Кенқазған — бүгінгі қазба орындарымен салыстыруға келетін, сопақ пішінді шеттері шоп басып кеткен үлкен карьер. Жалпы ұзындығы 530 метр, орта шенінің ені 170 м. Карьердің орталық бөлігіне жасалған 15 метр тереңдікке дейінгі шурфтар забойға жетпегеніне қарағанда, қазба орнының алғашқы тереңдігі 25-30 метрден кем болмаған деп топшылауға болады.
Мыйқайнар - қазба орны пішініне қарай Кенқазғанға ұқсас. Мың қайнар мен Кенқазған кен орындарының жанында су көзі болмағандықтан кенді ұсату және байыту жұмыстары Кенқазғаннан 3 шақырым оңтүстік шығыс бағыттағы жалпақ алаңда ағып жатқан бұлақ басында жүргізілген. Кенқазған кен орнынан 1,5 шақырым оңтүстікке орналасқан су көзі жанынан тағы бір кен сұрыптау орны табылды.
Мыйқайнар кен үйінділеріне шурф жасау кезінде мәдени қабаттардан Атасу өзені бойындағы Айдарлы керамикасына ұқсас қолдан жасалған, қабырғалары қалың қыш ыдыстардың сынықтары табылды. Осы айғақтарға сүйене отырып, Кенқазған және Мыйқайнар көне кен қазба орындары қола дәуірінің басында пайда болған деп қорытынды жасауға болады.
Qamba.info
Авторлар
Кітаптар
Өлеңдер
Повестер
Әңгімелер
Балладалар
Очерктер
Ертегілер
Мақалалар
Жырлар
Пьесалар
Достарыңызбен бөлісу: |