Дәріс № 17-18 Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы.
Дәріс сабағының мазмұны:
Сутегі атомына арналған Шредингер теңдеуі. Сутегі тектес атомдар.
Энергетикалық деңгейлер. Деңгейлер ені. Кеңістіктік квантталу.
Күрделі атомдардағы электрондық деңгейлердің құрылысы. Паули принципі.
Сутегі молекуласы. Иондық және коваленттік байланыстар.
Екі атомды молекуланың электрондық термдері.
Спонтанды және еріксіз сәулеленулер. Лазерлер.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
Шредингер теңдеуін қолданып сутегі атомы теориясының элементтерін және бұдан шығатын кванттық сандар анықтамаларын қарастырайық.
Сутегі атомында заряды (-е) бір электрон (+е) оң зарядты ядроны (протонды) айнала қозғалады. Механикалық көзқарас бойынша, бұл - екі денеден тұратын жүйе. Электрон мен протон арасында Кулон заңы бойынша электростатикалық өзара әсерлесу бар, сондықтан ядро (протонд) өрісіндегі электронның потенциалдық энергиясы
Егер жалпы ядро заряды Zе сутек тектес ионды қарастырайық, онда ядро өрісіндегі электронның потенциалдық энергиясы мына түрде жазылады:
мұнда r – электронның ядродан арақашықтығы, ал – Z Менделеев жүйесіндегі элементтің реттік нөмірі.
Достарыңызбен бөлісу: |