Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

*Мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын AP148770415 «Алаш кезеңі 
әдебиеті: интегративті фольклортану контексі және жаңа ғылыми парадигма» ғылыми 
жобасы 
аясында жазылды.
ӘӨЖ 
Ж. АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ «ЖАҢАБАЙДЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ТРАГЕДИЯ» 
ӘҢГІМЕСІНДЕ ҰЛТ ТАҒДЫРЫНЫҢ СУРЕТТЕЛУІ
1
 
 
Қайырбек Кемеңгер
филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі 
E-mail: 
KKemenger@mail.ru

 
Түйін
Алаш кезеңі әдебиеті – мазмұны мен идеясы, көркемдік сипаты елдік мұрат, ұлттық 
мүдде аясында қалыптасқан азаматтық тарихымыздағы бай рухани қазынаның бірі. 
Аталған әдеби мұраны жинау, жүйелеу, зерттеу үрдісі еліміз тәуелсіздік алған уақытта 
біршама қалыптасты. Алаш әдебиетіндегі фольклорлық дәстүр белгісі көрнекті қаламгер 
Ж.Аймауытұлының «Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгімесінде . Аталған шығарманың 
белгілі тарихи кезеңде жазылу себебі айқындалады. Соның ішінде социофольклортану 
аясында шығарманың мазмұны мен идеясы ашылып, әңгіменің көркемдік шешіміне, идеясына 
әсер еткен фольклорлық мотивтер, мысалдар, кейіпкерлер көрсетіледі. 
 
Резюме
 
Литература Алашского периода – одна из богатейших духовных сокровищ нашей 
гражданской истории, содержание, идея, художественный характер которой сложились в 
рамках национального наследия и государственных интересов. Процесс сбора, 
систематизации, изучения данного литературного наследия достаточно хорошо 
сформировался в период обретения нашей страной независимости. Проявление фольклорной 
традиции в алашской литературе анализируется на основе рассказа выдающегося писателя 
Ж. Аймаутова «Трагедия в душе Жанабая». Определяется причина написания данного 


65 
произведения в определенный исторический период. В рамках социофольклористики 
раскрываются содержание и идея произведения, демонстрируются фольклорные мотивы, 
примеры, персонажи, оказавшие влияние на художественное решение, идею рассказа.
 
Фольклортанушы ғалымдар фольклоризмді кең мағынада түсінуді 
қуаттайды. Қаламгердің нақты фольклорлық материалмен тікелей ықпалдасуын 
ғана емес, сондай-ақ фольклордың синкретті сипатын есепке ала отырып, көркем 
шығармадағы халықтық мәдениет, таным құбылысының түгел жиынтық әсерін 
зерттеуге ұмтылады. «Фольклор мен әдебиеттің арақатынасын сыртқы 
«тоғысудан» ғана емес, олардың «өзгертілген» түрдегі байланысының 
заңдылықтарын ашуға тырысу керек»
[1, 14 б.], - деген пікір бар. 
Интегративті фольклортану контексіндегі Алаш кезеңі әдебиетін жаңа 
ғылыми парадигмалар тұрғысынан зерттеу – бүгінгі әдебиеттануда соны ізденіс 
саналады. Алаш кезеңі әдебиетінің жанрлық ерекшелігін эстофольклортану, 
әлеуметтік 
фольклортану, 
мифофольклортану, 
этнофольклортану 
[2] 
аспектісінде қарастыру арқылы біз көркем шығармалардың сол сипатта, 
мазмұнда, тақырып пен идеяда жазылуының кілтін айқындауға ұмтыламыз. 
Сондай-ақ фольклордың интегративтілік категориясы аясында алаш 
ренессанстық әдебиетін тұтас мазмұынын түсінуге әрекет жасаймыз. Бұл 
бағыттағы қазіргі ғылыми ізденістер қазақ сөз өнерінің ұлттану, елтану, 
аймақтану тұрғысындағы көркемдік-эстетикалық қуатын, фольклорлық 
мұраның ұлтты ұйыстырудағы идеологиялық арқауы мен рухани кемелденудегі 
тұғырын ұтымды пайдалануының әлеуметтік астарын тереңірек ұғындырады.
Мысалы этнофольклортану аспектісінде әдеби-фольклорлық байланыс 
Алаш кезеңі әдебиетінен айқын көрінеді. Кең мағынада фольклорлық-
этнографиялық контекст арқылы мәтінді мәтіннен тыс фольклорлық-
этнографиялық шындықпен байланыстыратын барлық нәрсені түсінуге болады. 
Екінші 
жағынан, 
аталған 
шығармада 
әдеби 
контекст 
ретінде 
трансформацияланған нақты бір фольклорлық және этнографиялық материалды 
айта аламыз. Ғалым У.Б.Далгат пікірі осы соңғы анықтаманы қуаттайды [3, 14 
б.]. Мысалы Ж.Аймауытұлының «Қара бақсы» әңгімесінде Көшербай бақсы 
ауруға шалдыққан кейіпкерді емдейді. Кейіпкер сөзі халық өміріндегі «дерт 
көшіру» үлгісіндегі өлеңмен беріледі [4, 102 б.]. Сол арқылы алаш қаламгерінің 
шығармасына арқау болған наным-сенім ғұрпы фольклорына тән бақсы сарыны 
арқылы әдеби мәтіндегі фольклорлық-этнографиялық контексті байқаймыз.
Идеялық-эстетикалық 
бірлік 
аясындағы 
әдеби-фольклорлық 
интеграцияның негізі эстофольклортанудағы фольклоризм үдерісінен көрінеді. 
Фольклоризмнің ғылыми концепциясын анықтайтын әлемдік деңгейдегі 
тұжырымдар (М.К.Азадовский, Д.Н.Медриш, У.Б.Далгат, Д.С.Лихачёв, 
Н.И.Савушкина, Г.Г.Гамзатов, т.б.) бар.
Алаш қаламгерлері оқырманға айтар ойын фольклор арқылы тұспалдап 
жеткізуге тырысты. Фольклор сюжетін өз мақсатына пайдаланып, тарихи кезең 
шындығын халқына ишарамен, тұспалмен, жұмбақпен беруге ұмтылды. Мысалы 
М.Жұмабайұлы шығармаларында фольклордың әсері жарқын көрініс тапты. 
«Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Ертегі», «Өтірік ертек», 


66 
«Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Жүсіп хан» поэмаларында, «Жер жүзін 
топан басса екен», «Ақсақ Темір сөзі», «Тәңірі», «Бөбектің тілегі», «Пайғамбар», 
«Жұмбақ», «Бесік жыры», «Ескендірдің екі мүйізі», «Мені де өлім әлдиле», 
«Берниязға», «Түркістан» өлеңдерінде фольклор сюжеті мен жанрлық белгісі 
айқын көрінеді. «Өтірік ертек» поэмасын автор Арлаудың «Мысық, тышқан» 
атты он төрт суреті бойынша жаздым деген ескерту жасайды [5, 152 б.]. Ол 
шығарма да фольклорлық форма негізінде жазылған. 
Фольклор шығармаларының үлгісін Алаш кезеңінде жанрлық, 
тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық жағынан жаңа сапалық биікке 
көтерілген қазақ жазба әдебиетінде молынан байқай аламыз.
Мысалы алаш әдебиетінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Аймауытұлының 
шығармаларында фольклорлық дәстүр мен сабақтастық айқын көрінеді. 
Жазушының «Жаңабайдың жанындағы трагедия» атты әңгімесінде кейіпкерлер 
есімін беруде, мазмұнында, стильдік қолданыста фольклор ықпалын айқын көре 
аламыз [4, 70-81 бб.]. Фольклорлық шығарма кейіпкерлерінің есімі арқылы 
халық оның мінезін, болмысын, кісілік келбетін, адамгершілік қасиетін, 
қоғамдағы әлеуметтік орнын, тұрмыс жағдайын, туыстық қатынасын меңзеген. 
Мысалы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабай есімі кейіпкерге тегін 
берілмегені анық. Қарабай сертінде тұрмай аманатқа қиянат жасап, Сарыбай 
құдасы мерт болған соң, жетім қалған Қозыға қызымды бермеймін дейді. Ниеті 
қара, зұлымдыққа жақын Қарабайдың есімін халық ұрпақтан ұрпаққа жағымсыз 
бейнеде сақтап келді [6].
Ж.Аймауытұлы әңгімесіндегі бас кейіпкер есімі Жаңабай. Автор шығарма 
кейіпкеріне бұл есімді тегін берген жоқ деп айта аламыз. Әңгіме жазылған 1924 
жылы қазақ даласында жаңа билік орнап жатты. Большевик билігі күшейе 
бастап, халықты таптық ұстаныммен, пролеториат диктатурасымен басқару 
жолға қойылды. В.Ленин өмірден озып, орнына қатал тәртіп ұстанған, әсіресе 
ұлттық саясат мәселесінде қатігездік танытқан И.Сталин дәуірі басталып жатты. 
Қазақ жері Алашорда тұсында жоспарланғандай біртұтас аймаққа, автономиялы 
елге айналмады. Түркістан өңірі пышақпен тілінгендей жеке ұлттық 
республикаларға бөлшектенді. Сан ғасыр қазақ құрамындағы ру-тайпалар 
тарихымен, Қазақ хандығымен тағдырлас Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахан 
сынды қалалар, мәдениет ошақтары, шекаралас өңірдегі жергілікті халқы қазақ 
саналатын аймақтар Қазақ автономиясынан тысқары қалды. Осындай саяси-
әлеуметтік өзгерістер, қоғамда орын алған жаңалықтар алаш қаламгеріне есімді 
сол күйінде қоюына әсер етті. Жаңа қоғам, жаңа заман орнап жатқандығын 
байқататын шығарма кейіпкерінің есімін Ж.Аймауытұлы Жаңабай деп 
қойғанында жаңа заманның келіп жатқанын меңзеді. Ол заман қандай сыбаға 
тартатынын оқырман өзі болжай алады деп ойлады. Кейіпкер есімін Жаңабай деп 
атағанда жазушы фольклорлық дәстүрді ұстанғанын байқаймыз.
Әңгімеге арқау болатын оқиғаға автор өзі куә болған. 1921-1922 жылдары 
қазақ даласын жайлаған аштықты көзімен көрген, қырылып жатқан халыққа 
жәрдемдесу үшін басын құрбан етуден тайынбаған Ж.Аймауытұлы елдің шығыс 
аймағынан жиналған малды Торғай атырабына, батыс өңірге жеткізуге бел 


67 
байлады. Осы жанкешті қызметке алаш ардақтысы М. Дулатұлы бірге барғаны 
тарихи шындық [7]. Кейін жиырмасыншы жылдардың соңында қуғын-сүргін 
басталған кезде Ж.Аймауытұлы мен М.Дулатұлының жасаған сауапты ісі 
өздеріне айып болып тағылды. Алаш арыстары ішінде алғашқылар қатарында 
оққа ұшырауына да осы аштыққа ұшыраған халыққа жасаған жәрдемі себеп 
болды.
«Жаңабайдың жанындағы трагедия» шығармасы композициялық 
құрылымы жағынан қазақ әдебиетінде сол кезге дейін орныққан қалыпты 
әңгімелерден дараланады. Әңгіме басында кейіпкер шығармашылыққа жақын
жазғандарын баспасөзге ұсынып жүрген, алайда оларының көбі жарық 
көрмейтіні жайында айтады. Оқиға желісі 1922 жылы аштық жайлаған 
Жымпиды уезінде өрбиді. Қазақ даласының батыс өңіріндегі қайғылы қасіретті 
суреттеген Ж.Аймауытұлы бұл шығармасымен аштық тақырыбында 
алғашқылардың бірі болып әңгіме жазды. Кейін аштық қасіретін суреттейтін 
туындыларға тыйым салынғаны белгілі. Осының өзі алаш әдебиетінің даралық 
бір сипатын айқындайды. Ұлттық тақырыпты көтеруді мұрат санаған алаш 
қаламгерлері аштық сынды қасіретті тақырыпты көркем әдебиетте көтеруді ар 
санады.
Әңгімеде есімі аталмайтын кейіпкер Жымпиды жерінде бірге оқыған 
Қамит есімді жолдасының қайтыс болған үйіне көңіл айтып келеді. Көкірек 
ауруынан бақилық болған жолдасының есімі тегіннен Қамит деп аталмады деп 
санаймыз. Тегі араб тілінен енген хамит сөзінің түпкі мағынасы қадірлі, құрметті 
деген астар білдіреді. Бұл есіммен аталған адам иманды, Алланың түзу жолынан 
таймаған тақуа, байыпты, сабырлы жан болды деген мағына білдіріледі. 
Ж.Аймауытұлы өлең, мақала жазған Қамиттің тілегі дұрыс, жүрегі таза жан 
болғандығын осындай терең астарлы есіммен жеткізгісі келгендей. Жазушының 
кейіпкеріне бұл есімді таңдауынан да біз фольклорлық дәстүр сабақтастығын 
айқын аңғарамыз. 
Қамиттан қалған қолжазбаларға, соның арасында өлең, әңгімелер 
жазылған жуан дәптерге қарық болған есімі беймәлім кейіпкер олжалы 
шығармаларды өз атынан жариялауға, сөйтіп елге танымал болуға, жазушы 
атунуға бел буады. Ол ісін оғаш көрмей, дәптердегі Қамиттің туындыларын 
жариялай бастайды. Бұл орайда Ж.Аймауытұлы шығарма кейіпкеріне есім 
бермеуінде де мән бар деп білеміз. Егерде кімде-кім біреудің атын пайдаланып, 
еңбегін жесе, адал жолмен танымал болмаса, жазушылық – ар ісі екенін 
сезінбесе, ұрлықпен, арамдықпен өмір сүрсе, оның есімі ел есінде сақталмайды 
деген үкім айтқысы келгендей. Жаңа орнап жатқан большевиктік заманда ондай 
дарынсыз алаяқ жазармандардың барын көрген, кейін көбейюіне алаңдаған 
көрнекті қаламгер Ж.Аймауытұлы әңгімесіндегі басты кейіпкердің есімін мүлде 
атамайды. «Қарапайым жұрт маған қол қоюлы, маған сол қанағат. Алдана берсін! 
Маған не керек?! Уралайын мейлі, жырлайын мейлі – жазушы атансам болғаны» 
[4, 71 б.], - деген ойда қалады кейіпкер.
Шығармада адам ішіндегі екінші адам мәселесі қозғалады. Қазақ 
әдебиетіне кейіпкер әлемінің екіге жарылу мотиві Ж.Аймауытұлы 


68 
шығармаларынан басталады. «Жаңабайдың жанындағы трагедие» әңгімесінен 
бұрын «Жас қазақ» журналының 1924 жылғы 5-6 сандарында басылған «Елес» 
шығармасында кейіпкер әлемінің екіге жарылудың жарқын үлгісі суреттеледі [4, 
66-70 бб.]. Психологиялық астары терең әңгіменің жалғасындай жазылып, тағы 
да сол «Жас қайрат» журналының енді 7, 8, 9, 10 сандарында жарық көрген 
«Жаңабайдың жанындағы трагедиеде» автор оқырманға ой тастайды. «Оңаша 
отырған кезде, Қамит марқұмды ойлағанда маңдайыңнан суық тер шып-шып 
шығады. «Сен, жауыз, атаққа әуейленіп, жолдас атымды ұмыттың ба? Кімге 
қиянат етіп жүрсің?» деп көрде жатқан Қамит жағамнан сілкіп
қылғындырғандай болады» [4, 72 б.], - деп арамдықпен атаққа ұмтылған 
бұрынғы жоласын арсыз, сайқал, арамза, жүзіқара деп жазғырады. Мұндай қатал 
үкім айтқан кейіпкердің ішіндегі екінші адамы болады. Философиялық әрі 
психологиялық мағынасы терең әңгімеде ақыры ар жазасы жеңіп шығады. 
Қанша уақыт біреудің еңбегін пайдаланып, шығармаларын өзінің атымен 
жариялап келген Қамиттің ескі жолдасы елден кешірім сұрауға бекінеді. Осы 
орайда, кейіпкер ішіндегі екі адам тартысқан кезде арға жүгінгені сен 
адамбысың, Алдар көсемісің деп сұрақ қояды.
Жазба әдебиетте Алдар көсе фольклорлық кейіпкерінің есімі тегін 
айтылмайды. Алдар көсе – қазақ және көптеген түркі халықтарының 
фольклорында елді алдаумен, арбаумен күн көрген, тапқырлығымен, қулығымен 
айласын асырған жинақталған бейне. Халық фольклорында берік орныққан 
кейіпкерді атау арқылы Ж.Аймауытұлы фольклор материалына ырықсыз 
жүгінгенін байқаймыз. Сондай-ақ әңгімеде фольклорлық кейіпкер Қожанасыр да 
аталады: «Мынаны оқыған соң жүрегім тұрайын деді. Қожанасыр айтқандайын, 
«бір күні біреу теріні суырып алып, жүзімді айдай қылар ма екен» деп артым 
қып-қып етті» [4, 72 б.]. Егер фольклор мұрасында Алдар көсе айласымен, 
қулығымен күн көретін образ ретінде жинақталса, Қожанасыр аңғалдығымен, 
аңқаулығымен есте қалған бейне екендігі белгілі. Жазушы аталған фольклорлық 
кейіпкерлердің болмысын, мінезін тамаша біле отырып, оларды шығарма 
мазмұнын ашуға мысал ретінде сәтті пайдаланған дей аламыз.
Аштық тақырыбын көркем әдебиетте алғашқылардың бірі болып көтерген 
алаш қаламгері Ж.Аймауытұлы шығармасында кейіпкердің екіге жарылуының 
себебі анық. Өзінің айтқысы келген жүрек сөзін біреу арқылы жеткізуді мақсұт 
қылғандай. Сондықтан да аштық тақырыбын ашқан әңгімені мен емес, Қамит 
жазды деп ақталады. Идеологиялық қысым басталған уақытта көркем әдебиетте 
суреттелуге тиісті тақырыптар, сонымен бірге жабық, айтуға тыйым салынған 
оқиғалар, кейіпкерлер, халық тарихындағы трагедиялы кезеңдер нақтыланып 
жатқан кезеңде жазылған әңгіме авторын Ж.Аймауытұлының жұмбақтап 
беруінің себебін түсунуге болады. Автор кейіпкер ауызына мынадай сөз 
садлады: «Кісілік, ағайындық барлықта екен. Елден мал кетіп еді, пейіл де кетті, 
кісілік те жоғалды. Аштық әбүйірге, ажарға қаратпайды екен» [4, 73 б.]. Осы 
пікірден елдің малынан айырылғаны, оның аяғы ағайындықтың, кісіліктің 
жойылуына алып келгені, жұрттың берекесі қашқаны аңғарылады.


69 
Әңгімеде Жаңабайдың қатыны мен баласын арбаға мінгізіп, ең керек деген 
затын ғана алып, таң ата ауылдан шығып бара жатқанда аруақтар жатқан 
моламен ұзақ қоштасатыны бар. Туып-өскен ауылын қимаған көңіл босағанда 
кейіпкер моладағы әр бейітке жеке тоқталып, онда жатқан адамдардың асыл 
қасиетін айтып шығады. Жаңабайдың бұлайша туған жерімен, ауыл іргесіндегі 
моламен қоштасуы фольклорлық шығармалардан келе жатқан дәстүр екенін 
білеміз. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Ер 
Тарғын» жырларында қоштасудың көркем үлгілерін еске салады.
Арада біраз күн өткенде Жаңабайдың отбасы шаршап, шалдығып төрт-бес 
қорасы бар бір шағын ауылға жетеді. Ол ауылда тірі жан көрінбейді. Айналада 
тыныштық орнаған. Өлген адамның жемтігін жеген құзғындар ғана байқалады. 
Ауыл шетіндегі бір қорадан түтін көрінгендей болады. Жаңабай сол жерде адам 
болар ма екен деп ойлайды. Барған үйде Жаңабай бір әйелді кездестіреді. «Кіріп 
келсе, қазандық аузында албастыдай жалбырап бір жан отыр... Мұндай да әлемет 
болады екен? Айуан-ай! Өз баласын өзі жеді-ау!.. Адам ба? Албасты ма? Адам... 
кәдімгі екі аяқты айуан адам» [4, 77 б.]. Туған баласын өлтіріп, қазанға қайнатып 
жатқан әйелді Ж.Аймауытұлы албастыға теңейді. Албасты – көне заманнан келе 
жатқан түркі халықтар фольклорының көбінде кездесетін мифологиялық 
кейіпкер. Шығармадағы көркем шындықты, кейіпкер бойындағы үрей мен 
қорқынышты дәл жеткізу үшін автор фольклорлық образды сәтті қолданғанын 
көреміз.
Қазақ әдебиетінің даралық сипаты айқын кезеңі – Алаш әдебиетінде 
фольклорлық материалдың ықпалы күшті болды. Қазақ халқының бай фольклор 
мұрасын ауызша жеткізген санасы сергек, жады мықты жыршылар, көне көз 
қариялар, орақ тілді шешендер алаш кезеңінде қоғамда көп болды. Солардың 
ықпалымен қазақ қауымы ауызекі сөйлеу барысында фольклор мұрасын, ондағы 
мақал-мәтелдерді, тұрмыс-салт жырларын, аңыз әңгімелерді, ертегілерді, 
жырлар мен әпсаналарды сөздік қолданыста молынан пайдаланды. Қазақ тілі жат 
тіл ықпалымен шұбарлана қоймаған кезеңде фольклордың мұрасы күнделікті 
ауызекі сөйлеу тілін де, Абайдан кейінгі кезеңде жаңа мазмұнда қалыптасып 
жатқан жазба әдебиетті де байытты.
Алаш әдебиетінің қалыптасып дамуына ұлттық фольклордың әсері терең 
болды. Сарқылмас бай қазына іспетті фольклор елді оятқан, ағартушылық, 
елшілдік идея ұстанған алаш әдебиетіне тақырыптық, жанрлық, көркемдік-
эстетикалық сипаты жағынан азық саналды. Фольклор мұрасына қанық алаш 
қаламгерлері бай рухани қазынаны мақсаты мен мүддесіне қарай жаңа 
мазмұндағы көркем шығармаларын жазуда сәтті пайдаланды. Алаш рухында 
шығарма қалдырған ақын, жазушылар фольклор сюжетімен туынды жазып, 
ондағы кейіпкерлерді, мотивті елдік мүдде, ұлттық мұрат аясында жаңаша 
түрлендірген. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет