп қарамау керектігіне баса назар аударуға тура келеді.
Мінез – құлық бұзылу тұқым қуалаушылық немесе ұрықтың жатырдағы кезеңінде белгілі бір ми жүйелерінің немесе баланың алғашқы өмірі кезінде органикалық жағынан зақымдауынан байланысты мінез - құлықтың тек дамып – жетілмеген түрлері ғана жиі ұшырайды.
Мектеп оқушыларында осы жоғарыда айтылған ерекшеліктерге байланысты бала мектепке барғанға дейін шара қолданбаса, онда баланың мінез – құлқындағы кемшіліктер көбейіп қана қоймай, мектепке дайындықсыз келумен қатар, оқу үлгеріміне де зиян тигізеді. Өйткені ондай балалар мектепке қойылатын талапқа бағына білмейді. Бұндай балаларға көп көңіл бөлу керек [49.33].
Мұндай балалардың өз мінез – құлқын жеткілікті түрде игере алмайтындығын, тұрақсыздығын ескере отырып, педагог оған ұдайы қатаң режим ұсынып, оны көзінен таса қалдырмауы керек.
Психопат адамдардың кейбіреуінің мінез – құлқы эпилептоидты болып кездеседі. Ондай балаларды қайғырып – күйгенде оларды басқа бірдемемен алаңдату қиын болады.
Мінездің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтсақ: мінезінде шизоидті бар балалар көбінесе психикалық аурулар түрінде ауыртпалық түскен семьяларда жиі байқалады. Бұндай балалар әсерленгіш, жаңа нәрсенің барлығынан қорқатын, мазасыз, тыпырши, салбыр,баяу болады және т.б.
Адамның өмірі адаммен, бірінсіз – бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым - қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады.
Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым – қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті; «мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерді ылғи айта жүремін» [50.42].
Адамдар арасындағы қарым – қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды.Қалай дегенмен де қарым - қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар.
оқып үйрену
тәжірибе алмасу
әдіс – тәсілдерді іс жүзінде қолдану
әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану
ерік жігерді талап ету
көңілге ықыласын тоқу
Қарым – қатынас әр түрлі жағдайларда байқалады. Мінез – құлқы бұзылған балалардың қарым – қатынасы бірден байқалады.
Қарым – қатынас адамның бір – біріне байланысы. Соның ішінде бала қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыста болады. Баланың қарым – қатынас өзінің отбасысы, жанындағы құрбы – құрдастары.
Қарым – қатынас арқылы баланың мінез – құлқындағы ауытқуларды дамытуға болады.
Белгілі психолог С.А. Рубенштейн адамның жүрегі бір – бірімен араласқанда, қарым қатынас болғанда, адамның психологиялық жан дүниесі байланыста болады.
Бұндай қарым – қатынас қатты уайымдағанда, негізгі адамның қимыл –іс - әрекетінде көруге болады. Сондықтан да баланың қарым – қатынасына аса көңіл бөлу керек.
Бұндай балалар қарым - қатынас кезінде ешнәрсе істемей қырсық, сұраққа жауап бермейді, үндемей тығылып, агрессия пайда болады. Осы кезде бала да қатты еріксіз күш пайда болып , өзін ұстай алмай айғайлап, мүлдем қарым – қатынастан бас тартады.
Қарым – қатынастан бас тартып, көбінесе айғайлап, соғысып, басқа балаларға бұйрық беріп, басшылық етеді.
Ал басқалары өз - өзінен қорқып, үлкендермен, құрбы - құрдастарынан қарым – қатынастан қашады [51.18].
Мысалы мінез-құлқы ауытқушы болған баланың 1-ші күні сабаққа келгенде қарым – қатынасын байқауға болады.
Отбасыда қарым – қатынас төмен бала сабаққа келгенде анасын сыртқа шығып отыруын талап етеді.
Сөйлескен де анасы ұрсатынын, үйде көбінесе айқай – шу болатынын, өзінің шамасы келетін істерді істей алмаса ұратынын айтады.
Топ ішінде құрбыларымен қарым – қатынасқа келмей сыртта отырған бала үйде тек жалғыз, мінезі тұйық, әке – шешесімен ғана байланыста болатын бала ешкімге қосылмай топ – ішінде қарым – қатынасты үзеді.
Затын, ойыншығын басқа бала алса ұрып, соғады.
Көңіл – күйі түсіп, ешнәрсеге қызықпайды.
Бір сөзбен айтқанда мінез – құлқы бұзылған бала мүлдем қарым – қатынасты бұзып, тек жалғыздыққа бас тартады.
Осындай мінез – құлық ауытқыған баланың қарым – қатынасқа тартып, толық топқа кіргізу үшін коррекциялық және практикалық психологтың рөлі жоғары.
Қарым – қатынасты қалыпқа келтіру үшін баламен тілдік қарым – қатынас, тренинг, тест, сюжеттік ойындар арқылы, ойынтерапия, ертегі терапия арқылы қарым – қатынасты қалыпқа келтіруге болады [52.245].
Мысалы: Мейірбекова Айдана 5 жаста. Қарым – қатынас төмен, жалғыздықты жақсы көреді, балалармен қарым – қатынаста балаларды ұрады, қызғанады, сөйлемейді, тек анасымен ғана қарым – қатынаста. Қарым – қатынастың төмендеуі соншалықты адам бетіне тік қарамай, айғайлай береді.
Осы қызбен дефектолог – психолог түзету жұмыстарын жүргізіп, жақсы нәтижелер алдық. Түзету жұмыс кезінде қыз баланы анасынан бөлектеп, тек педагогтармен ғана отырғыздық. Бірінші күні ойынға алданды, екінші күні өлең, тақпақтарға алданды, үшінші күні қыз бала топ ішіне қостық. Нәтижесі қыз бала қызығушылығы оянып, тек анасымен ғана емес балалармен, педагогтармен қарым – қатынасқа түсіп, өз еркімен сабаққа келе бастады. Көңіл – күйі көтеріліп ойындарға қосылды.
Н.М. Иовчук пен А.А. Северныйдың пайымдауынша шағын орта баланың айналасындағыларымен тез араласып кетуіне жан-жақты мүмкіндік бермейді. Кей жағдайда мектептегі өтілетін бағдарламалар да баланың қабілетіне сай болмай қиындықтар туғызады да, тәртібінің өзгеруіне де ықпал етеді. Мектепке бейімделу кезеңінде яғни екінші ортаға үйренуді баланың жеке басында өзгерістер орын алады.
Баланың араласу аясы кеңейеді. Оған педагогикалық ұжым, мектептегі істейтін жұмысшылар, отбасыдағы қарым – қатынас, олардың денсаулықтары, құрбы – құрдастары жатады.
Осы факторлардың біреуі баланың мектепке бейімделуіне қатты әсер етуі мүмкін. Бірақ ең негізгісі болып, баланың жеке басының психологиялық факторы оның ортаға әсер етуі жатады. Баланың мектепке бір жақты бейімделуіне кей жағдайда баланың денсаулық жағдайлары да кері әсерін тигізу мүмкін. Мектепке жақсы бейімделу кезеңі жасөспірім шақта анық байқалады. Олар өздерінің қоршаған ортаға тез бейімделеді. Құрбыларымен жақсы қарым – қатынаста болады [54.15].
Ата - аналарымен тез тіл табысады, ренжіспейді. Жасөспірімнің мінез – құлқындағы өзгерістер тәрбиенің тағы басқа арнайы ұйымдастырылған іс - әрекеттердің дұрыс болмауынан да пайда болуы мүмкін. Ортаның бала жүйкесіне кері әсер етуі әр балада әртүрлі көрініс береді.
Кейбір балалар жас күнінен тәрбиенің дұрыс берілмеуінен арақ және нашақор тартатын ортаға түссе, өзін игере алмай тез біріліп кетеді. Кейбіреулері өзіне - өзі қол жұмсайды. Кейбіреулер заңға қарсы тұрпайы іс - әрекеттерге барады. Мінез – құлықтағы өзгерістерге кері әсерін тигізеді.
Зерттеудің маңыздығы қиын балалар мәселесі қазіргі таңда психологтардың, педагогтардың, заңды қорғаушылардың, қоғамдағы қызметкерлердің назарында тұр.
Оған себеп болып отырған жаңа замандағы қоғамдық - экологиялық жағдайда адамның құндылықтардың жойылуы, адамгершілік ережелердің сақталмауы, қоғамның жікке бөлінуі болып отыр. Үлкендердің қоғамдағы тәртібі, араққа салынуы, нашақорлық, қаңғыбастық, заңды бұзушылық сияқты кері әсерлер балалардың психикалық жағынан денсаулығының бұзылуына, мінез – құлқына әсері тиуде.
Осының барлығы олардың бойындағы жеке тұлға болып қалыптасуына қажетті жағдайларға кері әсерін тигізуде өзіндік пікірін жоққа шығарады.
Тәртібіндегі мінез – құлқындағы өзігеріс балалық шақтан бозбалалық кезеңінде жаңа қоғамдық жеке мүшесі ретінде өзіне деген жеке көзқарасы қалыптаса бастаған кезде байқалады [55.23].
Әдебиеттерде мінезіндегі өзгарістер дәрігерлік – психологиялық, қоғамдық - психологиялық, қоғамдық - заңдылық проблемалық аспектілері жан- жақты зерттеліп көрсетілген.
Осы мәселені зерттеушілердің көптігінің дәлелі осы сала бойынша термин сөздердің молдылығы.
Мінезіндегі ауытқушылық клиникалық- психологиялық мінездемені өз еңбектерінде Сухарева Т.Е. 1963, Коволева В.В. 1993, Захарова А.И.1968 анық көрсетті.
Мінез-құлқында ауытқушы бар балалардың шағын ортада жақсы қалыптасқан балаларда қоғамдық ортаға бірден бейімделу жасы өскен сайын қиындай түседі де психологиялық әсері күрделеніп мінезінде әр - түрлі өзгерістер пайда болады. Осындай өзгерістерді жан – жақты зерттеген зерттеушілер Фельдштейн 1990, Грибанова Д.В. 1991, Северный А.А. 1999 зерттеп, өз нәтижелерін көрсеткен.
Көптеген авторлар өз зерттеулерін де қиын дезадаптивті мінез – құлқы бар балаларды түзетуге, оларды жаңа ортаға бейімдеу жолдарын арнады.
Олар Трещенко А.А. 1987, Мадура А.Ф. 1991, Бадмаев К.А. 1993, Белозерова Л.И. 1994 және басқалар.
Қазақстандық ғылымдардан осы тақырып бойынша еңбек етіп жүргендер Баженова В.Г. 1989, Илишова Р.Г. 1990, Трифонова В.В. 1993.
Қазақстан Республикасы жасөспірімдерді, жастарды, тәрбиелеу жоспар арнайы жалпы бағдарлы жоспар құрды, олардың заңдылықтарын, қоғамдағы орнын ескерді, психологиялық – педагогикалық жағдай жасап, Қазақстан Республикасының заңын адам құқығы жайлы декларацияны балалар құқығы жайлы конверенцияны, білім туралы заңды негіз етіп алды.
Ең негізгі бағыт балалық шақты қорғауға мектепке дейінгі, мектеп тобындағы, арнайы мектепте оқитын, әке – шешесі жоқ тума жетім балаларды және мінез – құлқында ауытқуы бар балалардың қоғамдағы ортаға бейімдеуге арнады.
Бұл бағдарлы жоспарда ата - ана қамқорлығынан тыс қалған жетім балаға, әр түрлі отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Себебі заңды бұзушылар арасында осындай балалардың үлесі, салмағы көп.
Мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды зерттеу жұмыстары көп болса да балалардың өз ара жеке қарым – қатынасы әлі толық ашылған жоқ.
Мінезінде өзгерістері бар балалардың жеке бастарының ерекшелігін бақылау, сараптау жан – жақты ізденуді қажет етеді. Мұның өзі зерттеулердің маңыздылығын және қажет екендігін көрсетеді.
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлығы , зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік – педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады [56.87].
Жағымды әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, әдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі және қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы аймақтарға жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез - құлқынан, өзін -өзі бағалуына, қарым - қатынасының қалыптасуының әлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл ауқымды рөл балалар мен жасөспірімдердің дер кезінде әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және медициналық көмектің көрсетілмеуінде жатыр.
Қазіргі кезде негізгі мәселе оқушылар мен жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Ол қандай да бір шамада ауытқушы мінез –құлық, өзін -өзі бағалау, қарым – қатынастың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аулада, қоғамдық орындарда, тіпті үйде де көреді.
Мораль мен ауытқушы мінез - құлық, өзін - өзі бағалау, қарым - қатынас аймағындағы ауытқушылықты тудыратын қолайлы жағдайларды жасырын, бейнесіз өзара қатынас сипатымен, еркіндігінің көптігімен, кері әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларының кең ассортименті бар қалалық орта құрайды. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе отбасындағы әке мен моральдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін - өзі жоюшы мінез – құлықтың өсуіне әкеледі.
Осы мәселелерді негізге ала отырып, мінез - құлықтары ауытқушы болған балалардың ғылымындағы проблемалық жағдайларын негізгі 3 топқа бөліп қарастуға болады [57.15].
Қоғамда өтіп жатқан процестер:
- балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризацияның болмауы;
- түзету, сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі;
2.Отбасының жағдайы, оның атмосферасы;
- толық емес отбасы;
- отбасының материалдық жағдайы;
- ата - аналарының төменгі әлеуметтік - мәдени деңгейі;
- отбасындағы тәрбие стилі;
- ата - аналарының ішімдікке, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;
- ата –аналарының балалардың психактивті қолдануына жол беруі;
3. Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
- оқу мен тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендегі;
- мектептің, түзету жұмыстарының материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;
- қоғам арқылы балалармен айналыспайтын ата - аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы;
- оқушы мен мұғалім жүйесіндегі өзара қарым – қатынастарының авторитарлық немесе бетімен кетушілік стильде болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |