«Саясат теориясы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет2/2
Дата29.11.2016
өлшемі1,38 Mb.
#2817
1   2

Биліктің типтері


Билік іске асуы үшін – билікті іс-әрекеттердің орындалуының белгілі тірей (базасы) қажет. Осының күшінде билік түрлі ресурстарға сүйенеді: экономикалық, әлеуметтік, рухани, принудит.

Экрномикалық билік – бұл елдің экономикалық ресурстарының үстінен бақылау, бұл жай уақытта билігін іске асыруға мүмкіндік береді. Барлық билік түрлерінің ішінде – экономикалық билік ең тиімді күштесі болы табылады. Басқа сөзбен айтқанда экономикалық билік – материалдық байлықтарды игеруде пайдаланылады. (Бұл билік адамға). Әлеуметтік билік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік әлеуметтік

Белгілі бір жерінде қорланады. Бұл билік адамға берілген мемлекеттің иерархиялық құрылымында белгілі бір орынға ие болуына мүмкіндін береді.

Бұл биліктің көмегімен адам материалдық және рухани байлыққа құқылы ететін қандай да бір жеңілдектерге, әлеуметтік жағдайға қол жеткізеді.

Рухани билік – адамдарға ақпарат, ғылыми жетістіктер арқылы іске асырылатын құралдары және т.б. арқылы іске асырылады.

Принудительное билік – күш көрсету, қорқытуға сүйенеді. әр мемлекетте пайда болған мәселелерді күш көрсету арқылы шешетін арнайы құрылымдар бар.

Силовые құрылымдар. Шенеуніктік аппарат, әскер, сот, түрме, прокуратура және т.б. кіреді.

Билік және жеке тұлға


Биліқтің өзара қарым-қатынасы, мемлекет пен жеке тұлғаның мемлекеттегі қарым-қатынасы саясаттанудағы ең басты сұрақтардың бірі болып табылады. Барлық уақыттарда осы озара қарым-қатынастардың түолі трактовкалары болды. Ең бірінші трактовкалар көне шығыста болды. Оның ішінде патерналистикалық бөлініп порінде. Оның түйіні: кез келген жанұядағыдай, яғни әке (патер) жанұядағы барлық істерді басқарады. Мемлекетте де сол сияқты- мемлекет әкесі монарх ал қол астындағылары – оның балалары болып табылады. Олар монархқа мүлтіксіз бағынуы тиіс. Бұл жерде билік субъектісі монарх болса№ ал басқа қол астындағылар – билік объектісі яғни олардың ешқандай өз қозқарасы пікірі жоқ және саяси процестерге араласа алмайды.

Сәл нешірек басқа аспектілер пайда болады. Платон мен Аристотель мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қатынастағы тоталитарлық концепциясын ұсынды. Оның түйіні.

Адамдар ұжымға өз еркімен бірігеді және мемлекет құрады яғни олар өз еркімен өз құқығы мемлекетке береді осының күшінде мемлекетте жеке тұлға жоғалын сіцетіндей-қоғамның ең басты эталоны болып табылады. Осы түсінікте мемлекет өзінің барлық мүшелерінің жалпы еркіне (міндетіне) мақсатына билік жүргізуге құқылы.

Капиталистік формацияның тупидау кезеңінде мемлекет пен адамның қарым-қатынасын қарастыратын либералдық теория пайда болады. Оның мәні: мемлекеттік осы мемлкеттің жеке азаматтары құратын болғандықтан мемлекетті құрамы адам (индивид) алғышқы болады ал мемлекеттің басқарушы жағдайынан шығады да, ал мемлекеттің өзі адамды барлық құқықтарымен, еркіндігін пайдаланасы өмір сүруіне кедергі жасамай қорғап отыруға міндетті марксистік концепция. Тоталитарлыққа өте жақын. Оның түйіні: мемлекет пен адамның адамның қарым-қатынасы классикалық негізде құрылады. Адамның қандай – да бір классқа қатысы қатпен оның қоғамдағы орнеги анықтайды.

Осы теория бойынша мемлекетпің беретін көлеміндегі қандай да бір құқығын алады. Үстем етуші класс бір клас өкілдеріне көбірек, келесі біреуіне азырақ беруге құқылы. Бұл концепцияда индивид өзінің жеке «Біз» деген мағынаға кіреді. Бұл түсіністі қандай – да бір класс, партия және т.б. өзіне алуы мүмкін.

Жеке тұлғаныз (жаңаша) қазіргі заманғы құқығы. Қазіргі заманғы қоғамды демократизация, демократия, мемлекеттің өркениет тілігі адам құқығына қатысына байланысты. Бұл адам құқығының негізіне кағыз құқық яғни ол құқық адамның туғанда алатын құқығы (өмірге сүру құқығы еркіндік, бостандық) қойылуы керек.

Бұл құқықты адамнан ешкім ала алмайды қазіргі заманғы қоғамда адамның барлық құқығын бес типка бөлуге болады азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени.

Азаматтық-бұған тарихи құқық кіреді. Бұл мемлекетке тәуелді емес құқықты ЕРКІН-деп, ал мемлекеттің өз азаматтарын, қамтамасыз ететін құқығы Жекелік құқық деп айтады.

Саяси-мемлкеттің өзіндегі азаматтарына саясат саласынан берілетін құқықтар.

Экономикалық-бұған материалдық ресурстарды пайдалану құқығы кіреді. Оның ішінде ең бастысы және оны пайдалану құқығы. Ал Реседе мұндай құқық 17-жылғы төңкеріске дейін болды және көптеген жылдар бойы жоғылып нетып, ал қазір қайтадан пайда болды.

Әлеуметтік-білім берудің әлеуметтік қамтамасыздандыруына және т.б. құқықтылық.

Мәдени – мемлекеттің рухани байлықтарына пайдалану құқығын айтады. (кітапханалар, театрлар, және т.б.)

Көп елдерде осы басшылыққа алынатын құқықтар елдің конституциясында жазылған және оның іске асыруына кепілдік береді.

Қорытынды сұрақтар:
1.Билік және саясат.

2.Билік саясаттанудың негізгі категория ретінде қарастыру.


Тақырып 4. Саяси жүйе– 2 сағат

1.Т.Парсонстың жүйе теориясы.

2.«Қоғамның саяси жүйе» түсінігі (Д. Истон, Г. Алмонд, К. Дойч). .

3.Саяси жүйенің әлеуметтік мәні.

4.Саяси жүйенің элементтері және құрылымдары. Саяси жүйе функциялары. 5.Саяси жүйелердің типологиясы.

6.Тұрақтылықты бұзу, дағдарыс және саяси жүйе регрессі. Өтетін процестер, қоғам өмірінде өтетін дәуір және саяси жүйе.


Саяси құрылым.

Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл біртұтас, адал саяси институттар жиынтығының райы, принципі, үрдісі, қарым-қатынасы, қоғамның саяси ұйымдары, саяси, әлеуметтік, заңгерлік, идеологиялық, мәдени деңгей кодексіне бағынады және ол тарихи дәстүрлерге, нақты қоғамның қойған саяси тәртібіне бағынуы. Басқа сөзбен айтқанда, саяси жүйе – ол саясаттың, үкіметтің механизмі, бұған барлық саяси қоғам институттары қатысқан. Осы саяси жүйелерде тағы бірқатар кішігірім жүйелер бар: енгізу, қайта өңдеу, шығу.

Енгізу ішілік жүйеге кіреді:


  • әлеуметтік топтардың талабы, олардың қызығушылығы.

  • қолдау (қоғамда бір күш бар және бұл күш басқару құрылымына сенеді, оларды қолдайды. Қолдаусыз саяси жүйе қызмет атқара алмайды).

Қайта өңдеу жүйесіне кіреді:

  • Басқару құрылымы, ол қоғам талабын өңдеп, оған жауап беруге тырысады.

Шығу.

  • Мұнда басқару шешім қабылдайды, енгізілген талаптардың жауабы ретінде. Бұл саясат, жүйе айналымына байланысты болады және үнемі қызмет атқарады.

Кез-келген саяси жүйе бірқатар мәселерді шешеді, тиісті қызмет атқарады. Негізгі қызметтері.

  1. Азамат санасына жүргізілген жиындардың мәнін түсіндіру және бұл саясатты қолдату.

  2. Саясаттық әлеумет, яғни азаматтарды саясат өміріне қатыстыру.

  3. Әлеуметтік топтардың қызығушылықтарына сай талаптарын қалыптастыру.

  4. Саяси коммуникация, яғни сенім ақпаратын әртүрлі қоғам мүшелеріне беру.

  5. Заңдарды жасау және оны қолдану.

  6. Материалды және рухани қызығушылықтарды қоғамда бөліп беру.

  7. Заңдардың сақталуын бақылау.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Саяси жүйенің әлеуметтік мәнін анықтау.

  2. Саяси жүйелердің типологиясын қарастыру.


Тақырып 5. Саяси тәртіп (режим) – 2 сағат

1.Саяси тәртіп ұғымы.

2.Ұғымдардың арақатынастары: саяси өкімет, саяси жүйе және саяси тәртіп. 3.Тоталитарлық тәртіп. Тоталитаризм ұғымы.

4.Авторитаризм саяси тәртіп сияқты.

5.Авторитарлық тәртіптің "Шек қойылған плюрализмі " (Линц Х.).

Саяси тәртіп – үкіметтің қалыптасуы үшін түрлер мен әдістердің бірігуі Барлық саяси жүйесі бар мемлекеттер үкіметті қалыптастыруда мынадай формаларға бөлінеді:



  1. Демократиялы (демократиялы тәртіп)

  2. Демократиялы емес (тоталитарлы және авторитарлы тәртіп)

Саяси жүйенің демократизмі мына факторлармен анықталады:

  1. Әрқашан шыншыл сайлаулар жүргізу

  2. Азаматтардың бостандығын, құқықтарын бұзбау

  3. Көп партиялы жүйенің болуы

  4. Тәуелсіз баспасөз, көп ақпарат алу әдісі

Міне осылай саяси, қоғам жүйесі берілген мемлекет тәртібін сипаттайды, ал тәртіп өз кезегінде саяси жүйенің категориясы болып табылады.
Тоталитарлы мемлекет – демократиялы емес типтегі мемлекеттер қатарына жатады. Ол латынның «тоталис» сөзінен шыққан, қазақша баламасы «түгел», «бүкіл», «толық».

Тоталитарлы мемлекет – қоғамның өмір сүру барысында мемлекет жағынан жан-жақты үлкен көлемді бақылау жүреді.

Тоталитаризм – үкімет тарапынан қоғамды қадағалап отыратын, ұжымның мақсаты мен идеологиясына бағынатын қоғамдық жүйе және қоғам өмірін ұйымдастыратын саяси тәсіл болып табылады. ХХ ғасырларда тоталитаризм саяси жүйе ретінде қалыптасып, осы ғасырдың 40-50 жж. Теориясы жүзеге асты. Тоталитаризм үлгісі: фашистік Германия және Кеңес үкіметіболып табылады. ХХ ғ. Жедел қарқынмен индустрия дамыды. Экономикалық даму әлеуметтік және саяси сфераларға әсерін тигізеді. Мемлекет техникасының дамуы арқылы миллиондаған адамдардың санасына ақпараттық агенттіктер арқылы әсер етіп, бағындырды.

2. Индустрияның дамуы арқылы монополиялар пайда болып, олар экономиканың барлық салаларын қамтыды, енді адамдар санасында қоғамды құру деген идея пайда болды. Оңай басқарылатын, керек бағытқа бұра алатын, бағынғыш қоғам пайда болады. Осы индустриялды ғасырда адамдар санасында ерекше ұжымдық – механизм дүниетанымы қалыптасты. Бұл дүниетанымның негізі – қоғамның үлкен механизмі ретінде қарастырылуы және осы механизмде әр индивид механизмінің бір бөлшегі. Ал үкімет өз кезегінде осы механизмді басқаратын оператор. Және де бұл механизмдегі әр адам өз жұмысын нақты істеп, оператордың талабын орындауы керек. Әйтпесе механизм сынып қалады, яғни қоғам құлдырайды. Сондықтан сынбау үшін адам индивидтікке салынбай қоғамның талабына сай өз міндеттерін дұрыс атқару керек. Тоталитаризмнің орнауына психологияның әсері болды. Адам ұжымнан тыс өмір сүре алмайды, өзіне әлсіз деп сезінуге сендірді. Қоғам және ұжым адамның бүгінгі күнге де, болашағына да сенім әкелді. 1. Класқа кірген адам өзінің эмоцияларын сыртқа шығара алуы. Мысалы: СССР-де жұмысшы кластағы адамдар байлар мен капиталистерге қарсы шыға алды және жазаланбады. Ал Германияда ариялық нәсілге жататындар басқа халықтарды құртуға мүмкіншіліктері болды, олар да бірақ жазаланбады. Мұндай психологиялық факторлар тоталитарлық тәртіптің пайда болуына және сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына негіз болған әлеуметтер: экономикалық, саяси, кризистік периодтағы жағдайлар қоғамның жағдайын нашарлатады яғни ешқандай классқа жатпайтын қарапайым адамдарға әсер етеді. Себебі оларды қолдайтын ешкім болмай, олардың жағдайы мүлде нашарлайды. Сондықтан ол әр түрлі үгіттерге көніп, сенеді. Міне нағыз осылар тоталитарлық тәртіптің орнауына негіз болды. Тоталитарлық тәртіптің негізі:



  1. қоғамның индустриалы дамуы

  2. қоғам өмірінде ұйымдастырушылықтың өсуі

  3. монополиялардың пайда болуы

  4. ұжымдық-механикалық дүниетанымның таралуы

  5. тұлғаның әлеуметтік жағдайына психологиялық қанағаттанбау

  6. негізгі жұмысшылардың жағдайын нашарлататын экономикалық кризистер

Тоталитарлық тәртіптің ерекшеліктері:

  1. Барлық тоталитарлық тәртіптердегі спецификалық ерекшеліктері бар, олар барлық тоталитарлық мемлекеттерде жүзеге асады. Утопиялық идеал барлық тоталитарлық мемлекеттергетән. СССР-де идеал болып коммунистік болашақ табылады. Ал Германияда мұндай идеал болып бақытты рейх табылады. Барлық тоталитарлық тәртіптің ерекшелігі – мақсатқа жету үшін барлық әдістер қолайлы. Қоғамның дамуының ең негізгі компоненті ретінде идеология болды. СССР үшін мұндай идеология Марксизм – Ленинизм болып табылады. Ал қалған идеологиялардың өмір сүруіне құқықтары болмады. Бұл идеялар патерналистік тұрғыдан қарастырылады. Басқарушы барлық мәселелерді шешті, адамдарға тек соны ғана орындау қалды. Бұл бұйрықтарды орындау жақсы нәтижеге жеткізеді және барлық мәселелерді шешеді.

  2. Ақпараттар агенттігінің мемлекет монополиясы. Ақпарат агенттері тек мемлекетке тиісті. Мемлекетлауазымды ерекше қызметші болып барлық ақпараттарды басқарады. Ал басқарусыз тоталитарлы мемлекет үшін азаматтарды біріктіру мақсатында дұшпан бейнесі пайда болады. Бұл бейне мемлекеттің өз ішінде де, және халықаралық алаңда болды. СССР - өмір сүруінің соңғы жылдарында осындай дұшпан бейнесі болып – империализм саналды. Тоталитарлық тәртіп империализмде дұшпанда көріп, оған жоламауға тырысып, қашқақтады.

  3. Бір ғана басқару партиясы бар саяси жүйе дамиды. Ол елдегі барлық басқаруды қолға алады. Бұл партия қоғамдағы нақты жинақталған түрлі игіліктерге құқығын береді.

  4. Тоталитарлы тәртіп қоғамда жаңа адамды қалыптастыруға ұмтылады. Ол индивид өз идеяларына берілген үкіметке сөзсіз бағынатын адам болуы қажет.

  5. Адамды күнделікті бақылау керек болса оның жеке өмірінде бақылау.

Авторитаризм.

Ол демократиялы емес тәртіптер қатарына жатады. Демократия мен тоталитаризм қоғам өмірінің көп сфераларын бақылауды байланыстырады. Ал адаммен тұлға өмірінің бақылаусыздығын байланыстырады.

Авторитаризм жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.

Авторитарлық тәртіптің ерекшеліктері:



  1. Үкіметті 1 адам немесе 1 топтың адамы (патша) басқарады, мемлекетте көп халық үкіметтен шектеледі. Халық мұндай мемлекеттерде үкіметтің саясаттың бір ғана объекті болып саналады. Бұл мемлекетте адам азамат емес, бағынушы болып есептеледі.

  2. Басқарудың шексіздігі және ел адамның берілген басқаруды бақылай алмауы. Басқару қандай болсын белгілі заңдар бойынша өмір сүреді, бірақ бұл заңдар бағынушыларға міндетті болып табылады. Албасқарушы немесе үкімет үшін бұл заңдарды орындау міндетті емес, ол кез-келген сәтте бұл заңды жойып, басқа жаңа заңды шығаруы мүмкін.

  3. Үкімет күшіне сену. Авторитарлық тәртіпте үкіметті немесе басқаруды қолдату үшін міндетті түрде күш қолданбайды, бірақ кез-келген сәтте күш қолдануы мүмкін.

  4. Үкімет монополиясы және саяси оппозицияны болдырмау. Мұнда бір ғана партия бар, қалғандарына рұқсат жоқ, ал егер ондай болып қалса ол міндетті түрде монарх бақылауында болады. Әйтпесе мүлде болмайды.

  5. Мемлекет тарапынан қоғамды тотальды бақылаудан бас тарту және саяси сфераға мүлде қатынаспау немесе шектеулі қатынасу.

  6. Үкімет органдарына өкілді сайлау емес, тағайындау.


Қорытынды сұрақтар:

1.Саяси тәртіп ұғымын аңықтаныз.

2.Ұғымдардың арақатынастары: саяси өкімет, саяси жүйе және саяси тәртіп.
Тақырып 6. Демократия және демократиялық тәртіп(режим) – 2 сағат

1.Демократияның моделдері және түрлері (Д. Хэлд).

2.Классикалық және либералдық демократия.

3.Қазіргі либералдық демократиялар. Демократия теориялары: "протективтік" демократия (Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье), "даму" демократия (Жан-Жак Руссо), марксистік теория демократиясы, плебисцитарлық демократия (М.Вебер).

4.Демократияның неолибералдық теориясы.
Демократия сөзі ғректің екі сөзінен тұрады: «демос» - халық және «кратос» - билік, демократия термині халық билегі дегенрі білдіреді. Осы термин бірнеше мағына береді, сондықтан демократия ұғымын түсінуде бірнеше козқарастар туып, түсініксіз жағдайлар жиі кездеседі. Бір ұғымбасқа ұғым орнынажұмсалады. Бірнеше мағынаны бөліп қарастырұға болады:


  1. Келісілген жағдайда барлық сұрақтар шешігетін ұжымдар және жетекшіні таңдаған кезде ұжымның әр мүшесі қатысып, өз көзқарасып білдіре алады.

  2. Демократия – мемлекетті қалыптастырудағы ерекше ретінде қарастырылады және ас мемлекеттің басқа типтерімен қатар тұрады.

  3. Демократия мемлекетті қалыптастыруда ерекше үлгісі ретінде қарастырылады, ол ерекшелік құндылық басып табылады, осындай кұндылыққа демократиялық мемлекетте еркіндік, теңдікті жатқызады.

  4. Демократия қағамды дамытудың мақсаты ретінде қарастырылады, ол жайлы көбінесе монархиядан, тоталитарлық мемлекетке көшу кезеңінде көп айтылады.

Демократияны утопия деуге де болады. Негізішінен мемлекет демократиялық болып табыла алмайды, себебі халық билігі иесі мемлекет ұғымдары сыйыспайды. Халық билігі барлық азаматтардың қоғамдық жұмыстарды басқаруына араласуын қарастырады мемлекеттегі саясат элементтерілің бірсыпырасы бұлдай араласуды қуптай алмайды. Мемлекеттің бірнеше мықты аппараттары халық билігі ұғымымен қатар тұра алмайды, сондықтан демократиялық мемлекет дегенді, әплеми турәпдін, утопиялық идея деп қырастырамыз, бірақ ас мемлекетті қалыптастырудың болған және қазыр бар ерекше турі.

Демократиялық мемлекет әр түрлі болуға мүмкін, бірең оларға ортақ белгілер де бар, ол ортақ белгілер мемлекетті демократия категориясында біріктіраді. Сондай негізгі белгілерге малсалар жатады:



  1. Халықты биліктің көзі деп қарау және демократиялық мемлекетке халыққа билік беріледі.

  2. Әр түрлі елдердей азаматтардық тау хуқылы болуы. Бұл әр түрлі деңгейде іспе асады, бірақ барлық азаматтардың сайлау құңығы бар екндігін білдіреді.

  3. Шешімді қабылдаған немесе іспе асырған кезде көпке аздың бағынуы.

  4. Мемлекеттің негізгі басімдерініз таңдалуы.

Демократиялық құрылым 2 түрлі жүзеге асады, демократия тура және аралық бола алады. Тура – мемлекеттік қоғамды басқаруының бір түрі, заңдарды және басқа да шешімдерді қабылдауда басқарушы егүмелері қатыса алады. Аралық – бұл халықтың билікті өздерінің арасынан шыққан таңдаулы адамдарға сеніммен тапсырғандығы, олар халық атынан билік жүргізеді. Аралық демократияға мысалға Афиналық құшеленушігін демократиясын жатқырұға болады. Афинаның халқы азамат статусына не еді. Бұл статус ерекшелеп тұратын категория емес, азаматтарға құқың беретін еді. Азамат болу атаң та, абырей да еді, сонымен қатар, үлкен жауапкершілік те артатын, азамат өзін демократ иялігу мемлекетте өмір сүрун даярлейтын. Афиналық азаматтарға азаматтың даярлықтан кейін берілетін, 18 жасқа толған жігіттердің басын қосып, оларға Афиналық мемлекеттегі атақты азаматтарды тәрбиеші қылып сайлайды. Жастарды тәрбиелеу мемлекеттің аса негізгі істерініз бірі басатын. Жас жігіттер бір жыл ішілде азамат болуға әзірленеді – дене тәрбиесімен айналысты өздерін рухани бай атты. Бір жыл оқытып болған соң, жетекші жоғары органдарға тәрбиесі туралы есеп біледі. Осы оқудан соң жігіттер бір жылға шекара күзетуге атталады 20 жастарында олар мемлекеттің тең қуқылы азаматтары болады, мемлекеттің саяси және экономикалық өміріне араласа бастайды. Жоғары органы – халық жиналысы. Әр азамат осындай жиналыстарда қатыса алды, кез келген заңды қабылдытуға немесе қандай де бір заңды қабылдатпауға қуқылы. Бұл жерлерде мемлекеттің заңдары қурастарылып, соғыс пен бейбітшілік сұрақтары шешіледі. Халық жиналысының әр ісіне азаматтардың барлығы да тікелей қатысып отырды.

Демократиялық қоғамды билікті жүргізуші кім деген сұрақтар тоңірегінде бірнеше көзқарастар, бірнеше концепциялар бар. Кең түнде таранғандары: ұжымдық, жеке және плюралистік козқарастар.

Ұжымдық – билікті атқарушы жеке тұлға емес, белгілі бір класс, халық болып табылады деген көзқарас, бұл концепцияны қосдайтындардыу шешімінше қызығумылықтарын қорғай алады деп ойлайды. Олар, жеке тулғалар өз құқығын әлеуметке тапсырған соң өздері ол биліктен айрылады, ан қоғамдық топ жеке тұлғалардың қызығушылықтарын корғайды.

Жеке – бұл көзқарастағылар, билік белгісі бір қоғымның емес, жеке азаматтаң иелігінде болу керек деп ойлайды. Мемлекеттік органдырдың барлығып ең алдымен жеке бір адам құрады, ал мемлекет тек жеке адамнан кестік ғана иелік етеді, сондықты да билік жеке адамдардіні болу к\к.

Плюралистік – демократиялық мемлекетті билікті жүргізуші жеке адам емес, халық емес, белгісі бір әлеуметтік топ болуы керек. Бұл топтың қызығушылықтары да, мақсаттары да ортақ, сондықтан осы топ әлеуметтік топтардың қоғамдағы қызығушылықтарын қорғай алады деп есептейді.

Қорыта иелгенде, біз демократиялық мемлекетте билік жүргізу әр түрлі жобада іске асады, ол қойылатын шартқа байланысты болады.


Қорытынды сұрақтар:
1.Демократияның моделдері және түрлері (Д. Хэлд).

2.Классикалық және либералдық демократия.


Тақырып 7. Азаматтық қоғам саяси феномен ретінде – 2 сағат

1.Азаматтық қоғам: тарихы және қазіргі заман.

2.Азаматтық қоғамның идеялары.

3.«Азаматтық қоғам» түсінігі, негізгі белгілері.

4.Азаматтық қоғамның құрылымы.
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де халық, қоғам, ел – деген ұғымдарға сәйкес келеді; тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, үкімет, әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.

Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.

Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:


  1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.

  2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.

  3. Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.ЖРуссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімнің арқасында мемлекет пайда болды дейді.

  4. «Зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.

  5. Географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

  6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі-бақи тән болған дегенді айтады.

7. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф.Энгельс мемлекет әрдайым «ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап бола алады және осы арқылы езілген тапты басып жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады» деп жазды.

8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттық мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Сонымен, мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері:

Аумақтық (территориялық) бөлінуі. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған. Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қол өнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болды. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылды. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, ұлыстар, болыстар пайда болды. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.

Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.

Мемлекеттің егемендігі. Ол ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.

Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.

Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы болуы керек. Ол халық бір ұлтты немесе көп ұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ.



Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа кіру-кірмеу өз еркіңде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң сол елдің азаматы болуы заңды құбылыс. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғалмаған болып келді. Ал бір елдің азаматы болған соң, сол елдің заңдарына бағынуға міндетті. Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері бар.
Мемлекеттің ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағадарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әртүрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с қатысады;

ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл ауқатын өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;

б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с. басшылық етеді;

в) мәдени тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сонымен қатар, мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.

Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; ә) өзін өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беруі және т.б.

Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әртүрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.



Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері, оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері, ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттің құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әртүрлі меншіктегі көп қырлы экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылды.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азамттарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатысуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:



  • ұлттық этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;

  • жеке тұлға мен азаматтық абыройлы болып саналатын пәтер, үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел жұртқа келіп кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

  • адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

  • азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалды.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана – сезімі, жүріс – тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншікпен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан – жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстімдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды. Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы – қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.



Қорытынды сұрақтар:

1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлерден нені ұқтың?

2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?



Тақырып 8. Саяси институт – 2 сағат

1.Саяси институт ұғымы.

2.Саяси институттардың классификациясы және құрылымы.

3.Саяси институттар және әлеуметтік қатынас.

4.Мемлекет саяси институт ретінде.

5.Мемлекеттің негізгі функциялары, мәңі, белгілер. Заң мемлекеті.


Мемлекет – бұл саясатты жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Мемлекет категориясы анықтауыштардың бірі болып табылады, өйткені барлық басқармалық функцияларды мемлекет жүзеге асырады. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.



  1. Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.

  2. Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі. Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:

  1. Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.

  2. Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.

  3. Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.

  4. Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.

Бұл теориялардың дәлелдемесі тарихта белгіленген және бұл дәлелдемелерді мемлекеттің пайда болғанын түсіндіргенде қолдануға болады. Кез келген мемлекеттің бірқатар ерекшеліктері бар, және бұл ерекшеліктердің бірігуін мемлекет деп атайды.

Ерекшеліктер:

1. Қоғамда үкіметтің орнауы, яғни бұл үкімет барлық қоғамға жатпайды, ол тек қана белгілі бір басқарушылық адамдарға жатады. Және бұл адамдар үшін басқару ісі мамандық болып табылады. Алғашқы қауымда белгілі бір мәселелерді шешуге руме тайпаның барлық мүшелері қатысты. Тайпа көсемі де басқа адамдармен бірге еңбек әрекетімен айналысты. Бұл мемлекеттің пайда болуынан бастап басқарушы адамдармен басқалармен жұмыс істемейді. Олар тек қана басқарады, егер ертеде басқарушылар сыйлық алуды тілесе, ал қазір олар төлемді талап етеді. Яғни қоғамнан тыс шығып өз категорияларын құрайды.


  1. Шекараның болуы. Мемлекеттердің пайда болуынан бастап шекаралар жүргізілді және шекараны бұзу, мемлекеттің ішкі ісіне араласу болып саналады.

  2. Күш жұмсауға заңдық құқығы. Адамның өміріне араласып, оны азаматтығынан айыруға тек қана мемлекеттің құқығы бар.

  3. Заң шығару құқығы. Ешкім (партия, класс) заң шығару құқығы жоқ.

  4. Әскерді, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету үшін салық алу құқығы.

Мемлекет саяси ұйым ретінде 6 мыңға жуық жыл өмір сүріп келе жатыр. Алғашқы мемлекеттік бірігулер ежелгі Шығыста пайда болды. Осы 6 мың жылда маңызды эволюциялық өзгеріске ұшырады. Осы өзгерістерді екі ірі кезеңдерге бөлуге болады.

  1. Дәстүрлі мемлекеттер – Алғашқы мемлекеттер бірігуі, өткен салттар мен дәстүрлерге сүйеніп. Бұрынғы көсем-монарх болып ауысады. Дәстүрлі мемлекет монархиялық мемлекет болып саналады.

  2. Конституциялық мемлекеттер – негізін реттелген және қабылданған конституция құрайды.

Қазіргі замандағы мемлекеттер түрлері: Қазіргі замандағы мемлекеттердің көбі конституция негізінде өмір сүріп, дамып келе жатыр.

Конституция –мемлекеттің негізгі құжаты, барлық заңдар мен кодекстердің алдында мәртебесі үлкен. Қазіргі заман конституциясы бірнеше бөліктен тұрады.



  1. мемлекеттердің саяси құрылысын анықтайды

  2. Азаматтардың негізгі құқығын анықтайды.

  3. Үкімет органдарының құрылымын, қызметін және бір-бірімен қарым-қатынасын анықтайды.

Конституция өмірі әр мемлекетте әртүрлі. Негізгі эталоны болып АҚШ конституциясы табылады. Бұл конституция өзінің 200 жылдың өмірінде 26 рет түзетуден өтті. Франция конституциясы жиі ауысты (қазір 16) 6 жыл ішінде Қазақстанда 2-ші конституция әрекеттің ұзақтығы нақты факторлармен анықталады.

  1. Қазіргі заман мемлекеттердің барлығы басқару түрі бойынша 2 ірі түрге бөлінеді.

  1. Монархиялар – негізгі ерекшелігі – басқарушы монарх болып табылады, заңдық соттық басқару өз қолында. Бұл басқару түрі мұра болып қалады. Монархиялар 2-ге бөлінеді.

  • Абсолютті монарх өзі елді басқарады

  • Шектелген (конституциялық)

Монархпен қатар өкілетті орган өмір сүреді, ол парламент түрінде болады. Мұнда басқарушы монарх емес – парламент. Монархтың бар болуы – мемлекеттің дәстүрі мен тұрақтылығының көрсеткіші және конституциялық монархиялар барлық дамыған капиталистік мемлекеттер саналуы мүмкін.

  1. Республикалар – негізгі ерекшелігі – басқарушы болып халық табылады. Ол өз басшылығын тікелей немесе жалғастыра жүзеге асырады, тікелей – сайлау кезеңінде, жалғастыра – сайлау өкілдері арқылы (депутаттар т.б.) Республика үшін сайлау органдарының нақты болуы тән.

Республика бөлінеді:

  • президенттік

Басшылықты жүзеге асыру президентке жүктеледі. Ол мемлекет басшысы болып саналады. Оның қызметі парламент қызметінен жоғары. Мұндай республикалар дамыған мемлекеттерге тән. (Мысалы: Батыс Европа).

Парламент басшылықты жүзеге асырушы парламент. Мұндай республикалар саяси қарым-қатынастағы орташа дамыған мемлекеттерге тән (Африка).

Қазақстан Республикасы бұл президенттік республика. Президент жұмысы өте кең, сондықтан оны алып тастау мүмкін емес. Қазіргі заман мемлекеттердің территориялық құрылысының сызығы бойынша саяси болу.


  1. Унитарлы территориялы құрылыс. Оның территориясында 1 ғана субъекті үкімет бар. Мұндай мемлекеттерге басқарушы орталығының шешімі барлығына міндетті. Мемлекет бойынша бір заң, бір президент (Қазақстан)

  2. Федеративті мемлекет құрылымы. Мұнда бірнеше субъекті басқару бар (Ресей, Германия, АҚШ). Басқару орталығымен қатар жергілікті басқару субъекті бар. Ресейде орталық үкіметімен қатар бірнеше субъекті үкімет өмір сүреді. Ресейдегі мұндай бөліну ұлттық бөлінуімен байланысты. Бірақ мұндай шарт міндетті емес, АҚШ-та барлық азаматтар, американдықтар, бірақ мұнда басқару орталығымен қатар басқару штаттары бар. Әрбір жеке штатта өз заңы бар, ең қиын мәселе орталық басқару қызметі мен жергілікті басқару қызметінің бөлінуі. Осылардың әрқайсысы өзіне көп басқарушылықты немесе күшті алғысы келеді. Осының себебінен қақтығыс болуы мүмкін (Шешенстан).

  3. Конфедеративті мемлекет құрылымы бірнеше мемлекеттер достастығы. Бірақ бұл достастық барлық аспектілері қоспайды, тек қажеттерді ғана (СНГ).

Көбіне тұрақсыз, басқа тез және жеңіл ауысады.

Құқықты мемлекет және оның негізгі нышандары.

Құқықты мемлекет идеялары мемлекеті құрылымымен анықталады, ол ондай мемлекеттің жоқтығымен мақтанады. Құқықты мемлекет ол идеал утопия. Құқықты мемлекетте 1-ші орынды адам алады. Мұндай мемлекетте адам толық бұғаудан босатылу тиіс. Мемлекет адамды оның құқығын қорғау үшін қолдан келгенін жасау керек. Негізгі нышандары:


  1. Дамыған азамат қоғамның бар болуы.

  2. Мемлекет іс-әрекет сферасындағы шектеулік.

Мемлекет азаматтардың ерікті шаруашылығымен айналысуына мүмкіндік жасау керек.

  1. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі.

  2. Құқықтың азаматтарға, кәсіп орындарға, ұйымдарға ортақ болуы.

  3. Халық тәуелсіздігі. Халық басшылығы. Бұлбасшылық мемлекет тұрғысынан қорғалып, сақталынады. Халық басқарудың негізгі және соңғы көзі болады, соңғы сөзді халық айтады.

  4. Үкіметтің бөлінуі. Үкімет бір, ол адамдарға тиісті, өз басшылығын өкілдер арқылы жүзеге асырады. Жоғарғы басшылық бір болса да, ол 3-ке бөлінеді:

  • заңдық

  • орындаушылық

  • соттық

Бұл бөліну мынадай мақсаттарды көздейді:

а) Әр басқаруды басқа 2 басқаруға қарсы қойып өлшеу

б) бөліну қоғамды неғұрлым компоненті басқаруға мүмкіндік береді.


  1. Қоныстандыру әдісінің тыйым салу әдісінің үстемдігі.

  2. Индивидтің бостандығын шектейтін жалғыз басқа адамдардың бостандығы мен құқығы. Азамат барлық істерін жасай береді. Басқа адамның бостандығын бұзбағанша. Осылайша қазіргі заманғы мемлекеттер нақты үшін топтарға бөліне алады, өзіне тиісті мінездемелермен. Осы үлкен топтарда жүздеген басқару түрлерін жүзеге асыратын нюанстар бар, ол территориялы құрылыс түрінде. Барлық мемлекеттер басқару түріне қарай бөлінеді:

  • демократиялы

  • демократиялы емес


Қорытынды сұрақтар:

1.Саяси институт ұғымын аңықтаныз.

2.Саяси институттардың классификациясы және құрылымы.
Тақырып 9. Саяси процесс– 2 сағат

1.Саяси процесс түсінігі.

2.Саяси өзгертулер.

3.Саяси өзгертулердің үлгілері: функционалдық, даму, құлдырау.

4.Негізгі факторлары.

Саяси процесс

1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;

2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.

Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуыЖеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;

3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;

4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

Дүниежүзілік саяси және құкықтық ілімдер тарихы — адам-заттың рухани мәдениетінің манызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси-қүқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, қүқық, бостандык, мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-қуқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары қазіргі замандағы саяси және кұкықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімзге бағыт береді. Қазіргі дүниені неғүрлым дұрыс танып, білу үшін және болашақ жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін адамдар әр уақытта, әр дәуірде өзіне дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың үзақ ғасырлық тәжірибесін пайдалану тарихи қажеттілік болып табылады. Қазіргі кезде елімізде алуан түрлі саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келді. Олар дүниеге келіп ғана койған жоқ, белгілі-бір мақсат ұстанған нақты күш ретінде саяси аренаға шықты. Олардың саяси қызметі мемлекет ісіне, құқыққа, саясатқа белгілі бір дәрежеде ықпал да жасауда.
Қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы, дамуы және саяси платформасы әлемдік тарихтың және Қазақстанның бұған дейінгі әр кезеңінде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас және үндес болып келеді. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде әлемдік саяси-кұқықтық ілім тарихының саяси тәжірибесі мен ғылыми тұжырымдарын ескерудің пайдасы зор болмақ.

Саясат пен ққұқықта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс
жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екендігі
белгілі. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесінің бұған дейінгі
тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен
идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары
саяси және қүқықтық ілімдер тарихы ғылымында сараланады.
Ендеше адамзаттың саяси және құқықтық жолда болашақты
Қорытынды сұрақтар:

1.Саяси процесс түсінігі аңықтаныз.

2.Саяси өзгертулер.
Тақырып 10. Саяси даму және өзгеріс – 2 сағат

1.Саяси даму және саяси өзгеріс.

2.Саяси даму: мақсаттары, мазмұны және шарттары.

3.Саяси дамудың дағдарыстары.

4.Саяси жаңарту теориясы: даму кезеңдері.

5.Жаңарту кезеңдерінің сипаттамалары.


Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;

екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;

үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;

төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.

Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі -универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.

Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.ДальГ.АлмондЛ.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.

Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.

Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

Саяси өзгеріс- саяси құбылыстардың эволюция қарқынының, тұрақты және өзгеріп отыратын белгілерінің, институттары мен түрлерінің, құрылымдары мен қызметтерінің өзгеріп отыруы. Саяси өзгеріс биліктің негізгі құрылымдары мен тетіктерін қозғамайтын қасиеттерін трансформациялауды білдіреді. Мысалы, көшбасшылар, өкімет, жеке институттар өзгеруі мүмкін, бірақ басты құндылықтарережелер, билікті жүзеге асыру тәсілдері бұрынғы сипатта қалады.

Саяси ғылымда өзгеріс көздері, тетіктері мен түрлері туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалы, Маркс саяси өзгеріс себептерін экономикалық қатынастар ықпалынан, Парето элиталардың циркуляциясынан, Вебер харизматикалық көшбасшы қызметінен, Парсонс адамдардың әр түрлі рөлдерді атқаруынан көрген.

Саяси өзгеріс түрлері: қызмет істеуі, дамуы және құлдырауы. Саяси құбылыстардың қызмет істеуі азаматтардың өзара қатынасын, мінез-құлық түрлерін немесе мемлекеттік билік институттары өздерінің тікелей қызметтерін орындауда қалыптасқан негізгі мәндерден өзгертпейді. Саяси өзгерістің екінші тәсілі - бұл даму. Саяси құбылыстардың негізгі өлшемдерінің оң сипатта эволюциялық өзгеруін білдіреді. Өзгерістің үшінші түрі - бұл құлдырау, саяси құбылыс эволюциясының теріс дамуын білдіретін негізгі түрлер мен қатынастардың өзгеру тәсілі.

Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.

Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді:


  • қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы;

  • өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы;

  • дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.

Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар:
1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді);
2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы);
3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).

Сонымен бірге мемлекетаралық, аймақтык және халықаралық қақтығыстарға байланысты сыртқы дағдарыстар да болады.


Қорытынды сұрақтар:

1.Саяси даму және саяси өзгеріс дегенді қалай түсінесіз?

2.Саяси даму: мақсаттары, мазмұны және шарттары.
Тақырып 11. Саяси идеологиялар– 2 сағат

1.«Саяси идеология» түсінігі, мәні және функциялары.

2.Оның қоғамның саяси өмірінде рөлі.

3.«Деидеологизация» және «реидеологизация» концепциялары.

4.Идеология және саясат. Идеологиялық нығаю.

5.Идеология және билік. Мемлекеттік және саяси идеология.

6.Идеологиялық күрес. Либерализм және неолиберализм.

7.Консерватизм және неоконсерватизм. Коммунизм және социализм. Социал-демократия.

8.Анархизм. Радикализм. Экстремизм. Фашизм. Феминизм.

9.Антиглобализм. Экологизм.


Саяси идеология қоғамдық сананың басты элементі болып саналады. Ол идеологиялық жүйенің өзегі бола отыра қоғамның саяси өмірінде маңызды орын алады. Сонымен идеология дегеніміз не?

Идеология теориясының негізін қалаушылар неміс ойшылдары К. Маркс, Ф.Энгельс және К.Мангейм. К. Маркс пен Ф.Энгельстің ойынша қоғамдағы әлеуметтік- кластық диференция нәтижесінде пайда болатын рухани негіз. Ол бір типті алғашқы қауымдық қауымдастықтың орнына әр түрлә әлеуметтік типтердің пайда болған кезінде олар арасындағы мүдделердің қайшылығынан туындайды,

Идеологияға мынандай анықтама беруге болады. Идеология- түрлі әлеуметтік топтардың, кластардың, қауымдастықтың қоғамдық болмысын олардың мүдделері тұрғысынан көрінетін және оған қызмет ететін қоғамдық сананың функционалдық сипаты.

Идеология –шындықтың бір жақты әлеуметтік-мүдделік бейнесі. К. Маркс пен Ф.Энгельс идеологияны бірнеше рет «иллюзияға толы», «жалған сана» деп атаған.

Дегенмен, марксизм көзқарасы бойынша, қоғамдық құрылысты объективті зерттеу барысында әлеуметтік –кластық жікке бөліп қарауды жоққа шығармайды.

Қоғамның әлеуметтік құрылы біркелкі болмағандықтан. Оның мүшелері арасында мүдделер қайшылығы туындап отырады. Сондықтан олардың арасында идеологиялық күрес жүріп отырады. Идеологиялық күрестің басты міндеті адамдардың санасына аталған қоғам мүшелерінің барлығының мүддесін білдіреді-ау деген идея ұстанып, оған ортақ нысан беру болып табылады. Осы мақсатта құндылықтарды этернизациялау (лат.мәңгілік) тәсілі қолданылады. Кез-келген билеуші класс өз идеологияясын адамдар санасына барынша құнды, маңызды етіп көрсетіп оны қоғам мүшелерінің санасына бекітуге тырысады. Осыған сәйкес, идеология дүниетаным мен құндылықтарды біріктіріп, өз дүниетанымын әлеуметтік институттар арқылы экспансиялайды. Бұрынғы уақытта бұл құралдың рөлін негізінен шіркеу, тәрбиелеу және білім беру жүйесі атқарса, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация атқарады.

Идеология осылайша қоғамды біріктіріп, билеуші элита билігініңәлеуметтік негізін қалауды көздейді.

Аяси идеологияның үш деңгейін көрсету саясаттану ғылымында кең тараған.Олар:

Теориялық-тұжырымдамалық. Бұл деңгейде негізгі ұсынылатын қоғамдық құрылыстың негізі болатын белгілі бір құндылықтар мен идеалдарды тудыратын саяси теориялар қалыптасады.

Бағдарламалық-директивтік. Бұл деңгейде әлеуметтік –философиялық қағидалар мен идеалдар нақты саяси бағдарламаларға, саяси элитаның лозунгтары мен талаптарына айналып қарсы топтармен күресудің стратегиясы мен тактикасына айналады.

Әрекеттік. Қоғамдық санаға қандайда бір идеологиялық ұстанымдағы бағдарламалар мен лозунгтарды енгізу белгілі бір саяси қылықтырдың типін туғызады. К.Мангеймнің ойынша, саяси идеологиялық жүйенің күшті бір қыры ол адамдарды қуаттандырып, бір ірекетке жұмылдыра алуында.

Әлемдік тәжірбиеде көптеген идеологиялық жүйелер қалыптасқан. Біз солардың ішіндегі ең ірілеріне ғана тоқталамыз.

Либерализм. Бұл әлемде аса кең тараған жүйелердің бірі. Оның негізі ХVII-XVIIIғғ. Қайта Өрлеу ккезеңінің идеяларының негізінде буржуазияның ұстанымы ретінде қалыптасты. Оның қайнар көздері болып Ш.Л.Монтескьенің, Д.Локктың, Т.Гоббстың, А.Смиттің Т.Джефферсонның, Дж.С.Милдің және т.б. еңбектері саналады. Либерализнің іргетасы болып тұлғаның бостандығы, қоғамдық инститтарға қатысты оның бағалануы, өзі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі, барлық адамдардың құқықтары мен мүдделеріне деген құрмет саналады. Либерализм өзінің идеологиялық ұстанымында индивидуализм мен гуманизм қағидаларын үйлестіруге тырысады. Мысалы, АҚШ-та индивидуализм қоғамдық құрылымның негізі ретінде қарастырылады. Өз күшіне ғана сүйену амарикандық «өмір образы» болып саналады. Сонымен бірге либерализм идеологиясы жеке бас бостандығы мен жеке меншікке негізделеді.

Консерватизм. Тарихта либрализмге қарсы консерватизм ұзақ уақыттан бері өз ұстанымдарын ұсынуда. Консерватизм төңкеріске қарсы феодалдық-клерикалдық идеология ретінде Құдай тәртібін бұзбауға насихаттаудан пайда болды. Консерватизм идеологиясының жасаушылар ағылшындық ойшыл және саясаткер Э.Берг және француздық қоғам қайраткерлері Ж. Де Местр және Л. Де Бональд.

Консерватизм идеологиясы табиғи түрде қалыптасқан тәртіпті бұзбауға шақырады. Сондықтан консерватизмнің негізі болып дәстүршілдік- яғни, отбасымен, дінмен, әлеуметтік жіктелу сияқты дәстүрлі құндылықтарды сақтауға үндеумен ерекшеленді.

Консерватизм де либерализм сияқты тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырады. ХХ ғасырдың 70-жылдарында неоконсерватизм пайда болды. Оның пайда болуы АҚШ-та билік басына республикашыл Р.Рейганның, Ұлыбританияда консерватор М.Тэтчердің, ГФР-да ХДСХСС блогының жетекшісі Г.Кольдің келуімен тығыз байланысты. Неоконсерватизм неолиберализм мен социализмге қарсы тұру қажеттілігінен пайда болды. Неоконсерватизм «аз билік ететін билік ең жақсы билік» деген қағиданы, яки антиэтатизмді ұстанды.

Социализм. Социалистік идеологияның негізі классикалық утопиялық социализмнің өкілдері Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн еңбектерінен бастау алады. Оны ары қарай К.Маркс пен Ф.Энгельс дамытып, іс жүзіне төңкеріс жасау арқылы асырған В.И.Ленин болды. Ленинизм идеясы ХХғ. 90 жылдардың басына дейін өмір сүрді. Оған қарама-қайшы әлеуметтік-саяси ұстанымдарды неміс ойшылдары К.Каутский мен Э.Бернштейн социал-демократиялық идеология ұсынды. Оның негізінде түрлі «социализм моделдері» пайда болды. Оның ішінде аса белгілісі шведттік модел болды.

Фашизм. ХХғ. 20-30 жылдарында национал-социалистік идеология, яғни фашизм кең қанат жая бастады. Фашизмнің басында италияндық социал-демократ Б.Муссолини мен неміс саясаткері А.Гитлер болды. Фашизм идеологиясы нәсілшілдік пен элитаризмге сүйенді. Мысалы, германдық фашизм арий нәсілінің артықшылығы насихатталды. Бірінші орынша жеке тұлға емес нәсілдік-этникалық және ұлтшыл-мемлекетшілдік қойылды. Фашизмге көсемшілдік немесе фюреризм тән.

Қорытынды сұрақтар:

1.Саяси идеология дегеніміз не? .

2.Қоғам өміріндегі идеологияның алатын орнын атаңыз.

3. Саясат және идеология өзара қатынасының ара жігін көрсетіңіз.


Тақырып 12. Саяси партиялардың теориясы – 2 сағат

1.Саяси партиялардың теория қалыптасуы.

2.Ұғым және саяси партия функциялары. Саяси партиялардың генезисі. Саяси клубтар.

3.Саяси партиялардың әлеуметтік базасы. Феномен «билік партиялары». Саяси партиялардың ұйымдық мінездемелері: мүшелік, негіздік элементтер, орталықтандыру дәреже, бірлік және фракциялық.

4. Саяси партиялардың таптастырулары. Тұрақты, бұқаралық және картелдік - саяси партиялар ( Кац Р. және Мэир П. ).

5.Саяси партиялардың зерттеулері және замандас Қазақстанның партиялық жүйелері


Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:

  1. 19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.

  2. Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.

  3. Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:

  1. Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.

  2. Партия – жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.

  3. Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі – билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.

  4. Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.

Кез келген саяси партия белгілі бір функцияларды, міндеттерді атқырады. Ол партияның функциялары мысалар:

    • әлеуметтік топтардың активтілігі;

    • саяси идеологияларды ойластыру;

    • мемлекеттегі билік ана үшін күресуге қатысу;

    • қоғамдық көзқарасты қалыптыстыру;

    • қоғамды саяси тәрбиелеу;

    • мемлекеттік аппаратқа кадрларды даярлау және ұсыну;

    • мемлекеттік билікті іске асыруға қатысу.

Саяси партиялар әр түрлі, және олар өте көп, сондықтан партияда саяси партиялардың типтілігі бар. Саяси партиялардың бірнеше типтілігінің ішінде, кең тарағамы негізгісі басып құндылықтарын бағалай алатын партиялар табылады. Осыған байланысты партиялар:

  • коммунистік;

  • әлеуметтік-демократиялық;

  • либералдық;

  • консервативтік;

  • фашистік.

Коммунистік – Марксистік, Лениндік идеологияны қосдайтындағы. Негізгі мақсаты – тапсыз коммунистік қоғам құру. Көп елдерде бұл партия билік басында бірнеше жылдар бойы болды, бірақ бірде-бір елде олардың мақсаты іске асқан жаң 80 жылде соңы мен 90 жылде басында. Батыс Еуропа елдері мен КСРО-да демократиямендыру үшін процестер өтті. Оның нәтижесіне Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде коммунистік билік жойылды.

Әлеуметтік – демократиялық партиялардың да мақсаты – осындай. Социализм құру; айырмашылығы: компартиялар революциялық жолмен жаңа қоғам орнатуды кездесе, әлеуметтік – демократтар қоғамдық бірізділікпен эволюциялық жасда өзгертуді қалайды. Қазіргі кезде бұл партиялардың саны өте көп, және олар көп елдерде билік басында.

Либералдық – бұл партиялар өз іс - әрекеттің ең жоғары шықына жеке тұлғамы және оның қажеттіліктерін қояды. Бұл партиялардың негізгі құндылығы – құңықтары. Олар адамды мемлекет билігінен, мемлекет қорлауынан сақтайды. Либералдық партия кезінде мемлекет жеке тұлғаның құқығын кепілі басып есептеледі.

Консервативтык – бұрынғы тәртіптер мен дәстүрлерді қайта жаңғыртуда кездесу. Саяси бағыт ретінде консервативтік партия отбасы тұтастығын, азамат абырайын қорғайды.

Фашистік – негізгі құндылығы болып қатаң орталық және қатаң тәртіп есептеледі, олар жеке тұлға қажеттілігінен мемлекет қажеттілігін жоғары қояды.

Саяси өмірге қатысу мүмкіндігі бар саяси жүйелер қоғамның саяси жүйесін құрастырады. Партиялық жүйе бір-бірімен бәсенелесу негізінде қалыптасады. Партиялық жүйеге сандың көрсеткіш иегіз басады. Партиялық жүйе: бір, екі және компартиялық басып бөлінеді. Бірпартиялық жүйе – демократиялық емес мемлекеттерге байланысты; тоталитарлық, авторитарлық. Бұл мемлекетті бір ғана билік жүргізуші партия болады.

Екіпартиялық жүйе – бұл билік үшін күресті екі партия жүргізетін жүйе, олардың ішіндегі жеңіске жеткені биліктің қарама-қарсы құрылымынен көп орын ала алады. Өте көп, бірақ негізгі күрес республикалық және демократиялық партиялар арасында жүреді және жеңіске жеткені ғана билік басына тұра алады.

Компартиялық жүйе – партиялардың саны өте көп болады, олардың барлығы да билідене таласа алады және олар бірлесіп үкімет құра алады, осындай партиялық жүйеде бір уақытта билік басында бірнеше саяси партия отыра алады.


Қорытынды сұрақтар:

1. Саяси партиялардың теория қалыптасуы дегеніміз не?

2. Ұғым және саяси партия функциялары атаңыз.
Тақырып 13. Сайлау және партиялық жүйелер – 2 сағат

1.Сайлау саяси институт негізінде.

2.Сайлау функциялары.

3.Сайлау жүйе мағынасы және ұғымы.

4.Саяси жүйенің ұғымы және үлгісі.
Сайлау — сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны болып табылады.Демократиялық қоғамда сайлау мынадай міндет атқарады: мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады; саяси элита мен жетекшілерді іріктейді; үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды; мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді; саяси жанжалдың алдын алады. Осы міндеттер атқарылу үшін сайлау жалпыға бірдей, тең, төте (жанама сайлаудың демократиялығы төмен), жарыспалы, ерікті түрде өтуге тиіс. 

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ,Франция, Ұлыбритания, т.б. елдердіңпрезидент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:


  • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

  • қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:



  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

  • аумақтық сайлау комиссиялары;

  • округтік сайлау комиссиялары;

  • учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:



  • ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;

  • жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;

  • азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

  • шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;

  • кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу;

  • аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.

Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.

Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады. 



Қорытынды сұақтар:

1.Сайлау саяси институт негізінде не қарастырады?

2.Сайлау функциялары қандай болады?
Тақырып 14. Замандас мемлекетте конституциялық ірлендіру (дизайн) – 2 сағат

1.Мемлекеттік биліктің ұйым жүйесі.

2.Конституция және конституционализм ұғымы.

3.Конституциялардың таптастыруы.


Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануғамонополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілері



  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскерполиция жатады;

  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:



Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, ИталияФранцияҚазақстан т.б. осы түрге жатады.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШАлманияМалайзия, т.б. жатады.

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатурамемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:



  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады.

Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілікфеодалдықбуржуазиялықсоциалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.


Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:

  • номполис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);

  • бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);

  • орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);

  • империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.

Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі. 

Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді. 

Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.

Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасынын құқықтық формасы.

Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.

Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:



  • елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;

  • заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;

  • биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929 — 33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп, оның еркін алмасуын тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген мақсатына және кейбір елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі

Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ күрделі міндеттер болып табылады.

Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.



Мемлекеттік айыптаушы — қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға сәйкес негізде мемлекет атынан айыптауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан туындайды.

Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі1992 жылы құрылған. Қазақстандық қолөнер шеберлерінің туындыларын және көне замандардан жеткен зергерлік бұйымдарды жинап, сақтап және зерттеп, насихаттауды көздейді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейін құрудағы мақсат: республика көлеміндегі көптеген музейлерде сақталған, археологиялық қазбалардан табылған әр ғасыр қолөнер шеберлерінің бұйымдарын бір жерге шоғырландыру; тәуелсіздікке дейін жақын және алыс шетелдерге шығарылған тарихи-мәдени құндылығы зор асыл заттарды Қазақстанға қайтарып, жинақтауға ықпал ету. Зергерлік өнер туындыларын осылайша бір музейге шоғырландыру ерте замандардан бері сабақтастығын үзбей келе жатқан өнердің көркемдік, технологиялық әдіс-тәсілдерін, композиция стилдерін салыстырмалы түрде, әр қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі 2000 жылы Астана қаласына көшірілді.[2][3][4]

Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд АрабиясындаОманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламентқұрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. УкраинаныңМолдованыңГрузияныңӨзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды.БолгарияныңРумынияныңКамбоджаныңБразилияныңКолумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. АрменияныңӘзербайжанның,ЛитваныңТәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.



1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.

Конституционализм - [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio - заң] –

a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;

ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді;

б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық мемлекет" ұғымы болып табылады.

Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.

Конституциялық сот - бір-қатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғарғы соттардан әзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мысалы Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мысалы ГерманиядаИталиядаРумынияда,БолгариядаМонғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табыла¬ды. Конституциялық Соттың мүшелеріне парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде Конституциялық Сот мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды. Конституциялық бақылау жасаумен қатар Конституциялық Соттың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. Құқығы бар. Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. "Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен Конституциялық Сот құрамы 11 адамнан жасақталды. Тиісті заңға және 1993 жыл¬ғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Конституциялық Сот республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылады. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігігі қам¬тамасыз ету міндеті жүктелді және оның зандар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп корсетілді. "Қазақстан Республикасы Конституциялық соты туралы" Заңда анықталғандай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинеті мүшелерінің Жоғарғы сот пен Жоғарғы төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі тура¬лы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б. жатты. 1995 жылы конституцияға сәйкес Конституциялық Соттың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.
Қорытынды сұрақтар:

1.Мемлекеттік биліктің ұйым жүйесі.

2.Конституция және конституционализм ұғымы.
Тақырып 15. Парламентаризм теориясы – 2 сағат

1.Парламентаризм тарихының негізгі кезеңдері. Парламент және парламентаризм түсінігі.

2.Замандас парламент функциялары. Парламенттің құру реті және тарқатылуы.

3.Институционалдық парламент құрылымы: палаталар. Институционалдық парламент құрылымы: комитеттер.

4.Парламент ұйымдық құрылымы: төраға, коллегиалдық басқаратын орган, палатталар, комитеттер, аппарат.

5.Парламенттің саяси құрылымы: фракциялар. Парламенттің жұмыс тәртібі. Зан қабылдау.

6.Парламенттік дебаттар. Парламенттердің таптастыруы.
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән.  Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.

Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның –  алғаш рет  Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін  Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің  орнына келді.

Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау  жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.

Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын  және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.

1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті.  Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым  демократиялық  сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің  өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.

«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР  Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі  «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет  аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.

1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар – Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған  және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің  жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.

1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының  оң серпіні үшін өріс ашты. 

Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды.  1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті. 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте,  өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты. 

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін   тоқтатуынан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды.  Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының  жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.

1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 проценті қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда – 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.

Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық Бірлігі Одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.

1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.

Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте қиындау болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.

Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын мойындаған жөн.  Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр».

Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.

Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.

1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.

1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.

Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.

Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы  Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. 

Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. 

Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.

1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

  Бірінші сайланған қазақстан республикасының парламенті: 1996-1999 жылдар

 Бірінші сайланған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы желтоқсанда өтті.

Сенатқа 40 депутат – 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі-екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады.

Депутаттардың көпшілігі сайланғанға дейін басшы қызметтерде істеген, олардың ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қызмет тәжірибесі, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардағы, кәсіпкерлік, өндірістік және әлеуметтік салалардағы жұмыс тәжірибесі болды. Сенат депутаттарының арасында 4 әйел, 60 жастан асқан 4 адам болды. Барлық депутаттар жоғары білімі бар дипломды мамандар болды. Олардың ішінде 10-ы – заңгерлер, 10-ы – экономистер, 9-ы – инженерлер,  8-і – ауыл шаруашылығы мамандары.

Депутаттық корпустың құрамында 4 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Көптеген депутаттар бұрын заң шығарушы органдарға сайланған еді, олардың арасында Қазақ КСР, КСРО халық депутаттары, кәсіби заң шығару қызметінде тәжірибесі бар, он екінші және он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болды.

1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек БАЙГЕЛДИ Сенаттың Төрағасы болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 69-бабына сәйкес және екі жылға сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына орай 1997 жылғы 8 қазанда  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттарды 4 жылға сайлау өтті. Бес облыстың таратылуына байланысты сайлау Республиканың  14 облысы мен Алматы қаласы бойынша өтті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 15 депутат сайланды. Олардың ішінде 11-і бұрын Сенат депутаттары болса, 4-і – алғаш рет сайланды.

Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Ақмола қаласы бойынша депутаттарды сайлау өтті. Сенат құрамына екі депутат сайланды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. 67 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауының нәтижелері бойынша ерлер басым-58, әйелдер-9 депутат болды. Палатаның барлық депутаттары жоғары білімді, оның ішінде 7-і ғылым докторы, 10-ы ғылым кандидаты.

Сайланған депутаттардың арасында жергілікті атқару органдарының және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері көбірек болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болды. 4 депутат уақытша жұмыс істемеген. Аграрлық салада – 11 депутат, мәдениет саласында 3 депутат жұмыс істеген. Құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып  әрқайсысында екі-екі депутат қызмет істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған.

1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып Марат Тұрдыбекұлы ОСПАНОВ сайланды.

 

ЕКІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1999-2004 жылдар



 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1999 жылғы қыркүйектегі және 2002 жылғы қазандағы сайлауларда Сенат құрамының жартысы қайта сайланды. Қазақстан Республикасының бес облысы таратылуына байланысты екінші сайланған Сенат депутаттары 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Таратылған облыстардан сайланған депутаттар өкілеттік мерзімі біткенге дейін жұмыстарын жалғастырды, сондықтан 1999 жылғы желтоқсанға дейін Сенатта 44 депутат жұмыс істеді.

2003 жылы Сенатта 39 депутат болды. Олардың үшеуі әйел. Барлық депутаттардың жоғары білімі бар, соның ішінде 9 – заңгер, 6 – экономист, 11 – инженер, 7 – ауыл шаруашылығы маманы, 6 – педагог, саясаттанушы, журналист.

4 академик, 6 ғылым докторы, 3 профессор, 3 ғылым кандидаты Сенат депутаты болды. Палата депутаттары көпшілігінің заң шығару, дипломатиялық қызмет тәжірибелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелеріндегі, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және кәсіпкерлік салалардағы басшылық қызметтің тәжірибелері бар.

Көптеген сенаторлар бұрын Жоғарғы Кеңестің және бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланған.

Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағалары болып Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ (2004 жылғы 10 наурызда депутаттық өкілеттігі аяқталғанға дейін жұмыс істеді) және Нұртай ӘБІҚАЕВ (2004 жылғы 10 наурыздан бастап) сайланды.

 1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді.

Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді. 

Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды.

Сайланған 77 депутаттың  8-і - әйел, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында бір академик, жеті доктор және әртүрлі мамандықтары бар жиырма ғылым кандидаты болды.

Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылығы ғалымдары мен мамандары – 8, журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б.

Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Жармахан Айтбайұлы ТҰЯҚБАЙ сайланды.

 

ҮШІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2004-2007 жылдар



 1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланған 16 сенатордың сайлауы 2005 жылғы тамызда өтті.

Жаңадан сайланған сенаторларды қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда Парламент Сенатында 39 депутат өз қызметін атқарды. Парламентшілердің орташа жас мөлшері – 57 жас, 37 ер адам, 2 әйел. Депутаттардың барлығы жоғары білімді, олардың 19-ы екі жоғары оқу орнын бітірген. Депутаттардың қатарында техникалық білімі бар – 13 адам, гуманитарлық білімі бар – 16 адам, заңгерлер – 10 адам болды.

Депутаттардың көпшілігі сайланғанға дейін мемлекеттік секторда жұмыс істеген, оның ішінде 28 парламентші басшы лауазымдарда қызмет істеген. Көпшілігінің заң шығару қызметіндегі, сондай-ақ өндірістік, әлеуметтік және кәсіпкерлік салалардағы, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтегі, қоғамдық ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі бар.

2005 жылғы 1 желтоқсанда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып Нұртай ӘБІҚАЕВ сайланды.

 Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2007 жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Сенат Төрағасы болып сайланды.

 Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.

Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды.

67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең  бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды.

10 депутат тең өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан,  «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.

Сайланған парламентшілердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды:  «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4,  «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.

Палатаның депутаттық құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған  Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста.

Барлық депутаттар жоғары білімді. 37 парламентші екі жоғары оқу орнын бітірген.

28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы бар.

Парламентшілер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.

Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. бар.

Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өсті. Мәжілістің 29 депутаты осының алдындағы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі -  Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.  

Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды

 «Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»  Қазақстан Президенті Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін аяқтады.

 

ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2007-2011 жылдар



Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 2007 жылғы тамызда болып өтті.

 Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Мемлекет басшысы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.

 Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады.  Олардың 98 депутаты   біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамызда өткен сайлауда    «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. Палатадағы 9 орын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарға берілді.

Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 
39 депутаты, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан – 
8 адам, білім, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.

Палатада білімі бойынша әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 42 депутат, заңгерлер – 34, педагогтар – 23, олардың бірқатары басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алған. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары  - 9.

Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет  және өнер қайраткерлері мен басқа да мамандықтың иелері бар.

Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты бар, 


35 парламентші екі жоғары білім алған.

 Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балкар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді.

 Әйелдердің саны екі еседен астам артты, олар  – 17 депутат.

Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымға қарағанда бір жасқа төмен. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 мен 59 жас аралығындағы депутаттар құрайды, олардың саны – 44, одан кейінгі орында 40 пен 50 жас аралығындағылар – 


36 депутат, 60 жастан асқан депутаттар – 23 адам және ең аз топ 30 бен 40 жас аралығындағылар – 4 депутат.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Аслан Есболайұлы МУСИН сайланды. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.

2008 жылғы қазанда төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды.

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық шығаруына байланысты  2011 жылғы 16 қарашада тоқтатты.

 

БЕСІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2012 жыл -



Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда қалыптастырылды.

Бесінші шақырылымда конституциялық нормаларға сәйкес 2008 және 2011 жылдары сайланған, 2007 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған Сенат депутаттарының өкілеттіктері жалғастырылды.

Парламент Мәжілісінің сайлауына жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі қорытынды нәтижелер бойынша  сайлаушылар даусының 7%-дан  астамын жинады  және Парламент Мәжілісіне: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол»  Демократиялық партиясы (7,47%), Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (7,19 %) өтті.

Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан – 9 депутат. Мәжіліс құрамында барлығы 107 депутат бар.

Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 43 депутаты кірді.

Палатада  білімі бойынша біліктілігі әртүрлі инженерлер бар, олар – 30 депутат, педагогтар – 21, заңгерлер – 13 депутат. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары  - 10.  

Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскерилер, журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері және басқа да мамандық иелері бар.

Мәжілісте 2 академик,  17 ғылым докторы мен  27 ғылым кандидаты бар, 60 парламентші екі жоғары білім алған.

 Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс,  өзбек және ұйғыр кірді.

 26 депутат - әйел адам.

Бесінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 56 жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 жастан  59 жасқа дейінгі депутаттар құрайды, олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін  40 жастан 49 жасқа дейінгі депутаттар  – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас аралығындағылар – 4 депутат.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы  болып Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН сайланды.

 

Қорытынды сұрақтар:
1.Парламентаризм тарихының негізгі кезеңдері.

2. Парламент және парламентаризм түсінігі.



6.3.3 Практикалық (семинар) сабақтары

СЕМИНАР САБАҚТАРЫ




1 тақырып.

Cаясат туралы жалпы түсінік


2


2 тақырып. Саяси ғылым және теориялық негіздері



2

3 тақырып. Саяси билік және оның түрлері


2

4 тақырып. Саяси даму және өзгеріс.

2

5 тақырып. Саяси институт.

2

6 тақырып. Саяси жүйе

2

7 тақырып. Саяси процесс

2

8 тақырып. Саяси институт

2

9 тақырып. Азаматтық қоғам саяси феномен ретінде

2

10 тақырып. Мұсылмандық философия және теология

2

11 тақырып. Саяси даму және өзгеріс

2

12 тақырып. Сайлау және партиялық жүйелер

2

13 тақырып. Саяси идеологиялар

2

14тақырып. Конституция және оның негізгі қызметі

2

15 тақырып. Саяси басқарудың теориясы

2

БАРЛЫҒЫ:

30 сағат

6.3.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ)







Тақырыптық тапсырмалар атаулары

Оқыту факторы

Сағат

саны


1.

Саясат қоғамдық өмірдің сферасы

хабарлама

2

2.

Саяси ғылым жјне саясат теориясы.

конспекті

2

3.

Билік ұғымы. Саяси билік.

Тезис жазу

2

4.

Саяси жүйе.

Реферат

2

5.

Саяси тәртіп (режим).

Баяндама

2

6.

Демократия және демократиялық тәртіп (режим).

хабарлама

2

7.

Азаматтық қоғам

конспкет

2

8.

Саяси институт.

Реферат

2

9.

Саяси процесс.

Ауызша журнал

2

10.

Саяси даму және өзгеріс.

Тезис жазу

2

11.

Саяси идеологиялар.

Реферат

2

12.

Саяси партиялардың теориясы

хабарлама

2

13.

Сайлау және партиялық жүйелер

баяндама

2

14.

Замандас мемлекетте конституциялық ірлендіру (дизайн)

Реферат

2

15.

Парламентаризм теориясы

Тест

жұмысы


2




БАРЛЫҒЫ




30 сағ


1 межелік бақылау сұрақтары

  1. Саясат ұғымы.

  2. Саяси ғылымның пәні.

  3. Саяси ғылымның тарихи дамуы.

  4. Қазіргі Қазақстанда саяси ғылым туралы.

  5. Билік ұғымының негізгі қолайлы жолдары.

  6. Билік түрлері.

  7. Билік легитимдігі.

  8. Саяси жүйе: құрылымы, шекарасы.

  9. Саяси мәдениет концепциясы.

  10. Саяси сана.

  11. Саяси идеология: құрылымы және функциялары.

  12. Дәстүрлі идеология: социализм, анархизм, консерватизм, либерализм.

  13. Фашизм, глобализмге қарсы, экологизм және феминизм идеологиялары

  14. Мемлекет түсінігі саяси одақ ретінде.

  15. Саяси одақтардың тарихи түрлері: вождествалар, полистар.

  16. Й.Шумпетер демократия теориялары

  17. Р.Дал демократия теориялары

  18. Саяси даму және өзгерту. Тұрақтылығы.

  19. Модернизация теориялары

  20. Транзитология.

  21. Тәуелділік теориясы


2 межелік бақылау сұрақтары

  1. Саясат ұғымы.

  2. Саяси ғылымның пәні.

  3. Саяси ғылымның тарихи дамуы.

  4. Қазіргі Қазақстанда саяси ғылым туралы.

  5. Билік ұғымының негізгі қолайлы жолдары.

  6. Билік түрлері.

  7. Билік легитимдігі.

  8. Саяси жүйе: құрылымы, шекарасы.

  9. Саяси мәдениет концепциясы.

  10. Саяси сана.

  11. Саяси идеология: құрылымы және функциялары.

  12. Дәстүрлі идеология: социализм, анархизм, консерватизм, либерализм.

  13. Фашизм, глобализмге қарсы, экологизм және феминизм идеологиялары

  14. Мемлекет түсінігі саяси одақ ретінде.

  15. Саяси одақтардың тарихи түрлері: вождествалар, полистар.

  16. Мемлекет тегіліренің негізгі теориясы.

  17. Жалпылық және қоғам.

  18. Азаматтық қоғам.

  19. Азаматтық қоғам құрылым туралы дискуссиялар.

  20. Азаматтық қоғам: құру процестерінің зерттеуі.

  21. Саяси факторлар және саяси қатысу: ұғымдардың маңызы

  22. Саяси процес: макро- және микро деңгейлер.

  23. Саяси тәртіп: ұғымы және таптастыруы.

  24. Тоталитаризм концепциялары (К.Фридрих – З.Бжезинский, Х.Арендт).

  25. Авторитаризм, оның сипатамалары және түрлері


Саясат теориясы пәнінен емтихан сұрақтары


  1. Саясат ұғымы.

  2. Саяси ғылымның пәні.

  3. Саяси ғылымның тарихи дамуы.

  4. Қазіргі Қазақстанда саяси ғылым туралы.

  5. Билік ұғымының негізгі қолайлы жолдары.

  6. Билік түрлері.

  7. Билік легитимдігі.

  8. Саяси жүйе: құрылымы, шекарасы.

  9. Саяси мәдениет концепциясы.

  10. Саяси сана.

  11. Саяси идеология: құрылымы және функциялары.

  12. Дәстүрлі идеология: социализм, анархизм, консерватизм, либерализм.

  13. Фашизм, глобализмге қарсы, экологизм және феминизм идеологиялары

  14. Мемлекет түсінігі саяси одақ ретінде.

  15. Саяси одақтардың тарихи түрлері: вождествалар, полистар.

  16. Мемлекет тегіліренің негізгі теориясы.

  17. Жалпылық және қоғам.

  18. Азаматтық қоғам.

  19. Азаматтық қоғам құрылым туралы дискуссиялар.

  20. Азаматтық қоғам: құру процестерінің зерттеуі.

  21. Саяси факторлар және саяси қатысу: ұғымдардың маңызы

  22. Саяси процес: макро- және микро деңгейлер.

  23. Саяси тәртіп: ұғымы және таптастыруы.

  24. Тоталитаризм концепциялары (К.Фридрих – З.Бжезинский, Х.Арендт).

  25. Авторитаризм, оның сипатамалары және түрлері

  26. Й.Шумпетер демократия теориялары

  27. Р.Дал демократия теориялары

  28. Саяси даму және өзгерту. Тұрақтылығы.

  29. Модернизация теориялары

  30. Транзитология.

  31. Тәуелділік теориясы

  32. Революция теориясы

  33. Саясат ұғымы.

  34. Саяси ғылымның пәні.

  35. Саяси ғылымның тарихи дамуы.

  36. Қазіргі Қазақстанда саяси ғылым туралы.

  37. Билік ұғымының негізгі қолайлы жолдары.

  38. Билік түрлері.

  39. Билік легитимдігі.

  40. Саяси жүйе: құрылымы, шекарасы.

  41. Саяси мәдениет концепциясы.

  42. Саяси сана.

  43. Саяси идеология: құрылымы және функциялары.

  44. Дәстүрлі идеология: социализм, анархизм, консерватизм, либерализм.

  45. Фашизм, глобализмге қарсы, экологизм және феминизм идеологиялары

  46. Мемлекет түсінігі саяси одақ ретінде.

  47. Саяси одақтардың тарихи түрлері: вождествалар, полистар.

  48. Й.Шумпетер демократия теориялары

  49. Р.Дал демократия теориялары

  50. Саяси даму және өзгерту. Тұрақтылығы.

  51. Модернизация теориялары

  52. Транзитология.

  53. Тәуелділік теориясы

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет