Түсіндірме жазба
Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы болып есептелетін мектепке дейінгі білім беруде білім мазмұны балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Соған сәйкес, вариативті компонент бойынша «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту», «Дидактикалық ойындар», «Шебер қолдар», «Бала тілін дамыту», «Таза ауадағы шынықтыру» және «Сиқырлы сандар» бағдарламалары дайындалып, оның негізгі мақсаты баланың жас ерекшеліктеріне қарай қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту тұрғысында құрылды.
Бағдарлама мазмұнында баланы кіші жастан еңбекке баулу, шынықтыру, тілін дамыту, ойын элементтері арқылы логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілетін жетілдіру және сахналық қойылымдар негізінде дарынды балаларды анықтау жұмыстарына басымдық берілген.
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшелері дайындаған бағдарламалар негізінде бала бойына еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін сіңіре отырып, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік мол.
Достарыңызбен бөлісу: |