Секция информационно коммуникационные технологии



бет3/11
Дата25.08.2017
өлшемі5,65 Mb.
#26313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әдебиеттер тізімі:


  1. Серіктік байланыс жүйесі, Камнев В.Е. Черкасов В.В.Чечин Г.В. Москва 2004

  2. ГКНПЦ им. М.В. Хруничева «Основы построения и эксплуатации космической системы связи и вещания» Базовый теоретический курс, Книга1, Москва 2005

  3. АлекперовА.Геостационарная орбита заселена плотно// Мир связи. - 1999. - №2. - С. 84-93.

  4. Спутниковая связь и вещание, Справочник. Под ред. Л.Я.Кантора.-М.:Радио и связь , 1997.

ӘОЖ 004.42


КАФЕДРА ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІР ЖЫЛДЫҚ РЕЙТИНГІН ШЫҒАРАТЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІН ЖАСАУ
Амантайқызы Н.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы
Ғылыми жетекші – аға оқытушы Ұ.Б.Өтебаев
Адамзат ғасырлар бойы алған білімдерін, әр түрлі жұмыстар жасап үйренген тәжірибелерін, қоршаған орта туралы деректерін жинақтаған, басқа сөзбен айтқанда – ақпараттар жинаған. Бастапқы кезде ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өсиеттер түрінде және ауызша әңгімелер түрінде тараған. Қағаздың, кітап өндірісінің пайда болуы және дамуы ақпараттарды тиімдірек, жазбаша түрде көптен-көп таратуға және сақтауға мүмкіндіктер туғызды. Электр тоғы дамуындағы әр түрлі жаңалықтар ақпараттарды жедел таратуға және жинақтауға мүмкіндік беретін - телеграфтың, телефонның, радионың, теледидар жүйесінінің пайда болуына әкеліп соқты. Прогресстің дамуы ақпараттардың күрт көбейуіне мүмкіндік туғызып, осыған байланысты, оларды сақтау, өңдеу мәселелерін жылдан-жылға көбейте түсті. Осы кезде есептеу машиналарының пайда болуы ақпараттарды сақтауды, әсіресе өңдеуді жеңілдетті. Микропроцессорлар негізінде құрылған есептеу техникалары компьютерлердің және олардың программалық қамтамасыздандырылуын тиімді етіп жаңаландыруға мүмкіндік берді. Үлкен ағымды ақпараттарды өңдей алатын программалар пайда бола бастады. Осындай программалар көмегімен әр түрлі ақпараттық жүйелер құрылды. Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты болып, объектілер туралы және нақты әлемдегі құбылыстар туралы деректерді өңдеу және адамға олар туралы деректерді беру болып табылады. Сондықтан да, бұл ғылыми жұмыстың мақсаты кафедра профессор-оқытушыларының рейтингін анықтайтын, нәтижесін мәліметтер қорында сақтайтын және оған талдау жасайтын бағдарламалық кешенін жасау болып табылады [1].

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Европа университеттерінің тәжірибелерінде кездесетін профессор-оқытушыларының еңбек ақысын есептеуде, жалақысына қосымша ақы қосу мәселелерін, оның істеген жұмысына қарай рейтингін анықтау арқылы балл қойылады. Жинаған балына қарай әр профессор-оқытушыларға қосымша жалақы қосылады. Кімге қанша қосылу керектігін анықтау, адам еңбегіне біршама күш салады. Сол мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама көмегіне жүгінеміз.

Егер біз бір объектілердің жиынтығын қарастырсақ, онда олардың ішінде қасиеттері бірдей объектілерді таба аламыз. Бұндай объектілер бөлек бір топқа бөлінеді. Біріктірілген объектілерді сол топ ішінде жалпы ереже бойынша, яғни алфавит бойынша, немесе басқа бір ортақ белгілері бойынша, мысалы түсі немесе материалы бойынша реттеуге болады. Объектілерді нақты бір белгілері бойынша топтау ақпараттарды оңай іздеп таңдау мүмкіндігін береді. Осы ақпараттардың барлығы деректер қоймасы деп аталатын файлдар жиынында жинақталады да, ал олардың жұмысын басқару үшін арнайы жазылған программалар – деректер қоймасын басқару жүйелері (ДҚБЖ) құрылады.

Ақпараттық жүйелерді (АЖ) шартты түрде фактографиялық және құжаттық деп екі топқа бөлуге болады.

Құжаттық АЖ қойылған сұраққа бір мағыналы жауап бере алмайтын, бөтен бір есептер жиынына қызмет жасайды. Бұндай жүйелердің деректер қоймасы, әр түрлі формалды іздеу аппаратымен жабдықталған, бір құрылымды емес мәтіндік құжаттардың (мақалалар, кітаптар, рефераттар ж.б.) және графикалық объектілердің жинағынан тұрады. Әдетте бұл жүйенің мақсаты болып, пайдаланушының сұранысына оны іздеуге қойылған шарттың мағынасына сәйкес келетін құжаттардың немесе объектілердің тізімін беру болып табылады.

Сол мәліметтер қоры ретінде Microsoft Office құрамына кіретін Access мәліметтер қорын пайдаланайық. Мәліметтер қорын Microsoft Access-те жасап, сақталған мәліметтер қорын басқару үшін Delphi объектіге бағытталған бағдарламалау тілінде интерфейсін жасап ұйымдастырамыз.

Delphi объектіге бағытталған бағдарламалау тілінде ADO деп аталатын технологияны пайдаланамыз. Бұл технологияның қызметі Microsoft Access мәліметтер қорымен байланыс орнатуды жүзеге асырады.

ADO негiздері

ADO (ағылшыннан аударғанда ActiveX Data Objects - «ActiveX мәліметтерінің объектісі») – Microsoft компаниясы жасап шығарған, ActiveX технологиясына негізделген интерфейс бағдарламасы. ADO бағдарламасы әртүрлі файлдарды объектіге бағытталған түрде көрсетеді [2-3].

ADO моделі бірнеше объектілерден тұрады:


  • Connection (жойылған мәліметтер қорын қосуға арналған);

  • Recordset (мәліметтер қорынан алынған мәліметтерді көрсетеді);

  • Command (командаларды орындауға және SQL параметрлерін қолдануда қолданылады);

  • Stream (ағымдағы ақпараттарды жазуға және оқуға қолданылады);

  • Errors (қате екенін көрсетеді);

  • Fields (мәліметтер қорының бағана мен кестені көрсетеді);

  • Parameters (SQL – құрылымының параметрлерін көрсетеді);

  • Properties (объектінің құрылымын көрсетеді).

Microsoft ActiveX Data Objects технологиясы – деректер қорының (ДҚ) қосымшаларынан дерек көздерiне әмбебап қатынауды қамтамасыз етедi.

ADO технологиясы және OLE DB-ның интерфейстерi (1 сурет) әр түрлi дерек көздерiне қатынауға рұқсат беретін бiртұтас қосымшалары үшiн қамтамасыз етедi. Мысалы, ADO қолданушы қосымшасы бiрдей күрделi операциялар мен электрондық кестелерге жергiлiктi ДҚБЖ-да SQL-дың бiрлескен серверiнде және сақталған мәлiметтерге қолдана алады. SQL кез-келген дерек көзiне ADO арқылы бағытталған сұрау салуды орындайды [2-3].


1-сурет. ADO-ның негізінің сұлбасы


Қолдану мысалдары

Delphi-дің негізі терезесінен ADO палитрасынан ADOConnection компонентін таңдап, Form-ға орналыстырамыз. Содан соң, ADOConnection компоненттің ConnectionString қасиетіне кіреміз. Бізге 2-суреттегі терезе ашылады.


2-сурет. ADOConnection компонентін баптау терезесі


Бұл терезеден Use Connection String бөлімін таңдап Build… батырмасын шертеміз. Бізге деректер қорымен байланыс орнатау терезесі ашылады (3-сурет) . Бұл терезеде Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider бөлімін таңдап Далее>> батырмасын басамыз.

3-сурет. Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider жүйесі арқылы деректер



қорымен байланысу терезесі
Байланыс жүйесін таңдап Далее>> батырмасын басқаннан соң, бізге нақты Microsoft Access-те құрылған деректер қорының файлын көрсетеміз (4-сурет) . Оны «1. Выберите или введите имя базы данных» бөлімінде файлдың қайда тұрғанын көрсетеміз.

4-сурет. Microsoft Access-те құрылған деректер қорының файлын көрсету терезесі


Жоғарыдағы амалдарды орындау нәтижесінде, біз қарастырып жатқан деректер қорын толық басқару Delphi ортасында құрылған интерфейске, яғни ADO технологиясына өтеді.

Енді біз өзіміздің тақырыбымызға сай жұмысты істеуді қарастырайық. Бұл жұмыстың жобалануы ең алдымен кафедра профессор-оқытушыларының жеке мәліметтерімен, мақалаларымен танысудан басталады. Одан кейін Delphi объектіге бағытталған программалау тілінде программаны құруды бастаймыз. Ол жоғарыдағы айтылған алгоритмдер мен операцияларды орындаумен жасалады. Олай болса оның құрылған интерфейсі 5-суреттегідей болады.


5-сурет. Бағдарламаның мәзірі



6-сурет. Профессор-оқытушылардың еңбек жинақтарын толтыру терезесі

Осы жұмыстың оқу үдерісінде ең маңызды қызмет атқаратынын айқын көруге болады. Бұл жұмыста кафедра профессор-оқытушыларының рейтингін анықтайтын, нәтижесін мәліметтер қорында сақтайтын және оған талдау жасайтын бағдарламалық кешенін кеңінен қолдана алады.

Бұл автоматтандырылған бағдарлама көмегімен керекті сұраныстар мен есептерді құруға байланысты болатын, қиын және көп уақыт алатын есептеулерге кететін жұмыс күшін азайтумен осы жұмыстарды жеңілдетуге бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет