Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері мен сабақтарының түрлері.
Топ: 41б,42б,43б Күні: 28.11.2020ж Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі Форматы: zoom бағдарламасы.
Жоспар
1) Грамматиканың ғылыми негіздері.
2) Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеттері.
3) Грамматика сабақтарының түрлері.
Грамматиканы оқытудың ғылымы негіздері
Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді.Сондықтан тілдін әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты. Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып окушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі,қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастагы балалардың дүние таным ерекшеліктерінеде естен шыгаруға болмайды.