Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат



бет2/4
Дата25.12.2016
өлшемі2,15 Mb.
#5088
1   2   3   4



  1. АЛҒЫ СӨЗ


Құрметті оқырман! Құдайға сену дегеннің не екенін сіз сенушілердің өз аузынан естіп білуге қарсы емес шығарсыз. Құдайға сенбейтіндердің (атеистердің) дәлелдері көпшілік жағдайда сізді қанағаттандыра алмай жүр ме? Яки Құдайға деген сенімге ешқашан қызыққан жоқсыз ба? Әлде бір шешімге келмей тұрып кейбір қиын, түсініксіз мәселе туралы анық мәлімет алғыңыз келе ме?

Егер осы сауалдардың кез келген біреуіне ғана «иә, солай» деп жауап бере алсаңыз, қолыңызда ұстап тұрған кітаптың сізге арналғаны. Бұл еңбек сенім және ғылым жайлы сұрауға болатын сауалдардың бәріне де егжей-тегжейлі жауап бере алмағанымен, жиі кездесетін сұрақтарға жауап берер. Ең болмағанда, сіздің сенім туралы ізденісіңізге ой салар деген үміттеміз.

Қолыңыздағы кітапты оқығаннан кейін сенімге соншалық қызығып, Киелі кітапты немесе «Құдай жолы — құтты жол» деген шығарманы зейін қойып оқып шығарсыз. Сол топтамада Киелі кітаптан таңдап алынған бірқатар мәтіндер тарихта орын алған реттілікпен берілген. Мүмкін, Құдайға сенетін достарыңыздың бірі сізге сондай кітапты тауып берер. Оның ішінен тағы көбірек мәлімет табасыз.

Бұл кітаптың ішінде Інжілден үзінділер мен сілтемелер кездеседі. Олар мынадай түрде жазылған: Лұқа1:1-4. Мұндағы «Лұқа» — Лұқа жазған Ізгі хабарды, бірінші сан — оның тарауын, ал қос нүктеден кейінгі сандар — осы тараудағы аяттардың ретін көрсетеді. Осындай сілтемелер Киелі кітаптың қай жерінен екенін жылдам және оңай табу үшін ыңғайлы.

Кітапты оқып шыққаннан кейін сенушілер туралы көбірек білгіңіз келсе, Құдайга сенетін кісілермен танысатын мүмкіндік табарсыз деп ойлаймыз.

Жалпы алғанда, сенімге апаратын жолыңызда кедергі болған кейбір теріс ұғымдарыңыздан арылуға бұл кітап көмектеседі және сенімге жақындау сіз ойлағаннан анағүрлым жеңіл екеніне көзіңіз жетеді деген үмітпен осы еңбекті ұсынып отырмыз.



  1. ҚҰДАЙ ШЫНЫМЕН БАР МА?


Көптен көріспеген екі дос көшеде кездесіп қалып, жақын маңдағы мейрамханаға кіріп, сұхбаттасып отыр.

Ербол, сені көрмегелі көп болды, «Құдай жолына түсіпті» деп естідім. Екеуіміз мектепте бірге оқып, комсомолға бірге өттік, қоғамдық жұмыска бірге қатынастық. Сол кездің бәрінде де біздің Құдаймен жұмысымыз болған жоқ, өйткені бізге «Құдай жоқ» деген тәрбие берілді емес пе? Сонда сен қайдан құдайшыл бола қалдың? Сол рас па? Әлде мен қателесіп тұрмын ба?

Жоқ, естігенің дұрыс, Мұрат, мен екі жылдан бері сенушімін. Бұған еш өкінбеймін де. Керісінше, Құдайдың бар екендігіне көзім жетті. Оның жолына түскелі өмірім толықтай өзгеріп, бойымдағы бірқатар жағымсыз әдеттерден арылдым. Осы үшін Құдайға зор ризашылығымды білдіріп, өзің сияқты достарымның да көздері ашылып, шындық жолына түсулерін тілеймін.

Ербол, сен қызықсың. Немене, мені Құдай бар деп сеңдіргің келе ме, әлемде тек материяның — зат пен әнергияның — бар екені әркімге де белгілі емес пе? Сондықтан Құдайдың болуы да мүмкін емес.

Бұл дүниеде материядан басқа да нәрселердің бар екенін дәлелдей аламын.

Заттың да, әнергияның да өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті жоқ. Олар өз беттерімен бізді қоршап тұрған нәрселерді ешқашан да жасай алмас еді. Егер қазір әлемді басқарып, реттеп отырған күш жоқ болып кетсе, аз уақыттың ішінде дүние тәртібі бұзылып, астан-кестені шығар еді. Өйткені материяның толықтай ретсіздікке бейімділігін Термодинамиканың екінші заңы, яғни «Әнтропия қағидасы» көрсетеді. Күллі зат және әнергия осы заңға бағынады.

Сондықтан материяны ұйымдастырып, реттеп отыратын осы күш болмаса, әлемдегі біз көріп отырған тәртіп болмас еді. Онсыз әлемде тек кездейсоқтық қана билігін жүргізер еді. Әрине, онда қисынды ой да болмас еді. Тіпті ештеңені ойлаудың да қажеті болмас еді. Екеуіміз қазір сөйлесіп отырмас та едік.

Бұл олай емес. Кейбір заттар басқаларды белгілі бір реттілікке бағындьірады. Мысалы, гендер тірі материяны белгілі бір түрде ұйымдастырып, басқа түрлерге ауысуға мүмкіндік бермейді.

Айтқаның дұрыс, Мұрат. Гендер шынында да тірі материяны белгілі бір түрде ұйымдастырады.Алайда олардың өздері жоғары дәрежедегі реттілікпен ұйым- дастырылғандықтан ғана осылай істей алады. Осының өзіне көптеген мағлұмат керек болды. Әрине гендер өздеріндегі мағлұматты өздігінен құрған да емес, құра да алмайды.

Әлемдегі реттіліктің белгілерінің немесе реттілікті жүзеге асыратын құбылыстардың болуы әлем өзінен-өзі реттілікке ұмтылады дегенді білдірмейді. Әлемнің мүндай реттеу қабілеті жоқ. Олай болса, реттіліктің себебі жаратылыстан тыс жерде болу керек. Бұл — бір нақты жайт.

«Термодинамиканың екінші заңынан» шығатын келесі қорытынды мынау: зат пен әнергия толықтай ретсіздікке ұмтылатындығын және қазіргі кездегі әлемнің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын ескерсек, онда «ретсіздікке ұмтылудың» мәңгі-бақи болмағандығы анықталады. Бұдан біз материяның өзі де мәңгі емес, ол бір кезде пайда болған деген қорытындыға келеміз. Келесі айтарымыз: материя мәңгілік болмаса, онда басқа бір мәңгілік «нәрсе» болуы керек. Себебі жоқтан ештеңе пайда болмайды. Ал материядан басқа еш нәрсе жоқ болса, онда ол пайда болмас бұрын әйтеуір бір «нәрсе» болуы керек қой.



Жақсы, Ербол. Материядан басқа тағы бір нәрсе бар дейік. Бірақ осы «бір нәрсе» туралы ештеңе білмейсің, ал пікірлеріміздің ақиқаттығы тәжірибе арқылы дәлелденгенде ғана құнды болады. Мен ғылыми бағытты ұстанамын: тәжірибе арқылы тексеріліп, расталуға келмей- тін кез келген пікір мен үшін жай болжам ғана.

Осы пікірдің өзі туралы ойланып көрейікші, Мұрат: оны тәжірибеге сүйене отырып тексеру мүмкін бе? Жоқ, әрине, мүмкін емес. «Бәрін тәжірибе арқылы тексеру керек!» дейтін осы қағиданың өзін тәжірибе арқылы тексеру мүмкін емес. Демек, бұл қағиданың жеке өзінде ғылыми мағына жоқ. Ал мағынасыз нәрсенің бәрі ақиқат бола алмайды, солай емес пе? Сондықтан бұл көзқарас та ақиқатқа жатпайды.

Ендеше материядан тыс нәрсе туралы саналы түрде сөйлесуімізге ешбір ғылыми қағида кедергі жасай алмайды.



Жарайды, солай-ақ болсын. Материядан тыс нәрселерге сенудің өзіндік мағынасы бар дейік. Алайда олар туралы бір нәрсе білу мүмкін емес қой!

Соған шынымен-ақ сенесің бе, көзің жетіп тұр ма?



Әрине, көзім жетіп тұр.

Олай болса, осының өзі-ақ солар туралы бір нәрсе білетініңді көрсетіп тұр ғой! Олар туралы түк біле алмайтыныңды біледі екенсің. Олай болса, олар туралы шын мәнінде бірдеңені білесің. Яғни бұл пікірің өзінің жалғандығын өзі әшкерелеп тұр: материядан тыс нәрселер туралы бірдеңе біле аласың, қазірдің өзінде де біліп тұрсың.



Жарайды, бірақ олар туралы бұдан артық ештеңе біле алмайсың.

Осыған көзің жетті ме? Осы мәлімдемең дұрыс болса, оның арқасында бұрынғыға қоса тағы бір нәрсені білер едік. Демек, материялық емес заттарды тану мүмкіндігімізді шектеген сайын, олар туралы білетінімізге бірдеңе қосып аламыз. Бұдан шығаратын қорытынды — материядан тыс заттарды тануға болады. Содан бастап, нақты жайттарға сүйене отырып, олар туралы білімі- мізді анықтай аламыз.



Жарайды, сонда нақты жайттарға сүйене отырып нені анықтай аламыз? Сеніңше, материядан тыс заттар туралы не білуге болады? Және не себептен?

Біріншіден, олардың бар екенін немесе, ең болмағанда, материялық емес, әйтеуір «бір нәрсенің» бар екеніне көзіміз жетті. Зат пен әнергияны пайда болдырған материядан тыс бір нәрсе болуға тиіс еді.

Енді жаратылу жайында айта бастадың ба, даму (әволюция) ілімі оны жоққа шығарған жоқ па?

Жалпы алғанда, даму ілімі әлемнің шығу тегі жайлы сұраққа жауап беруге тырыспайды. Ол әлем пайда болғаннан кейін ондағы нәрселердің қазіргі қалыптарына ие болғандары жайлы сұраққа ғана жауап беруге ұмтылады. Демек, әлемді жаратқан «бір нәрсе» бар деген пікір даму іліміне қайшы келмейді. Дегенмен, қарсы болмасаң, сол ілімге кейінірек оралайық. Қазіргі әңгі- меміз — нәрселердің қазіргі қалыптарына ие болғандығы емес, әлемнің қайдан және қалай пайда болғаны туралы. Осы тұрғыдан алғанда, біз, әрине, жаратылу жөнінде айтып тұрмыз.

Бұл даму іліміне, сонымен қатар жалпы ғылымға еш қарсы келмейді. Заманымыздың белгілі астрономдарының бірі - Роберт Джастроу кең-байтақ әлем жайлы ғылыми зерттеуден бір аса маңызды қорытынды шыққаны туралы былай деп жазады: « ...дін мәселесіне келсек, мен сенуші емеспін. Алайда астрономия саласында орын алып жатқан ғажайып жаңалықтар мені қатты таңғалдырады. Бір жағынан, осы жаңалықтардың дін мәселесіне қатысты қорытындылары болса, екінші жағынан, көп әріптестерімнің оларға қалай қарап, жауап бергендерінен болып отыр.

Сол ғажайып жаңалықтардың басты өзегі мынада: Әлемнің бастамасы болған сияқты, яғни тарихтың белілі бір кезінде әлем пайда бола бастаған, себебі әлемнің жаратылғанына астрономиялық деректер дәлел. Бұл бір отты жарылыста болыпты.

Дін білімінің мамандары әлемнің бастамасы болғаны туралы дәлелге әдетте қуанады, ал көптеген астрономдардың сол дәлел үшін мазасызданып, абыржулары таңғалдырады. Бұл — тек нақты жайттарға ғана сүйенемін деп есептейтін ғылыми ой-сананың өз зерттеу саласының іргелі ережелеріне қайшы келетін жаңа ғылыми қорытындыларға деген көзқарасының қызықты мысалы. Біз сияқтылар қалыптасып қалған дайын дүниетанымымызға жаңа мәліметтер сәйкес келмей қалғанда қандай мінез танытсақ, бұл жерде ғалымдар да сондай мінез көрсетеді. Сондай жағдайда біз мазасызданып, «қарама-қайшылық атымен жоқ» дейтін сыңай танытамыз немесе оны мағынасыз сөздермен бүркеуге тырысамыз». (Роберт Джастроу, «Құдай және астрономдар».)

Жарайды, әлемнің бастамасы болған және оны жасау үшін материялық дүниеге жатпайтын бір нәрсе болуға тиіс, бұған көз жеткіздік. Ал материядан тыс нәрселер туралы тағы не білеміз?

Мысалы, әлемді жаратқан «нәрсенің» күші әлемдегі бар күштерден артық болу керек екенін, әрі оның саналы, тіпті біздің ойлау қабілетімізден анағүрлым жоғары деңгейде ойлай алатынын да білеміз.



Бұлардың бәрі қайдан белгілі?

Бұл қиын емес, олар мынадан белгілі: кез келген күштің ықпал жасап, басқа күштерді туғыза алуы үшін оның шамасы пайда болған күштердің жиынтық шамасынан артық болуға тиіс. Ықпал ешқашан өзін туғызған себептен аса алмайды. Әйтпесе ықпалдың себептен асқан бөлігі ешбір себепсіз (яғни жоқтан пайда болган) болар еді. Алайда жоқтан еш нәрсе пайда болмайтын- дықтан, ықпал да себептен ешқашан асып кете алмайды.

Ал енді, ой-сана мәселесіне тоқталсақ : зат пен әнергияда өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ. Қайта, реттеп отыратын ықпалсыз олар, керісінше, толықтай ретсіздікке ұмтылады. Бізді қоршаған материялық дүниеге реттілікті енгізу үшін ой-сана керек. Мысалы, бір компьютерді көргенде кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде ол өзінен-өзі пайда болды деп ойламаймыз ғой. Оны ақылды біреу ойлап шығарған, жеке бөлшектерін дарынды біреулер жасап, жинап құрастырған деп білеміз. Компьютер жұмыс істегенде де оны кездейсоқ істеп тұр деп болжамаймыз, қайта, жұмысын басқарып тұрған бағдарламаларды зерделі адамдар жазып, ішіне енгізген деп түсінеміз.

Ал енді, әлем компьютерден әлдеқайда күрделірек ұйымдастырылған, өйткені компьютер соның бір бөлшегі ғана. Ал бөлшек бүтіннен ұлы бола алмайды. Адамның миы да кез келген компьютерден мыңдаған есе күрделі. Сонымен саналы адамның ойында адамзаттың және әлемнің пайда болуы жайында бірқатар сұрақтар туындайды, олар компьютердің құрылысы жөніндегі қорытындымызбен бірдей: «Оны ойлап шығарып, бағдарламасын жазған кім? Бөлшектерін кім жасап, құрастырған?» Әлем өзін-өзі ойлап шығара алмағандықтан, ішіндегі ақыл-санадан анағұрлым артық сана-парасатқа ие, материяға жатпайтын «бір нәрсе» ғана оны ойлап, жасап шығара алды ғой.



Жақсы, кең дүниені ойластырып, жасап шығарған материядан тыс «бір нәрсеніц» бар болуына көз жеткіздім дейін. Алайда бұл да Құдайдың бар екенін нақты дәлелдей алмайды ғой.

Дұрыс айтасың. Біз Құдайдың ең ұлы әлемнен әлдеқайда құдіретті де парасатты екендігіне ғана емес, көптеген басқа да теңдесі жоқ қасиеттеріне сенеміз. Ал, айтшы, саған Өзінің бар екендігін дәлелдеу үшін Құдайдың не істеуі қажет болар еді.



Атап айтқанда, мен үшін Құдайдың бар екеніне шешуші дәлел не болатынын білмеймін, дегенмен, сенің барлық дәлелдеріңді тыңдауға дайынмын.

Тамаша! Тағы да бір мынандай сұрақ бар: Құдай Өзінің бар екенін дәлелдесе, Оған сенер ме едің?



Бұл екіталай нәрсе, бірақ кім біледі. Көз жеткізерлік көптеген дәлелдер көрсем, мүмкін, сеніп те қалармын. Сонымен Құдайдың бар екенін қалай біле аламыз?

  1. АДАМ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМГЕ ҚАЛАЙ ИЕ БОЛАДЫ?


Алдымен біздің кез келген білімге қалай ие болатынымызға көз жіберейік. Білімге ие болудың негізгі үш жолы бар: саналы ой, тәжірибе және беделді тәлім. Біз, сенушілер, бұған тағы төртінші әдісті қосамыз: Құдайдың білдіруі. Шын мәнінде бұл үшінші жолдың бір түрі.

Нағыз саналы таным (мысалы, логика мен математика арқылы) зерттеген нәрсені толық дәлелдей алады. Ал тәжірибе мен беделге сүйенген таным толық күмәнсыздықты бере алмайтын «жуық» дәлелдермен ғана қамтамасыз ете алады. Дегенмен бұл олардың маңыздылығын азайтпайды, толық дәлелдер бермейтіндеріне қарамастан, бәрібір оларға сенім артамыз.

Мысалы, жеке басыңның тәжірибесі саған қазір көшеден өту қауіпсіз деп тұр. Бұл ойыңның дұрыстығына толық дәлелдерің болмаса да, көшеден сенімді түрде өте бересің. Мұнда өз тәжірибеңе толық сенесің, Мұрат. Біз күн сайын тәжірибемізге сеніп осы сияқты шешімдерді қабылдауға мәжбүрміз. Мұндай мәселелерге келгенде толықтай сенімділіктің болуы мүмкін емес.

Ол ол ма? Кейде біз үмітіміздің ақталуы екіталай бір нәрсеге сенім артамыз. Егер екі-ақ жол болып, біреуі біздің ойымызша сөзсіз апатқа ұшырататын, ал екіншісі құтылуға болар-болмас үміттендіретін болса, онда өзімізді толығымен екінші жолға сеніп тапсырамыз.



Мәселен, сен өртеніп жатқан ғимараттың төртінші қабатында тұрсың дейік. Сол жерде қалсаң, сөзсіз өртеніп кететініңді білесің. Ал егер терезеден секірсең, онда аяғыңды сындырып алуың шүбәсыз, тіпті құлап мерт болуың да мүмкін. Қалай болғанда да, өртеніп жатқан ғимарат қирай бастаса, өлімнен қашып құтылмайсың. Сонда не істейсің? Ең дұрысы, шығатын жері жоқ қауіп- тен гөрі, қауіпті болса да секіруді жөн көресің. Өрт ішіндегі анық өлімнен гөрі құтылуға деген қылдай үмітті таңдап аласың.

Өрт сияқты ажал қаупі төнбесе, еш уақытта төмен секіруге бел бумас едің. Сонымен, сенің шешімің төнген қауіпке байланысты және бұл қауіп болар-болмас үмітіңе толық сенуге мәжбүр етеді. Қалыпты жағдайда мұндай үмітке сеніп қалмай, басқа бір сенімдірек амал іздер едің.

«Құдайдың бар екенін қалай дәлелдеуге болады?» деген сұраққа тек ақылға ғана жүгініп жауап беруге болмайды, яғни тек логика және математика тілімен ғана жауап беру мүмкін емес. Бұл сұрақтың жауабын ақыл-санаға, тәжірибеге және беделді тәлімге сүйеніп табуға болады. Келтірілген дәлелдер формалды логика бойынша абсолюттік (яки ешбір шартсыз) бола алмайды, бірақ Құдайдың бар екеніне көз жеткізіп, Оған мойынсұнуымыз үшін сол дәлелдер жеткілікті. Осы сияқты басқа мәселелерде де біздің шешіміміз ең алдымен әлдеқайда мүмкін болатын нәрселерге негізделуге тиіс. Көбінесе біз барлық тұрғыдан қарағанда ешбір даусыз дәлелдерді мәңгі күтіп отыра алмаймыз.



Ербол, бұл осылай болған күнде де сен Құдайдың бар екенін білдіретін көз жеткізерлік дәлелдер әлі де келтірген жоқсың. Тіпті солардың өзі бар ма екен?
  1. ТАҒЫ ДА - ҚҰДАЙ ШЫНЫМЕН БАР МА?


Бар деп ойлаймын. Біріншіден, екеуіміз жаңа ғана тәжірибеміздің негізінде «әлем жаратылған» деген қорытындыға келдік қой. Осы Жаратушыны «Құдай» деп атаймыз.

Екіншіден, біз тәжірибемізге сүйеніп ойлау арқылы «әлемді осы бір орасан ақылдың иесі ойлап тауып, жаратқан» деген қорытындыға келдік. Осы ақыл иесі — «Құдай».

Үшіншіден, Құдайдың бар екеніне сенеміз, себебі Ол бізге Өзінің бар екенін білдірген. Мұндай білдіруді қабылдау «беделді тәлімді қабылдау» дегенмен бірдей ғой. Біз жоғарыда айтып кеткендей, ол білімге ие болудың бір әдісі.

Төртіншіден, Құдайдың бар екеніне сенеміз, өйткені Оның адам болып дүниеге келгенін білеміз.



Тұра тұр, Ербол, бұл мен үшін тым көп. Неге мен осының бәріне сенуге тиіспін?

Сен алғашқы екеуімен жаңа келістің ғой. Саған тек қана, біз «Құдай» дегенде әлемді ойлап шығарған Жаратушыны айтамыз дегім келеді. Түбінде осы Жаратушыны, әйтеуір, бір ұғыммен белгілеп, айтып жүруге қақымыз бар, ал ғасырлар бойы ойшылдар мұндай жағдайда «Құдай» деген ұғымды пайдаланып келеді.



Ал әлемнің Жаратушысы бар десек, осы Жаратушының Өзі қайдан шыққан?

Ол ешқайдан шыққан жоқ. Ол әрдайым бар болатын.



Онда неге «әлем әрдайым бар болатын» деп, Жаратушыны керексіз қылмасқа?

Өйткені бұған дейін көз жеткізгеніміздей, Термодинамиканың екінші заңы (Әнтропия қағидасы) бұған қарсы тұрады, яғни материялық дүние мәңгілік бола алмайды: ол толықтай ретсіздікке ұмтылуда. Егер ол мәңгі сол бағытқа ұмтылған болса, онда ол әлдеқашан ретсіздік- тің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен болар еді. Бірақ та ол сол дәрежеге жеткен жоқ, демек әлем сондай бағытпен мәңгі ұмтылып келген емес, яғни оның бір кезде жаратылғаны даусыз.



Мейлі, бірақ бұл менің сұрағыма қанағаттанарлықтай жауап бермейді. Жаратқанның Өзі де басқа бір нәрсе арқылы жаратылған болса ше?

Мұрат, кез келген себеп пен салдардың тізбегінде өзі басқа бір себептің салдары болмайтын алғашқы себеп болу керек. Себеп-салдар тізбегі тұйық шеңбер бола алмайды. Кері жағдайда әрбір салдар өзінің себебіне дейін де, одан кейін де болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес.

Әрине, әлемнің пайда болу себебінің өзі басқа бір себептің салдарынан туды деген болжамды негізінен жоққа шығармайды. Бірақ сенушілер әлемнің пайда болу себебі бастапқы екеніне және мұны Құдай Өзінің хабарларымен дәлелдегеніне сенеді.

Логика мен тәжірибе өзі ештеңенің салдары емес басқа «бір нәрсе», әйтеуір бір абсолюттік себептің бар болуы керек деген ой тудырады. Немесе «бір нәрсе» мәңгі бар болған, немесе ешбір нәрсе де бар бола алмайды.

Мұнда пәлсапаның «Себептілік қағидасы» туралы айтып отырмыз. Салдарлар өздерін-өздері түсіндірмейді, олар өздерінің бар екенінің себептерін білдірмейді де. Алайда әлемнің пайда болуының әйтеуір бір себебі болу керек екенін білеміз: әуел баста әлем жоқ болатын, ол белгілі бір кезде пайда болды. Ендеше оны пайда болдырған себепсіз, тәуелсіз «бір нәрсе», яки алғашқы себеп болу қажет қой.

Себеп пен салдар тізбегін ойша ұзарта бергенмен, қалайда оның бастамасы болуға тиіс. Немесе ешқандай тізбек жоқ. Егер себеп-салдар тізбегінің бар екеніне сенсек, онда сол тізбектің бастамасы болғанына да сенуіміз керек. Платон мен Аристотель сияқты ұлы ойшылдар тізбектің басын «себепсіз себеп» деп атаған. Біз, сенушілер, осы «себепсіз себепті» Құдай деп атаймыз.

Алайда бұл ұғымның астарында бұдан да зор мән бар екенін түсінеміз. «Себепсіз себеп» дегеніміздің өзіндік қасиеттерін — Оның шексіз ақылды, мейірімді, әділ, игілікті және сүйіспеншілікке толы екендігін мойындаймыз. Оның жақсы қасиеттерінің тізімін әрі қарай жалғастыра беруге де болады.

  1. ҚҰДАЙ ҚАНДАЙ?


Жарайды, осы «себепсіз себеп» бар екен және ол шынында да дана және құдіретті екен дейік. Олай болса, оның қасиеттері туралы қалай білуге болады?

Осы «себепсіз себепті» Құдай деп атауға келіссек, Оның қандай екені туралы біле аламыз. Неге десең, Ол бізге мұны Өзінің хабарларында көрсетті. Тағы бір себебі — Ол бізге Иса арқылы көрінді. Иса бізге Құдайдың қандай екенін анықтап көрсетті. Сондықтан, егер біз Құдайдың қандай екенін шынымен білгіміз келсе, онда біздің Исаға қарай бет бұрғанымыз жақсы. Ол туралы бізге Киелі кітап...


  1. ҚҰДАЙ БАР БОЛСА, НЕЛІКТЕН ЖАМАНДЫҚ ТА БАР?


Ербол, тоқтай тұр! Біз Исаға ауыспай тұрып, Құдай туралы ойдың өзін аяғына дейін түсініп алайық. Құдай аса құдіретті дейсің, Оның ізгілікті жарылқаушы екеніне де сенетініңді мен білемін. Олай болса, жамандық қайдан шықты? Аса құдіретті және бәрін жарылқаушы Құдай жамандыққа жол бермес еді ғой?! Ал егер жамандық бір кезде пайда болған болса, Құдай оны баяғыда-ақ құртпас па еді?! Егер сен сенетін Құдай бар болса онда неге жамандық бар?

Бұл — өте орынды сұрақ. Шынында менің осы сұраққа беретін жауабыма Исаның тікелей қатысы бар. Бірақ әзірше әдеттегі логиканы пайдалана тұрайық.



Сонымен Құдайға сенуші біздер «Құдай бар, Ол шексіз құдіретті, шексіз білгір әрі тұтастай ізгі» және «Дүниеде жамандық бар» деген пікірлердің логикалық жағынан сыйымды екенін, яғни бір-біріне қайшы келмейтінін көрсетуге тиіспіз. Сол үшін бірінші пікірге қайшы келмейтін әрі екіншісін де қамтитын үшінші бір қағиданы алсақ, бұны дәлелдей аламыз. Басқаша айтқанда, егер біз «Б» мен «А»-ның бір-бірін жоққа шығармайтынын және «Б»-ның «Ә»-ні қамтитынын көрсетсек, «А» мен «Ә»-нің өзара қаншалықты қайшы болып көрінсе де, бір-бірімен сыйысатынын дәлелдейміз.

Енді мынадай бір үшінші қағиданы ұсынғым келіп тұр: «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық».

Ербол, кешірерсің, бұл үшінші пікірдің алғашқы екеуін қалай байланыстырып тұрғанын ұқпай тұрмын.

Мұрат, сені кінәлай алмаймын, бұл бір дегеннен байқала қоймайды. Осы пікірге бірігіп ой жүгіртіп көрейікші: «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық». Бұның ішінде тағы қандай мағына бар?

Алдымен «рухани жағынан ерікті тіршілік иесі» дегеннің не екенін анықтап берші.

Рухани жағынан ерікті, яғни ерік бостандығы бар тіршілік иесі кез келген уақытта өз еркімен жақсы немесе жаман іс істей алады және шешім қабылдауға оны еш нәрсе мәжбүрлемейді. Яғни, осы тіршілік иесінің жамандық істеу не істемеуге мүмкіншілігі бар.

Сонымен, Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны шынымен артық болса, онда бұл жайт жамандық атымен жоқ дүниеден гөрі жамандық мүмкіндігі бар дүниені жаратудың артық болғандығын көрсетеді.

Рухани жағынан ерік бостандығының болуы оның болмауынан неліктен жақсы?

Бұны маған өзің айтшы! Сенде осы ерік бостандығы бар ғой. Бұл — адамдар сені игі істерің үшін мақтап, жасаған жамандығың үшін сөге алатындығын білдіреді. Ал, мысалы, балғаның ондай бостандығы жоқ. Балғамен қандай сұмдық іс істелінсе де, болған іске оны кінәлайын деген ой ешкімнің басына да келмейді. Балғамен бір жақсы нәрсе істелінсе де, ешкім оны мақтамайды. Енді айтшы, мына екі жағдайдың қайсысын артық көрер едің: әлде өз болмысыңда қалып, жақсылық не жамандық істеу мүмкіндігің бар өзіңді мақтағанды не сөккенді ме? Жоқ, әлде жақсылық та, жамандық та қолыңнан келмейтін, не алғыс, не сөгіс айтуға тұрмайтын, ешбір еркі жоқ балға болғанды ма?

Әрине, балға болғанша, өз қалпымда болғаным артық. Ерік бостандығының болмағанынан гөрі оның болғаны әлдеқайда жақсы, мұнымен келісемін.

Жарайды. Сонымен Құдайдың Өзі игілікті болса және дүниені ерік бостандығы бар тіршілік иелерімен жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық болса, онда бұл жайт Құдай кез келген бір әлемді жаратуға шешім қабылдаса, оны рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін дүние етіп жаратқаны дұрыс екен дегенді білдіреді. Ал мұндай дүниеде жамандықтың болуы да мүмкін. Осылайша біздің «Құдай бар және Ол шексіз құдіретті, шексіз білгір және тұтастай ізгі» деген алғашқы пікіріміз «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық» деген үшінші қағидамызға ешбір қайшы келмейді. Ал үшінші қағида «Дүниеде жамандық бар» деген екіншісін де қамтиды. Сонымен Құдайдың болуы мен жамандықтың болуы бір-бірімен логикалық жағынан сыйысып тұр.

Ал неге Құдай жамандықты құртып, оңың қайтадан пайда болуының алдын алмайды?

Әрине, Құдай оны да істей алар еді, бірақ мұнысымен Ол адамдардың ерік бостандығын алып қойған болар еді. Құдай жамандық болуы мүмкін емес дүниені де жарата алар еді, бірақ мұндай дүниеде рухани жағынан ерікті тіршілік иелері бола алмас еді.

Сондықтан екі-ақ мүмкіндік бар: не жамандықтың болуы да мүмкін жақсы дүние, не жамандығы да жоқ, жақсылығы да жоқ, рухани жағынан бейтарап дүние. Ал мұндай дүниеде, әрине, сен екеуіміз бола алмаймыз. Сонымен, қай дүниені артық көресің: өзіңе де орын бар дүниені ме, әлде өзің жоқ дүниені ме?

Әрине, өзім болатын дүниені қалаймын. Енді көзім жетті: Ізгі Құдайдың болуы жамандықтың да бар болуын жоққа шығармайды. Бірақ Құдай жамандыққа да қандай мақсаттармен мүмкіндік берді?

Біріншіден, әрине, жақсы дүниені жаратудың бірден-бір жолы осы болатын. Алайда жамандыққа да мүмкіндік бергендегі Құдайдың мақсаты қандай еді? Сенушілер Құдайдың бұл дүние, әсіресе, жеке адамдар жайындағы ниеттерінің орындалуына тіпті жамандық та үлес қосуға тиіс деп есептейді. Мысалы, дүниеде ешқандай жамандық болмаса, кейбір игілікті қасиеттер мен істер де пайда бола алмас еді. Мәселен, адам ешқандай жамандық істемесе, оған кешірім жасаудың да қажеті жоқ. Солай емес пе? Ал кешірімділік адамгершіліктің өте ізгі қасиеттерінің бірі. Бірақ дүниеде жамандық болмаса, бұл ізгі қасиет те болмас еді. Сондай-ақ, біреу жазалауға тұратын жамандық істемесе, ешкім рақымдылық танытпас та еді. Сонымен қатар азап шеккен адамның қайғысына ортақтасып, жанашырлық білдіре алмас едік. Себебі дүниеде жамандық болғанда ғана адамдар азап шеге алады. Ал қайғыға ортақтасу да жоғары дәрежедегі ізгілік емес пе? Сөйтіп жамандықтың болуы осылардың және тағы басқа көптеген ізгі қасиеттердің көрінуіне мүмкіндік береді. Сондықтан Құдай, бір жағынан, ұлы ізгі қасиеттер көрінсін деп жамандыққа мүмкіндік берді, ал жамандықсыз олардың көзге түсуі мүмкін болмас еді.

Егер дүниеде жамандық болмаса, тағы бір ізгі қасиет, тіпті ең ұлысы, еш уақытта көріне алмас еді: Бұл — Құдайдың біз жасаған күнәның жазасын өз мойнына алуы. Бізге тиісті жазаны Ол Өзі тартты! Ойлап қарашы: адам істеген істердің қайсысы зор мақтауға лайық? Басқаларды құтқару үшін өз еркімен өмірін қию емес пе? Өзін-өзі осылай құрбан ету — ең ұлы ізгілік. Адамдардың өмірін құтқару үшін Мәсіхтің кейпінде Өзін құрбан еткен Құдайдың құрбандығы құрбандықтардың ішіндегі ең ұлысы.

Бұдан мен ешқандай мағына көріп тұрган жоқпын. Мұндай құрбандық неге қажет болды? Құдай адамдардың өмірін құтқарды дегенде нені айтқың келіп тұр? Оларды неден құтқару керек еді?

Оларды жамандықтың екі түрінен — күнә мен азаптан құтқару керек болды. Адамдардың бәрі де күнәкар: біз бәріміз де жаман істер істеп жүрміз ғой. Жамандық жасау мүмкіндігінің себебі біздің ерік бостандығына ие болғандығымыздан. Мұны өзіміздің әрі басқалардың өмірінен де көреміз.



Әділдік жамандықты жазалауды талап етеді. Жазалау дегеннің астарында азап бар. Ал азап дегеннің өзі де бір жамандық қой: бір жамандық екінші бір жамандықтан туындайды. Сондықтан Құдай екі нәрсені сыйыстыруға тиіс болды — біріншіден, Ол ешқашан да әділдікті бұзбайды, бұл Оның қасиеттеріне қарама-қайшы келген болар еді. Екіншіден, Құдай адамдарды жамандықтың жазасының азабынан құтқармақ болды. Ол осы екі мақсатын Мәсіхтің адам болып дүниеге келіп, біздің орнымызда күнәларымыз үшін азап шегіп құрбан болуымен жүзеге асырды.

Бірақ, менің ойымша, адам болмысы негізінен жаман емес, жақсы ғой.

Мәселе адамның ешбір күнә жасамауында. Сен ылғи керектіні ғана істеп, істеуге болмайтын еш нәрсені істемеймін деп айта аласың ба? Өмір бойы бір рет те жамандық жасамадым дей аласың ба? Еш уақытта өтірік айтпай, ешкімді алдамай, басқаның затын ұрламай, бірде-бір адамды жек көрмей келесің бе?

Жоқ, мен күнәкармын.

Осы жерде біз Исаның ісінің аса маңыздылығына және Құдайдың жамандыққа не істегеніне оралайық. Адамды жамандықтан құтқаруы арқылы Құдай жамандық мәселесін шешті. Сонымен қатар Ол ешбір жамандық болмаған жағдайда ешкім біле алмайтын ізгі қасиеттерді дамыту мүмкіндігін бере отырып адамның жетілуі үшін жамандыққа мүмкіндік берді. Адамдар Құтқарушы Иса арқылы жамандықты жеңе алады. Исаның өлімі мен қайта тірілуі арқылы Құдай жамандықты жеңді! Бірақ әзірше Ол оны мүлдем жойған жоқ. Бұл Пауыл елшінің сөзінен көрініп тұр: «Құдай әділетті, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады» (Рим. хат 3:26). Жамандықты жазалауында Құдай әділ болды. Сонымен қатар Ол Исаға сенгендерді ақтап алды. Қалайша? Құдай өз еркімен біздің орнымызды басқан Исаға бізге тиесілі жазаны артып, Исаның шексіз әділдігін бізге сыйлады. Бұнымен келіскендерді Құдай ақтап алады.
  1. СОНДА АТЕИЗМ, АГНОСТИЦИЗМ ЖӘНЕ ГУМАНИЗМ ТУРАЛЫ НЕ ДЕУГЕ БОЛАДЫ?


Енді сені түсініп келе жатқан сияқтымын. Дегенмен осының бәрі маған әлі аяғына дейін анық емес. Мысалы, атеистер, агностиктер және гуманистер туралы не ойлайсың?

Өзің де көз жеткізіп тұрсың, атеизм шындықтан алыс жатыр, өйткені әлемді жобалап Жаратқан Біреудің бар екенін жаңа ғана дәлелдедік. Ал атеистер «күллі ғаламда Құдай тәрізді ешнәрсе жоқ» дейді. Шындығында бұны тек бәрін білетін біреу ғана біле алады, ал бәрін Білуші — жалғыз Құдай ғана. Сондықтан егер атеист ұстанған ілімін ой елегінен өткізсе, өзін Құдайдың орнына қойғанын түсінер еді!

Агностицизммен де дәл осылай: оны ұстанушылар дүниені және оны Жаратушыны тану еш мүмкін емес деп айтуларымен өздерін толық білімге иеміз дейді.

Атеизм мен агностицизмнің қателігі осыдан-ақ көрініп тұр. Екеуіміз сияқты мәселелерді тәптіштеп талқылаған әркімге де бұл айдан анық. Сен Құдайдың бар екенін мойындадың, демек, енді өзіңді атеиспін дей алмайсың. Әйтпесе сен қазір ғана жасаған тұжырымдарыңнан бас тартар едің. Алайда бұл — ар-ұжданыңның алдында адал болмас еді.

Сонда мәселені біз сияқты талқыламағандарды қайтеміз? Олар агностик не атеист болса, несі жаман?

Ештеңесі де. Алайда Құдайдың бар екендігі туралы естігенде, олардың қалай әрекеттенгендері маңызды. Әңгіме солардың екі түрі барында: Құдайдың бар-жоқтығын білмейміз деушілер және білмейтін біз ғана емес, бүкіл дүниеде ешкім де біле алмайды деушілер. Осы екінші тобы басқа адамдардың ойларын білеміз деумен қатар нені білуге болатыны не болмайтыны бізге айқын дегенді де басым айтады. Өзінің осындай пікірін дәлелдей алатын адамды ешқашан кездестірген емеспін.

Ал агностиктердің алғашқы тобы өздерінің Құдайдың бар-жоғын білмейміз дегендеріне сәйкес басқа адамдардың Құдай бар деген дәлелдемелерін терең зерттеп, белгілі бір қорытындыға келуге тиіс. Себебі өзінің бір нәрсені білмейтінін мойындаган әркімнің білетін басқа кісілердің көзқарастарымен санасуы — нағыз парасаттылық.

Бұл ақылға сыйымды. Алайда гуманизмді қайтеміз?

Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұгым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Бұган өте ризамыз.

Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.

Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады.



Ербол, бірақ бұл да әлі «Құдай шынымен бар» немесе «сенушілердің ілімі — ақиқат» дегенді білдірмейді ғой. Мүмкін, сен тек осыларыңның шындық екенін тілеп, солай деп есептеген шығарсың?

Жоқ, олай емес. Солай тілегенімнің өзі де оның не шынайы, не шынайы еместігін білдірмейді. Неге десең, сенің тілегенің кейде іске асады, солай емес пе? Пікіріміз шындық па, қате ме деген сұраққа тілектерімізді ескермей жауап беру керек.
  1. ИСАҒА ДЕГЕН СЕНІМНІҢ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?


Солай екен дейік. Онда Исаға деген сенімнің шынайылығының дәлелдерін айтып берші. Олар қандай? Кейбіреулер тарихта Иса Мәсіх еш болған емес, Ол ойдан шығарылған бейне дегенді айтып жұр ғой.

Құтқарушы Исаның шынымен өмір сүргендігінің ең маңызды айғағы — жиырма жеті жазбадан тұратын, әрқайсысы Исаның өмірі мен ілімі және Ол бастаған қозғалыс туралы әңгімелейтін Інжіл шариф. Сол жазбалардың алғашқы төртеуі «Ізгі хабар» деп аталып, Исаның өмірі мен ілімі жайлы баяндайды. Бұлардың екеуін жазғандар — Исаны өз көзімен көріп, бірнеше жыл бойы Оның қасында жүргендер. Ал қалған екі «Ізгі хабар» бәрін көздерімен көрген куәлардың баяндап айтқандарынан жинақталып, құрастырылып жазылған. Осы құжаттар Исаның өмірі мен іс-әрекеттерінің бұлтартпас дәлелдері.

Дегенмен, Исаның өмірі жайлы бұлардан басқа да тарихи айғақтар бар; Исаның жолына түспеген яһуди тарихшысы Иосиф (Жүсіп) Флавий де «Яһудилердің көне тарихы» деген еңбегінде Иса туралы жазып қалдырған. Рим империясының Иса тұрған өлкесін билеген әмірші Понти Пилаттың дәуірін суреттей келіп, Иосиф Флавий (18 томының 3 тарауында) былай деп жазады:

«Ал сол кездің шамасында аса данышпан адам Иса өмір сүрді — егер оны адам деп атау орынды болса, себебі ол керемет істер жасап жүрді. Ол шындықты қуана қабылдағандардың Ұстазы болып, көптеген яһудилер мен гректерді өзіне тартып отырды. Ол — Мәсіх (Құтқарушы Патша) еді. Арамыздағы басты адамдардың ұсынысымен Пилат оны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастауға үкім шығарғаннан кейін Исаны алғашқыда сүйгендер одан бас тартқан жоқ. Себебі ол үшінші күні қайта тіріліп, оларға көрінді. Құдайдың пайғамбарлары ол туралы мұны да, басқа да он мыңдаған ғажап оқиғаларды алдын ала айтып кеткен болатын. Күні бүгінге дейін өздерін соның атымен мәсіхшілер руы (қауымы) деп атап жүргендер бар».

Иосиф Флавий осы «Көне тарихын» біздің заманымыздың бірінші ғасырының аяғында жазып, Рим императоры Домицианның билік құруының 13-ші жылы (б.з. 93-94 ж.) аяқтады. Бұл шығарма — көне еврей тарихы туралы негізгі мәлімет көздерінің бірі.
Сонымен қатар, Неронның билік құруын сипаттаған, Римнің басқа бір тарихшысы Корнелий Тацит те Иса және Римде тұратын мәсіхшілер туралы айтып өтеді. (Жылнамалар, XV, 44, шамамен б.з. 112 ж. жазылған). Римнің тағы бір тарихшысы — Светоний де б.з. 120 жыл- дары жазылған кітабында Иса және Оның жолымен жүретіндер туралы айта кетеді. (Клавдийдің өмірі, 25.4). Рим тарихшысы Кіші Плиний де Иса туралы б.з. 112 жылы жазған (Хаттар, X, 96).

Інжіл шарифтегі «Ізгі хабарлардың» бірін жазып қалдырған елші Лұқа болған оқиғаларды ерекше мұқият баяндаған тарихшы болған. Лұқа Иса Мәсіхтің өмірін сипаттап жазуда ерекше тәптіштеп зерттелген тарихи деректерге сүйенемін деп құрметті досын сендіріп, былай деп жаза бастайды:



«Қадірлі Теофил! Ізгі хабарды уағыздаушылар арамызда әбден белгілі болған оқиғаларды басынан бастап өз көздерімен көріп, бізге қалай айтып жеткізсе, дәл солай әңгімелеп беруге көп адамдар кірісіп кетті. Олар іспетті мен де өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізуіңіз үшін бәрін басынан бастап ұқыпты зерттеп, рет-ретімен жазып берсем игі болар еді деп ұйғардым» (Лұқа 1:1-4).

Лұқа Исаның істерін сипаттай бастағанда, олардың қандай тарихи заманда болганын атап көрсетеді:



«Рим патшасы Тіберидің билік құрғанынан кейінгі он бесінші жылында, Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод Антипас — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі, ал Ханна мен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды (Лұқа 3:1-2). (Осындағы Итурея, Трахонит және Абілене — бүгінгі Ливан мен Сирия елдеріндегі аймақтар.)

Исаның өмірі мен ілімі туралы «Ізгі хабар» деген өзге үш баяндамаларда да айқын тарихи сілтемелер бар. Оларды тарихи деректерді қадірлейтін кісілер жазған. Бұл жазушылардың екеуі — Матай мен Жохан Исаның жер бетіндегі қызметі кезінде Оның шәкірттері болған. Ал Марқа болса, Исаның басқа бір шәкірті — Петірдің жақын досы болатын. Інжіл шарифте Петірдің өзі жазған екі хаты да бар. Біз жоғарыда айтып кеткен Лұқа елші де Петірмен және Мәсіхтің бірнеше өзге шәкірттерімен бірталай уақыт өткізіп, олардың Исамен бірге жүргенде Одан көріп-естігендерін тәптіштеп жазып қалдырды. Лұқа, сондай-ақ, Иса Мәсіхтің өмірі мен ілімімен қатар, Оның ең жақын ізбасарлары мен солардың шәкірттерінің өмірі мен қызметі туралы Інжіл шариф- тегі «Елшілердің істері» деген баяндаманы да жазып қалдырды.

Сондықтан бізде Исаның шынымен өмір сүргендігі туралы бұлтартпас тарихи дәлелдер бар. Көне тарихтағы көптеген басқа кең танымал тұлғалармен салыстырғанда, Иса Мәсіхтің өмірі мен ілімі жайлы шынында да әлдеқайда көбірек білеміз.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет