Гепариннің әсерін кейбір антибиотиктер (ішек микрофлорасымен К витаминінің түзілуін төмендетеді), ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және тромбоциттер агрегациясын төмендететін (гепаринмен емдеу аясында науқастардағы гемостаздың негізгі механизмі болып қалатын) басқа дәрілік заттар, тікелей емес антикоагулянттар, өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар күшейтеді. Гистаминге қарсы дәрілік заттар, фенотиазиндер, жүрек гликозидтері, никотин қышқылы, этакрин қышқылы, тетрациклиндер, қастауыш алкалоидтары, никотин, нитроглицерин (көктамыр ішіне енгізу), тироксин, адренокортикотропты гормон, сілтілік амин қышқылдары және полипептидтер, протамин - бәсеңдетеді. Басқа дәрілік заттармен бір еккіште араластыруға болмайды.
Артық дозалануы
Артық дозалануы
Симптомдары: қан кету белгілері.
Емі: гепаринмен артық дозалану туғызған аз қан кетулерде оны қолдануды тоқтату жеткілікті.
Аумақты қан кетулерде гепариннің артық мөлшерін протамин сульфатымен (100 ХБ гепаринге 1 мг протамин сульфаты) бейтараптандырады. Гепариннің жылдам шығарылатынын ескерген жөн, егер де протамин сульфаты гепариннің алдыңғы дозасынан кейін 30 минуттан соң тағайындалса, қажетті дозаның жартысын ғана енгізу керек; протамин сульфатының ең жоғарғы дозасы 50 мг құрайды.