Семестрлік жұмыс



бет7/7
Дата06.03.2023
өлшемі65,99 Kb.
#171250
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-32755

Қорытынды

Кез келген өнім өндіргенде оның сапасы адам өміріне тікелей байланысты екендігін айтып өтсем артық болмайды. Себебі, адам өнім болсын, қызмет көрсету түрі болсын олармен күнделікті кездесіп отырады. Сондықтан бірінші сүт және сүт өнімдерін күнделікті пайдаланады. Сүт өте құнды, тағамдық биологиялық құндылығы жоғары тағамның бірі болып табылады. Сонымен қатар оның сапасы төмен болса, адам өмірі мен ден саулығына едәуір қауіп төндіреді.


Жоғары сапалы өнім шығаруға міндетті шарттың бірі болып шикізатты дұрыс таңдау мен өндірістің технологиялық процесін қатаң сақтау, санитарлық гигиеналық шаралар мен ережелерді сақтау, химиялық қоспаларды дұрыс пайдаланып, шамадан тыс қоспау болып табылады. Сүт және сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдер қатарына жатуына байланысты, адам өміріне қауіп төндіретін өнімнің бірі болып табылады. Сондықтанда сүт және сүт өнімдерінің сапасы стандарт талаптарына сай болуының маңызы зор.
Бәрімізге мәлім адам организміне түсетін улы және зиянды заттардың 70% сырттан тағам арқылы түседі. Бұндай сапасы төмен тағамдар осы тектес ауыз суларымен қосылғанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Тағам өнімдерінің биологиялық және тағамдық құндылығы өндірілуге баратын ауыл шаруашылық шикізатының сапасына тікелей байланысты.Қазіргі кезде біздің елеімізде өнімдердің сапасына үлкен көңіл бөлініп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау» , Т.М. Мендебаев, Е. С. Асқаров, А. Ө. Ермекбаева, И.Ж. Шаханова, Алматы 2011.


2. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау», А.Қ. Смағұлов, Қ.А. Сағындықов, А. Ә. Төреханов, И.Ә. Жазылбеков, Д. Е. Нұрымов, Қ.Ж. Жазылбеков, Алматы 2005.
3. М.А.Тулегенов «Тауартану», Қарағанды 2004.
4. Г.К .Күзембаев «Азық түлік өнімдерін тану».
5. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет