Шахмардан есенов



бет60/123
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#107253
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123
Байланысты:
Шахмардан есенов

Ш.Ә.:--Раха, әл-Фараби мұрасын зерттеу мәселесі, мемлекет тарапынан қашан қолға алынғандығы туралы деректі Сіз жақсы білетін боларсыз.

Рахманқұл Бердібай:-- Айтайын, 1967 жылдың күз айында (нақтылы күні қазір есімде жоқ) Қазақстан Ғылым Академиясының президиум мәжілісінде әл-Фараби мұрасын жинау, зерттеу мәселесі тұңғыш рет қаралды. Мәжіліске көрнекті ғалымдар мен қатар үлкен жазушыларды да шақыру қажет деп табылған-ды. Сол Ақжан Машановтың оң қолындай болып, Фараби десе ішкен асын жерге қойып, жалындап сөйлейтін Ауданбек Көбесов маған: Академия президумының жиналысына Сәбит Мұқановты шақырайық, ол кісінің аузы дуалы ғой, фарабитану бөлімін ашуды қолдап сөйлесе жақсы болар еді, сондықтан Сіз Сәбеңді «үгіттеп көрсеңіз қайтер еді», деді. Мен профессор Григорьянның «Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан» деген, ішінде Фараби туралы тарау бар кітапты алып, Мұқановтың үйіне бардым. «Сәбе, қазақ халқының ертедегі ұлы ғалымы, әл-Фараби туралы акдемияда пікір алысу болғалы жатыр, соған Сіздің беделді сөзіңіз керек-ақ. Фарабидің кім болғандығы мына кітапта жазылған. Сізден Фарабиді зерттеу керек деген сөз күтеміз, бұл бүкіл жас ғалымдардың тілегі» дедім. Сәбең мәжіліске қатысуға және әл-Фараби мұрасын зерттейтін бөлім ашуды қолдауға уәде берді. Халқымыздың ардақты ұлы, кемел жазушы, өзінің ойын қашанда да батыл айта алатын Мұқанов уәдесінде тұрды. Академияның президиум мәжілісінде Фааби тануды қолға алу қажеттілігін дәлелдеп сөйледі. Айтпақшы мен Сәбеңе «Фарабиді насихаттаймын» деп алып барған әлгі кітабым Сәбеңнің кітапханасында қалып қойды., мен «ондай кітап табылар, көздеген мақсатымызға жеткеніміздің өзі олжа» деген пікірді қанағат тұттым.

Әл-Фараби мұрасын зерттеу мәселесіне арналған мәжілісті Академияның президенті Шахмардан Есенов ашты және күн тәртібінде тұрған тақырыптың мән-жәйін түсіндірді. Соңғы кезде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші секретары Дінмұхамед Қонаевтың және менің атыма республиканың әр тарапынан әл-Фараби мұрасы қашан зерттеледі деген сыңайда хаттар келуде, сол хаттардың бір тобы менің алдымда жатыр,--деп, ол стол үстіндегі қатталып тұрған қағаздардың кейбір беттерін парақтап шықты. Шахмардан Есенов сөз түйінін «жұртшылық сұрағын аяқсыз қалдыруға құқымыз жоқ, сондықтан осы мәжілісті Академия президиумының мүшелерімен ақылдасу үшін сіздерді шақырып отырмыз» деп тұжырымдады.

Бұдан кейін Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті, академик Жабағы Тәкібаев: «әл-Фарабидің ғылыми мұрасы және оның жаһандық деңгейдегі орыны» туралы тамаша баяндама жасады. Орта ғасырда өмір кешкен, сол замандағы ғылымның биігіне шыққан қазақ перзенті туралы бұған дейін Академияның бірде-бір жиналысында айтылып көрмеген құнды талдаулар мен тұжырымдар президиум мүшелеріне күтпеген жаңалықтай әсер еткен еді. Ал, осы мәжіліске шақырылған профессор Ақжан Машановтың сөдері мейлінше қысқа әрі нақтылы болды. «Әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеу қажеттілігі туралы бұдан біраз жыл бұрын академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атына жазған хат мынау»,--деп бір парақ қағазды көрсетті,-- бұл хатқа Қанекең «А.Машановтың пікір, ұсыныстарына толығымен қосыламын» деп, қиғаштама қойған. Міне, осы аманатты Қ.Сәтбаевтың әрі шәкірті, әрі орнын басқан мұрагері ретінде Сізге беремін!»--деп, Машанов қағазды Шахмардан Есенов қолына ұстатты.

А.Машанов бұдан соң әл-Фараби шығармаларының Парижден, Лондоннан, Лиссабоннан, Ленинградтан алдырған көшірмелерін Есеновтің алдына қойды да:--«Жер жүзінің екінші ұстазы атанған алып ғұламаның мұрасын жинау мен зерттеуге бір адамның өмірі жетпейді; Аристотель сынды бұл тұлғаның қалдырған қазынасын тұтас ғылыми ұжымдар ғана саралап, зерттей алады; әл-Фараби еңбектерін жинай ғой» деп маған ешкім шет елге комондировка берген жоқ, менің өз әрекетіммен ғана қолға түскендері осы болды, ендігі міндет академияның мойнында» деп сөзін аяқтады.

Заман желі оңынан бастаса қиын деп келген сұраулар оңай шешілетініне сол күні көзім жетті. Әр түрлі ғылымның көрнекті өкілдерінен құралған президиу мүшелері әрі айтып, бері айтып, ақырында әл-Фараби мұрасын зерттейтін арнайы орталық немесе бөлім керек деген пікірге тоқайласты. Шындығына келгенде мәселенің осылай шешілуіне ол кезде беделі мен мансабы өрлеп тұрған Қонаевтың бұл іске дұрыс пейіл білдіріуі, қазақтың нар тұлғалы төл перзенті, құнды ғылым зерттеулерімен Лениндік сыйлықтың лауреаты атағына ие болған, табанды, қажырлы Ш.Есеновтің ата мұраға деген таза ықылыасы мен тегеуіріні айырықша ықпал етті деп ойлаймын. Әйтпесе Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін екі-ақ пайыз адам сауатты болған деген жадағай тезисті бұған дейін сан қайталап келгендердің кенет мынадай бетбұрыс жасауы қиын болатыны айдан анық еді. Мәжіліс соңы «әл-Фараби өмірі мен шығармашылығын зерттейтін топ қай институттың жанынан ашылған дұрыс деп көпшілікке сауал тастағанда мен: «әл-Фараби ғылымның көп саласына жаңалық ашқан ғалым, бірақ ол, ең алдымен Аристотельден кейінгі философ деп мойындаған ғой, сондықтан зерттеу орталығы Академияның Философия және право» институтында болуы лайық» деп ұсыныс айттым. Бұл ұсынысты «Философия және право» институтының директоры, академик Салық Зиманов бірден қолдады, бұған президиум мүшелері де келісті. Халқымыздың атын жаһанға танытқан Әбу Насыр әл-Фарабидің Қазақстан Академиясының табалдырығын аттауы осылай басталған еді..».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет