Семинар сабақ тақырыбы: Қазақстан жолы 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"



бет2/2
Дата10.07.2017
өлшемі235,37 Kb.
#20988
түріСеминар
1   2
Мырзат Айсара – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 11 «а» сынып оқушысы.
Бүгінде Қазақстан жаһанға аты әйгілі елдердің қатарында. Мұндай елдер қатарына қосылу жолында Елбасымыздың атқарған үлесі мол. Елеулі еңбегіне куәміз! Елеусіз қалған ештеңе де жоқ. Барлығы да еліміздің ертеңі мен бүгініне арналған! Жұдырықтай жұмылған ел сенімін арқалаған көшбасшы-бірлік пен татулықты, намыс пен мақсатты пір тұтты. Дәл осындай қарқынмен еліміз «Қазақстан 2030» стратегиялық бағытын жүзеге асырып, дамыған 50 ел қатарына кірді. Өркениетті ұлтымыз үшін, еліміздің дамуын тежемей керісінше дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатында, Елбасымыздың қолдауымен «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын қабылдадық. Міне “Мәңгілік ел” идеясына да куә болып отырмыз. Бұл жолдаудың тағы да бір басым бағыттарының бірі ғылыми қамтымды экономика құру. Қазақстан ғылымының әлеуетiн арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлiк қаржыландыру, зияткерлiк меншiктi қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзiрлемелердi коммерциялан­дыру жөнiндегi заңнаманы жетiлдiруді мақсат етті. Елбасымыз ғылымды қаржыландыру көлемiн бiртiндеп арттырып, оны дамыған елдердiң көрсеткiш­терiне жеткiзу жөнiнде нақты жоспар қажеттігін атты.
Ресей,АҚШ,Қытай,Германия сияқты техналогия жағынан тым ерте дамыған қуатты елдер бар. Дамыған елдермен тәжірибе алмасуымыз керек.
Алда әлі талай уақыт бар. Алла қаласа «ЭКСПО-2017»-ні  өткізсек талай қызықтың куәсі боларымыз сөзсіз Дамыған 30 елдің қатарына қосылу жоспарымыз орындалады. Оған әрбір қазақ азаматы, жұмыла қызмет етуі керек деп ойлаймын. Құлпырып жайнаған еліміздің алар асуы әлі алда.

Құрмаш Арыстан баб – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы

Кеше қалай ел боламыз деп уайымдап, ұстараның жүзіндей жұқарған қазағымның бүгінгі мәртебесі биік.


Елбасымыз өз жолдауында халықты игі істерге шақырды. Соның біріШағын және орта бизнестi дамыту.Экономикамызда шағын және орта бизнестiң үлесi артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседi.

Жаңандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнестi жүргiзуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кiредi және бiз бұл үрдiстi өрiстете түсуге тиiспiз. Шағын және орта бизнес – бiздегi Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берiк экономикалық негiзi.Бұл елбасы сөзі. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн отбасы дәстүрiне айналуға тиiс екенінде басты бақсат етті.

Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестiрудi тапсырды.Дәл осындай бастамалар барда сәулеті мен дәулеті келіскен қазақ елінің бағы үстем!  Елбасы салып берген дара жолдан жаңылмай, жас ұрпақ та биік белестерге жете берері сөзсіз.

Мерекеқызы Альбина – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы. 

Алдымыздағы асулардың әр жағындағы Қазақстанды мен қалай елестетем?  Осы стратегия қабылданғалы еліміздің болашаққа деген сенімі арта түсті. Мен Қазақстанды әлемдегі ең бақытты, дамыған, үздік мемлекет етіп елестетем. Қазақ халқы тек эканомикалық жағынан емес, мәдениеті, салт-дәстүрімен де көшбасшы болып тұрады.Қазіргі кездегідей орысша сөйлегенді мақтан тұтпай, бір-бірімен қазақша сөйлесіп, теледидардың барлығы мемлекеттік сайрап тұратындай деңгейге жетеміз.
  Бiздiң болашаққа барар жолымыз қазақстан­дықтардың әлеуетiн ашатын жаңа мүмкiндiктер жасауға байланысты. ХХI ғасырдағы дамыған ел дегенiмiз – белсендi, бiлiмдi және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшiн бiз не iстеуiмiз керек?Елбасы ең алдымен білімге баса назар аударды.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.


Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.



Табылдиева Альбина – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы.
Мемлекеттiк институттар жұмысын жетiлдiру. Әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына ұмтылыс кезiнде бiзге адал бәсекелестiк, әдiлеттiлiк, заңның үстемдiгi және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттiң үкiметтiк емес сектормен және бизнеспен өзара iс-қимылының жаңартылған тәсiлдерi керек. Заң алдындағы теңдiк құқық тәртiбiнiң шынайы негiзi болуға тиiс.Бұл да елбасы сөзі.

Мемлекетiмiз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына қосылу жолындағы нақты мiндеттер осындай. Бiздiң алдымызда оларды заң жүзiне және нақты шешiмдерге айнал­дыру мiндетi тұр. Мен Қазақстанның болашағын ғашайып арманмен елестетемін.

Қайсаева Гүлназ – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы. 

Қорытынды


Конференция сабақ барысында қатысушылар назарына қызықты слайдтар ұсынылады.
Сабаққа қатысушылар өздерінің белсенділіктерін көрсетті,сұрақтар қойды және өз ұсыныстарын айтты.
Марапаттау
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет