Саудалық атауы



бет5/10
Дата08.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#190484
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
динара

Айрықша нұсқаулар

  • Айрықша нұсқаулар
  • Хирургиялық араласулар кезеңінде қолдану. Операцияның барысында және операциядан кейінгі кезеңде қан кету қаупін азайту үшін жоспарланған хирургиялық араласуларға дейін 5-7 тәулік бұрын ацетисалицил қышқылын қабылдауды тоқтату қажет.
  • Ацетисалицил қышқылын ұзақ қолдану. Ацетисалицил қышқылын ұзақ қолдану қажет болғанда шеткергі қан көрінісіне бақылау және нәжісті жасырын қанның болуына тексеру керек. Мұны әсіресе АІЖ-ның эрозиялық ойық жаралы зақымданулары, сыртарқысында асқазан-ішектен қан кетулері, бүйрек пен бауыр функциясының бұзылулары бар адамдарға жүргізу керек.
  • Бронх-өкпе жүйесінің патологиясы бар адамдарда қолдану. Бронхтық демікпесі, мұрынның полипозы бар науқастарға және сенна қызбасы кезінде ацетисалицил қышқылын қолдану аурудың өршуіне түрткі болуы мүмкін.
  • Педиатрияда қолдану. Ацетилсалицил қышқылы препаратын вирустық инфекция немесе ЖРА қатар жүретін гипертермиямен (қызба) 16 жасқа дейінгі балаларға қолданғанда Рей синдромының (ми мен бауырдың зақымдануы) даму қаупі жоғары. Сондықтан ацетилсалицил қышқылын емделушілердің аталған тобында қолдануға болмайды.
  • Жүктілікте қолданылуы.
  • Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктілік және эмбрион немесе ұрықтың дамуына теріс әсер етеді. Эпидемиологиялық зерттеулер деректері көрсеткендей, жүктіліктің ерте кезеңдерінде простагландиндер синтезінің тежегішін қолдануда мальформация және кемістіктің даму қаупі жоғарылайды. Бұл кезде қаупінің дозаны жоғарылатқанда және емдеуді ұзартқанда артуы болжанады. Жеткерімді деректер ацетилсалицил қышқылын қабылдау мен жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілу қаупінің жоғарылауы арасындағы байланысты дәлелдемейді.

Артық дозалануы

  • Артық дозалануы
  • Симптомдары: құлақтағы шуыл, естудің төмендеуін сезіну, бас ауыруы, вертиго. Кейіннен қызба, гипервентиляция, кетоз, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, кома, қантамырлық жеткіліксіздік, тыныс алу жеткіліксіздігі, айқын гипогликемия дамуы мүмкін.
  • Емі: құсық шақыру немесе асқазанды шаю, белсендірілген көмір және іш жүргізетіндерді тағайындау керек. Ары қарай емді мамандандырылған бөлім жағдайында жүргізу керек.
  • Шығарылу түрі және қаптамасы
  • 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
  • 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
  • Қағаз және картон негізде біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.
  • Пішінді ұяшықсыз қаптамалар (қорапшаға салынбай) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге топтық қаптамаға салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет