2.6. Сапасын сараптау, сынау тәсілдері
Микробиологиялық көрсеткіштерін МЕМ СТ 9225-84 бойынша анықтайды. Егер микробиологиялық зерттеудің нәтижесінде қанағатсыз деген баға алынса, екінші рет көлемі алғашқы үлгіден екі есе көп мөлшерде үлгі алынып сынақ жүргізіледі, алынған нәтиже өнімнің барлық партиясына тарайды.
Майдың мөлшерін МЕМ СТ 5867-90, ылғалдығын МЕМ СТ 3626-73, плазманың титрлік қышқылдығын МЕМ СТ 3624-92 немесе МЕМ СТ 2681-85, тұзды МЕМ СТ 3627-81талаптары бойынша анықтайды.
Органолептикалық көрсеткіштерін 120С анықтайды. Егер ерітілген майдың органолептикалық көрсеткіштерін анықтауда келіспеушілік болса, дәмі мен иісін 360С балқытылған түрінде анықтайды. Сарымайдың дәмі мен иісі үлгі алғышпен кесектен алынған май бағанасынан анықталады.
Дәмін анықтағанда, әрбір майдың өзіне тән дәмі мен иісін, оның біліну деңгейін және ақауларын еске алады.
Сарымайдың түсін күндізгі жарықта май бағанасы білінбей тұрғанда анықтайды, ол біркелкі болуға тиіс. Егер біркелкі болмаса, кесектің көлденеңінен бөліп тескен жерінен тексереді.
Консистенциясын үлгі алғыштағы май бағанасынан анықтайды, ол тығыз, кескен жерінде аздап жылтыр, құрғақ, кейде дұрыс өңделмегенін көрсетеді. Егер, үлгіде жарықша көрінсе майдың консистенциясы омырылғыш болғаны. Беттің тегіс болмауы, майдың консистенциясы майсаң болғанын көрсетеді, нағыз дұрыс анықтау үшін майдың беткі қабатын пышақпен кеседі.
Тұздың сапасын анықтау үшін, тұздың майда біркелкі араласуын, ерімеген тұз кристалдарының болмауын тексереді. Тұзы біркелкі араласпаған майда кескен жердің ақшыл-сары түсінің арасында ұсақ, ірі, ақ, ноқаттар, жолақтар яғни «мәрмәрлік» белгілер болады.
2.7. Сары майды орау және сақтау
Сары және қорытылған май өлшенетін және оралған түрде өндіріледі. Сары майды 24кг дейін ағаш жәшікке; 20кг дейін картон қораптарға салады. Жәшіктерге салар алдында оған пергамент немесе фольга төселеді. Қорытылған майды 40кг-нан және 80кг-нан бөшкелерге салады.
Бөлшек сауда үшін майды майды брикет түрінде пергаментке немесе каширленген фольгаға 100, 200, 250г-нан орайды; қорытылған майды шыны ыдысқа 450, 600г-нан, қаңылтыр банкіге 350 және 2700г-нан салады.
Тұтынушылық ыдыстағы әрбір өнім бірлігінде келесідей мәлімет болу керек: кәсіпорын аты, тауарлық белгі немесе кәсіпорын нөмірі, нетто массасы, май түрі мен сорты, 100г өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылығы, орау күні, өткізу мерзімі, стандарт нөмірі.
Сарымайды өнеркәсіптен шығарғанда сақтау температурасы –
2-60 С, сауда тоңазытқыштарында 60 С, кәсіпорыннан шығарғанда – 60 С жоғары болмауы керек.
Вологод майының сақтау мерзімі шыққан күнінен 30 тәуліктен аспауы керек, осы мерзімнен асса сортына сәйкес тұздалмаған тәтті сарымай ретінде сатылады.
Сауда орнында сарымай 60 С ылғалдығы 80% жоғары емес жағдайда сақталуы керек.
Сауда орнына келіп түскеннен кейін сақтау мерзімі:
• Түскен жәшіктегі – 10 тәулік;
• Ерітілген сарымай үшін – 15 тәулік.
Тұтынатын ыдыстарға майдың оралған температурасы 30 С жоғары емес, салыстырмалы ылғалдығы – 80% жоғары емес болса: пергаментпен оралған болса 10тәулік, фольгаға оралған майды – 20 тәулік сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |