441
Ғылыми еңбектерде, моторлы алалиясы бар балалардағы сөйлеуді түзету
бойынша жұмыс 3 негізгі бөлімді қамтуы яғни сөйлеуді түсінуді дамыту, өз
бетінше сөйлеуді дамыту және дыбыстық сөйлеу элементтерін дамытуы керектігі
айтылады [5].
Баланың сөйлеуден қорықпай сөйлегісі келетінін, өз ойын, қалауын кез
келген жолмен жеткізуге ұмтылуын қамтамасыз ету маңызды, бұл үшін ойын
әрекетіне сөйлеуді қосу қажет. Осы қарапайым шартты сақтау жағымды
эмоциямен сөйлеудің үйлесіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сөйлеу
импульсі ойында ең табиғи, сондықтан оңай жолмен туындап, игертіледі.
Логопедиялық түзетудің бастапқы кезеңдерінің негізгі міндеті алалиясы бар
балалардың сөйлеуін дамытуды және олардың жалпы тіл жүйесін игертуді
қамтамасыз ететін ынталандыруларды, іске қосу әрекетін құру болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қатар жүргізілетін жұмыс барысында жүйелі
логопедиялық жұмыс сөйлеумен де, жалпы тұлғамен де жұмысты қамтиды,
онтогенездегі сөйлеу функциясының даму заңдылықтары мен тіл құрылымының
заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеудің дамымауын жеңу осылай құрылады.
Логопедиялық жұмыс психоневролог, невропатолог, психиатр жүргізетін
белсенді дәрілік және психотерапиялық емнің фонында кешенді түрде жүргізілуі
керек. Логопедиялық жұмыстың негізгі өзегі – сөйлеу әрекетінің механизмдерін
құру: мотив, коммуникативті тілек, ішкі айтылым бағдарламасын қалыптастыру,
лексикограмматикалық құралдарды таңдау және грамматикалық құрылымдау.
Логопедиялық жұмыс процесінде сөйлеудің бұзылуының ерекшеліктерін де,
әр баланың жеке ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын, компенсаторлық
мүмкіндіктерін ескеру қажет. Логопед әр баланың бойынан тұлғаны көруі керек.
Бала мінезіндегі невротикалық ерекшеліктері тәрбиелік ықпалмен жойылады,
баланың сөйлеу тілінің бұзылуына деген дұрыс қатынасы және оны жеңу
жұмысы қалыптасады.
Сөйлеу жалпы баланың қимыл әрекеті мен сенсорлық дамуына байланысты
нақтыланады.
Баланың ұсақ моторикасын дамытуға – суреттерді бояу, түрлі бауларды
байлау т.б сияқты жұмыстарды жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі егер бала
осындай қимыл жасауда тежелісі болса онда оның сөйлеу тілінде де тежелу
байқалады. Сондықтан қол моторикасын дамыту арқылы баланың сөйлеу тілі де
қалыптасады.
Моторлы алалик балалардың да дыбыстарды игеріп, буындарды ажыратып,
сөздерді түсіне білуге дағдыландыруда логопедиялық жаттығулардың орны
ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: