Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет170/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Literature 
1.
https://corporatefinanceinstitute.com/resources/knowledge/economics/economic-system/
  
2.
https://www.oecd.org/sti/ind/2090569.pdf
  
3.
https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S014829631630488X
  
4.
https://www.investopedia.com/terms/c/corporate-culture.asp
  
5
https://www.heavy.ai/technical-glossary/business-forecasting
  
 
ӘОЖ () 
GAMILAB-ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ 
ПЛАТФОРМАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ 
Темірбекова Ф.Е., Серікбай К.Е., Әлі Н.Б.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
 
Резюме 
В статье рассмотрены теоретические основания применения игровых технологий в 
образовании.
Интеграция и использование игровой платформы Gamilab во время занятий. 
Қазіргі заманғы білім беру жүйелері мұғалім мен студент арасында кері 
байланыстың икемді моделін құруды, сонымен қатар студенттердің топтық 
белсенділігі мен өзара әрекеттесуін арттыруды мақсат етеді.
 
Профессорлық-оқытушылық құрамның алдында тұрған міндеттер білім 
беру контентін беруді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір салада жаңа білім 
алуға қызығушылықты тарту, ынталандыру процесін қамтиды[1]. 
Геймификация дегеніміз оқу процесін динамикалық түзету мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін білім алушыдан өлшенетін кері байланыс, сондай-ақ 
геймификация құралдарының әсерінен мектептің ақпараттық-білім беру 
ортасының оның барлық компоненттері деңгейінде сапалы өзгеруі туралы 
қорытынды жасау.
Геймификацияның ойын қағидаттарына негізделген басқа білім беру 
технологияларынан айырмашылығы-оқушылардың оқу процесіне қатысуын 
арттыру мақсатында компьютерлік ойындарға тән тәсілдерді қолдану. 
Білім беру процесінде пайдалану үшін компьютерлік ойындар жасауға 
болатын дизайнерлік қызметтер бар. Соның ішінде ең қол жетімді және 
қарапайым бір түрі Gamilab платформасы.
Бұл сервис тегін болып табылады. 
Дайын ойындарды пайдалануға болады, бірақ олардың көпшілігі ағылшын 
тілінде.
Ойын платформасы ретінде GamiLab-да тағы да көптеген кішкентай 
құпиялар мен тосынсыйлар бар [2]. 
Бұл платформада сіз оқытылатын пән бойынша викторина құрастырасыз, 
сұрақтар мен жауаптарды енгізізесіз, сонымен ойын дайын. Бірақ алдымен 


337 
платформаға тіркелу керек, оған Google арқылы кіре аласыз. Тіркелгеннен 
кейін үш ойынның бірін таңдаңыз - King of the Hill, Walker немесе Bike Race[3]. 
Балаларға тіркелудің қажеті жоқ. Сіз оларға ойын кодын немесе тікелей 
сілтемені бересіз, оқушылар тек атын жазса болғаны. Ал мұғалім кімнің қалай 
жауап беретінін, ұпай жинайтынын, кім алда, кім артта екенін көре алады. 
Платформамен сыныпта жұмыс жасасаңыз, оқушыларға нәтижелер жазылған 
кестені көрсетуге болады. 
ТАУ ПАТШАСЫ (KING OF THE HILL) 
Бұл ойынның ең қарапайым прототипі, мұнда 
студенттер сұрақтарға жауап береді, мұнда 
жауаптардың дұрыстығы ғана емес, сонымен 
қатар тапсырмаларды орындау және шыңға 
жету жылдамдығы бекітіледі. Бұл бұрыннан 
бар сұрақтар қорынан сұрақтар қосуға немесе 
өз тапсырмаларыңызды жасауға болатын 
ойынды жылдам құру үшін өте қолайлы. Ойынның белгілі бір орналасуы мен 
түйіндерінің саны бар. Тек сұрақтарыңызды қоссаңыз болғаны. Осыдан кейін 
сіз өз оқушыларыңызбен ойынды оңай бөлісе аласыз және олардың бір-бірімен 
жарыса отырып, таудың басына қалай жеткенін көре аласыз. 
ЗЕРТТЕУШІ(WALKER) 
Бұл прототип ауыр мазмұны бар білім 
беру ойындарын жасау үшін өте қолайлы. 
Жаңа деңгейлердің құлпын ашу үшін 
реттелетін 
жолдармен 
қосылған 
түйіндерді қосуға болатын бос ойын 
тақтасынан бастаңыз. Әрбір түйінде 
негізгі мәтін, бейнелер, викториналар, 
флип карталар және т.б. сияқты әртүрлі 
интерактивті элементтер болуы мүмкін. Ойыныңызды жасау үшін 40-тан астам 
түрлі мазмұн түрін таңдауға болады. Бұған қоса, кірістірілген сұрақтар банкі 
сізге пайдалануға арналған 30 000-нан астам сұрақтар мен жаттығуларды 
қамтиды. 
ВЕЛОЖАРЫС (BIKE RACE) 
Ойын мен оқудың барлық элементтерін 
бір жерде біріктіретін режим. «Тау 
патшасы» 
режимі 
сияқты, 
сіз 
түйіндердің белгіленген санын аласыз 
және сізге тек сұрақтарыңызды қосу 
керек. Ойынды студенттермен бөлісіңіз, 
сонда олар велосипед жарысына барады. 
Велосипед жарысы режимі ойыншыдан 
тек велосипедшіні басқаруды және 


338 
жерді шарлауды ғана емес, сонымен қатар қосымша ұпай алу және ең жақсы 
нәтиже көрсету үшін сұрақтарға дұрыс жауап беруді талап етеді. 
Енді ойынның жүргізілу барысына тоқталып кетейік. Бұл жерден біздің таңдап 
алған ойынымыз «Тау патшасы» ойыны. 
1. 
Үш 
ойынның 
ішінен 
таңдалынып алынғаннан соң Тау 
патшасы ойынын шерткен кезде 
бізге осындай терезе ашылады. 
Бұл жерде жалаушалар арқылы 
шыңға 
шығатын 
қадамдар 
берілген. Әр жалаушаның ішіне 
сіз өз керегіңізше сұрақтар енгізе 
аласыз. 
2. 
Бұл 
жерде 
берілген 
жалаушаға кірген кездегі сіз 
құрастыратын 
сұрақтар 
орналасады. 
Сұрағыңызды 
енгізіп болғаннан кейін бір 
нұсқаңызды 
дұрыс 
көрсету 
үшін 
«correct» 
батырмасын 
таңдайсыз. 
3. 
Бұл 
жерде 
ойын 
ойналып 
болғаннан 
кейінгі 
нәтижелер яғни қанша оқушы 
қатысқандығы, 
қанша 
ұпай 
жинағанын, 
қанша 
сұраққа 
дұрыс және дұрыс емес жауап 
бергендігі көрсетіледі. Жоғары 
жағында ойынды ойнау үшін 
берілетін ссылка және код 
беріледі. 
Қорытындылай келе, Gamilab платформасын сабақ барысында өткен 
сабақты қайталау үшін, жаңа сабақты түсіндіруге ыңғайлы әрі жеңіл платформа 
екендігін айтқым келеді. 
Мен қашықта білім беруде және сабақ үстінде әр мұғалім әртүрлі 
дидактикалық ойындарды, соның ішінде осы платформада жасалған ойындарды 
қолдана отырып, оқу қызметін әртараптандыру және оның тиімділігін 
арттыруға көмектесу үшін болашақта осы GamiLab-ті пайдалана алатынына 
сенімдімін 


339 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет