7. КУРСТЫ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Семинарлық сабақтардың негізгі мақсаты-студенттердің теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету және практика жүзінде оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар:
- семинар сабақтарының мамандық бойынша құрылған оқу жоспарына сәйкес келуі;
- пәннің типтік және оқу бағдарламасының, сабақ кестесінің болуы;
- семинар сабақтарының дәріс сабақтарымен, бақылау жұмыстарымен және басқа да пән бойынша өткізілетін оқу сабақтарының түрлерімен сәйкестігі;
- техникалық құралдарды кеңінене қолдану;
- университеттегі кітапханалардың әдебиеттермен қамтылу жағдайын ескере отырып, семинарларға әдебиеттер беру;
- семинар сабақтарына студенттердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру;
1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
-семинар сабақтарының мазмұнының пәннің негізгі бөлімдерін қамтыған оқу бағдарламасына сәйкес келуі;
- семинар сабақтарының пәннің оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету;
-сабақтарда студенттердің жаңа жағдайда білімді өз бетімен пайдалана алу қабілетін дамыту;
-алға қойылған міндеттерді шешу қабілетін дамыту.
1.3. Әдістемелік талаптар:
-дәріс курсымен және басқа да оқу сабақтарының түрлерімен логикалық байланысын қамтамасыз ету;
-студенттер мен оқытушының семинар сабағына дайындық;
-қайшылықты мәселелерді дұрыс талдау мен дұрыс емес жауаптарды түзету;
-курстың спецификалық ерекшелігі мен студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып студенттердің өз бетімен жұмыстануына оқытушының дифференцияцияланған басшылығын қамтамасыз ету.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып: Тарих ғылымының пәні, қалыптасуы.
Практикалық сабақтың мақсаты: Ауызша баяндата отырып, студенттердің мәселенің мазмұны бойынша білім деңгейін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны:1.Қазақстан тарихын оқытудағы мақсат-міндеттер. 2. Қазақстанның ежелгі дәуіріндегі тарихының зерттелуі.
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау
Әдебиеттер: Ақышев К. “Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, даму кезеңдері, тұрақтануы” / Қазақ тарихы, 1995, №2; Қазақстан тарихы» очерктер, Алматы., 94ж; «Қазақстан тарихы» көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А; 96; Назарбаев Н.Ә. «Қазақтың бүкіл тарихы, бірігу тарихы, тұтастану тарихы.» Ақиқат журналы, 1998.
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы:Қазақстан тарихындағы тас ғасыры дәуірі.
Практикалық сабақтың мақсаты: «Галереяға саяхат» әдісін қолдану арқылы студенттердің тас ғасыры дәуірінің кезеңдерін, тас дәуірінің еңбек құралдарын жасау технологиясының түрлерін, олардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін анықтауға түрткі болу.
Практикалық сабақ мазмұны:1. Тас дәуірінің ерекшеліктері мен кезеңдері. 2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары.
Әдістемелік нұсқау: Галеряға саяхат.
Галеряға саяхат.
Студенттер бір проблеманы әртүрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде не диаграмма не кесте сызады;
Нәтижелер тақтаға қыстырылады;
Оқытушы белгі кезегімен жылжып тақтадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды;
Әр топ немесе оқытушы тақтадағы нәтижеге келесі топтың нәтижелеріндегі жетістіктер, кемшіліктер көрсетілген және ескертпелер берілген өз байқауларын қыстырып қояды;
Осы галерея саяхатынан соң, топтар нәтижелерді басқалармен салыстыра зерттейді, өз жазған нәтижелеріне басқалардың қыстырып кеткен байқауларын талқылайды.
Әдебиеттер: Алпысбаев Х.А. “Памятники нижнего палеолита южного Казахстана” А., 1989; “Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана” А., 1989; “По следам древних культур Казахстана” А., 1970; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. “Археология Казахстана” А., 1993; Таймагамбетов Ж.К. “Палеолитическая стоянка им. Ч. Валиханова” А-А., 1990; Медоев А.Г. “Геохронология палеолита Казахстана” А-А., 1982.
Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан.
Практикалық сабақтың мақсаты: Ауызша баяндата отырып, студенттердің мәселенің мазмұны бойынша білім деңгейін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны: 1.Неолит дәуірінің ерекшелігі. 2. Неолиттік мәдениеттер.
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау
Әдебиеттер: «Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана» А., 1989; “По следам древних культур Казахстана” А., 1970; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. “Археология Казахстана” А., 1993
Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Практикалық сабақтың мақсаты: Үш қадамнан тұратын сұхбат әдісі арқылы студенттердің өзар еркін ой бөлісуіне, жеке көзқарастарын, тұжырымдарын ұсынуға, өзгенің пікірін тыңдай отырып, сыни талдауына жағдай тудыру.
Практикалық сабақ мазмұны:1.Қола дәуіріндегі шаруашылықтың даму бағыттары, мәдениеті, өнері мен діні. 2. Андроновтық тайпалардың қоғамдық құрылысы, әлеуметтік өмірде мүліктік теңсіздіктің пайда болуы.
Әдістемелік нұсқау:Үш қадамнан тұратын сұхбат.
Үш қадамнан тұратын сұхбат.
Бұл бірлесіп жұмыс жасататын құрылым, онда студенттер белгілі бір тақырып бойынша бір-бірімен сұхбаттасады. Мысалы, 3 адамнан тұратын топта, А Б-дан сұхбат алады, ол кезде С жауаптың негізгі мәнді жерлерін қағазға түсіріп отырады. Студенттер әр сұхбаттан соң кезекпен рольдерді ауыстырып отырады, әрбір студентке топта сұхбаттасуға мүмкіндік беріледі. 4 адамнан тұратын топта бұл қадамдар мына төмендегіше өрбиді: А Б-дан сұхбат алады, сол кезде С Д-дан сұхбат алып жатады. Рольдер ауыстырылып ойналып жатады және Б А-дан сұхбат алады және Д С-дан сұхбат алады.
Әрқайсысы өз әріптесінің пікірін айтады (жеткізеді). С Д-нің пікірін В-ға, В А-ның пікірін Д-ға жеткізеді.
Әдебиеттер: МаргуланА.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. «Древняя культура Центрального Казахстана» А., 1966; Маргулан А.Х. «Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» А-А., 1979; Байпаков К. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының кейбір мәселелері / Қазақ тарихы, 195. №5; Зданович Г.Б. «Феномен протоцивилизация бронзового века Урало – Казахстанских степей. Взаймодействие кочевых культур и древних цивилизаций» А-А., 1989; Кузьмина Е.Е. «Древнейшие скотоводы от Урало до Тянь-Шаня» Фрунзе., 1989.
Практикалық сабақ №5
Тақырыбы:Қазақстан Ерте темір дәуірінде.
Практикалық сабақтың мақсаты: «Кішігірім топтар» әдісі арқылы студенттердің бойында қарастырып отырған мәселе бойынша теориялық білімдерін нақтылай түсу, аргументтелген ой-пікірлер жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Практикалық сабақ мазмұны:1.Сақ тайпалық одағының көрші мемлекеттермен (Иран, Қытай) өзара қарым-қатынастары. 2. I Дарий, Кир әскерлері мен А.Македонскийдің жаулаушылық жорықтарына қарсы сақтардың күресі.
Әдістемелік нұсқау: «Кішігірім топтар» әдісі.
«Кішігірім топтар».
Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың ОСӨЖ сабағындағы ролі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Әдебиеттер: Акишев К.А., Кушаев Г.А. “Древняя культура саков и усуней долина реки Или” А., 1963; Акишев К.А. “Курган “Иссык” Искусство саков Казахстана” М., 1978; Акишев К.А. “Икусство и мифология саков Семиречья” А., 1986; Артықбаев Ж. Қазақтың этникалық құрылымының бастаулары. / қазақ тарихы, 1996, №3; Вишневская О.А. “Культура сакских племен низовья Сырдарьи в YII-Y в.в. до н. э.” М., 1973; Есмағамбетов К Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында / Қазақ тарихы, 1996, №1; Жұртбаев Т “Дулыға: көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар” А., 1994. К.1.; кушаев Г.а.”Этюды степного Приуралья” О., 1993; МаргуланА.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. «Древняя культура Центрального Казахстана» А., 1966; Смирнов К.Ф. “Сарматы и утверждение их политического господства в Скифии” М., 1984; Черников С.С. “Загадка Золотого кургана” М., 1965.
Практикалық сабақ №6
Тақырыбы:Ғұн, үйсін және қаңлы мемлекеті.
Практикалық сабақтың мақсаты: «Кішігірім топтар» әдісі арқылы студенттердің бойында қарастырып отырған мәселе бойынша теориялық білімдерін нақтылай түсу, аргументтелген ой-пікірлер жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Практикалық жұмысының мазмұны:1. Солтүстік ғұндар мемлекеті. 2. Қазақстан және Еуропа жеріндегі ғұн мемлекеті. Атилла. 3. Үйсіндер мен қаңлылардың территориялық орналасуы, олардың әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси ұйымы.
Әдістемелік нұсқау: «Кішігірім топтар» әдісі.
«Кішігірім топтар».
Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың ОСӨЖ сабағындағы ролі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Әдебиеттер: Акишев К.А., Кушаев Г.А. “Древняя культура саков и усуней долина реки Или” А., 1963; Бернштам А.Н. “Очерки истории гуннов” Л., 1951; Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена” Т. 1. М-Л., 1950; Гумилев Л.Н. “Хунну” м., 1960; Жұртбаев “Дулыға” А., 1994. К.1.; Исмагулов О.И. “Население Казахстана от эпохи бронзы до современности” А-А., 1992, Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. “Казахстан летопись трех тысячилетий” А-А., 1992; Миняев С.С. “Сюнну” М.,1988; Салғарин Қ. “Алтын тамыр” А., 1986; Тынышпаев М. “Материалы к истории киргиз-казахского народа” Ташкент., 1925.
Практикалық сабақ №7
Тақырыбы:Ерте ортағасырлық мемлекет – Түрік қағанаты.
Практикалық сабақ мазмұны:1.III-Y ғ.ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Ашина руы. 2. YI ғ. I-ші жартысында Алтай өңірінде түрік ықпалының нығаюы. 3. Аварлардың күйреуі және Бумынның Ашина руының мемлекетін құруы. 4. Түріктердің Орта Азияға жылжуы. 5. Түрік қағанатының халықаралық байланысы. 6. YI ғ. соңындағы саяси дағдарыс және ұлы империяның жікке бөлінуі.
Практикалық сабақтың мақсаты: «Еркін топтық дискуссия» әдісі арқылы студенттердің мәселеге қатысты жеке көзқарастар, ой-тұжырымдар жасауына жағдай тудырту.
Әдістемелік нұсқау: «Еркін топтық дискуссия».
Дискуссия.
Латын тілінен дискуссия «discussio» - бұл зерттеу немесе талдау. Бұл нақты мәселені талдау немесе түрлі позиция, информация, ойлар, көзқарастар және ұсыныстардың түйісуі.
«Еркін топтық дискуссия» барысында студенттер басқаның дұрыс та қате де көзқарастарын пайдалана отырып ғылыми тұрғыдан ойлауға, қорытынды жасауға үйренеді.
Әдебиеттер: Ақышев К. Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, дапу кезеңдері, тұрақтануы. / Қазақ тарихы, 1995, №2; Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Шығ. 5-том. М., 1972; Бартольд В.В. «Очерки истории Семиречья» Шығ. 2-том. М., 1963; Бартольд В.В. «Древнетюркские надписи и арабские источники» Шығ.5-том. М., 1972; Барманкулов М. «Хрустальные мечты тюрков о квардонации» А., 1999; Бернштам А.Н. «Социально-экономический строй орхоно – енисейских тюрок YI-XII в.в. Восточно-тюркский каганат и кыргызы.» М-Л., 1946; Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена” Т. 1. М-Л., 1950; Гумилев Л.Н. “Көне түріктер” А., 1994; Гумилев Л.Н. “Древняя Русь и Великая Степь” М., 1970; Гумилев Л.Н. “Қиял патшалығын іздеу” а., 1992; Ирмуханов Б.Б. “Этническая история древнего Казахстана” А.,1998; Кляшторный С.Р. “Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии” М., 1964; Салғарин Қ. “Көмбе” А., 1989.
Практикалық сабақ №8
Тақырыбы:Батыс Түрік және Түргеш қағанаттары.
Практикалық сабақ мазмұны:1. Батыс Түрік қағанаты құрылуының алғышарттары. 2. Батыс Түрік қағанатының қоғамдық құрылысы. 3. Мемлекеттегі тайпааралық соғыстар. Түргештердің көтерілуі. 4. Түргеш қағанатының ішкі саяси, халықаралық дағдарысы және құлауы.
Практикалық сабақтың мақсаты: «Еркін топтық дискуссия» әдісі арқылы студенттердің мәселеге қатысты жеке көзқарастар, ой-тұжырымдар жасауына жағдай тудырту.
Әдістемелік нұсқау: «Еркін топтық дискуссия».
Дискуссия.
Латын тілінен дискуссия «discussio» - бұл зерттеу немесе талдау. Бұл нақты мәселені талдау немесе түрлі позиция, информация, ойлар, көзқарастар және ұсыныстардың түйісуі.
«Еркін топтық дискуссия» барысында студенттер басқаның дұрыс та қате де көзқарастарын пайдалана отырып ғылыми тұрғыдан ойлауға, қорытынды жасауға үйренеді.
Әдебиеттер: Ақышев К. Қазақ мемлекеті: қайнар көзі, дапу кезеңдері, тұрақтануы. / Қазақ тарихы, 1995, №2; Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Шығ. 5-том. М., 1972; Бартольд В.В. «Очерки истории Семиречья» Шығ. 2-том. М., 1963; Бартольд В.В. «Древнетюркские надписи и арабские источники» Шығ.5-том. М., 1972; Барманкулов М. «Хрустальные мечты тюрков о квардонации» А., 1999; Бернштам А.Н. «Социально-экономический строй орхоно – енисейских тюрок YI-XII в.в. Восточно-тюркский каганат и кыргызы.» М-Л., 1946; Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена” Т. 1. М-Л., 1950; Гумилев Л.Н. “Көне түріктер” А., 1994; Гумилев Л.Н. “Древняя Русь и Великая Степь” М., 1970; Гумилев Л.Н. “Қиял патшалығын іздеу” а., 1992; Ирмуханов Б.Б. “Этническая история древнего Казахстана” А.,1998; Кляшторный С.Р. “Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии” М., 1964; Салғарин Қ. “Көмбе” А., 1989.
Практикалық сабақ №9
Тақырыбы:Қарлұқ конфедерациясы.
Практикалық сабақтың мақсаты: Ауызша баяндата отырып, студенттердің мәселенің мазмұны бойынша білім деңгейін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны:1. Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуы және ондағы саяси өмірге әсері. 2. Мемлекеттің қоғамдық құрылымы.
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау
Әдебиеттер: Бисенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері(YIII-IX ғ.ғ.). / Қазақ тарихы, 1996, №3; Есмағанбетов к. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы, 1996, №2; Сыздықов С. Қарлық қағанаты : шаруашылығы, саяси-әлеуметтік құрылымы. / Қазақ тарихы, 1995, №5; Шаниязов К. «Узбеки-карлуки.» Ташкент., 1964.
Практикалық сабақ №10
Тақырыбы:Оғыз мемлекеті.
Практикалық сабақтың мақсаты: Ауызша баяндата отырып, студенттердің мәселенің мазмұны бойынша білім деңгейін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны:1. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы. 2. Оғыздардың шаруашылығы, салт-дәстүрлері.
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау
Әдебиеттер: Агаджанов С.Г. «Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII.в.» Ашхабад., 1969; Бисенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері(YIII-IX ғ.ғ.). / Қазақ тарихы, 1996, №3; Есмағанбетов к. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы, 1996, №2.
Практикалық сабақ №11
Тақырыбы:Кимек қағанаты.
Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің тақырыптың мазмұнын ашатын нақты сұрақтарға алған жауаптары негізінде мәселені қаншалықты игергендігін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны:1.”Кимек», «Кимак», «Йемек», «Яньмо», «Болат» атауларына сипаттама. 2. Кимектердің үй кәсіптері мен қолөнері.3. Кимек Қағанатының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. 4. Кимектердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап.
Әдебиеттер: Бисенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері(YIII-IX ғ.ғ.). / Қазақ тарихы, 1996, №3; Есмағанбетов к. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы, 1996, №2; Кумеков Б.Е. «Государство кимаков IX-XI в.в. по арабским источникам.» А-А., 1972; Кумеков Б.Е. «Арабские источники по истории кыпчаков, куманов, кимеков YIII-XIII в.в.» СПБ., 1994.
Практикалық сабақ №12
Тақырыбы:Қарахан мемлекеті.
Практикалық сабақтың мақсаты: Ауызша баяндата отырып, студенттердің мәселенің мазмұны бойынша білім деңгейін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны:1. Этникалық-саяси тарихының мәселелері. 2. Шаруашылығы.
Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау
Әдебиеттер:Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М., 1968;Караев О. «История Карханидского каганата»Ф., 1983; «Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана»м., 1986.
Практикалық сабақ №13
Тақырыбы:Қарақытайлар мемлекеті.
Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің тақырыптың мазмұнын ашатын нақты сұрақтарға алған жауаптары негізінде мәселені қаншалықты игергендігін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны:1.Қидан-қарақытайлардың этникалық-тайпалық құрамы. 2. Қарақытайлық гурхандардың ішкі саясаты, әулеттік қырқыстар.
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап.
Әдебиеттер: Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М., 1968; «Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье» М., 1988; Қалибек Данияров «Қазақстанның балама тарихы» А., 1997.
Практикалық сабақ №14
Тақырыбы:Наймандар, керейттер, жалайырлар.
Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің тақырыптың мазмұнын ашатын нақты сұрақтарға алған жауаптары негізінде мәселені қаншалықты игергендігін тексеру.
Практикалық сабақ мазмұны: 1.Наймандар, керейттер, жалайырлардың саяси ұйымы. 2. Наймандар, керейттер, жалайырлардың шаруашылық-экономикалық уклады.
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап.
Әдебиеттер: Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М., 1968; Бартольд В.В. “Туркестан в эпоху монгольского нашествия” Соч. Т.1. М., 1963; Бартольд В.В. “О христианстве в Туркестане в домонгольский период.” Соч. Т.1 м., 1963; “Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье” М., 1988; Сұнғатай С. Несториан дінінің ортағасырлық қазақ тайпалары арасында таралуы / Қазақ тарихы, 1996, №1; “Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана” М., 1986.
Практикалық сабақ №15
Тақырып: Қыпшақ хандығы.
Практикалық сабақтың мазмұны:1. Қыпшақтардың ерте этникалық тарихының проблемасы. 2. Шаруашылығы. 3. Әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. 4. Қыпшақтардың мәдениеті мен діні.
Практикалық сабақтың мақсаты: «Еркін топтық дискуссия» әдісі арқылы студенттердің мәселеге қатысты жеке көзқарастар, ой-тұжырымдар жасауына жағдай тудырту.
Әдістемелік нұсқау: «Еркін топтық дискуссия».
Дискуссия.
Латын тілінен дискуссия «discussio» - бұл зерттеу немесе талдау. Бұл нақты мәселені талдау немесе түрлі позиция, информация, ойлар, көзқарастар және ұсыныстардың түйісуі.
«Еркін топтық дискуссия» барысында студенттер басқаның дұрыс та қате де көзқарастарын пайдалана отырып ғылыми тұрғыдан ойлауға, қорытынды жасауға үйренеді.
Әдебиеттер: Ахинжанов С.Н. “Кипчаки в истории средневекого Казахстана” А., 1989; Бартольд В.В. «Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии» Соч. Т.5. М.,1968; “Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана” М., 1986; Кляшторный С.Г. “Кипчаки в рунических памятниках.” Л., 1986; Мурад Аджи “Европа, тюрки, Великая степь” М., “Мысль”, 1998.
ОЖСӨЖ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Студенттердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы.
ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңестік және бақылаушылық.
Мақсаты мен міндеттері.
Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.
Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:
-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;
-үй тапсырмаларын орындау;
- семинар сабақтарына дайындалу;
-семестрлік тапсырмаларды орындау;
-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.
Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.
Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.
2. Өткен материалдарды қайталау.
Өткен материалдармен қайта жұмыс істеу жеке жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалды қаншалықты терең және толық қайталаса, соншалықты жеке жұмыстардың басқа түрлерін орындау жеңіл болады.
Бірінші дәрістен бастап өткен дәріс материалдарымен жүйелі және үнемі жұмыс жасау келесі дәріс материалдарының мазмұнын және семинар сабақтарының материалдарын түсінуге қажетті жағдайды туғызады.
2.1. Дәріс мазмұнымен танысуға кіріспес бұрын мынаны орындау керек:
-жұмыс орынын анықтау(егер үйде немесе жатақханада қажетті жағдай жоқ болса, онда оқу залының қызметіне жүгінген жөн) қажет;
-дәріс конспектісі болуы қажет;
-оқып жатқан пән бойынша оқу бағдарламасы болуы керек;
-дәріс бойынша берілген әдебиеттердің болғаны жөн;
2.2. Жұмыс істеу әдістері.
- жақында еске сақталған мәліметтер бойынша мақсатты түрде дәріс материалдарын қайта өңдеу(кейінге қалдыруға болмайды, дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);
-конспектімен жұмыс істеу барысында әдебиетке сілтеме істеген жөн, қажетті толықтыруларды енгізу мен қате кетсе түзету енгізу(бұл емтиханға даярланғанда қажетті болады);
-тақырыппен жұмыс істеу материалды толық түсінгенше және есте сақтағанша жүзеге асады. Ол оқулықтар мен әдебиеттерде көрсетілген мысалдар мен міндеттерді өңдеген соң аяқталады;
-егерде тақырыппен жұмыс істеліп болған түсініксіз мәселелер бойынша сұрақтар туындаса, онда оларды келесі дәріс барысында оқытушыға қоюға болады;
2.3. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын орындату жұмысының мақсаты-практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалана алу дағдысы мен шеберлігін меңгерту болады.
-үй тапсырмасын орындауды осы тақырып бойынша өткізілген дәрістен соң бастаған жөн;
-тапсырманы орындаған немесе міндеттерді шешкен кезде оның мазмұнын сараптап алып, дәріс материалдарын немесе оқулықтар материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы дұрыс орындау ережесін таңдап алу керек;
-соңында қол жеткізген нәтижелерді сараптау қажет.
2.4. Семинар сабақтарына дайындық.
Дәрісте алған білімді бекіту мен тереңдету үшін семинар сабақтарын өткізу қарастырылған. Семинар сабақтарына даярлану кезінде:
-сабақ тақырыбы бойынша курстың теориялық бөлігін өткен сабақтарда қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып зерттеу керек;
-семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік оқу құралдарын немесе тапсырмаларды басшылыққа ала отырып осы тапсырманы орындауға бөлінген уақытты тиімді пайдаланған жөн.
ОЖСӨЖ №1
ОЖСӨЖ мазмұны: Жалпы курсқа қатысты әдебиеттермен таныстыру. Библиография құру және тапсыру.
Әдістемелік нұсқау:
Библиография құру үшін карточкілер қажет. Әрбір карточканың алдыңғы бетінде: автор, кітаптар немесе мақалалар атауы, баспаға шығу жері мен жылы, беттер көлемі көрсетіледі. Артқы бетінде еңбектің шағын мазмұны, оған берілген сын-баға және еңбектің кімдерге қолдануына арналғаны көрсетіледі. Библиография алфавиттік жүйемен құрылады. Мысалы.
Н.С.Борисов, В.В.Дранишников, П.В.Иванов, Д.В.Кацюба
Методика историко-краведческой работы в школе.
Изд. «Просвешение», 1982г. – 223.
|
.
Оқулықта өлкенің тарихына арналған деректер, сонымен қатар тарих сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда қолданылатын әдістер мен тәсілдер қамтылған.
Оқулық оқытушыға мектепте өлкелік жұмыстарды жүзеге асыру және оқитындар арасында жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру дағдыларын игеруге көмектеседі.
|
ОЖСӨЖ №2
ОЖСӨЖ мазмұны: “Тарих” деген ұғымға түсініктеме беру.
ОЖСӨЖ мақсаты: Эссе әдісін қолдану арқылы студенттердің «Тарих» деген ұғымға өз түсініктерін бергізу жолымен оларды тақырыпта ой толғауға жетелеу, өзіндік көзқарас, тұжырым жасауына жағдай туғызу.
Әдістемелік нұсқау: Эссе жазу.
Эссе
Өткен тақырыптар бойынша өз ойларын еркін білдіретін хат әдісі. Ол студенттерге өткен тақырыптарға байланысты пайда болған ойларды талдау үшін және оқытушылардың топтың интеллектуалды дамуын қадағалау үшін тиімді.
Эссе бағалаудағы рубрикалар:
«5» алу үшін Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті:
Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;
Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз;
Сол тезиске қарсы берілген дәлелді есепке алыңыз;
Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру керек;
Мұқият қатесіз жазылуы керек;
Көлемі 2-3 бет болуы керек
«4» алу үшін, Эссе мынадай болуы керек:
Бір айтқанды қайталап жаза бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;
Дәлелді тезисті қолданыңыз;
Әңгіменің кіріспесі, мәтінінен және қорытындылаудан тұру керек;
Мұқият қатесіз жазылуы керек;
Көлемі 2-3 бет болуы керек.
«3» алу үшін:
Тезисі анық (түсінікті) емес;
Тезисті қолдайтын себептері жоқ;
Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді (кіріспе, мәтін, қорытындылау);
Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық қателері көп;
Көлемі 2-3 беттен аз.
ОЖСӨЖ №3
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстанның ежелгі дәуірі тарихының зерттелуі бойынша сұлба (схема) құру.
ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттерге тарихи оқиғаның сұлбасын жасату арқылы тарихи оқиғаны жинақтап, жүйелеп меңгерудің оңтайлы жолдарын үйрету.
Әдістемелік нұсқау: Белгілі бір тарихи оқиғаның сұлбасын (схема) жасау.
Сұлбалар оқытылатын оқиғалар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын ашуға көмектеседі. Ол әлдебір оқиға немесе құбылыстың оңайлатылған, жинақталған формасы.
ОЖСӨЖ №4
ОЖСӨЖ мазмұны Қазақстанның ежелгі дәуірінің жазба деректері.
ОЖСӨЖ мақсаты: Пресс-конференция әдісі арқылы қарастырылып отырған мәселені барлық күрделігімен, қарама-қайшылығымен жан-жақты ашуға студенттерді жұмылдыру.
Әдістемелік нұсқау: Пресс-конференция
Пресс конференция.
Бұл әдіс нақты аргументтелген ойлау, өзінің жеке көзқарасын білдіру дағдыларын үйретеді.
Пресс-конференцияда сөз сөйлейтін студент оқытушы орындығын иемденеді, олар сұрақтарға жауап береді. Оқытушы пресс-конференцияның барысын бақылай отырып, тақырыптың негізгі жақтарының, негізгі түсініктер мен категориялардың ұмытылып қалмауын қадағалайды. Пресс-конференцияға қатысушыларға сұрақтарды өзі қояды, дискуссия уақытын шектейді, сөз сөйлегендерге баға береді, қызықты сұрақтарды және нақты жауаптарды ескереді.
ОЖСӨЖ №5
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстан тас дәуірінде.
1. Адамзаттың қалыптасу сатылары.
2. Тас дәуірінің еңбек құралдары.
ОЖСӨЖ мақсаты: «Галереяға саяхат» әдісін қолдану арқылы студенттердің адамзаттың қалыптасу сатыларын, тас дәуірінің еңбек құралдарын жасау технологиясының түрлерін, олардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін анықтауға түрткі болу.
Әдістемелік нұсқау: Галеряға саяхат.
Галеряға саяхат.
Студенттер бір проблеманы әртүрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде не диаграмма не кесте сызады;
Нәтижелер тақтаға қыстырылады;
Оқытушы белгі кезегімен жылжып тақтадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды;
Әр топ немесе оқытушы тақтадағы нәтижеге келесі топтың нәтижелеріндегі жетістіктер, кемшіліктер көрсетілген және ескертпелер берілген өз байқауларын қыстырып қояды;
Осы галерея саяхатынан соң, топтар нәтижелерді басқалармен салыстыра зерттейді, өз жазған нәтижелеріне басқалардың қыстырып кеткен байқауларын талқылайды.
ОЖСӨЖ №6
ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттердің тақырыптың мазмұнын ашатын нақты сұрақтарға алған жауаптары негізінде мәселені қаншалықты игергендігін тексеру.
ОЖСӨЖ мазмұны: Тас дәуіріндегі қоғамдық қарым-қатынас.
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап.
ОЖСӨЖ №7
ОЖСӨЖ мазмұны: Жаңа тас дәуірінің мәдениеттері-Атбасар және Маханжар мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: |