Шахмардан есенов



бет61/123
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#107253
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123
Байланысты:
Шахмардан есенов

Ш.Есенов: «ұлттың атын шығаратын даналары мен озық ойлы ғалымдары!» дегенді жиі айтып, өзі сол ортаның өсіп-өнуіне барынша жағдай жасаған басшы. Оған дәлел әлемді озық ойларымен мойындатқан Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын іздеп табуға барынша кірскен адам. Нақ сол жылдың 16 қарашасында президент Есенов ұсынысы бойынша Академияның философия және право институты жанынан Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеу тобы құрылып, іске кіріседі. Жан-жаққа хатар жазылып, мемлекеттік орындарды хабардар етіп, қолдау мен көмек сұрайды. Бәрі бірден қолдай кетті десек өтірік болар еді. Ондайларға қайыра хат жазылып, маңыздылығын түсіндіріп, халық үшін, ұлт үшін, тәрбие үшін керектігін алға тартады. Басқалар мұндай ғұламаны таба алмай жүргенде біз өз жерлесімізді «танымағанымыз» ұят боладыға дейін барады. Ақырында Республика басшылығы Халықаралық конференция өткізуге келіскенмен Мәскеу ұрықсат бермейді. Шынын айтқанда олар әл-Фарабидей дананың қазақ даласынан, бұрын «бұратана» деп менсінбей жүрген халықтан шықты дегенге сенгілері келмеді. Қимады деп те айтуға болады. Тағы да талай-талай хаттар жазылды. Әрине, Халықаралық конференция емес бес адамның басын қосатын жиын өткізу үшін ол кезде Мәскеудің рұқсаты керек екендігіне бүгінгі жастардың сенбеуі мүмкін. Амал қанша, ол кездің шындығы сенсеңіз де сенбесеңіз де солай болатын.

Сондай хаттардың біразын біз Ғылым Академиясының мұрағатынан таптық және бір-екеуін жариялап отырмыз. Құжаттар біздің ой сараптауымыздан көрі дәл, шындықты баяндайды. Әл-Фарабиді өз «отанына оралту» мақсатында атқарылған шаралар мен Есеновтің әуелгі әрекетінен сыр таратады.

***

Архивтік көшірме

СССР Ғылым Академиясы жаратылыстану және техника тарихшылары Кеңестік Ұлттық бірлестігі Комитетінің,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет