Сборник научных статей международной научно-практической конференции


Әдебиеттер  1. Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б.  Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Әдебиеттер 
1.
Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. 
Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі
/ Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б. 


75 
2.
Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. 
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес 
томдық
. 11-том. / Алматы, 2011. - 752 б. 
3.
 
https://e-history.kz/kz/projects/show/32215
 
4.
 
https://adebiportal.kz/kz/characters/view/173
 
5.
Под общ. ред. Н.И.Толстого 
Славянские древности: Этнолингвический словарь в 5-
ти томах
– М.:Международные отношения, 2009. – 656 с. 
 
ӘӨЖ 
АЛАШ ҰРАНДЫ ӘДЕБИЕТІМІЗДЕГІ ҰЛТТЫҚ
ОЯНУ МЕН ҰЛЫ МҰРАТТАР 
Нариман Нұрпейісов 
Филология ғылымдарының кандидаты, 
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы. 
Шымкент қаласы. Қазақстан. 
Резюме 
Исторический факт то что литература Алаша занимает особое место в истории 
казахской литературы. Отдельное место занимает эта литература, зародившаяся в начале 
XX века и прожившая недолго. В данной исследовательской статье всесторонне изучена и 
глубоко раскрыта идея национального пробуждения и великих идеалов в литературе Алаша. 
Данная статья вводит творческое наследие поэтов Алаша в научный оборот.
Summary 
The historical fact is that Alash’s literature occupies a special place in the history of Kazakh 
literature. A special place is occupied by this literature, which originated at the beginning of the 20th 
century and did not live long. This research article comprehensively studies and deeply reveals the 
idea of national awakening and great ideals in Alash literature. This article introduces the creative 
heritage of Alash poets into scientific circulation. 
 
Туған еліміздің төл тарихы күні кешегі жылдары ғана келмеске кеткен 
қатігез жүйемен ғұмыр кешкен кеңестік қоғамда өте-мөте қатты бұрмаланды
халықты адастырды, соның ішіндегі бүгінгі азат ұрпақ қатты құрметтейтін 
«Алаш» партиясы, қозғалысы, олар құрған Алашорда үкіметі жайында да тым 
теріс, жалаң айыптауларға толы теріс түсінік қалыптастырды. Қаншама ұрпаққа 
білім берген сан алуан оқулықтар мен зерттеулерде, ғылыми мәні зор деп 
саналатын монографиялық еңбектердегі қилы-қилы қиянаттар бірінен-бір асып 
түсіп жатты, тіпті шынайы тұрғыдағы ақиқат айтылатын энциклопедиялық 
анықтамалықтарда да әділетсіз пікір, шындыққа сай келе бермейтін дәйексіз 


76 
дәлелдер келтіріліп отырды. Осы бағытта айтылған келесі бір пікірге мұқият 
назар аударып көрейікші: «Алаш» – буржуазияшыл-ұлтшыл партия. Қазақ 
аулындағы 
феодал-байлардың, 
кертартпа 
дін 
басыларының 
және 
буржуазияшыл-ұлтшыл интеллигенцияның оңшыл тобының мүддесін білдірді». 
[1.56.] Бұндай айтылған ешбір шындыққа сәйкес келмейтін әділетсіз байлам, 
ақиқаттан алыс анықтамалар алаш қозғалысы мен олар құрған үкіметіне де дәл 
осы тұрғыдан берілді, халықты жаңылыстырды. Ең өкініштісі сол мемлекеттік 
деңгейдегі анықтамалықтар дәл осылай деп түсінік берді, одан әрі дәл осындай 
тым жабайы түсінікпен бірнеше ұрпақ тәрбие алды, осы түсінікке шексіз сенді. 
Ақиқаттың алдаспаны болып ғұмыр кешкен академик, филология 
ғылымдарының докторы Рымғали Нұрғалидың өзі ерекше атап көрсеткендей: 
«Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы, Алашорда өкіметі туралы тарихи шындық 
бұрмаланып, қып-қызыл өтірік айтылып келді. Ең бастысы Алаш қайраткерлері 
қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың шығармаларына тиым 
салынды». [2.423.] Алаш ардақтылары жайында айтылған осындай қиянаттар 
алпыс жылдан астам үстемдік етті. 
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы күткен азаттыққа жетті, тәуелсіздікке қол 
жеткізген еліміздегі тарихи ақиқаттар қалпына келе бастады, «ақтаңдақтардың» 
шынайы ақиқаты кеш те болса ашылды, соның ішінде халық зарыға күткен 
«Алаш» тарихына қатысты екені баршамызды шексіз қуантады. Алаш 
партиясының құрылғанына да 105 жылдан астам уақыт болды. Алаш 
қозғалысына, үкіметіне қатысты тарихи деректер, таным-түсініктер, ол 
қозғалыстың тарихи мәні жайында тарихшылар көп жазып, зерттеп, халық 
жадына жақын зерттеулер дүниеге келді. Бүгінгі біздің айтуға ниет еткен басты 
мәселелеріміз алаш ұранды әдебиеттегі күрескерлік рух, азаттық идея жайында. 
ХХ ғасырдың бас кезінде, яғни, дәлірек айтқанда 1905 жылдары-ақ іргетасы 
берік қаланып, ғасыр басында орын алған аласапыран жылдары, аумалы-төкпелі 
төңкеріс кезінде туған елінің жанашыры болып табылған алаштықарды тарихтан 
алар орны ерекше. Осы кезеңде өздерінің күрескерлік рухымен тарих аренасына 
шыққан алаштықтарды отаршылдық өктемдігі, қатыгез пиғылы патшалық Ресей 
империясынан да асып түскен большевиктер билігі 1920 жылдарының өзінде 
жазықсыздан-жазықсыз қуғындап, тұншықтырып тастау үшін ештеңеден 
аянбады. Тағдыры сынға түскен арда арда тұлғалардың дені ұлт мүддесін бәрінен 
биік қойды, сол жолда жанқиярлық іс-әрекеттерімен күрес жүргізді. Бастарын 
қатерге тікті, өздері жаңа биліктің қуғын-сүргіннен көз ашпай жүрсе де әдебиет 
әлемінде, жауынгер публицистика жанрында, енді ғана дамып келе жатқан 
ғылым саласында мәңгі өлмес мұра қалдырды. Ол мұралар әлі де құнды, туған 
халқына алғаусыз қызмет етіп келеді. 
Өткен ғасырдың бас кезі дауылды, дүрбелеңге толы, ең қорқыныштысы
бейкүнә қазақ халқының жазықсыз қаны төгілген, яғни қантөгіске толы жылдар 
болып басталғанын ешқашан да ұмыта алмаймыз. Ержүрек халқымыз ұлт-
азаттық көтеріліске шықты, кең байтақ даламыздың түкпір-түкпірінде болған 
алуан түрлі қозғалыстар мен қиямет қайың төңкерістер, орын алған азамат 
соғысы, бәрінің соңында келіп аштықтың орын алуы сияқты аса ауыр зұлматты 


77 
күндер бейбіт жатқан қазақ елін тарих аренасында бар ететін, немесе түп-
тұқиянымен құртып жоқ ететін аса ауыр жағдайларға алып келді. Ұлы жазушы 
Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей қалың көрпе жамылып, «өлім ұйқысы» 
құшағында жатқан халқының құлағының түбіне келіп ұлт ұстазы Ахмет 
Байтұрсынов «Маса» болып ызыңдады, жай ғана ызыңдап қоймады, тіпті «қаққы 
жеп, қанаттары бұзылғанша» қайтпай әрекет етті, туған елін ояту үшін 
ештеңеден аянбады. Ұлы Ахаңның жанына жақын серігі Міржақып Дулатұлы 
болса «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты», «Қазағым енді жату жарамас-ты!» 
деп барша қазақ баласына атой салды, ұран тастады. Бойына біткен бүкіл күш-
қуатын қазақ елінің азаттыққа жету жолына арнаған көрнекті мемлекет және 
қоғам қайраткері, ұлт азаттық қозғалыстың шын мәнінде негізін салушы көсемі, 
қазақтың тұңғыш құрылған саяси мәні зор «Алаш» партиясын ұйымдастырушы 
болған және сол Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы болып сайланған 
Әлихан Бөкейхановтың ел тарихындағы, егемендікке жету жолындағы жанкешті 
еңбектерін енді ғана біліп, танып, тағылым алып жатырмыз. Кеш те болса біліп 
жатқанымызға шүкіршілік айтамыз. 
ХХ ғасыр басындағы жасындай жарқылдап тарих аренасына шыққан 
алашорда үкіметінің ғана емес, барлық қазақ халқының бостандыққа жеттік 
деген үміті ақталмады, «теңдік», «бостандық» орнаттық жалған саясат алдамшы 
екенін кеш ұқтық. Қатігез қара күшпен, бейбіт әрі момын халықтың қанын төгіп 
келген кеңес үкіметі бейкүнә халқымызға сендерді жоғарыда айтқанымыздай 
«бостандыққа» жеткіздік деп сендірді, шын мәнінде алдады. Осы кезеңде 
халқымыз үшін өте қымбатқа түскен қасиетті ұғым «бостандық» тақырыбында 
өлең жазбаған ақын жоқтың қасы шығар деп ойлаймыз. Алаш ұранды әдебиеттің 
аса ірі өкілі, бұл күндері туған елі «қазақ поэзиясының падишасы» деп пір 
тұтатын Мағжан Жұмабаев сынды ақиық ақын да осы тақырыпқа барды, барып 
қана қоймай «Бостандық» атты мүлдем өзгеше өлең жазды, жыр түйініне назар 
аударайықшы: 
Қыбырлаған қоңыздар, 
Қорсылдаған доңыздар, 
Тілегің болды – қуан, күл. 
Бостандық – ізгі періште, 
Кетпекке ұшып ғарышқа, 
Ақ қанатын қомдап тұр, - деп бар даусымен қайғыра күңіренді.
Азамат соғысы жүріп жатқан, бейбіт халықтың жазықсыздан жазықсы қаны 
төгіліп жатқан, нақтырақ айтқанда 1918 жылы жазылған қайғылы өлеңде өзге 
замандас ақындардағыдай «бұл бостандық бізге көктен келген жоқ» (С.Мұқанов) 
деп асқақ ұрандататын қуаныш сарыны жоқ, қайта керісінше «шірік жүрек 
сасықтар, арамдыққа асықтар, жетілді, жетті мұратқа» деп асқан көрегенділікпен 
болып жатқан тарихи шындықтың шынайы тұрғыда бет-пердесін ашты, ойда-
жоқта қолымызға түскен, дәлірек айтқанда қаншама жанның қанын төгіп келген 
« қымбат бостандықтың» мәнін түсіндірді. Алғашқылардың бірі болып 
ақиқаттың алдаспаны болып жарқылдады. 


78 
Осы аралықта Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың пікіріне назар аударсақ, 
мемлекет басшысы былай дейді: 
«Алаш» сөзі – халқымыз үшін қашанда қасиетті 
ұғым. Өткен ғасырдың басында ұлтымыздың бас көтерер азаматтары Алаш 
идеясының төңірегіне бірікті. Олар елінің азаттығы мен өркендеуі жолында 
қызмет етті. Халықтың рухын оятып, санасына сілкініс әкелді. Алаш арыстары 
заманның сын-қатеріне қарамай, Қазақ елінің мемлекетшілдік идеясын 
жаңғыртты».
Бұдан түйетініміз мемлекет басшысы баршамызды кешегі аяулы 
алаш ардақтыларын құрметтеп, еске алып, тағзым етіп отыруды, мемлекетшілдік 
идеясын естен шығармауға шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет