8. Технологиялар интеграциясы.
Оқыту үдерісінің мақсаты, міндеттеріне сәйкес бірнеше технологиялардың бірігуі.
Ғалым В.А.Бухвалов ұсынған оқыту технологиясының классификациясы білім беру үдерісіндегі инновациялық технологияларды тереңірек ашуға мүмкіндік береді, бұнда мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің әртүрлі аспектілері қамтылған.
Я.С.Савельев инновациялық педагогикалық технологиясының интегративтік жүйесін ұсынады:
- іс-әрекеттік бағытына қарай: оқушы-білімгер-мұғалім-сала қызметкері-мемлекеттік қызметкер.
- оқыту мақсатына қарай: қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретін диагностикалық болжау негізінде құрылатын оқу үдерісін жүзеге асыру.
- пәндік ортасына қарай: гуманитарлық пәндер, жаратылыстану пәндері, техникалық ғылымдар пәндері, жалпы кәсіби білім беретін пәндер, арнайы пәндер;
- техникалық құралдарды қолдануына қарай (техникалық ортасына қарай): аудиовизуалды, видеотехникалық, компьютерлік, мультимедиа және т.б.;
- оқыту үдерісін ұйымдастыруға қарай: жеке, топтық, ұжымдық, аралас;
- әдістемелік бағытына қарай: бір пәннің технологиясы, бір құралдың технологиясы, бір әдістің технологиясы және т.б.
Ғалым А.Я.Савельев ұсынған жүйе оқытудың инновациялық технологияларын сәйкесінше оқу технологиясымен бірлікте қарастырады, тұлғаның іс-әрекетін жан-жақты ашуға бағытталады.
Тұлғаға бағытталаған оқытуд көздейтін технологиялар оқушылардың танымдық үдерісін әр түрлі қырынан зерттеуді басшылыққа алады:
- оқу-іс-әрекеттің негізі;
- оқу мотивтері;
- жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетінің типологиялық ерекшеліктері және т.б.
Оқу психологиялық-педагогикалық зерттеулерде арнайы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады. Оның ерекшелігі - барлық басқа іс-әрекеттерді меңгерудегі негізі болатындығында.
Білім беру саласындағы инновациялық үдерістерді зерттеу бойынша ғылыми және арнаулы әдебиет көздеріне жүргізген зерттеуіміз көрсеткеніндей, білім беру мекемелерінің дидактикалық жүйелерінде ендіріліп жатқан инновациялық педагогикалық технологиялардың төмендегідей түрлерін атап кеткен жөн:
1. Психотехнология (психологиялық теориялар негізінде құралған):сеземін - сезінемін - көрсетемін қарым-қатынас, мысалы, ӨЕШТ (өнертапқыштық есептерді шешу теориясы). Бұл технология оқушыларда шығармашылық ойлауды қалыптастырады.
2. Ақпараттық-кибернетикалық технология - кері байланыс тетігі негізінде жүйеленген ақпарат, мысалы, компьютерлік техникамен жұмыс.
3. Диалогтық технология (бұл сұрақ-жауап негізіндегі жұмыс емес!). Оқу диалогтарының (М.М.Бахтин, И.Е.Берянд, В.И.Библер, С.Ю.Курганова идеялары бойынша) педагогикалық маңыздылығы төмендегідей:
- мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынастық: оқушының өмірге деген көзқарасын қабылдау, оқушының жеке тұлғасын сыйлау, құрметтеу, оқушының өз орнын өзі анықтауы, оқушының өзін-өзі ұйымдастыра алуы;
- оқушының өзінің ішкі жан дүниесімен өзінің күресуі;
- сұхбаттың оқушы тұрмақ мұғалім үшін де белгілі-белгісіздік шегінен шыға алуы;
- оқу материалының құрылысына оқушы үшін таң қаларлық ғажайыптардың енгізілуі оқушылардың танымдық қызығушылықтарының артуына жол ашады;
4. Имитациялық технология (ойындық ) - оқу модельдері, рөлдік оқыту, шешім қабылдау әдістері;
5. Толық меңгеру технологиясы кері байланыс үшін тестілеу әдісін қолданады.
6. Акмеологиялық технология - тұрақты мотивация негізінде әрбір оқушыны оқыту мен дамытуда жоғары нәтиже мен жетістіктерге жеткізетін технология. Бұл кез келген оқушының жетістігін қамтамасыз ететін оқытудың барлық белсенді әдіс-тәсілдерінің жүйесі, үйлесімі.
7. Зерттеушілік технологиясы - жаңалық ашу арқылы оқыту.
8. Тренингтік технология - оқушылардың іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.
9.Жобалау технологиясы - оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру.
10.Видеотехнология - оқытудың аудиовизуалдық құралдарын пайдалану.
Ғалым Н.А.Еньшина соңғы кезеңде жалпы білім беретін орта мектептерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарында да қолданып жүрген инновациялық технологияларды атап көрсетеді.
Ал, ғалым В.Я.Ляудис өзінің «Инновациялық оқыту және ғылым» атты еңбегінде инновациялық оқытудың ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Педагогикалық үдеріске жаңа бағыт беруде, жаңалық ендіруде көптеген ішкі және сыртқы факторлардың әсері зор. Мәселен, ғалым К.Ангеловский бұндай факторларға төмендегілерді жатқызады:
- жаңалықтың мақсаты;
- жаңалықты ендіру әлістемесі;
- жаңалықтың мотиві:
-оқушылардың белсенділігін арттыруға, ынталандыруға ұмтылу;
-қоғамның сұранысын қанағаттандыру;
-оқыту мекемелеріндегі жаңашылдықты қолдау, қуаттау;
-жаңашылдықтың жұмыс тиімділігін арттыратындығына сенім білдіру;
93-108 беттер жазылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |