Берікқара - күміс, қорғасын, мыс шығарған ескі кен орны. Тоқырауын өзенінің бас жағына таяу орналасқан. Мұнда кварц, порфир кездеседі. Кен 30 - 40 метр тереңдікке дейін барады. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы - 1 км. Үстіңгі қабаттағы кен жоса реңді қызыл күрең, астыңғы қабаттағы кен күкірт түсті болып келеді. Мыс пен қорғасын тұтасып біткен. Байырғы кеншілер күміс пен қорғасын кенін 21 метр тереңдіктен қаппен көтеріп шығарған. Олар 1 пұт кен тасынан 10 қадақ қорғасын қорытқан. XIX ғасырдың орта кезінде Берікқара кеніне, Баянауыл, Қарқаралы жеріндегі көп кендерге көпес С. Попов ие болып, Богословский заводын салдырған. Аз жылдың ішінде С.Попов Берікқара кенінен 138 пұт күміс, 43640 пұт қорғасын қорытып, 7 жылдың ішінде (1854-60) қыруар пайда түсірген. Маңайдағы Сәмембет, Кеншоқы, Өгізтау, Қорғантас, Теладыр, Сары - Туғанбай кені де Берікқараға әкеліп қорытылған. С. Попов осы Берікқара кені арқылы орасан байып, өзге кендерді де игере бастаған.
Берікқара туралы алғашқы анық деректер 1820 жылға жатады. Ескі кен орны бойынша табылған Берікқарада 1834 жылы рудник ашылды, ал, 1858-59 ж. завод салынды. 18 - 60% мөлшерінде қорғасыны бар, күмісі де мол, эрі тайызда жатқан күміс - қорғасын рудалары, 17 - 60%- ке дейін мысы тотыққан рудалар 1838 - 68 жылдарда мейлінше көп өндірілді. Руда Орал мен Алтайдың заводтарына, осындағы Николаев (Богословск) заводына және Қу тауы маңындағы Благодатно - Стефановск заводына жіберіліп тұрды.
Көне қазба орындары мен металлургия іздері Оңтүстік Қарқаралы ауданында үлкен алқапты ала, негізгі Қарқаралы тау жоталарынан оңтүстікке Балқаш көліне, Аягөз өзені алабына дейін созылып жатыр. Оңтүстікте орналасқан кен орындарының ішінде ең ірілері: Саяқ, Қараүңгір, Тесіктас, Итмұрынды, Төретай, Қызылтас.
Кен орындары көлемді топ болып Кент тауларында (Қошай, Сарыжал, Ақшоқы, Қаражал, Қаражұмағұл т.б.), Темірші тауларында (Бекберген, Сарышоқы, Құмадыр), Қазанғап өзені аңғарында (Қалақтас, Қайыңдышоқы, Қарашоқы, оңтүстік Бесшоқы т.б.) орналасқан. Кен орындары сондай-ақ Айдарлы, Сарыдоңғал, Сымбылжал, Кенгей, Үйтас, Қарақойтас тауларында, Қызыларай тау алдында (Сары, Үшқоңыр кен қазба орындары), Қаршығалы өзені аңғарында (Қарашоқы, Тоқ бала) көптеп кездеседі.
Байырғы қазба орындарының іздері бойынша 1855 жылы көпес А. Попов Жақсы Қызыл арай мыс кен орнына сұраныс жасаған. Кен қазба орны кен үйінділерімен үлкен шұңқыр күйінде таудың ең биік төбесінде орналасқан. Мұнда мыс қожының (шлак) жиынтығы сақталған. Жергілікті тұрғындар 30-шы жылдарға дейін үлкен мыс қазандықтың болғанын айтады. С. Попов 1834 жылы ірі кен орындары — оңтүстік Бес шоқы, Қарашоқы, Құм адыр және Айдарлыда кен өндірген.
Қарашоқы Қарқаралыдан 140 шақырым оңтүстікте, Қазанғап өзенінің алабында. Тарихи дәуірлерде күміс, қорғасын, мыс кендері шығарылған атақты кен орындарының бірі. Оның маңайында ескі кен орындары өте көп. Олардың ішінде ең танымалдары: Темірші, Қалақтас, Қарашоқы, Қызыл арай т.б. Сонымен қатар осы алапта ежелгі дәуірлерде болған қыстақтар, су қоймалары, көптеген қабірлер, ескерткіштер, табынатын орындар, мүсін тастар кездеседі. Н.И. Наковниковтің пікірі бойынша бүл жерлерде тек қана мыс кені өндірілген.
Құмадыр кен орны Темірші тауының шығыс беткейінде. Негізгі кен байлығы мыс және темір. Бұл жерлерді М. Красовский, Г.Д.
Романовским, 11.И. Лаконников.т.б. зерттеген. Г.Д. Романовскийдің куәландыруынша, Қаражалдан батысқа қарай Темірші тауларында темір кен орындары, ал, Қазанғап өзені аңғарында мыс кенін өндіру орны - Құмадыр орналасқан.
Қола дәуірінде кен өндірген және көне металлургия іздері Шығыс Қарқаралы ауданында жақсы сақгалған. Қазан төңкерісіне дейін бұл кенорындары туралы геологтар М. Белоусов, Г.Д. Романовский, А. Сборовский, B.C. Реутовский, кейінірек Л.Л. Солодовниковалардың еңбектерінде жазылды.
Байырғы қазба орындары үлкен үйінділер және жабылып қалған шұңқырлар күйінде Бақты, Бүркітті, Қу, Едірей, Мыржық, Арқалық, Дегелең, Абралы, Көкшетау тауларында, Құсақ, Бақанас, Түндік Шаған су айрықтарында, Шыңғыс тау жоталары сілемдерінде кездеседі. Оншақты байырғы кен орындары Бақты тауынан табылды. Олардың ішінде танымалдары Байсары, Бестөбе (Успенский), Жан бақыр (Всеволодовский), Жеке жал (Меркурий), Кен төбе (Тайзовский) Сарыжал (Николаевский), Сары шоқы (Атилла) Ақ шоқы. Бақты тауынан солтүстікке қарай, Бүркітті және Бала бүркітті тауларында Қаратөбе (Веста), Қарашоқы (Рождественский), Қара шошақ кен орындары бар.
Қу тауларында Егінді бұлақ бұлағы аңғарының Түндік өзеніне құятын жерінде С. Поповтың сенімді адамдары С.Тәшімов, Майбасар және Жұмагүл Естемесовтер 1894 жылы байырғы мыс қазба орындарының легін ашты. Өзеннің бастауынан «Түндік өзенінің құяр сағасына дейін кен желілері бүкіл өзен аңғарына созылған. Қазба орындарына жақын байырғы кеншілердің қоныс орындары бар»,- деп жазылған С.Поповтың сұраныс (заявка) құжатында. Қу тауынан батыс бағытта, Мойнақ сор өзенінен 15 шақырым оңтүстікке қарай С. Поповтың сенімді адамдары үлкен қазандық шұңқырдан темір жылтыры мен мыс, күміс кендерінің желілерін тапты. Мыс кені өндірілген көне шұңқыр Көнек қара қонысынан да табылды. Басқа да осы кен өндіруге берген сұраныстардан Қу тауының солтүстік беткейінде үш мыс кені приискісі - Ағыз (Троицкий), Ағыз адыр (Покровский), Опырма (Николаевский) бары анықталды.
Осы ауданды зерттеген Г.Д. Романовский: «Қу, Мыржық, Дегелең тауларындағы кристаллы тау жыныстардың массивті қыраттарының аралығында бірнеше тек қана мыс кені желілерінен тұратын приискілер бар» - деп жазды. Оның дәлелдеуінше мыс кенорындарының ең көп шоғырланған жері Дегелең, Мыржық тауларының аралығы. Байырғы мыс кен орындарының көпшілігін көпес - кәсіпкерлер С. Попов пен Е. Болыпаковтың сенімді адамдары Мыржық және Арқалық тауларынан ашты. Солардың ішіндегі ең ірілері: мыс және темір кені бар Жалпақ (Петровский), Жалпақ айдарлы (Тарасовский), Тобылғылы (Георгиевский), Май өлең, Қара бұйрат, Тұңғат. Мыржық тауынан 15 шақырым солтүстік - батыста Ақшоқы және Бөрілі мыс кен орындары орналасқан. Қу, Едірей, Мыржық және Арқалық тауларында көптеген кен және байырғы кен қазба орындарының болуы көпес С. Поповқа Қу тауында Благодатно - Стефановский зауытын салуға мүмкіндік берді.
Көпес Е. Большаковтың сұраныс қағазында Үкілі машат қыратындағы кең көлемді аумақты алып жатқан қазба орындары туралы көрсетілген. Көне шұңқырлардың біріне орнатылған шурф 2,5 м. тереңдікте мыс кенінің шоғырын көрсетті.
Ұсақ шоқылық Мыржық тауының оңтүстік беткейіндегі көне кен қазба орындары туралы тау-кен инженері Юзбашев хабардар етті. Бүл жерлердегі мыс кені кварцитті үлкен үйінділер күйінде. Барлыбай өзенінің оң жағасында, Үкілі машат тауының етегінде жалпақ гранит тастардан қаланған үлкен мола бар. Осы секілді қола дәуірінен қалған қабірлер Теректі, Мыржық, Арқалық, Дегелең тауларының Шыңғыс тау жоталарына дейінгі барлық кеңістікте кездеседі. Мыс өндірілген көне кен орындарының көлемді іздерін Арқалық тауларының солтүстік беткейінен М. Белоусов ашты. Көне қазба орындары кен өндірген шұңқырлар мен құрамында малахит, азурит бар рудалы құмтастар мен шақпақтасты тақтатастар, кірпіш пішінді кені бар үлкен-үлкен үйінділерден тұрады. Руда қатпары 1,5-2 метрге дейін қалыңдықта. Сұрыпталған кеннің мыс құрамы 20 % - ке дейін.
Мыржық, Қу таулары жүйесінде кристалды тақтатастар, порфириттер, кварциттер көп. М. Белоусов пен Г.Д. Романовскийлердің пікірінше, байырғы кеншілер бұл жерлерден тек мыс кенін ғана емес, сонымен қатар, әшекей ретінде қолдану үшін түрлі түсті - тастар да өндірген. Орталық Қазақстанның көне қазба орындарының шығыс шекарасы Айғыржал, Ақбота, Дегелең, Абралы, Көкшетау, Шұбартау таулары меридианы арқылы өтеді. Байырғы мыс өндірген кен қазба орындары көлемді топтармен Дегелең тауының батыс жақ беткейінде және оның Қарашат сілемінің беткейлерінде орналасқан. Оның ірілері Қарашұқыр, Майлықара, Қарақабақты геолог Стрижков, кейінірек тау-кен инженері Романовский мен Юзбашевтар бақылап қарап шыққан. Юзбашевтің тұжырымдауынша, Айғыр жал тауларындағы кен үйінділері тек мыс кенінен құралады. Ал, Дегелең тауындағы кен қазба орындары өте ауқымды және жиі орналасқан шұңқырлар жанындағы кен қалдықтары үйінділерінде мысты колчедан, қорғасынды жоса және қорғасын араласқан.
Осы Шығыс Қарқаралы ауданы көне қазба орындарының легінде ең ірісі – Қалмақ тас тобы. Қалмақ тастан алынған алып таза сап мыс кесегі туралы геологияға байланысты әдебиетте коп жазылған. Қалмақ тастан кейін Жер адыр, Мейізек, Сырымбет, Берік қара және Қойтас кен орындарын ерекше атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |