Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет55/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Kısaltmalar: KEDS
Kazak Edebi Dili Sözdigi
(2011), XV Cilt, A. Baytursınulu Dil Bilimi 
Enstitüsü Yayınları.
ӘӨЖ 
ӘЛ-ФАРАБИ МЕН М. ҚАШҚАРИ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДАҒЫ 
ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ ІЗДЕРІ 
 
Анарбаев Қайрат Сапарханұлы 
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің 
директоры, т..ғ.к. 
 
Резюме 
Данной статье рассматривается проблемы исторический приемственность степной 
цивилизаций и ее следы в работах Аль- Фараби и М.Кашгарского.
Summary 
This article discusses the problems of the historical succession of the steppe civilizations and 
its traces in the works of Al-Farabi and M. Kashgarsky. 
 
Кез келген адамның, халықтың кіндігі өткен бабаларымен тек қанымен 
ғана емес, олар өмір сүрген байтақ өмірмен де біте қайнасқан. Адамзат 
баласының өмір сүру үшін жасаған барша тіршілік әрекеті түптеп келгенде оның 
адамдық болмысының айғағы. Сондықтан Еуразияның кең байтақ далалық 
аумағында табиғаттың жағдайына қарай негізгі күнкөрісінің көзі мал болған 
арысы түрік бабамыз, берісі қазақ атамыздың тарихын сол сайын даладағы 
көрініс берген мәдениет пен өркениеттен, әсіресе, халықтық, ұлттық рухани 
сабақтастықтарынан тыс қарастыру мүмкін емес. Өйткені, ортағасырларда 
даланы мекен еткен халықтардың шаруашылығы көшпелі болғанымен, рухани 
болмысы көшпелі болмаған [1, 179 б.]. Сондықтан бір халықты немесе ұлтты 
тану үшін тарихи қазба, жазба, материалдық, этнографиялық т.б. деректермен 
бірге, әуелі сол халықтың немесе ұлттың дүниетанымының негізін құрайтын 
рухани құдіретті күштің қайнары саналатын 
тілінің
,
ділінің
және 
дінінің 
тарихына, хронологиялық және мазмұн мен мәндік жағынан өзара сабақтастық 


131 
тұстарына ерекше
 
үңілу керек. Кері жағдайда кез келген ұлттың тілі мен ділінен, 
дінінен бейхабар зерттеушілер сияқты халықты, ұлтты тұтастай тануда қате 
қабылдауларға орын беруіміз мүмкін.
Бұл орайда өткен тарихымызды, руханиятымызды түгелдеуде ең алдымен 
Ұлы Даланың, қазақ халқының төл перзенттерінен мұра болып қалған заттай 
немесе жазба деректер құнды жәдігерлер саналады. Солар арқылы ғана біз 
кешегі ата-бабаларымыздың Еуразия құрлығында көшпелі мал шаруашылығын 
ең биік шыңына жеткізгенін, адамзаттық өркениетке мәдениеттің барлық 
салаларында зор үлес қосқанын және сол далалықтардың бүгінгі заңды мұрагері, 
әрі түркі әлемі «қарашаңырағының» иесі саналатын бүгінгі қазақ халқының 
рухани әлемін жете ұғынамыз. Өз кезегінде олай жасау бүгінгі күнгі қазақты тану 
немесе Қазақтану мәселесінде бұл үнемі есте сақтайтын негізгі қағидалардың 
бірі деп санаймыз. 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 05.01.2021 жылы 
Егемен Қазақстан газетінде жарияланған «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет