Құрастырушы-автор: Г.Ә.Досымова
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№32 «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
4-5 жастағы балаларға арналған «Шебер қолдар» бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Кіріспе
Еңбек тәрбиесі – ол баланың еңбек етуге деген психологиялық даярлығын, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, сонымен бірге еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгерту болып табылады.
Бала бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек…Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет»- деп жазады. .
Еңбек тәрбиесі отбасында әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міңдеттер атқарады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіншілік болады.
Еңбек баланың адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық дамуының ең бір басты факторы. Осы сатыда қалыптасқан дағды баланың одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім, білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады. Ұсынылып отырған бағдарлама балалардың еңбек әрекетіне қатысуға қызығушылығын дамыту мақсатын көзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |