Салқынбай А., Абақан Е. с



Pdf көрінісі
бет189/336
Дата14.12.2021
өлшемі13,56 Mb.
#126888
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   336
Байланысты:
Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік

ЛЕКС И КО ЛО ГИ Я  
(гр е к , 
lexikos -  тілге  қатысты және  logos
-  ілім) -тіл д ің  сөздік қоры мен тіл
л е кс и ка с ы н   з е р т т е й т ін   тіл 
білімінің  саласы.  Л.  тілдегі  сөз 
қоры ны ң  мынадай  ж ақтары н 
зерттейді: сөзге қатысты мәселе- 
лер;  лексикалы қ  бірліктердің 
түрлері; сөз қорының құрылысы; 
лексикалық бірлікгің қызметі; сөз 
қорының  дамуы  мен  толықты-
Л Е К -Л Е К
рылуы;  лексика  мен  тілден  тыс 
болмыс.  Сөз  мәселелері  сөздің 
жалпы теориясында қарастыры- 
лады.  Лексикалы қ  бірліктердің 
қатарына жеке  сөздермен  қоса, 
басқа түрақты  сөз  тіркестері  де 
ж атады ,  б ір а қ   с ө з   н е г із г і 
лексикалық  бірлік  болып  есеп- 
теледі. Сөздің тіл бірлігі ретіндегі 
мәселе үш  қырынан  зерттеледі: 
құрылымдық (сөздің қүрылысы), 
семантикалық (сөздің лексикалық 
мағынасы) және қызметтік (тілде 
және сөйлеудегі сөздің қызметі). 
Қүрылымдық аспектіде лексико- 
логиялық ілімнің негізгі  мақсаты 
сөз  бен  сөз  тіркесін  ажырату 
және  сөздің  түрлерін  (вариант- 
тарын -  фонетикалық,  морфоло- 
гиялық,  лексика-семантикалық) 
анықгау. Семантикалық тадцаудың 
м а қса ты  
с е м а с и о л о ги я н ы ң  
немесе  лексикалы қ  сем анти- 
ка н ы ң   п ә н і  р е тін д е ,  с ө з д ің  
мағыналық  жағы  (сигниф икат) 
мен объекгілік жағының (денотат) 
сәйкестілігін қарастыру. Семасио­
логия мен Л. семантика жүйесіне 
жатады. Л.  сөздің се мант и кал ық 
түрін зерттей келе, оны мынадай 
лексикологиялық категорияларга 
бөліп  қарастырады:  моносемия 
ж эне  полисемия;  жалпы  ж эне 
а р н а й ы ;  а б стр а кты л ы   ж э н е  
нақтылы;  кең  жэне  тар;  л оги- 
калықжәне экспрессивті; негізгі 
ж э н е   ауыспалы  м ағы на.  Көп 
мағыналы  лексикалық  бірлікке


ерекше көңіл бөлінеді. Функцио- 
наддық (қызметтік) аспектіде-сөз 
орны  мен  қызметі  зерттеледі. 
Л е ксика  мен  грамматиканың 
арақатынасына назар аударылады. 
С өзд ік  қүры лы с  екі  тұрғы да 
қарастырылады:  лексикалы қ 
бірліктер  арасындағы  жүйелі 
қатынастар  және  сёз  қорының 
стратификациясы (жіктелуі). Сөз 
топтары-көлеміне,  түлғасы  мен 
мазмүнына олардың ұқсастығына, 
б ір л ікте р   арасы ндағы   қаты - 
настарға  (синтагматикалық  не 
парадигматикалық)  байланысты 
ерекшеленеді. Жеке лексикалық 
б ір л гкте р д ің   ең  кіш і  тобы 
(түлғалық  үқсастыққа  негіздел- 
ген)  омонимдерді  немесе  паро- 
нимдерді  (жартылай  ұқсастық) 
тудырады.  Мағынаға  сай  толта- 
судың  нәтижесінде  синоним, 
антоним,  конверсив  және  т.б. 
жасалады.
Л.  сөздердің  ірі  топтарын да
-   өрісті  (поле)  зерттейді.  Өріс 
тул ға   мен  м азм ұн  н е гізін д е  
ж асалады .  Сонымен  қатар 
тематикалық epic те (транспорт, 
енер,  өнд іріске  байланысты) 
болуы мүмкін. Тілдің лексикалық 
қүры лы сы   әр  тү р л і  болып, 
бірнеше  қабатқа  бөлінеді.  Онда 
лексикалық бірліктердің әр түрлі 
категория лары  бар:  қолдану 
саласына  қарайгжалпы  (стиль 
аралық) және стильдік (поэзиялық, 
ауызекі,  ғылыми,  кәсіби,  қара-
пайым,  арготизм,  регионализм, 
д иалектизм )  лексика;  әдеби 
тілдердің  арнайы  лексикасы ; 
эмоциялық  бояуға  байланысты: 
бейтарап  ж эне  эксп р е сси вті 
(эмоциялық  реңі  бар)  лексика; 
тарихи  мерзімге  байланысты  -  
неологизм, архаизм; шығу тегіне 
байланысты -  кірме сөз,  ксенизм 
(бетен  болмысты  б е л гіл е у), 
варваризм,  интернационализм; 
тіл   ж ү й е с ін е   қаты сы   мен 
қызметіне  қарай  -   акти 
пассив лексика.
Лексиканың қызметін зерттеуде 
мынадай  мәселелер  қарасты- 
рылады:  текстегі  лексиканың 
кездесу жиілігі;  сөйлеудегі және 
текстегі  лексика,  оның  атауыш 
қызметі; мағыналардың контекске 
байланысты  өзгеруі;  сөздердің 
тіркесуі  (ұғымдар  сәйкестілігі); 
семантикалық және  лексикалық 
д е ң ге й д е   болуы.  Т ұр а қты  
тіркестерді фразеология саласы 
зерттейді.
Л . ті/щегі сөз қорының ұлғаюын 
зерттей  келе,  номинация  (атау) 
жасаудың терт тәсілін бел гіл ейді. 
Олардың үшеуі тілдің ішкі мүмкін- 
ііілігін паңдалану арқылы жасалады: 
жаңа сөз жасау (сөзжасам), жаңа 
мағына қалыптастыру (полисемия, 
мағынаның  ауысуы),  сөз  тірке- 
сінің  пайда  болуы.  Ал  тертінші 
т ә с іл -б а с қа   тіл д е р   арқы лы  
сөздікті  толықтыру  (кірме  сөз 
жэне калька).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   336




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет