Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет66/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
1. Кӛбесов А., Әл-Фараби – Алматы: Қазақстан, 1971.-75б. 
2. Жұмабаев М. Шығармалары- Алматы:Жазушы, 1989-447б. 
3. Даналардан шыққан сӛз. //Құрастырған Ұ.Асылов –Алматы: 1987.-230 б. 
4. Кӛбесов А., Әл-Фараби – Алматы: Қазақстан, 1971.-75б. 
5. Баласағұн Ж. Құтты білік / кӛне түркі тілінен ауд. А.Егеубаев. - Алматы: Жазушы, 
1986 -178б. 
6. Қасенов С. Шешендiк сӛздердiң поэтикасы: Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. — 
Алматы, 1999.— 25 б. 
7. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары - Алматы.:Рауан, 1994 -215б. 
8. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары- Алматы, 1985- 215б. 
9. Омарова Г.А. Тұлғаға-бағдарланған технологияның оқыту үдерісіндегі маңызы. / Ұлт 
тағылымы. №1. – А., 2006. 
10. Балтабаев М.Х. Современная художественная культура Казахстана. - Алматы, 1998. 
11. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және 
теориялық мәселелері. – Алматы: Қайнар, 1993. – 151 б. 
12. Лихачев Д. С. Великое наследие // Избранные работы в трех томах. Том 2. – Л.: 
Худож. лит., 1987. – С. 3-342. 
13. Муханбетжанова Ә.М. Қазіргі білім беру жүйесінде педагогты кәсіби дамыту. // 
Қазақстан жоғары мектебі. - №1. – Б. 126-130. 
ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Рахметова Гүлімай Жетпісбайқызы 
Аренова Асыл Хадыржановна
Ш. Есенова атындағы Каспийский мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім берудің 
мазмұнын жетілдіру болып табылады. Білім берудің мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, 
іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік 
проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне 
және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің 
жиынтығын меңгертуге бағытталған. Білімге бағытталған оқытудан құзыретті, тұлғалық-
бағдарлы білім беруге көшу білім берудің мазмұнында экономикалық, саяси, құқықтық, дене, 
коммуникативтік мәдениет компоненттерінің, сонымен бірге, еңбек, жанұялық қарым-
қатынастар, салауатты өмір салтын ұстану, өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің көрініс 
табуын белгілейді [1]. 
Осы міндеттерге сәйкес мектептердің басты мақсаты – оқушының өз тұлғалық 
мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның 
айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Мектепте әрбір бала қайталанбайтын, 
ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Оқыту үрдісі барысында әрбір баланың 
даралығын ашу мектепте тұлғалық-бағдарлы білім беруді ұйымдастыруды қажет етеді. 
Бұл білім берудің мазмұнына, оқыту технологиясына өзгеріс енгізу қажеттілігінің бір 
көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін педагогикаға көптеген оқытудың түрлері енгізілуде. 
Солардың бірі – тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан оқыту технологиясы. «Тұлғалық-бағдарлы білім 
беру» ұғымы қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Тұлғалық-бағдарлы білім беру максаттан 
гөрі негізінен кұндылыктарға бағытталған. Осы окыту түрін жан-жақты зерттеп, оның 
теориялық-әдіснамалық негізін жасау – біздің міндетіміз болып табылады. 
Ізгіліктік педагогикасы, тұлғаға деген қызығушылық, оқушының сұранысына бағытталу, 
жалпыадамзаттық ізгіліктік, рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау – қазіргі қоғам мен білім 


141 
беру жүйесінің даму бағыттары болып табылады. Бүгінгі мектептің мақсаты – өзінің үздіксіз 
білім алуына және өз бетімен дамуына бағытталған азаматты тәрбиелеу. Дәстүрлі білімділікке 
бағытталған оқыту жаңа қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, өмірде 
өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, дербес, белсенді, 
үнемі даму үстінде болатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу үшін инновациялық 
педагогикалық парадигма, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне жаңа тұжырымдамалық тұрғылар 
қажет болып отыр.
«Тұлғалық-бағдарлы білім беру», 
«тұлғалық-бағдарлы тұрғы» ұғымдарының 
түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл пікірлердің көптігі былайша түсіндіріледі: кез-
келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әр қайсысын тұлғалық-
бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен 
технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғалық- 
бағдарлы білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді.
Тұлғалық-бағдарлы білім берудің орталығы тұлға болып табылады. Осы білім беру 
парадигмасын жасау үшін тұлға ұғымына анықтама беріп, оның құрылымын белгілеу қажет. 
Тұлғалық-бағдарлы білім беруді ұйымдастыру үшін «тұлға» ұғымының мәнін ашудың маңызы 
мынада: тұлға, оның құрылымы, қасиеттері, даму механизмі жайындағы түсініктер 
оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда тұлғалық-бағдарлы ортаны 
ұйымдастыруда аса қажет. Сондықтан «тұлға» ұғымын жан-жақты талдау қажеттілігі 
туындайды. 
Тұлға – психология және педагогика ғылымдарының іргелі ұғымдарының бірі. «Тұлға» 
ұғымының психология ғылымындағы көпмәнділігін көрсету мақсатында осы саладағы көрнекті 
теорияларға шолу жасасақ [2]. Отандық және шетелдік психология және педагогика 
ғылымдарында түрлі тұлға теориялары қалыптасқан. Олардың әрқайсысы тұлға ұғымын және 
оның құрылымын түрліше түсіндіреді. 
Іс-әрекеттік тұлға теориясы (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, К.А.Абульханова-
Славская) тұлғаның орталығы, оның даму көзі – іс-әрекет, бұл субъектінің қоғаммен өзара 
әрекеттесуінің күрделі динамикалық жүйесі, оның барысында тұлғаның қасиеттері 
қалыптасады.
Мысалы, Карл Роджерс тұлғаны өзім ұғымымен түсіндірген: ұйымдасқан, ұзақ мерзімді, 
субъективті қабылдайтын мән. Гордон Олпорт тұлғаға мынадай анықтама береді: тұлға – бұл 
адамның дүниемен өзара әрекеттесуінің сипатын беретін ішкі «бірнәрсе». Ал Эрик Эриксон 
түсінігінде индивид өмір бойы психологиялық-әлеуметтік дағдарыстар қатарынан өтеді және 
оның тұлғасы дағдарыстың нәтижелік қызметі түрінде көрінеді. Джордж Келли тұлғаның әрбір 
индивидке тән өмірлік тәжірибені ұғынудың ерекше тәсілі деп түсіндірген [3].
Тұлғаның қалыптасуы білім мен дағдыны меңгеру, үйренудің нәтижесі (Э. Торндайк, Б. 
Скиннер және т.б.). Олар тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын адамның сол ортаға бейімделуіне 
мәжбүр болатын ортаның өзінде жинақталған қасиеттері көмегімен түсіндіреді. 
Биогенетикалық тұрғыда тұлғаның даму негізіне ағза жетілуінің биологиялық үрдістері 
салынған (С. Холл, Э. Кречмер, 3. Фрейд және т.б.) [4]. Психогенетикалық тұрғы биологиялық 
та, ортаның мәнін де жоққа шығармайды, бірақ жетекші орынға шынайы психикалық 
үрдістердің дамуын шығарады [5]. 
«Тұлға-индивид – бұл қоғамда индивид қатысатын қоғамдық сипатта болатын қарым-
қатынас жиынтығында меңгерілетін ерекше қасиет..» [ 6]. 
«Психологияда тұлға – бұл пәндік іс-әрекетте және қарым-қатынаста индивидтің 
меңгеретін жүйелі (әлеуметтік) қасиет, ол индивидтің бойында қоғамдық қарым-қатынастардың 
қалыптасу деңгейін көрсетеді» [ 7]. 
«...Тұлға – таным, толғаныс және дүниеге деген көзқарас негізінде дүниені өзгертуші 
субъект ретіндегі нақты адам» [8]. 
«Тұлға өзінің қоршаған ортаға, қоғамдық ортаға, басқа адамдарға деген қарым-
қатынасымен анықталады. Бұл қарым-қатынастар адамдар іс- әрекетінде жүзеге асады... Адам 


142 
қаншалықты өзінің қоршаған ортаға қарым- қатынасын саналы түрде анықтаса, ол соншалықты 
тұлға болып табылады» [9]. 
«Тұлға – бұл адам болмысының идеалды ерекше формасы. Ол адамға субъективтілік 
сапасын береді, яғни өзінің себебі болуға, өзінің болмысын дүниеде жасауға мүмкіндік береді» 
[10]. 
Осылайша, бұл анықтамаларды талдай отырып, тұлғаны сипаттайтын үш мәнді 
қасиеттерді анықтадық. Олар: бағытталу, іс-әрекет және қоғамдық қарым-қатынастардың 
жиынтығы. Аталған үш компоненттермен бірге тұлғаның маңызды қасиеттері де анықталған: 
бір тұлғаны басқалардан ерекшелейтін жеке құрылымдар жиынтығы. Психологияда бұл 
қасиеттерді «жекелік, даралық» ұғымымен сипаттайды.
Б.Г.Ананьев адамның тұлғалық қасиеттерін былайша суреттейді: «тұлғаның 
кұрылымдық-динамикалық қасиеттерінің бастапқы сәті – осы тұлғаның тұрақтанған және 
қалыптасқан қоғамдағы мәртебесі. Мәртебе негізінде жүйелер құрылады: а) қоғамдық 
қызметтер – рольдері; ә) мақсаты мен құндылықты бағдарлары [11]. 
Ал, К.К.Платоновтың зерттеулерінде тұлғаның иерархиялық құрылым идеясы 
ұсынылады. Тұлға құрылымында төрт негізгі құрылым астылар бар: бағытталуы (тілегі, 
ұмтылысы, қызығушылығы, бейімділіктері, идеалдары, көзқарастары, сенімдері); тәжірибесі 
(білім, іскерлік, дағды, әдет); психологиялық процестер (ерік, сезім, эмоция, ойлау, есте сақтау, 
қабылдау, түйсік); биопсихологиялық қасиеттер (темперамент, жыныстық, жас, патологиялық 
және фармакологиялық қасиеттер) [12].
Қазіргі педагогикалық сөздікке жүгінсек, «тұлға» - 1) дербес әрекет ететін субъект 
ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің 
дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкерілікпен 
анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам [13]. 
Жоғарыда берілген тұжырымдамаларды зерделей отырып, қорытындылар жасаймыз: 
-
тұлғаның мазмұны түрлі теориялық түсініктер тұрғысынан қарағанда бастапқы 
«сыртқы әлеуметтік бейне» тұжырымдамасында берілген түсініктен кеңірек; 
-
көптеген анықтамаларда даралық немесе дара ерекшеліктер мағынасы ерекше аталып 
өткен; 
-
тұлға генетикалық және биологиялық бастамаларды, әлеуметтік тәжірибені және 
өзгермелі қоршаған ортаның жағдайларын қоса ішкі және сыртқы факторлар әсер ететін 
субъект ретінде қарастырылады. 
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында анықтағанымыз, қазіргі 
уақытта теория мен практикада тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің үш парадигмасы 
анықталған: когнитивтік, іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлы. Когнитивті білім беру 
парадигмасына сәйкес оқытудың тұлғалық аспектілері танымдық мотивацияны және танымдық 
қабілеттерді қалыптастыру, сонымен қатар басқа адамдардың және өзінің іс-әрекетіне мәндік, 
құндылықты және эмоционалдық баға беруде тәжірибе жинақтау. Ең бастысы – тұлғаның 
ақпараттық қамтамасыз етілуі. Мақсаты – іс-әрекеттің белгілі бір білімін және тәсілін меңгерту. 
Идеологиялық, басқару және экономикалық тұрғысынан ең тиімді және қажетті тұрғы. 
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан – тұлғадан алыс білім беру түрі. Іс-әрекеттік 
парадигмада бағыттаушы – қоғамның білім беруге әлеуметтік тапсырысы. Білім берудің 
мақсаты – әлеуметтік, еңбек және көркемдік-қолданбалы іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз 
ететін жалпы тәсілдерді, білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру. Когнитивті және іс-әрекетке 
бағытталған білім беру парадигмалары негізінен білім сапасына қол жеткізуге бағытталған. 
Нәтижесі – оқығандық және әлеуметтік даярлық.
Ізгіліктік – тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттер жиынтығын беретін, адамға 
ең жоғарғы құндылық ретінде қарауда саналы және бірге сезінуден көрінетін тұлғалық сана. 
Ізгіліктің негізгі сипаттамасы – адамгершілік, оның негізгі мәні – болашаққа бағытталу, өзінің 
шығармашылық мүмкіндіктерін еркін түрде іске асыру (Г. Оллпорт, А. Маслоу), өз-өзіне сену 
және «Мен-идеалға» қол жеткізу мүмкіндігі (К.Роджерс). Сонымен қатар тұлғаның ізгілігі бірге 
сезіну, бірге әрекеттесу, бірге қатысу сынды қабілеттерімен байланысты сапалардан да 


143 
көрінеді. Міне, сондықтан ізгіліктің басты әлеуметтік педагогикалық мақсаты – тұлғаға 
бағытталу.
Адамды жаңаша түсіну білім беру мазмұнын, формаларын қайта ұғынуды қажет етеді. 
Осы бағытты ұстанған гуманисттер балаға ерекше құрметпен қараған, схоластикалық оқыту 
мен қатаң тәртіпке қарсы шыққан. Мұнда өзара байланысқан бірнеше бағыттар айқындалған. 
Олар сол кезеңде өмір сүрген ұлы ойшылдар есімдерімен байланысты: 
-
тәрбие үрдісін ізгілендіру (Витторино де Фельтре, Мишель Монтень және т.б.); 
-
ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу (Леонардо да Винчи, Джордано Бруно, Франсуа Рабле және 
т.б.); 
-
тұлғаның жан-жақты дамытылуы (Томас Мор, Томазо Кампанелла және т.б.); 
-
тұлғаны тәрбиелеудегі табиғатқа сәйкестік тұрғысы (Я.А.Коменский, Жан-Жак Руссо 
және т.б.); 
-
тұлғаны еңбек етуге дайындау (Джон Локк, Иоганн Песталоцци); 
-
оқытуды өндірістік еңбекпен байланыстыру (Иоганн Песталоцци, Роберт Оуэн және 
т.б.) [14]. 
Олар әрбір баланың бойынан білімге деген қызығушылық пен білімқұмарлықты 
дамытуға талпынған.
XX ғасыр – альтернативті білім беру түрлерінің тұрақтану кезеңі. Оларды түрліше 
атайды: «еркін тәрбие», «еркін білім беру», «жаңа тәрбие», «жаңа мектептер», «прогрессивті 
мектептер», «экспериментальды мектептер», «ашық оқыту», «қажетті мектептер». Осы 
кезеңдегі Ұлыбритания және АҚШ-тағы новаторлық оқу орындарының практикалық жұмыс 
тәжірибесіне көңіл бөлсек. Мысалы, Ф. Адлердің АҚШ-тағы этикалық мәдениет мектебі, 
А.Нейлдің Ұлыбританиядағы Саммерхилы және т.б. [15].
Қазіргі шетелдік тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан білім беру XX ғасырдың 60-80 жылдары 
пайда болған ізгіліктік тәрбие мен тұлға дамуының тұжырымдамаларын жасаушылардың 
есімдерімен тығыз байланысты.
Осы тұжырымдамалардың негізінде Гордон Олпорттың («Диспозициялық тұлға 
теориясы»), Абрахам Маслоудың («Ізгіліктік тұлға теориясы»), Карл Роджерстың 
(«Феноменологиялық тұлға теориясы») еңбектері жатыр [16]. Бұл кезеңді тұлғалық-бағдарлы 
педагогикасы дамытылуының бесінші кезеңі деп белгіледік.
Жоғарыда аталған шетел авторлық мектептерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері 
бар. Мектеп жұмыс жасайтын аймақтың өзіндік ерекшелік жағдайларын, оқушылардың ұлттық 
және әлеуметтік ерекшеліктерін есепке алуда көрінеді. Олар мектеп ұжымының оқыту мен 
тәрбиеде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған мектептердің 
барлығына тән жалпы белгілері бар: 
-
әрбір оқушы тұлғасын құрметтеуге негізделген педагог пен оқушылардың қарым-
қатынас жүйесі; 
-
өзін-өзі басқару органдарын құру және олардың жұмысын қолдау; 
-
мектеп үшін маңызды шешімдерді бірігіп қабылдау; 
-
мектеп дәстүрлерін қалыптастыру; 
-
мектепте сезімдік қолайлы жағдай тудыру.
Жоғарыда қаралған идеялар бүгінгі тұлғалық-бағдарлы білім берудің тұжырымдамалық 
негізін құрайды. Олардың кейбіреуі «ойын терапиясы» негізін жасауда және дарынды 
балаларды оқыту әдістемесін жасауда өз жалғасын табуда.
Кеңес дәуірінде бұл ұстанымдар мектептің идеологиясынан да, практикасынан да 
аластатылды. Бірақ сол кезеңдегі мектептің алдына қойған мақсаты ізгіліктік бағытта болып 
қала берді: «дербес ойлауға, ұжыммен ұйымдаса әрекет жасауға, өз әрекетінің нәтижесіне 
жауап бере алатын, өз белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға қабілетті» жан-жақты 
дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары тұлғалық-бағдарлы педагогиканың 
әдіснамасын құрайды. Олар: 
-
балаға деген тұлғалық тұрғы – педагогикалық ұстанымдардың негізгісі; 


144 
-
мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынастары балаларға оқу стимулын беретіндей, 
оларды шығармашылық өзара әрекеттесуге қатыстыратындай болуы тиіс; 
-
оқуда зорлау болмауы тиіс; 
-
оқушыға таңдау мүмкіндігі берілуі тиіс; 
-
оқу материалы ірі блоктармен берілуі тиіс; 
-
сыныпта интеллектуалдық атмосфера тудыру маңызды, өзін-өзі талдауды 
белсендендіру қажет – бұл балалардың қызығушылықтарын кеңейтеді; 
-
ұжымдық шығармашылық жұмыстар балалар мен ересектердің ынтымақтастығын 
кеңейтеді, қоғамдық пайдалы істерге шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарауды 
дамытады; 
-
мұғалімдер арасында ынтымақтастық және өзара көмек көрсету қарым-қатынастары 
қалыптасуы тиіс. 
Бүгінде мемлекеттің білім беру жөніндегі саясаты кең көлемді білімді игерген, 
шығармашылық және сыни тұрғыда ойлай білетін, түрлі салада қызмет істей алатын, табиғат 
және қоғам өміріндегі күрделі мәселелерді тұтастай қарап, өз бетінше талдау жасай алатын, 
тұлғаны даярлау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет