Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеттері- бастауыш мектептерде оқытылатын қаза тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - грамматика. Грамматика сабағы оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылды. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой - өрісін, сауаттылығын, тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады. Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең негізгі мақсаты - оқушыларға ана тілдің заңдылықтарын грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгеру болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектептерде орындала қоймайды, өйткені грамматика бастауыш мектептер де ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең жоғары сыныптарда оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқытылады. Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормаларын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды байқай алуға, таңдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.