«Тригонометрияның қиындығы жоғары есептерде қолданылуы»
тақырыбындағы ғылыми-шығармашылық жұмысына
П І К І Р
Мұңайтбас Қарақат Айдосқызының ғылыми-шығармашылық жұмысында математикалық олимпиадаларда қиындығы жоғары есептерді шығаруда тригонометриялық түрлендірулер, теңдеулер құру, тепе-теңдіктерді дәлелдеулер болып табылады.
Зерттеудің кезеңдері: аталған тақырып бойынша кездесетін ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу; тригонометрия тақырыбы бойынша негізгі материалдарды жүйелеу және жинақтау; қиындығы жоғары есептерді шешудің әр-түрлі әдістерін, геометриялық есептерді шешуде қолданылуын көрсету болып жүйелі жасалынған.
Зерттеу жаңашылдығы: қиындығы жоғары есептерді тригонометрияның көмегі арқылы шешуге болатын есептер топтамасы көрсетілген.
Практикалық мәні: ғылыми жұмыстың материалдарын оқушыларды математикада, факультативтік курстар жүргізуде,олимпиадаға дайындауда пайдалануға болады.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Мұңайтпас Қарақат Айдосқызының ғылыми-шығармашылық жұмысында мынадай кемшіліктерге жол қойылған: әдебиеттерге толық сілтеме жасалынбаған.
Айтылған кемшіліктерге қарамастан бұл ғылыми-шығармашылық жұмысты Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ғылыми-шығармашылық жұмысына қойылған талаптарға сай, жұмысты қорғауға болады деп есептеймін.
Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ң
«математика» кафедрасының
ф.-м.ғ. профессоры К.Көлекеев
Кіріспе
Математиканы оқытуда есеп шығарудың үлкен маңызы бар. Оқушылардың математиканы оқып білудегі жетістігі олардың есепті шығаруға қаншалықты төселгендігіне қарай бағаланады.
Есеп шығару кезінде математикалық ұғымдардың көбінің мағынасы анық ашылып, нақтыланады. Есеп шығарудың практикалық мәні зор: оқушыларды тұрмыста жиі кездесетін есеп-қисаптарды жасау алуға керекті біліммен қаруландырып, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сондықтан оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім қабылдауға, жұмыс әдістерін тиімді пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыратын әдіс тәсілдерді іздеп табуға баулиды. Математика сабағында пәнаралық есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияларды, есептердің шешімін табуға қолдануды үйренеді, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың жаңа тарауларын оқып үйренеді.
Мектеп математика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – математиканың қолданбалы мүмкіндіктерін ашу.
Математиканы оқытуда тригонометрия курсы үлкен орын алады. Тиргонометрияны оқытудың басты мақсаттарының бірі — оның теориялық негіздерін білу және оларды практикада қолдану дағдыларын меңгеру. Мектепте математика курсын оқытуда тригонометрия басты роль атқарады. Бұл оқыту мақсатында тригонометрияның қасиеттерін жүйелі түрде оқыту, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда оқушылардың түсінігін дамытады.
Егер есепті шешу үшін стандартты емес әдістер қолданылса, ондай есептер стандартты емес деп есептеледі. Осындай есептердің түрлері оқушылар арасында өткізілетін математикалық олимпиадаларда ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |