Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет31/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

мифологиялық образдар
көптеп кездеседі. С.Итеғұлова авторлығымен 2016 
жылы жарық көрген «Қазақтың мифтік кейіпкерлері» жинағында қазақ 
фольклорындағы мифологиялық кейіпкерлер төмендегідей жүйеленеді: 
1. 
Тотемдік кейіпкерлер:
Көк бөрі, Көк өгіз; 
2. 
Шамандық кейіпкерлер: 
Самұрық, Бәйтерек, Бақсы. 
3. 
Демонологиялық 
кейіпкерлер: 
Албасты, Жезтырнақ, Жалмауыз кемпір, 
Мыстан кемпір, Пері, Жын, Шайтан, Дию; 
4. 
Хтоникалық кейіпкерлер: 
дәулер (Дәу, Қара дәу, Жалғыз көзді дәу. 
Шойынқұлақ, Үш дәу (Үлкен, ортаншы, кіші), 
Аю дәу), алыптар (Алаңғасар мен Арсалаң, 
Толағай, Ерсары, Ұлтанқұл), ергежейлілер 
(Ергежейлі, Жартықұлақ, Бойы бір қарыс, 
сақалы қырық қарыс); 
5. 
Ілкі қаһармандар: 
сиқырлы 
көмекшілер 
(Таусоғар, 
Көлтауысар, Саққұлақ, Желаяқ, Епті), пірлер 
(Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Сексек 
ата, Шопан ата); 
6. 
Трансформацияланған 
мифтік кейіпкерлер: 
Қаңбақ шал, Тазша бала[3]. 
 
Демонология
(ежелгі грек тілінен δαίμων «құдай», «рух», «данышпан» + λόγος 
«сөз», «пайымдау», «ғылым») - жындар туралы әртүрлі мифтердің жалпы атауы. 
Бұл термин оккультизмде де, ғылыми-тарихи жұмыстарда да қазіргі ғылыми 
бағыттарға ұқсас қолданылады. Албасты, мыстан, жезтырнақ, жалмауыз кемпір 
және тағы көптеген ұқсас атаулармен кездесетін мифология кейіпкерлерін қазақ 


72 
халқының аңыздары мен ертегілерінен көптеп кездестіреміз. Алайда, белгілі бір 
себептерге байланысты аталған образдар аз зерттеліп, ғылыми тұрғыдан 
жіктелмеген. Оған себеп –
б
ұл ерекше кейіпкерлерлер қаһармандық эпостың 
немесе жануарлар жайлы қызықты ертегілердің көлеңкесінде қалғандығынан 
болар. 
Демонологиялық кейіпкерлердің ішінде қазақ топырағында кең тарағаны – 
албасты
. Тек қазақ даласында емес, сонымен қатар: 

Қазан, Қырым татарлары, башқұрт, өзбек, ұйғыр, алтай халықтарында 
«албасты», «алвасти»; 

Түркмендерде «ал», «албассы»; 

Қырғыздарда «албарсты»; 

Қарақалпақ, ноғайларда «албаслы»; 

Азербайжандарда «хал», «халанасы»; 

Құмықтарда «албаслы қатын»; 

Балқарлар мен қарашайларда «алмасты»; 

Түріктерде «ал», «ал-ана», «ал-қары», «ал-кузы»; 

Тувалықтарда «албыс» деген атаулармен кездеседі. 
«Албасты» лексемасының көп халықтар тілінде кездесуі, ол туралы түсінік пен 
хикаялардың ұқсас болуы – бұл образдың көнелігін дәлелдейді. Албастының 
айқын әрекеті – жас босанған әйелді өлтіру. Аталған қызмет басқа ешбір зиян 
жын-шайтандарда жоқ. 
Албастылардың гендерлік сипатына қатысты көзқарас да әртүрлі. Қазақ 
топырағындағы бұл туралы ойды алғаш Ш.Уәлиханов білдірген. Көпшілікке 
албасты әйел адам кейпінде елестеп, ойында сақталған. Алайда ноғай халқында 
Кіркөйлек есімімен еркек бейнесінде де кездеседі.
Албастының этимологиясына қатысты халықта көпшілікке тараған аңыздар 
бар. Аңыз бойынша, бір кездері халық арасында көрінгенмен ұрысатын, ешбір 
адамға жақсылық жасамаған әйел бір күні бала көтеріп, дәл баласын дүниеге 
әкелер уақытында о дүниелік болады. Жерленген әйел көрде жатып, не адам емес, 
не хайуан емес баласын туады. Өзі ана мейірімін көрмегендіктен, екіқабат немесе 
босанғалы жатқан әйелдерді тұншықтыратындықтан «ал басты» аталып 
кеткен[4]. 
Қазақтар албастыларды үш түрге бөлді: 
1.
Қара албасты – ең зиянды әрі қауіпті түрі, тірі жанның қара албастымен 
кездесуі көп жағдайда өліммен аяқталады; 
2.
Сары албасты – айлакер, алайда қара албастыға қарағанда ұсақ-түйек 
азғындық жасайды, яғни, әлсіз болып келеді; 
3.
Сасық албасты – тағамдарды, сүт пен еттерді бүлдіреді. 
Славян халықтарының фольклоры мифологиялық кейіпкерлерге толы, 
мысалы: Кикимора, Баба-Яга, Ярило, Домовой, Леший, Бабай т.б. Көпшілікке 
танылған кейіпкерлердің бірі – су перілері(русалки). Л.Н. Виноградова 
авторлығымен жарық көрген «Славянские древности» академиялық сөздігінің 
нұсқасына сәйкес, су перісі — бұл жазда дәнді алқапта, орманда, судың жанында 


73 
ұзын шашты әйел түрінде пайда болатын, адамды өлімге немесе суға батыруға 
қабілетті зиянды рух[5, 495-бет]. 
А.Н.Афанасьев орыс су перілерін басқа халықтардың су жындарымен 
салыстырады, су перілерінің шығу тегі туралы ақпарат береді, олардың 
үйшіктерін, алапестерін, билерін сипаттайды, ежелгі орыс әдебиетінің су 
перілерінің аптасы туралы көптеген дәлелдерін келтіреді[216].
XIX ғасырдың 
екінші жартысында жасалған су перілері туралы әңгімелердің көптеген 
жазбалары іс жүзінде түбегейлі жаңа материал бермеді, тек Афанасьев өзінің 
немесе жинаушыларының әңгімелерінде келтірген мәліметтерді орнықтырды 
деп айтуға болады. 
Су перілері, наным бойынша, келесі әрекеттерге барады: адамдарға зиян 
келтіру, қорқыту, қуу, суға батыру, өлтіру, қытықтау, олар еркектерді азғырып, 
әйелдерді жек көреді, малды бүлдіріп, балаларды ұрлайды. 
Ғалым Д.К. Зеленин су перілеріне қарсы тұмарлар жайлы ақпараттарды 
жинады: олар кресттен, сызылған шеңберден қорқады, олардан сарымсақ, темір 
құралдар және ауызша сөз-тұмарлар арқылы құтылуға болады. Көптеген 
аймақтарда су перілеріне қарсы ең жақсы құрал – жусан өсімдігі деп есептелді. 
Су перісімен кездесуді сипаттау кезінде белгісіз авторлар бірдей ортақ 
әрекеттерді сипаттайды – бұл су перісінің күлуі немесе жылауы, оның 
бұтақтардағы тербелісі және оның шашын тарайтынын айту. Әдетте, су перілері 
водяной немесе леший сияқты адамдармен келісімшарттық қатынастарға 
кірмейді, олар әрқашан адамға дұшпандық етеді. Бұл зұлым күші және аталған 
зұлым рухтар қауіпті. Сұлулығымен және сүйкімділігімен су перілері адамды 
оңай баурап алады, сиқырлайды, содан кейін өлтіреді. Ешбір жын-перілерде 
сұлулық пен айлакерліктің мұндай қайғылы үйлесімі жоқ.
Жапон әдебиеті әрқашан қалалық фольклордың алуан түрлілігімен 
ерекшеленген. Олардың әңгімелері қорқынышты және адамды ойға батырады. 
Қазіргі кездің өзінде Жапония киноөңдірісі демонологиямен тығыз байланысты 
көптеген кинофильмдер шығаруда. 
Жапондық канжиде Jorōgumo ретінде жазылатын 
新新新
кейіпкері бар. Бұл 
сөзбе-сөз «міндетті ханым» дегенді білдіреді, сонымен қатар, дисфимизмдік 
аудармасы бар. Бұл құбыжықтың басқа атаулары – Rakushinpu (
络新妇
), 
«тоқылған қалыңдық» дегенді білдіреді, ал Мадара-гумо (
斑蜘蛛
) – дағы бар 
өрмекші деп аударылған. 
Джерегумо жапон фольклорынан пайда болған йокай тіршілік иесі түрлерінің 
бірі болып табылады. Әңгімелердің мазмұнына сәйкес, джерегумо өрмекші 
өзінің сыртқы түрін өзгертіп, еліктіретін әйелге айналуы мүмкін. 
Джерегумо перісінде құбыжықтың аяқ-қолдары бар, оның есімі көпеген жапон 
халық ертегілерінде кездеседі, бұл жапон Альпісін мекендейтін халықтармен 
шайқас оқиғаларының мифтік қайталануы болуы мүмкін. Ежелгі Жапонияда бұл 
жерлер «өрмекші мекені»деп аталды, ал бұл жерлердегі адамдардың физикалық 
ерекшеліктері кейінірек әсіреленіп сипатталады. Эдо дәуірінде әдемі әйел ер 
адамды тыныш жерде азғырып, бива – ұлттық жапондық музыкалық 
аспабында(еуропалық лютняға ұқсас) ойнай бастайды. Жапондықтар биваның 


74 
екі түрін қолданды — гакубива және гогенбива. Ер адам музыканың дыбысына 
таңданған кезде, Джерегумо оны өрмекшінің жібек жіптеріне байлап, жеп қояды. 
Жапон фольклорының бір ерекшелігі – жын-сайтандар тек тірі жан иесі болып 
табылатын адам немесе жануар ғана емес, заттық әрі табиғат құбылысының 
кейпіне де өзгеру қасиетінде. Жоғарыда сөз болған өрмекші-әйел Jōren 
сарқырамасы ретінде де көрінуі мүмкін.
Аңыз бойынша, Иду қаласында Шизуокада ер адам сарқыраманың түбінде 
демалып жатқан кезде, оның аяғы көптеген өрмекші жіптерімен байланады. Ол 
жіптерді кесіп, жерден шығарған діңгекке байлайды. Осы оқиғадан кейін ауыл 
тұрғындары өрмекшілерден қорқып, сарқырамаға баруды тоқтатады. Алайда, бір 
күні қаладан келген орманшы оқиғаны білмей, аталған аймақта ағаш кесуді 
бастады. Ол кездейсоқ балтаны суға тастаған кезде, оны табу үшін суға сүңгіп 
кетті. Әдемі әйел пайда болып, өзі жайында ешқашан ешкімге айтпауын айтып, 
балтаны қайтарып берді. Содан кейін ер адам мас болып, ешқашан оянбау үшін 
терең ұйқыға кетті.
Халық ауыз әдебиетінің ерекшелігіне сәйкес, бұл оқиғаның көптеген өзге 
нұсқалары бар. Олардың бірінде монах сарқыраманың жанында будда 
сутраларын оқыған мезетте, әдеттегідей өрмекші-әйелмен кездесіп, оған ғашық 
болып, соңында қайтыс болады. 
Сайтандар – әртүрлі діни және фольклорлық дәстүрлерде зұлымдықпен немесе 
теріс энергиямен байланысты деп саналатын табиғаттан тыс тіршілік иелеріне 
қатысты қолданылатын термин. Ғасырлар бойы зұлым рухтар қызығушылық пен 
қорқыныштың нысаны болды, олардың қазіргі ортада шын мәнінде болуы мен 
тіршілік-табиғатына қатысты әртүрлі көзқарастар бар. 
Қорытындылай келе, үш түрлі халықтың халық ауыз әдебиетінде орнын 
тапқан, көпшілікке мәлім кейіпкерлерін сипаттадық. Аталғандардың арасында 
ұқсастықтар да, ерекшеліктер де бар. Ортақ қасиеттері:

Үшеуі де зұлым күш иелері болған; 

Үшеуімен де кездесу көбінесе адамның жеңілуімен аяқталады; 

Үшеуінің де пайда болуы адам бойындағы жаман, теріс, зұлым сезімдермен 
байланысты. 
Соңғы сөйлемге назар аударатын болсақ, жалпы мистика мен мифологиядағы 
кейіпкерлердің пайда болуы; олар жайлы аңыз-ертегілердің, әпсаналардың т.б. 
көпшілікке жайылып-таралуы; бағзы замандар мен қазіргі кезде ондай әңгімелер 
қаншалықты актуалды болуы және қазіргі кезде қандай кейіпке 
трансформациялануы; мәтін нұсқаларының өзгертілуі – адам ойына, адам 
психологиясына, адамның түрлі теріс эмоциялары мен, түптеп келгенде, 
адамның(халықтың) танымына байланысты туған бейнелер. Аталған жанр 
кейіпкерлері мыңдаған жылдар бойы адам танымынан туған терең нанымдар мен 
дүниетанымдардың көрінісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет