№
|
Аралдар
|
саны
|
1
|
Қуаныш аралы
|
20 мұғалім
|
2
|
Бақыт аралы
|
2 мұғалім
|
3
|
Жаңалық аралы
|
7 мұғалім
|
4
|
Жалығу аралы
|
0
|
5
|
Реніш аралы
|
0
|
6
|
Мұңаю аралы
|
0
|
7
|
Күтпеген жағдай аралы
|
36 мұғалім
| Сабақтың қаншалықты сәтті өткенін білу үшін «Аралдар» парақшаларын үлестіріп бердім. Әріптестеріміздің жауаптары келесідей болды.
Қорыта келгенде бүгінгі коучинг нәтижесінде әріптестерім орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды құру туралы мағлұматтар алды. 7 модульді ықпалдастыруды меңгерді. Топпен жұмыс жасауды, топқа бөлуді, сергіту жаттығуларын жасатуды, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы сабақ өту барысын үйренді деп ойлаймын. 7 модуль әдіс-тәсілдерінің тиімділігін түсінді. Бұдан кейін де әріптестеріме көмек беруге, тәжірибе алмасуды жалғастырамын.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қазақта сөз бар. Болашақта әріптестеріммен мектептегі оқыту мен оқудың сапасын арттыру үшін, 7 модуль әдіс-тәсілдерін қолданып жұмыс жүргіземін, оқушылардың танымын қалыптастыру мақсатында әдіс-тәсілдерінің тиімділігін арттырып, АКТ-ны пайдаланып, сабақтың тиімділігін арттырамын. Білім алу үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдер оқушы білімді өздігінен меңгеріп, білім дағдыларын қалыптастырып, зерделей білуінде деп ойлаймын. Заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беріп,тұлға етіп шығаруда ұстаз талмай ізденіп, еңбек етуі керек.. Өткізген коучинг сабағы көңілімнен шықты. Жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып мұғалімдермен жұмыс жүргізу айтарлықтай қиындықтар тудырған жоқ. Себебі өз қалауларымен қатысқан бұл әріптестердің үйренуге деген, жаңалыққа деген құлшынысы зор болды. Әріптестерімнің сенімі, ыстық ықыластары, жаңалыққа құлшыныстары менің осы кезге дейінгі «қалай болар екен?» деген барлық қобалжуымды тарқатып, сеніміме қанат бітіріп, ерекше жігерленуіме сеп болды. «Бір нәрсе біліп, үйреніп кетемін» деген оймен келіп отырған оларға мен де оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше көбірек танытуға тырыстым. «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрену» ұстанымын басты назарда ұстап, түрлі тапсырмалар арқылы олардың пікірін, көзқарасын көбірек білуге, өз идеялары арқылы жаңа білімді өздері үйренуге жағдай жасауға ұмтылдым. Өзгелерді оқыту арқылы өзім де көп нәрсеге үйрендім. Ересектер де балалар сияқты, оларға да ынталандыру, қолпаштау, қолдау көрсетіп, тиісті жерінде мадақтап отыру керектігін ұғындым. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары үшін барынша өзекті болуы керек (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 82- бет). Әріптестеріммен өзім үшін маңызы бар мәселелерді бірлесе талқылағанды жөн көрдім және олардың да өз сабақтарына өзгеріс енгізіп, кәсіби тұрғыдан дамығандарын қаладым.
Коучинг сабағының соңында мұғалімдер сөздерінен үзінді, тарих пәні мұғалімі: «Маған сабақтың мақсаты түсінікті болды. Жалпы коучинг сабақ маған ұнады. Жаңа үлгі бойынша жоспар жазуды үйрендік. Коучинг сабағы мені оқу тәжірибеме өзгеріс енгізуге жігерлендірді. Рахмет!»
Математика пәні мұғалімі: Топтық жұмыс арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын үйрендік. Коучинг сабағынан алған әсерім мол. Өз жұмысымда оқыту мен оқу тәжірибемде өзгеріс енгізуге жігерлендірді. Коучинг сабағының мақсатын түсіндім, өз қажеттілігіме сәйкес келетінін мойындаймын. Алдағы уақытта өз жұмысымда ескеріп отырамын, сабақ жоспарларын осы үлгіде жазамын. Коучинг барысында математика пәні үшін қиындау т.с.с айтып отырған әріптесімнің ойы өзгергеніне қуандым.
Келешекте де әріптестерімнің кәсіби дамуына қолдау көрсете отырып, оларды оқыту үдерісін жалғастыра бермекшімін. Мектепте оқытудағы өзекті проблемаларды бірлесе талдайтын мұғалімдер қауымдастығын құрып, пән бойынша сапалы оқыту, сыныппен жұмыс жасау, оқушылардың оқуын бақылау, бағалау және өз жұмыстарына рефлексиялы ой- толғау жүргізуді үйрету мәселелерін қолға аламын.
Болашақтағы жоспарым:
1.7 модуль әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,білім сапасын арттыру.
2.Коучинг сабағын ары қарай жалғастырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |