Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты



бет67/81
Дата22.12.2021
өлшемі2,36 Mb.
#705
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөздерінің мән мағынасын кеңінен ашып, зерттеу. Ақын осы сөздері арқылы не айтқысы келді соның мәнін ұғынуға бағыт беру. Абай сөзінің құндылығын әр қырынан талдау.

Сабақтың жоспары:

  1. Абай сөздерінің жіктелуі

  2. Тақырыптық жүйесі, оның ақын өлеңімен үндестігі.

90 – жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері де осы мақсаттан туады.Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы мол , терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау – жауап түрінде , өзімен өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.

«Ақыры , ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

«Бірінші сөзде» абай қароа сөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді.Ол осы «ойына келген нәрселер» туралы жазуды соңғы өмірінің мақсат – мұраты тұтады.Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.

Абайдың қара сөздерінің жалпы саны 45 .Олардың қайсысы болса да, сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін – бірі толықтырып отырады.

Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің бірі – адамның адам болуға үйренуі, естілекке ұмтылуы, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны дамыту жайлары.

«Адам , - дейді ол «Он тоғызыншы сөзде» , - ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе , дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені , көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Әрбір есеілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман нәрселерден сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады».

Адамның естіген, көрген нәрселерін есінде сақтап, өзіне өмір серігі ете білуінің жолдарын ақын «Отыз бірінші» сөзінде айтады: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек.Екінші , сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу керек.Үшінші – сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек. Егер бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері : уайымсыз салғырттық, ойыншы – күлкішілдік , я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер ».

Абайдың қара сөздерінде қазақтың мақал – мәтелдерін мазмұны мен шығуы жағынан сынай талдауға да орын беріледі. Өмір сабағының түйіні есебінде мақал – мәтелдердің жастарға тәрбиелік, өнегелік мәні барын түсінген ақын оның жас ұрпақты теріс тәрбиелейтін үлгілерін ашып көрсетеді.Ол : «Мал – адамның бауыр еті», «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат» , тағы басқа мақал – мәтелдерді мысалға алады да, олар жайлы ойын былай түйеді:

«Бұл мақалдардан не шықты?Мәлімболды : қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам ейді екен; бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малшыларды алдап алмақ, яки мақтап алмақ екен, бермесе, оныменен жауласпақ екен . Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық, сұмдық , тіленшілік , соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп , мал тапса, жазалы демесек керек » ( «Бесінші сөз»)

Осы ойын «Жиырма тоғызыншы» сөзде жалғастырады. «Жарлы болсаң , арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң , тірі болып жүргені құрсын. «Қалауын тапса қар жанады» , «Сұрауын тапса , адам баласының бермейтіні жоқ» деген , - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы.Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпенен өмір өткізгенше , малды не жерден сұрау керек, не терден сұрау керек қой...

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді.Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? ... «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті » дейді.Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата- анасын малға сатпақ – ең арсыздың ісі емес пе ? , - дейді ол.

Ақын «қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығын» да көрсеткен. Өзі де өлеңдерінде, қара сөздерінде көп мақал – мәтелдер жасаған. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,«Азат басың болсын құл – қолдан келмес іске ұмтыл» деген сияқты Абай сөздері халық арасына мақал боп сіңіп кеткен. Олар арқылы ақын елді еңбек етуге, кәсіпке үйренуге шақырды. Елді көтерудің , өзіңнің де қатарға қосылуыңның жолы еңбекте деп түсінді.Оның :«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.Адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың », - деген сөзі де осындай ғибрат ұсынады.Абайдың өзі шығарған нақылдарының көбі оның Отыз жетінші сөзінде жинақталған. Онда:

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық .

...Жаман дос – көлеңке.

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.


...Әкесінің баласы – адамның дұшпаны,

Адамның баласы – бауырың,-


деген сияқты нақылдар бар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет