Сарыарқаның ертедегі кен өндірілген орындарын ашу және оны зерттеу тарихы


САРЫАРҚАДАҒЫ БАЙЫРҒЫ КЕН ҚАЗБА ОРЫНДАРЫ ОРНАЛАСҚАН НЕГІЗГІ АУДАНДАР



бет7/9
Дата23.05.2020
өлшемі117,09 Kb.
#70774
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сарыарқаның пайдалы қазбалары

САРЫАРҚАДАҒЫ БАЙЫРҒЫ КЕН ҚАЗБА ОРЫНДАРЫ ОРНАЛАСҚАН НЕГІЗГІ АУДАНДАР

Байырғы кен қазба орындары Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Спасск, Успен кеніштерінде, Қарқаралы, Баянауыл мысты кен массивтерінде үлкен топтармен орналасқан. Кен қазу және үлкен металлургия орталықтарында металл балқытудың қарқындылығы мен көлемі жағынан қола дәуірінде Сарыарқада Қарқаралы және Баянауыл аудандары болды. Оған куә Қарқаралы I, II, III (Суық бұлақ), Шортанды бұлақ, Ақ кезең, Бұғылы I, II, III, Тағы бай бұлақ тағы басқа кең көлемдегі байырғы кен қазба орындарындағы кен массивтері мен металл ағызған қазандық орындары бар көне қоныс орындары. Рудалы кен орындарының байлығы және байырғы қазба орындарының саны жағынан Баянауыл және Қарқаралы тауларының аралығында орналасқан Қарқаралы ауданы территориясы батыс, шығыс және оңтүстік болып бөлінеді. Батыс Қарқаралы аймағы өз кезегінде көптеген байырғы қазба орындары сақталған рудаға өте бай аймақтарға бөлінеді. Олардың негізгі бөлігі Мойынты, Жәмші, Нұра, Сарысу су айрықтарында, бүгінгі Қарағанды облысы Шет ауданы территориясында орналасқан. Солардың ішінде ең танымал және көлемді қазба орындары: Қайрақты, Бес шоқы (Кен шоқы), Ұста, Тектұрмас, Манатай, Ақ шағыл, Қызыл еспе, Ақжал, Қасқа айғыр, Күзеу адыр, Қараоба, Жалғыз жал, Алабұғы, Ала айғыр, Қаражал т.б. С. Поповтың сенімді адамының заявкасында: «Қайрақты - байырғы қорғасын, күміс, таза мыс Қарқаралыдан 250 шақырым солтүстік батыс бағытта, Кен таулары маңында орналасқан Кәрсен Керней руының жері», - деп жазылған. Заявкада Түйе тастан солтүстік батыста орналасқан Кіші Нұра өзенінің жоғарғы сағасындағы байырғы Бес шоқы шұңқырлары туралы да жазылған. Көне шұңқырға жасалған шурф оңтүстіктен солтүстікке қарай желілене орналасқан мыс кенінің ұялы құрылымын көрсетті. ИА. Антиповтың зерттеулері бойынша, Бес шоқы Күзеу адыр руднигінен 30 шақырым солтүстік батыста орналасқан. Кен орны қола дәуіріндегі қазандық орындарынан кварцтық (шынытас) порфирлардың көрініп жатуы негізінде ашылды. Жер бетіне шығып жатқан қалыңдығы 8-9 метрге дейінгі оңтүстік шығысқа дейін созылып, салбырай құлаған руда жылғалары табылды. Шұңқырлар 150 метр қашықтыққа созылған сопақша формалы, қазбалардың ұзындығы 22 метр, ені 10 метр, тереңдігі 20 метр.

Шұңқырдан алынған руда кесектерінен қызыл, қошқыл түсті темір жосасын, жасыл түсті мыс тотығын, қорғасынның жылтырын көруге болады. Тексеру нәтижелері 1 пұт кен рудасында 8-12 фунт (5 кг шамасында) қорғасын, 7-8 фунт немесе 2,868 - 3,278 кг шамасында мыс барын анықтады. Бес шоқы кен көздері тобына: Шет шоқы, Орта шоқы, Байназар, Қарабас және Кен шоқы қазба орындары кіреді. Қарқаралы даласының батысқа қарай орналасқан рудниктері Бес шоқы, Қайрақты, Ұста, Манатай. Бұлар негізінен кен қоры азайған рудниктер. Байырғы Бес шоқы руднигінің орнында бүгінгі таңда Қарағанды облысы, Шет ауданының Кен шоқы совхозы орналасқан.

Кезінде Батыс Қарқаралы аймағында кен қазылған ең ірі орындардың бірі Мойынты, Жәмші өзендерінің суайрығында орналасқан Қызыл еспе, Қасқа айғыр, Күзеу адыр кеніштері болды.

Қорғасынды – күміс - мысты Қызыл еспе руднигі Мойынты темір жол станциясынан 70 шақырым шығысқа қарай, қазіргі Ақшатау руднигінен 80 шақырым оңтүстік бағытта орналасқан. Алғашқы рет 1834 жылы 22 маусымда С. Поповтың сенімді адамы С. Тачимов және Соликам екіден келген бай В. Барановтар байырғы кен қазба орнын табу нәтижесінде ашқан болатын. Қызыл еспеден байырғы үш қазба орны табылды. Олар: Қызыл еспе I немесе Царево - Александровский, бұдан 2 шақырым қашықтықта Қоңыр шоқы тауының етегінен табылған Қызыл еспе II, үшінші шұңқыр – Мың тас маңында Қызыл еспеден солтүстік-шығыс бағытта орналасқан - Аполлон руднигі.

Қызыл еспе руднигінің маңында тағы бірнеше қазба орындары бар. Негізгі рудниктен 10 шақырым солтүстік-шығыс бағытта Қызыл адыр, солтүстік батысында 22 шақырымда -Қумола, 12 шақырымдық жерде Қызылтас және 20 шақырымдай солтүстігінде Ақбастау секілді көне қазба орындары бар. Ақбастау, Қызылтас, Қумола аймақтары суға бай, бүл жерлерден ерте қола дәуірінен сақталған керемет ескерткіштер, жабылып қалған қазандық орындары бар көне қоныстар, суғару жүйесінде пайдаланған құрылымдар, су қоймаларының орны және олардың маңынан кен ұсату, байыту орындары, шлактар табылды. Бай су көздері бүгін де сақталған.

1848 жылы Қызылтаста қола дәуірінде мыс балқытқан қазандық және мыс кен орындарын тауып, осы кен орындарын игеруге Н. Ушаковтың патша өкіметіне берген заявкасында және С. Поповтың сенімді адамдарының байырғы қазандық орындарына шурф жасау арқылы, үлкен мыс кесектерін және батыстан шығысқа созылып жатқан ірі қорғасын желілерін тапқаны туралы заявкелерінде жазылған. Қызыл еспе руднигінде кен өндіруге әуелі С. Поповқа рұқсат беріледі, кейін Н. Ушаковқа сатылған.

Қызыл еспе руднигі туралы Антиповтың, Г.Д. Романовский, М.П. Русаков, Ф.В. Чухров, И.В. Витовскийлердің еңбектерінде нақтылы түрде суреттелген. Бұл – көп металды кен орны. Шеттерінде тақтатастар мен құмдақ тастардан сыйыстырушы тау жыныстар секілді құралған әктасты руда денелері көптеген минералдардан құралған.

Осы маңда үлкен-үлкен Орталық, Юпитер, Церусситовый (Қорғасынды), Диана және Батыс деп аталатын кенді 5 бөлікшелік айқындалған. Бұлар бір - бірінен кендік құрамы және кеннің жатысына қарай ерекшеленеді. Кен үйінділерінен және тотығу белдемдерінен табылған түрлі минералдардың үлкен тобына таң қалған Антипов Қызыл еспе кенішін «табиғи минералдар музейі» деп атады. Қызыл еспе кенішінде негізінен галенит, пирит, сфалерит, халькопирит, опал, халцедон, вад, каламин, кальцит, кварц, нонтронит, псиломелан, церуссит және сирек болса да пириттің және арсенопириттің құрамында кобальт, галениттің құрамында қорғасын бар, ал, малахит, хризоколла - мысты минерал болып табылады. Кеннің жатыс пішіні қатты, ұялы және шток тәріздес болып келеді. Минералдар құрамына қарай Қызыл еспе кенішінде қорғасын мен цинк көп мөлшерде кездеседі, содан кейінгі мыс кені. Қызыл еспенің батыс бөлігіндегі көне қазба орындары «үлкен таралымдар» және «кіші таралымдар» деген атпен белгілі. Үлкен таралымдардың негізгі бөлігі вад, каламин, опал, малахит, кальцит, церуссит секілді гипер минералдардан тұратын үлкен үйінді. «Үлкен таралым» 200 шақырым солтүстік - батыс бағытта шөп өсіп кеткен шұңқыр күйінде кіші таралым орналасқан. И. Антиповтың жазуында оның ұзындығы 55 метр, ені 15 -16 м., тереңдігі 32 м. «Кіші таралым» 20 шақырым солтүстік -батыс бағытта тағы бір байырғы мыс минералдары бар таралым бар. Бұл таралымдардан байырғы кеншілер қола дәуірі тұрғындарының металлургия өндірісі негізін құраған мыс және қорғасын өндірген. Көлемді кен қазба орындарының сақталуы – Қызыл еспе кен орнының қола дәуірінде ерекше маңызы болғандығының куәсі. Байырғы кеншілер бұл жерлерден кен өндірумен қатар, осы Қызыл еспе жер қойнауларында өте көп кездесетін түрлі - түсті минерал тастарды да өндіріп, өңдеген.

Қызыл еспе тобымен байланысты көне рудниктердің бірі – Ақ шағыл, Мойынты темір жол станциясынан солтүстік шығысқа 50 шақырым, Қызыл еспеден оңтүстік батысқа қарай 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Ақ шағыл Тас арал – Қызыл еспе антиклинорийінің шетінде. Мұндағы руда линзалары ортаңғы палеозой гранитоидтарымен силурдің вулканогендік – терригендік және карбонатты жыныстары жапсарында орналасқан. Руда тарамды, сеппе не шомбал түрінде кездеседі. Руда минералдарынан галенит, пирит, малахит, халькопирит, опал, азурит, хризоколла, атакалмит т.б. бар. Ақ шағыл мен Қызыл еспеде мыстың негізін малахит, хризоколла және сап мыс құрайды. Ақ шағылда ежелгі кеншілерден сақталған «чуд қазбалары» бар. Қола дәуірінің соңында бүл жерде темір өндірген. Карьерлердің тереңдігі 8-12 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ ескі кен қазба орындарында қорғасын, цинк, никель рудаларының қоры табылды. Мұнда XX ғасырдың аяғына дейін руда өндірілген.

Тікенекті немесе Крещенское руднигі де - белгілі байырғы кен қазба орны. Ақ шағылдан 60 шақырым солтүстік батыс бағытта, Мойынты өзені аңғарында, Ағадыр станциясынан оңтүстікке 58 шақырымда орналасқан. Тікенекті – күмісті - қорғасынды кен орны. Шурф жасау арқылы 6 метрлік тереңдікте екі қабат кен желісінің бары анықталды. Қызыл еспе маңында орналасқан және кен жыныстарының жатысы мен тотықтанған кеннің құрамы ұқсас күмісті - қорғасынды Қасқа айғыр және цинкті Ақжал рудниктері.

Қасқа айғыр – Мойынты – Жәмші су айрықтарында Қызыл еспеден солтүстікке 50 шақырым, Ақжалдан оңтүстік батыста 2 шақырымда орналасқан. Руданың қалыңдығы 8-12 метрге дейін жетеді. Тотықтанған кеннің құрамына қарай Қасқа айғырда байырғы кеншілер қорғасын, мыс, мырыш өндірген.

И.А. Антиповтың зерттеулеріне қарағанда, Ақ шағыл кенінің бір пұтынан 90 грамм күміс алуға болады.

Ақжал Қызыл еспеден 50 шақырым солтүстікте, Жәмші өзені аңғарынан алшақ емес, Ақшатау руднигінен оңтүстік бағытта 30 шақырым. Кен табиғатына қарай Қасқа айғыр кен орындарына ұқсас болғанымен, Ақжалда тотықтанған кеннің негізін - сфалерит, смитсонит, мырышты саз секілді мырыш минералдары құрайды. Мұнда қорғасынның мырышқа қатынасы 1:4-ке тең. Руда қоспаларынан алтын, күміс, кадмий, индий, талий, селен, теллурді атауға болады.

Қасқа айғыр мен Ақжал қазба орындарын 1953 жылы С. В. Лопатин зерттеген. Ол байырғы кеншілердің көне қоныс орындары: бірнеше жертөлені зерттеген. Қоныстардың маңынан көмір қалдықтары бар, күл, күйген үй жануарларының ірі сүйектері бар ошақтар табылған. Ошақ маңында көкшіл тақтатастар мен қызыл яшмадан жасалған тас құрал -саймандар табылды. Күзеу адырды XIX ғасырдың екінші жартысында К.И. Гривнак, И.А. Антипов, Г.Д. Романовскийлер зерттеген. Бұрын көлемді кен орны болғанымен, бүгінде кен қоры таусылған. К.И. Гривнактың жазуы бойынша, Күзеу адыр – күмісті - қорғасынды кен орны болған және кеннің қалыңдығы 3 метрге дейін болған. Күзеу адыр кенді аймағындағы оншақты мыс, қорғасын, күміс өндірген кен орнын И.А. Антипов бақылаған. Солардың ішіндегі ірілеуі – Алтынды қарасу немесе Михаиловское кен орны. Оны жағалай Сергеевское, Елизаветинское, Владимирское (кәсіпкер С.П.фон - Дервиздің жанұя мүшелерінің атымен аталған), онан кейін Веберовское, Константиновское және Безымянное кен орындары бар. Тотыққан кеннің қалыңдығы 8 метр тереңдікке дейін кетеді.

Алтынды қарасудың Қызыл еспе, Қасқа айғыр кен орындарының оңтүстік бөлігінен айырмасы, бұл жерлерде кен әктастарда шоғырланбай, кварцті порфир, порфириттер мен туфтарда шоғырланған. Руда минералдарынан церуссит, галенит, аз мөлшерде болса да пирит, халькоперит, сфалерит, ковеллин кездеседі. Кеннің минерал құрамы бойынша қола дәуірінде бұл жерлерде қорғасын және мысты рудаларды өндірген.

Күзеу адыр кен орнының маңында Жақсы - Жалпақ, көне қазба орындары орналасқан. Жақсы - Жалпақ Күзеу адырдан оңтүстік батыста 24 шақырым, Жанғызжал солтүстік -шығысқа 26 шақырым Жәмші, Нұра өзендерінің су айрығында. Екі кен орнында да мыс, қорғасын өндіргені байқалады. Жәмші, Шүкір, Қарасай өзендерінің аңғарда Күзеу адыр көне кен қазба орнының маңында қола дәуірі ескерткіштері - көне қоныс орындары, мазарлар, құрбандық шалған, ас берген орындар сақталған. Кейбір ескерткіштер қола дәуірінен ертеректе скиф дәуіріне өту кезеңіне жатады. Бұған Шет ауданына кіретін Тоқырауын мен Нұра өзендерінің су айрығында Ақсу-Аюлы аудан орталығынан шығысқа 60 шақырым орналасқан Жақсы - Қаражал көне кен қазба орындарын жатқызуға болады.

Қаражал - бұрынғы заманда мыс, күміс, қорғасын және басқа металдардың аса бай кезі болған ерекше кенді аймақтағы таулы массив. Көптеген «чуд қазбаларының» көлемді орны сақталған мысқа аса бай кен орындарының бірі Қаражал - кезінде тау-кен инженері Белоусовты қатты қалдырған еді. Геологтар толып жатқан бір-біріне өте жақын орналасқан көне кен қазба орындарын ашты. Ертедегі барлау жұмыстарының нәтижесінде Қаражал қойнауы, тау беткейлері көз аштырмайды. Ең ірі қазба орындары

- Қара үңгір (Анненское), Елизаветинский руднигі, солтүстік Қаражал, Алайғыр.

Қаражалдың оңтүстік беткейінде орналасқан негізгі кен орны

- Қараүңгір. Бұл үңгір XIX ғасырдағы геологиялық әдебиет көздерінде «қалмақ үңгірі» деген атпен белгілі. И.А. Антипов бұл атаудың дұрыс еместігін, себебі, «үңгір қола дәуірінен қалғанға ұқсайды» деген пікірді жазды. 237 Үңгірге кіргенде жоғарғы жағы бірыңғай кварцты порфирден, малахиттен, сол жағында азурит араласқан 9 см қалыңдықта ақ қорғасынның желіленген тарамдары көрінеді. Елизаветинский руднигі үңгірден 400 шақырым шығыс бағытта орналасқан. Мыс кенімен қатар порфирлерде жатқан темір кенінің таралымдары жиі кездеседі.

Қаражал кен орындарында кен өндірген кеншілер осы көне қоныс орындарында тұрғандығының дәлелі - Шортандыбұлақ қонысын зерттеу барысында табылған көптеген кен ұсататын тұтқырланған порфирден жасаған құрал-саймандардың табылуы. Қаражалдың қатты және тұтқырланған порфирі кенді ұсақтайтын құрал - сайманға материал болған. Қаражал кен орындарына тән үңгірлей қазу Қотыр Қаратаудың солтүстік беткейінде табылды. Кезінде геологтар А.В. Яковлев, К.И. Тивнак, И. Антипов, Г.Ш. Романовскийлер суреттеген Алабұғы көне қазба орындары осы жерде. Алабұғы маңынан да онға жуық көне қазба орындары анықталды.

Батыс Қарқаралы өңірінде көлемді кен орындарына Сәмембет және Кеншоқы жатады. Қарқаралыдан оңтүстік - батысқа қарай 50 шақырымда, Алайғырдан 25 шақырым Ақбілек өзенінің алыбы мен Жарлы өзенінің сол жақ құйылысында екі байырғы кен орны бір-біріне жақын орналасқан.

Сәмембет кен орнына барлау жасауға 1858 жылы А. Поповтан сұраныс түскен. 1955 жылы осы кен орнын геолог Г.Н. Щерба тиянақты түрде зерттеген болатын. Ол үлкен кешеннің топографиялық жоспарын картаға түсірді. Картада 5 мыс және қорғасын көне қазба орындары мен кен қазушылардың 2 көне қоныс орны белгіленген. Көне қоныс орындары мен кен үйінділерінен Г.Н. Щерба көптеген тас құрал - саймандар: қайла, руданы үгітетін келсаптар, келілер, қырғыштар, нуклеустар тапты. Табылған заттардың ішіндегі Бегазы -Дәндібай кезеңіндегі қола инелерге ұқсас басы ілгекті темір иненің табылуы үлкен олжа болды. Сәмембеттен оңтүстік батысқа 8 шақырымдай Ақбілек өзенінің аңғарында байырғы мыс кен қазба орындарының үлкен шоғыры орналасқан. Солардың ішінде танымалы Кеншоқы (Сарышоқы) - Итбақ қонысында Қарқаралыдан оңтүстік - батыс бағытта 60 шақырым. Көпес - кәсіпкер А. Попов байырғы кен қазба орындары негізінде 1846 жылы Кен шоқыда мыс өндіруге сұраныс жасаған. Байырғы қазба орны Кеншоқыны XIX ғасырда геологтар И.П. Шангин, М. Белоусов, И.А. Антипов, Г.И. Романовский, тағы басқалары зерттеген. И.А. Антиповтың зерттеуінше, Кеншоқы кен орны басқа қоршаған жыныстардан шектелген, фельзитті порфирге қамалған 130 метрге созылған кварцті желі. Мыс кені 2-4 метр қалыңдықпен үстіңгі деңгей жиекте жатыр. Жоғарғы деңгей жиектегі жыныс желісіне мыс тотықтары сіңген, әр жерінде ақ қорғасын кені - церуссит бар.

Кеншоқы кен орнында И.А. Антипов 4 кен қазба орнын зерттеген. № 1 және № 4 үңгулер тік келген тіліктер немесе шахта секілді бір - бірімен қысқаш қарқылы қосылған. Кентіректермен бекітулерсіз жұмыс бұл жерлерде өте қауіпті. № 2 кен қазба орны крест түрінде келген - ұзындығы 40 метр, жалпақ келген соңының ені 6 метр, тар жері 3 метр, крестің радиусы 14 метр, тереңдігі 4,5 метр. № 3 кен қазба орнының тереңдігі - 2 метр. Кен өндіру жұмыстарының көлемі Кеншоқы мен Сәмембет кен қазба топтарының Орталық Қазақстанда қола мәдениетінің кең дамуына эсер еткен: Батыс Қарқаралы ауданында маңызды кен аймағын құрағанын көрсетеді. Оған дәлел Ақбілек өзені аңғарынан табылған сансыз қола дәуірі ескерткіштері.

Жәмші, Нұртай, Тоқырауын өзендерінің суайрығында Қаратоғамбай, Сарытоғамбай, Қараоба, Көрпетай, Теладыр, Қызыл адыр, Қорған тас, Мың шұқыр, Шоқпар тас тауларында сан жетпес байырғы қазба орындары табылды. 245 Бұлардың көпшілігін XIX ғасырда И.П. Шангин, А.В. Яковлев, А.А. Аносов, Б.Ф. Мефферт, Г.Л. Ладалко, П.С. Марковтар зерттеген.

А. Поповтың сенімді адамының сұраныс қағазы бойынша (заявка) байырғы Қорғантас руднигі Көрпетай және Нұртай тау сілемдерінде орналасқан. Бүл жерлерде мыс өндірген ескі шұңқырлар сақталған. Кен желісі жоғарғы кен деңгейінің жиегіне шоқталып шығыстан - батысқа дейін созылған. 247 Басқа бір құжатта: «Қорған тас тасшақпалы төбешікте Көрпетай және Нұртай қоныстарында орналасқан. Ескі шұңқырдағы кен - мыс кені болып шықты» , - деп жазылған.

Көрпетай тауларындағы байырғы кен қазба орындарының ең ірісі - екі Мыңшұқыр руднигі. Біріншісі Сарыкөл өзені жанында Көрпетай тауының солтүстік сілемінде, екіншісі таудың оңтүстік сілемінде, Қорғантас кен қазба орнына жақын орнал асқан. Көрпетай тауларында қола дәуірінен қалған кен қазба орындары сол дәуір ескерткіштерімен қатар орналасқан. Түлкілі, Нұртай, Қарасай өзені аңғарлары, Қызылшоқы Темірастау, Қанаттас, Құрылыс, Қара қоныстары түрлі ескерткіштерге толы. Байырғы қазба орындары Тоқырауын өзені аңғарында жиі кездеседі. Алтуаит, Қаратұмсық, Қушоқы, Қарақойтас, Өзенді көне қазба орындары жоғарғы Тоқырауын бойында. Қушоқы тауының оңтүстік-батыс етегінде су қоймалары мен көне платинаның қалдықтары, кенді ұсақтаған, жуып, байытқан іздері, үйінділер қалған. Кен тастарды ұсақтаған құрал-сайман сынықтары көптеп табылды. Қушоқы кен қазба орнынан 18 шақырым шығыс бағытта Берік қара руднигі орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет