Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері



бет69/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері

Модульдік оқыту технологиясы



Ерекшеліктері
Технология мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланған әдістемелерді жоспарлауына көмектеседі.
Технология жобасындағы негізгі объект оқу тақырыптары -дидактикалық модуль. Әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады. Технология (В.М.Монахов бойынша) оқу үдерісін әдістемелік тұрғыдан басқаруға жағдай жасайды.
Оқу үдерісін технологиялық жобалап құруға мүмкіндік тудырады.



1-кезең: Оқытудың жаңа технологиясының теориялық негіздемесі пакетін түзу.
2-кезең: Берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық жұмыстар пакетін түзу
3-кезең: Берілген дидактикалық модульді жүзеге асыруда мұғалімнің әдістемелік құралдары пакетін түзу
4-кезең: Берілген дидактикалық модульді жүзеге асыруда технологиялық ойлардың жүзеге асуының нәтижесін шығаратын өлшемдер мен әдістер пакетін түзу
5-кезең: Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті пакетін түзу

Бұл модуль жекелеген тақырыптарға бөлінген бағдарлама бойынша өтіледі. Әр тақырыпта 6-дан 12-ге дейін сағат саны тағайындалады. Модуль 3 бөліктен тұрады. Бірінші - кіріспе бөлігі немесе модульге, тақырыпқа ену, екінші - негізгі бөлім немесе сөйлесу арқылы оқушының біліктілік іскерлігін, қабілетін ұйымдастыру, үшінші бөлігі оқушылардың алған білімдерінің сапасын тексеру.


Модульдің әрбір құрылымдық бөлімдерінде пайдаланатын әдістемелер мен жұмыс жүйелерінің жинағын ұсынады:
- проблемалық жағдаят тудыру;
- негізгі оқу міндетін анықтау;
- өзін-өзі бақылау және алдағы тақырыпты, тарауды оқуға дайындығын оқушының өздерінің бағалауы;
- алдағы жұмыс жоспарын жасау және оны талқылау.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі. Ол:
- ақпараттардың аяқталған блогынан;
- оқушы іс-әрекеттері бағдарламасынан;
- бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Мұғалім бір модульдің сағат санын мөлшермен белгілеген соң өз жұмысының нәтижесін көру үшін сабақтың жоспарын, мақсатын, мазмұнын болжап жоба құрып алады. Мұғалімнің алғашқы дайындығы келесі әрекеттерден тұрады:
1-әрекет. Курс бағдарламасында қарастырылатын бөлім, тақырыптар бойынша оқушының алатын шартты білімін, бейімін және дағдысын, сонымен қатар оқыту мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
2-әрекет. Ұсынылып отырған модуль бойынша оқу материалының барлық мазмұнын талдау.
3-әрекет. Тақырып бойынша белгіленген негізгі ақпараттағы бұл модульдің мазмұнын сипаттайтын басты ұғымдарды іріктеу. Олардың бір-бірімен байланысын, тәуелділігін анықтау.
4-әрекет. Барлық тақырыптар үлгісінде тірек схемалар жасау. Анықталған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, барлық тақырыптар бойынша тірек боларлықтай схема құрастыру.
5-әрекет. Оқу модулінің мазмұны бойынша 100-300 тест сұрақтарын әзірлеу.
6-әрекет. Бұл модуль бойынша сынақ өткізу үшін оқу материалының барлық мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар блоктарын құрастыру .
7-әрекет. Диалогтық бөлімге жете дайындық жасау.
Әрі қарай мұғалім сабақтың түрлерін ойластырады. Өтілетін сабақтың мазмұнына қарай үш деңгейде тапсырма дайындайды.
Оқу үдерісіндегі модульдің ең жауапты екінші сатысы - диалогтық бөлім деп аталады. Ол мынадай 3 маңызды бөліктен тұрады:
3-деңгей. Ақпаратты қабылдау және түсіну.
2-деңгей. Ақпаратты қолдану және талдау.
1-деңгей. Ақпаратты ұғыну және орынды пайдалана білу. Мұғалім модульдің диалогтық бөлімін дайындау кезінде оқу материалының жалпы жобасы мен мазмұнын бірнеше бөліктерге бөліп алады.
1. Оқу барысы бір жүйедегі оқушының білім алу бағытындағы әртүрлі жеке, топтық және ұжымдық жұмыстардың түрлері іспетті қарастырылады.
Олар оқушылардың ойлап көз алдына елестету, қисындық ой туғызу; есте сақтау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталады, әрі білімділік мақсатын айқындайды;
2. Психологиялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың жеке тұлға ретінде өз қажеттілігін қанағаттандыру, қабілеттілігіне сендіру және алға қойған мақсаттарына жету үшін жағадай жасау;
3. Оқу үдерісін басқару оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізілуі тиіс;
4. Барлық оқушыларға сынып бойынша 3 деңгейде тапсырма беріледі:
ІІІ -ші деңгей. Жеңіл стандарт.
ІІ-ші деңгей. Мемлекеттік деңгей стандарт.
І-ші деңгей. Стандарттан жоғары деңгейдегі тапсырмалар.
Әр деңгейдің тапсырмасы әртүрлі. 3-ші деңгейдің тапсырмасы өте қарапайым, тек қана тақырыппен танысу болса, 2-ші деңгейдің тапсырмасы одан ұлғайып күрделене түседі,1-ші деңгейдің тапсырмасы білімі жоғары, дарынды оқушыларға арналған.Ол шығармашылық жұмысты талап етеді. Оқушы өз күшіне, өз деңгейіне қарай тапсырманы таңдайды.
Модульдік оқытудың басқа технологиялардан ерекшелігі мен айырмашылығы:
1. Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
2. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас үдерісі арқылы жүзеге асады.
3. Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді. Модульді оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету болып табылады.
4. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудың белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық логика, белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істей алуы, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру, өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау - модульдік оқытуға тән.
5. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту үдерісіндегі оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
Модульдік бағдарлама жасаудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет