Сарыарқаның ертедегі кен өндірілген орындарын ашу және оны зерттеу тарихы


ЕРТЕДЕГІ КЕНШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ



бет4/9
Дата23.05.2020
өлшемі117,09 Kb.
#70774
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сарыарқаның пайдалы қазбалары

ЕРТЕДЕГІ КЕНШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ

Қола дәуірінде алғашқы кеншілер кен өндіруде кәдімгі тастан жасалған құрал-саймандарды пайдаланды. Олардың көпшілігі кварцит, порфирит, порфир, габбро секілді қатты, атқылама таужыныстарынан жасалды. Пішіні өте тұрпайы болғанымен, олар өте мықты және бұл таужыныстардың пайдалы әрекет коэффициенті жоғары болатын. Кен уатқыш шой балға, қайланың, келілердің, сыналар, шот балғалардың әр түрлері кетпендер т.б. тағы басқалары осындай таужыныстарынан жасалды. Үлкен шойтастар мен құздарды бұзу үшін салмағы 40 кг - ға дейін жететін, өте ауыр кен уатқыш - шой балғалар пайдаланылды. Атасу, Бұғылы II, Ұлытау, Қарқаралы II,III (Суық бұлақ), Тағы бай бұлақ, Шортанды бұлақ, Зеленая Балка, Милықұдық, Сорқұдық және Айна көл т.б. байырғы кеншілерден қалған қоныстарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тау-кен ісінде пайдаланған құрал-саймандардың тастан жасалған кен ұсатқыш шой балғалар, келсаптар, қайлалар, екі жағы да жүзді шот балғалардың түрлері көп табылды. Тау-кен ісіне арналған құрал-саймандардың өте көп жиынтығы Жезқазған байырғы кен қазба орындарындағы кен қалдықтары үйінділері мен кен өндірген шұңқырлардың түбінен табылды. Тек бір ғана Кресто - Центрден 200-ден аса құрал-саймандар табылса, оның 70-і кен уатқыш балғалар және 150 - і әр түрлі кенді ұсатып, үгітуге арналған құрал-сайман түрлері. Көптеген құрал-саймандар байырғы Златоуст, Раймунд, Петрохолм, Никольский т.б. кен орындарынан табылды. Жалпы қай аймақта болсын кен ісіне байланысты құрал-саймандар көне қоныстардың мәдени қабаттарынан, кен қазба орындарынан және кен қалдықтары үйінділерінен табылып отырады. Бұл құрал-саймандарды зерттеу барысында металл өңдеудің алғашқы сатыларында ертедегі кеншілер тастан жасалған (қайла, екі жағы да жүзді шот балға, кетпендер) құралдарды пайдаланған. Қола дәуіріне аяқ басқанда адамдардың мыңжылдық таспен жұмыс істеу тәжірибесі болды. Кварцит, порфир, опок, габбро, диабаз т.б. таужыныстары кесектерін өңдей отырып ертедегі бабаларымыз олардың қаттылығын, тұтқырлығын тағы да басқа ерекшелік қасиеттерін айыра білді, тани білді. Орталық Қазақстан аймағында күні бүгінге дейін Қаражал, Жезқазған, Тас қора секілді көптеген байырғы қатты тау жыныстары мен тас қазыл сақталған.

Алғашқы жер қазуға арналған тастан жасалған құрал - тас кетпен (шот) - тұрғын үй тұрғызуда, қабір, кейінірек құдық қазуда, суару каналдарын, су қоймаларын, плотиналар қазуда пайдаланылды. Алғашқы кезде терең емес шағын, таяз шұңқырлардан кен өндіру тек қайланың көмегімен іске асырылған болса, ғасырлар бойғы жинақталған тәжірибе ертедегі адамдарға жаңа шаруашылық жағдайларға икемделуге, кен ісіне арналған көптеген жаңа тас құрал-саймандар жасауға септігін тигізді.

Кен ісіндегі түрлі жұмыстарға негізделген пішіні ыңғайлы, әрі ұтымды күшті тас құрал-саймандар жасалды. Кен өндіруде байырғы кеншілер үлкен қиындықтарға кездесіп отырды. Мысалы, кен денесіне жетудегі үлкен бір бөгет бос таужыныстары мен тастардан тұратын кен көкжиегінің қалың жоғарғы қабатын бұзу болатын. Бұл мәселені шешу үшін тас құралдың үш түрі қажет болды: үлкен тас ұсатқыш шой балға, қайла және сыналар. Жезқазған және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейлерінде, Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінде сақтаулы тастан жасалған құрал - саймандар коллекциясы тау-кен ісіне арналған құралдардың өте ауыр жұмыстар және жеңіл жұмыстарды орындау үшін арнайы жасалғандығын байқатады.



Qamba.info

  • Авторлар

  • Кітаптар

  • Өлеңдер

  • Повестер

  • Әңгімелер

  • Балладалар

  • Очерктер

  • Ертегілер

  • Мақалалар

  • Жырлар

  • Пьесалар







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет