Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет180/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
ӘОЖ 152.26
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ 
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ 
Битабаров Е.А. 

 
п.ғ.к., аға оқытушы, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
Алтынбекова Н.М.
 
– 
бастауыш сынып мұғалімі, Абай ат. жалпы орта білім беретін мектеп-
интернаты, Арыс, Қазақстан
Жунисбекова Ж.А.

 
п.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат. ОҚУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Решение задач, стоящих перед этнопсихологической наукой в Казахстане, может 
достигаться разными способами. 
Во-первых, безусловно, необходимо дальнейшее осуществление планомерной и тщательной 
разработки теоретических и методологических проблем этой отрасли знаний, обобщение и 
развитие уже накопленного в этой области отечественного и зарубежного опыта. 
Во-вторых, широкие возможности в исследовательской деятельности этнопсихологов у нас 
в 
стране 
предоставляет 
изучение 
национально-психологических 
особенностей 
представителей большого количества разнообразных этнических общностей нашего 
государства, одного из самых полиэтнических в мире. Его народы существенно 
различаются по своей численности, экономике, культуре, традициям и психологии. 
В-третьих, решение ряда задач этнической психологии может осуществляться в 
сотрудничестве с другими науками, с которыми она тесно связана, так как имеет сходный 
объект – явления, происходящие среди людей в процессе их взаимодействия и общения и 
затрагивающие их психику. 
Ряд этих вопросов и были рассмотрены в данной работе. 
 
Summary
The solution of the problems facing ethnopsychological science in Kazakhstan can be achieved in 
different ways. 


487 
First of all, it is absolutely necessary to continue systematic and thorough development of 
theoretical and methodological problems of this branch of knowledge, generalization and 
development of domestic and foreign experience already accumulated in this area. 
Secondly, the study of the national psychological characteristics of representatives of a large 
number of diverse ethnic communities of our state, one of the most multi-ethnic in the world, 
provides a wide range of opportunities for research activities of ethnopsychologists in our country. 
Its peoples differ significantly in their numbers, economy, culture, traditions, and psychology. 
Third, the solution of a number of problems of ethnic psychology can be carried out in cooperation 
with other Sciences with which it is closely related, since it has a similar object – phenomena that 
occur among people in the process of their interaction and communication and affect their psyche. 
A number of these issues were considered in this paper. 
Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, 
социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке 
тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.
Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке 
тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам». 
Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен 
сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық 
функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын 
жан деп түсінеміз.
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада 
өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды 
айтамыз.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген: 
Мәдени-тарихи даму концепциясы 
Іс-әрекет теориясы. 
Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы. 
4. Үйрету теориясы 
5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы. 
Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз 
адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға 
бөліп көрсетуге болады: 
Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция 
бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау 
барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді 
пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты 
белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі 
болады. 
Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев 
теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы 
жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті 
қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету). 
А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет 
жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам 


488 
заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де 
белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе 
ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және 
ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол 
әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның 
ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін 
талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің 
түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын 
әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін 
түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді 
нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде 
жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық 
міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек. 
Қазақ халқының қарым-қатынас мәдение деген көзқарасының өзіндік 
ерекедігі бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне мән беріп, қазақ отбасылары баласын 
мәдениеттілікке, халқының рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын 
бойына сіңіріп келген. Бұл мәселелер жөнінде алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова 
болса, ал Қ.Т.Шерияздановамен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ 
ұстаздарды кәсіби дайындауда қарастыр-ды.Жоғары оқу орындарында қарым-
қатынас мәдениетін игеруін, оны студенттердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізу 
жастардың қарым-қатынас мәдениеті бүгінгі өмір талабына сай,ұлттық сипатта 
жүзеге асыру қажет.
Мәдениет дегініміз не? – деген сұраққа сөздің этимологиясына, шығу тегіне 
тоқталайық. Қазақ тіліне бұл ұғым арабтың «Маданият» қала,қалалық деген 
сөзінен шыққан. Қазіргі заман сөздіктерінде: 
а) мәдениет – белгілі-бір халықтың қол жеткен табыстары мен 
шығармашылығының жиынтығы; 
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі-бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен 
өзіндік ерекшеліктері; 
б) мәдениет – адам әрекетінің белгілі-бір санасының жетілу деңгейі т.б. 
Филисофиялық тұрғыда мәдени даму барысы қалыптас қан ойлау тәсілі, 
дүниетаным арқылы түсіндіріледі. Э.Кассирер, З.Фрейд және т.б. 
тұжырымдамаларын жатқызуға болады. ХХ ғасырдың ойшылдары мәдениетті 
тілмен теңестіре қарап, «тілді адам тірішілігінің негізі, маңызды анықтаушы 
деп бірауыздан қолдауы». Бүгінде тіл – негізгі коммуникативті құрал ғана емес, 
адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін танытатын ұғым болып отыр. 
Адам қарым-қатынасының маңызын, құрылымын, типологиясын қарым-
қатынастың әлеуметтік тұжырымдамасы қарастырады. Қарым-қатынас 
жасудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, 
адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен 
байланысты. 
С.Елеусізова қарым-қатынас орнатуды:
а) адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті; 


489 
ә) адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін 
қатнас сипаттарын ашып көрсетті. 
М.И.Лисина қарым-қатынасты екі немесе одан да көп адамның қатынастарын 
жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке 
бағытталған өзара әрекеттері деп түсіндірді. С.А.Козлова, Т.А.Куликова өз 
зерттеулерінде қарым-қатынас мәдениетін мінез-құлықтық және жеке тұлғалық 
мәдениетінің құрамдас бөлігі екендігін ашып көрсетеді. 
Біздің елімізде қарым-қатынас мінез-құлықтың және жеке тұлғалық 
мәселелермен Қ.Т.Шериязданова, С.М.Елеусізова т.б. ғалымдар зерттеуде. 
Қ.Т.Шериязданова студент жастардың қарым-қатынасындағы мәдениетін баспа 
сөз құралдары, кітап оқу, ертегі, әңгімелер тыңдау, кино, театр, мұражай, 
көрмелерге бару арқылы қалыптастыру жолдарын ұсынады. Қарым-қатынас
мәдениеті адамзаттың ғаырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерді 
сақтауға негізделеді. Бұл ережелер әдеп деп атаймыз. Әдеп – адамдар 
арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу ережесі. Отбасындағы ата-ананың 
сөйлеген сөздері, мінез-құлықтарындағы олқылықтары жас адам бойында 
тұрпайы сезімдерді ұялатып, нашар мінездің қалыпт асуына себеп болады.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығының ең негізгі 
ұйытқысы болған – оның ғажайып тілі. Сұхбаттасқан адамның жан дүниесін 
тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне, әсәресе сырласының жүрек 
түкпіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру - әрбір қазақтың қарапайым 
қарым-қатынас мәдениетінен барша болмысына дейін айқын көрініс тауып 
отырады. Қазақ халқы өз жеті аталық зердесі көшпелі қазақтың өз шыққан тегі 
және рулық байланыстарын міндетті түрде білуі шарт болған. Жегжат-
жұрағаттардың сондай-ақ ру аралық туыстық қарым-қатынастардың құқтары 
мен міндеттері, сый-сияпаттарының деңгей дәрежелері, қадір құрметінің шек-
шекаралары тиым-талқыларының ауқым аясы әрбір адамға арналған қатал 
әдепке бағынып отырған. Әрбір қазақ өз қандастарының арасында туысқандық 
парызын неғұрлым терең тамырластықпен сезінсе, соғұрлым жақын 
жұрағатының аясы кеңейіп, өзгелердің де оған деген мейірім шапағаты молая 
түседі. Мұндай қарым-қатынастың аясы отбасы мен рудан әрі асып, тайпалық, 
жүздік, одан әрі бүкіл халықтық сипатқа енеді.
Жоғары мектепте өтетін «Этнопсихология» пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің 
қағидаларын меңгеру арқылы адамды рухани шынықтырып қана қоймай, 
ұлттық мінез-құлықты қалыптастырады. Студент жасындағы адамның 
қоғамдық белсенділігі артып, оның сана-сезімі өсіп, жан қуаттары шыңдала 
түседі. Қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өз қарым-қатынасын бағалауға, 
рухани өмірге қызығу имандылық пен адамгершілік қасиетінің кемелдене 
бастайды. Жас адамның жұртпен қарым-қатынасында, өзгелермен пікірлесуде 
дүние танымы мен көзқарасы дами түседі. Ұлттық мінез-құлықты 
қалыптастыруда мәдени қарым-қатынас этетикалық, әлеуметтік және 
моральдық талаптар сақталынады. Мәдени қарым-қатынас іскер адамдар 
арасында болады. Ол істі алға дамытып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер 


490 
адамдарға мәдени қарым-қатынас өз ойларын түсіндіре, дәлелдей және жеткізе 
алулары қажет. Жоғары мектеп студенттеріне өтетін «Психология» пәнінен 
сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгеру арқылы адам рухани 
шынығып қана қоймай, ұлттық мінез-құлықты қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет