Сценарий медицинской симуляции



бет39/50
Дата08.02.2022
өлшемі406,37 Kb.
#123502
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
Ситуациялық-есептер (1)

Ситуациялық есеп №40


Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел 1 сағат аралығындағы ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауру сезімімен келіп түсті. Қағанақ суы кетпеген. Жүктілік мерзімі етеккір бойынша – 32-33 апта.
Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер





Қадамдарды бағалау критериі

Уақыт (сек)

Баллмен бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

орындамады

1.

Пациентті үстелге шақырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.

180

10

5

0

3.

Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз

60

20

10

0

4.

Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз

15

10

5

0

5.

Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз

40

10

5

0

7.

Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, науқасқа түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз

120

10

5

0

9.

Науқасты ауру туралы, емдеу нұсқаулары туралы компетентті ақпараттандырыңыз. Бұл патологияны, немесе жүктілік пен босануды ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс анықтаңыз және негіздеңіз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0

Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:


Объективті:
Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары қалыпхты түсті. Пульсіминута 78рет, ритмді. АД 110/70 110/70 мм. сын.бағ.Дене қызуы 36,4С. Тілі таза, дымқыл. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс.
Физиологиялық шығарулар қалыпты.
Акушериялық статус:
Жатыры қалыпты, овоидты, жүктіліктің 33 аптасына дейін ұлғайған.
Жүктілік мерзімі етеккір бойынша – 32-33 апта.
Нәрестенің қалпы ұзыннан, баспен жатыр, кіші жамбас кіре берісінде. Нәрестенің жүрек соғысы минутына140 рет, анық, ритмді.
OS: Жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаты таза, бөлінділер жоқ.
PV: Жатыр мойны жазылған, ашылуы 2,0 см, қырлары орташа қалыңдықта, регидті. Қағанақ қабы бүтін, нәресте баспен жатыр, кіші жамбас кіре берісіне ығысқан. Мысқа саусақ жетпейді, экзостоздар жоқ.
КТГ:
Жатырдың жиырылуы 6-8-10 минут сайын, 20-30-40 секунд бойытүрлі амплитудамен. Децелерацияжоқ.
УДЗ:
Жатыр қуысында баспен жатқан бір нәресте, өлшемдері жүктіліктің 32-33 аптасына сәйкес келеді. Нәрестенің қозғалу және тыныс алу белсенділігі анықталады. Нәрестенің өкпесі «өтпелі» эхо-структурамен. Бала жолдасы жатырдың артқы қабырғасында орналасқан, 1 жетімділік дәрежесінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет