Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет97/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. - М., 1977
2. Махмутов М.И. Теория и практика проблемного обучения. - Казань, 1977.
3. Бұзаубақова Қ.Ж. Ділгірлік оқыту // Қазақстан мектебі. - №6.- 2006.- 27-31б.
4. Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. Пособие к спецкурсу для высших педагогических учебных заведений, институтов усосовершенствования работников образования, - М.:Арена, 1994, - 221с.
5. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.:Народное образование, 1988, -225с.
6. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.:Педагогика, 1989. -192с.

4.15 Пікірсайыс технологиясы

Еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайдың тез өзгеріп отыруына және жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологиялардың үлкен қарқынмен өмірімізге енгізіле басталуына байланысты бүгінгі заман тұлғасының қасиет пен қабілеттерін қалыптастыруға үлкен талап қойылып отыр. Аталмыш талаптарға сай келу үшін ғылыми педагогикалық қауымдастық бүгін білім берудің тиімді жолдарын іздеуде. Білім берудің алдына қойған мақсаты дайын нәрселерді үйретіп қана қою емес, сонымен қатар күрделі мәселелердің ішінен негізгіні анықтап шеше білетін, саналы, белсенді тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқытудағы жаңа технологиялардың бірі ретінде пікірсайыс жоғары мәртебеге ие болып отыр. Бұл бағдарлама Қазақстанға 1996 жылы халықаралық «Сорос » қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген бастапқы семинарлар арқасында келген. Қазіргі таңда бұл технология елімізде өз жалғасын тауып отыр.


Пікірсайыс дегеніміз - белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнері. Қазіргі таңда пікірсайыстың әртүлі форматтары бар. Олардың барлығы жаңа заман педагогикасындағы «субъект-субъект» принципіне негізделген. Пікірсайыс мұғалімдер мен оқушылар арасында, оқушы мен оқушы арасында, оқушылар топтарының арасында болуы мүмкін. Бұл технология оқушы мен мұғалім арасындағы авторитарлы стильдегі қатынасты ашық демократиялық стильде түсіндіруге мүмкіндік береді. Осындай стильдегі қарым-қатынас оқушы мен мұғалімнің шығармашылыққа деген әлеуетін көтереді.
Пікірсайыс технологиясы білім беруде жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Пікірсайыс әңгіме болғалы отырған заттар жайлы белгелі бір білімнің болуын талап етеді. Аталмыш заттар жайындағы білімдер жүйесі болмаған жағдайда да пікірсайысқа түсу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда пікірсайысқа қатысушылардың белгілі бір жүйелі білімі болады. Пікірсайыс технологиясын оқу үдерісіне енгізу - бүгінгі заманның талабы. Оқу үдерісін осындай тәртіппен ұйымдастырудың арқасында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
- Оқушыларда белгілі бір тақырып бойынша жүйелі білім қалыптасады;
- Оқушылар әртүрлі мәлімет пайдаланатын болғандықтан көптеген жаңалықтарды тезис ретінде жеткізуге мүмкіндік береді;
- Әрбір оқушы өздігінен жұмыс жасап, оны жеткізу жолын таңдайтын болғандықтан оқу үдерісі бір сарында емес қызыққа толы, таласты болады;
- Пікірсайыс негізінде оқушылар жалпыға ортақ деп танылатын әмбебап пікірге келеді.
Тақырып бойынша өз бетінше мәлімет жинақтаған оқушы пікірсайысқа келіп өзінің ойы, ұстанған позициясы қаншалықты шындыққа жанасады, алған білімі қаншалықты қолданысқа ие екендігіне көз жеткізе алады. Мәліметтер төңкерісі болып отырған заманда оқушылар бүкіл жаңалықтарды оқып-тануы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда білім мекемелерінде жүйелі жұмыс жасайтын пікірсайыс бәсекелерінің алар орны ерекше. Оқушылар осындай пікірсайыс мәселелеріне қатысу арқылы немесе көрермені болу арқылы көптеген мәліметтерді игере алады.
Аталмыш пікірсайыс мәселелерін әртүрлі пәндер үшін әрқилы формада ұйымдастыруға болады. Жоспарланған сұрақтар бойынша оқушылар мәліметтер жинақтап, белгілі бір ой қорытады. Пікірсайыста тың ойлар жүйелініп, тыңдалып, талқыланады, ортақ пікірі іздестіріледі. Пікірсайысқа қатысу деңгейіне байланысты бағалау жүзеге асады. Пікірсайыстың белсенді мүшелерін сараптық комиссияға, ұйымдастырушы алқаға қатынастыруға болады.
Пікірсайыс технологиясы тәрбие үдерісінде негізгі құралдардың бірі ретінде қолданылады. Пікірсайысты белгілі ережелермен шектелген білім таластыру өнері ретінде қарастыруға болады. Нақты ережелердің сақталуы пікірсайыс мақсатына жетуді қамтамасыз етеді. Бұл фактіні түсінген оқушыларда белгілі бір заң шеңберінде жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Мұның барлығы құқықтық тәрбиенің негізін қалайды. Оқушы пікір таластыру барысында өз әріптестерін тыңдап, олардың ойларын тыңдауды үйренеді. Әрбір жеке пікірдің қаншалықты маңызды екендігін сезінеді. Бұндай іс-әрекеттер оқушыны жариялық жағдайда жұмыс жасауға үйретеді. Қарсы пікірді дұрыс қабылдап, құнды сын-ескертпелерді дұрыс пайдалану адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.
Пікірсайыс технологиясының дамытушылық міндеттері өз алдына бір бөлек. Пікір таластырушы әрқашан ізденіс үстінде болады. Оның ойында шығармашылық қабілеттер дамиды. Көптеген проблемалардың ішінен негізгіні анықтау, оны шешудің жолын іздеу, ұсыну, ұсынысын қорғау деген кезеңдерден өту барысында оқушы өз ойын логикалық тұрғыдан сараптап, анализ, синтез операцияларын кеңінен қолданады, ой-өрісі дамиды. Продуктивті ойлау нысандары оқушыны өз ойын сөзбен жетік жеткізуге көмектеседі. Сөйтіп сөйлеу мәнері қалыптасқан, ой-өрісі кең, терең білімді тұлға қалыптасуына жол ашылады.
Пікірсайыс технологиясының мүмкіндіктері:
- Субъектілер арасында мәлімет алмасуды қамтамасыз ету.
- Білім беруді мақсатты,саналы түрде ұйымдастыру.
- Білімді жүйелі түрде пайдалануды үйрету.
- Мәселенің жан-жақты сырларын ашу.
- Мәселенің негізін,түйінін анықтау.
- Сын тұрғысынан ойлауды үйрету.
- Шығармашылық қабілетін ашу.
- Логикалық ой-өрісін дамыту.
- Сөйлеу мәнерін дамыту.
- Ғылыми ізденіске баулу.
Пікірсайыс технологиясының мақсаты- оқушыларды жан-жағына сын көзбен қарап, орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту.
Пікірсайыс - арнайы құрылымы, ережесі бар ресми сөз таласы. Ресми пікір таласының қолданыс аясы және оның уақыты шектеулі. Ресми пікірталас бір шешіммен басталады да, екі жақты дауға ұласады. Әр топ өз көзқарасының дұрыс-бұрысына қарамай, өз бағытын «дұрыс» деп сендіруге тырысады. Әр топ өз көзқарастарын дұрыс жүйемен құрып, дәлелдеу арқылы қарсыласының дәлелін жоққа шығарады (сурет 1).
Пікірсайыс бағдарламасын оқу үдерісіне енгізудің алғашқы кезеңі жаттығулардан басталады. Бағдарламаны жетік менгеріп, қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей жаттығуларды іске асыру қажет:
- кіріспе жаттығулар;
- дәйек құруға көмектесетін жаттығу;
- пікірсайыс тақырыптарын дайындау мен талдауға арналған жаттығулар;
- үлгі бойынша жаттығулар;
- жақтау тобының кейсін құруға арналған жаттығу;
- қақтығыс тудыратын сұрақтар жаттығуы ;
- теріске шығару кейсін жасайтын жаттығу;
- терістеуге арналған жаттығулар;
Жаттығулардан кейін дайындық кезеңі басталады.
Белгілі тақырыпта пікірсайыс өткізу үшін оқушылар біріншіден, зерттеу жұмысын жүргізеді. Зерттеу барысында оқушылар ғылыми әдебиеттер мен баспа материалдарын оқып, сараптамадан өткізеді.
Екіншіден, топ мүшелері ойларын ортаға салып, тақырып төңірегінде талдау жасайды.
Пікірсайыс технологиясынын негізгі кезеңдері:
1. Қарар: «болымды - болымсыз».
2. Аргумент: төрешінің көзін шындыққа жеткізу, дәлелдеу арқылы іске асырылады.
3. Дәлел: нақты тақырыпты ашатын фактілер келтіріп, қайнар көзін айтады.
4. Қарама-қарсы сұрақ - жауап.
5. Шешім қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет