Морфология саласынан сөздердің жасалуын, морфологиялық құрылысын,сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып,өздері де сөйлем құрастырады.Бағдарламаның "Түсінік хатында" грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік принциптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптарында қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматикалық мағлұматтарды ,сондай-ақ орфография және пунктуация бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын дамытатындай материалдарды қамтитындығы байқалады.