қабықтың құрамы Opadry II Pink 31K34111: лактоза моногидраты,HPMC 2910/Гипромеллоза 15 cP (E 464), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, темірдің (III) қызыл тотығы (E172).
Сипаттамасы
Тегіс беткейлі, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар (75 мг доза үшін).
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес және бір жағында сызығы бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (300 мг доза үшін).
Ересектерде атеротромбоздық өзгерістердің алдын алу үшін қолданылады:
- миокард инфарктісімен (бірнеше күннен бастап 35 күннен аздауға дейін), ишемиялық инсультпен (7 күннен 6 айдан аздауға дейін) зардап шегуші науқастарда немесе шеткергі артериялардың окклюзиялық ауруы диагностикаланған науқастарда,
- жедел коронарлық синдроммен зардап шегуші науқастарда:
- ST сегменті көтерілуінсіз (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфаркты), ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде (АСҚ) тері арқылы коронарлық араласу барысында коронарлы стентті орналастыру жүргізілетін науқастарда,
- ST сегменті көтерілуімен, АСҚ біріктірілімде тромболитикалық ем жүргізуге жарамды дәрі-дәрмектік емдеудегі науқастарда.