48
бірге алып кетуіңізге болады. Бірақ алдымен оның тарихына көз жүгіртіп алайық. Ол үшін, қанеки,
менің сиқырлы тақтама көз салыңдар.
//ПРОЭКТОРДАН ЕРТЕГІ ҮЗІНДІСІ КӨРСЕТІЛЕДІ//СИҚЫРШЫ ОҚИҒАНЫ БАЯНДАП
ТҰРАДЫ//
Сиқыршы:
Ерте,ерте ертеде зәулім патша сарайында бір кішкентай ханзада өмір сүріпті. Ата-
анасы өте алыста болғандықтан, барлығы оны жақсы көріп, өте қатты еркелетіп, айтқанының бәрін
орындапты. Ал
ол болса, тым ерке
әрі бұзық болғандығы соншалық, өзінің жанында бірге жүрген
достарын да мазақтап, ренжітіп алудан да тайынбапты. Сол себепті ел-жұрты «мейірімсіз ханзада» деп
атап кеткен екен.
Сол патша сарайының жертөлесінде бір тышқан өмір сүріпті. Ол өзін «бәрінен мықты, күштімін»
деп есептепті. Кішкентай ханзадаға барлығы көңіл аударғанына қызыға да,
қызғана да қарап, хан-
заданың орнында болсам деп армандайды екен. Ал ол арманына қол
жеткізудің жалғыз жолы -
ханзаданың қолындағы сиқырлы жаңғақ еді. Тышқан сол жаңғаққа қол жеткізгісі келеді. Алайда, ерке
ханзада кезекті кесірлігін көрсету үстінде жаңғақты жанып тұрған отқа лақтырып жібереді. Жаңғақтың
сиқырының әсерінен ханзада мен оның жанындағы сенімді қызметшілері де
ойыншыққа айналып
кетіпті. Міне алдарыңызда тұрған ойыншықтардың қысқаша тарихы осындай.
Ханшайым:
Ханзаданың қылығы дұрыс болмаған екен. Дегенмен, мен оған көмектескім келеді.
Ол өз қалпына келсе қателігін түсініп, мейірімді ханзадаға айналатынына сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: