Шуберт шығармашылығындағы романтизм лебі



бет2/5
Дата03.07.2018
өлшемі4,97 Mb.
#46211
1   2   3   4   5

Фортепианолық сүйемелдеу - барлық бөлімдерді жинақтап, бүтіндей біріктіретін негіз. Ол, аттың шабысына еліктегенді сездіре отырып, бірыңғай моторлық қозғалыспен бүкіл балладаны бойлата түседі. Баллада1 әңгімешінің «Оның қолындағы сәби өлі болатын» деген трагедиялық қайғылы баяндауымен аяқталады. Бұл баллада да - Шуберттің ең бір әсерлі шығармаларының бірі.

Аталған туындылармен қатар, даңқты композитордың «Форель», «Серенада» секілді танымал дүниелері әлемге аян.


«Форель» - Шуберт табиғат бейнесін сомдаған жіңішке келген вокалды миниатюра. Ол музыкада таң қаларлық шеберлікпен таза тау бұлағының сылдырын суреттейді, көңілді форель шалқиды. Мұндай балықты ұстап алу оңай емес, тап-таза судың ішінде ол қауіпті бірден сезеді. Бірақ, балықшы да қу. Балықты ұстап алу үшін, ол бұлақ суын лайлайды.

№48 мысал.


Жарқын әрі арманға толы вокалдық лириканың ең үздігі –Ф. Шуберттің «Серенада» ¹ шығармасы. Нәзік би әуені гитара шырқалымына еліктегендей ырғақты мінезділікпен сүйемелденеді.

№49 мысал.

Шуберт шығармашылығында оның вокалдық циклінің алар орны ерекше.

Шуберт «Ғажайып диірменші сұлу» («Прекрасная мельничиха»), «Қысқы сапар» («Зимний путь») аталатын екі вокалды цикл жазды. Дегенмен көп жағдайда оның вокалдық циклі деп оның романстарының бірі – «Аққу әнін» («Лебединая песня») айтады. Бірақ, сюжеттік жазба болмағандықтан, оны цикл деп атауға болмайды. Бұл әндер композитор қаза болған соң ғана жинаққа біріктірілді.

Шуберттің екі циклі де неміс ақыны Вильгельм Мюллердің өлеңдеріне жазылған. Аталған туындылар кейіпкер атынан баяндалған өмірбаяндық жазба болып табылады. Олар сюжеттері жағынан да ұқсас. Екі циклдің кейіпкері де - өмірден бақыт пен махаббат іздеуші кезбе жандар. Бірақ өмір жолында ол үнемі түсінбестікке, кедергілерге кезігеді. Бірінші циклде – «Ғажайып диірменші сұлу» - бұл өмірге жаңа қадам басқан бозбала кескінделсе, «Қысқы сапар» циклінде тауы шағылып, өмірі артта қалған адам бейнеленген. Шуберт әндеріндегі кейіпкердің толғанысы адамзат өмірінің кезеңдерімен байланысты табиғат өмірімен тығыз өрімделген. Бірінші циклде көктемгі табиғат бейнесі негізге алынса, екіншісінде – қысқы қатал көрініс бейнеленген.

«Ғажайып диірменші сұлу» («Прекрасная мельничиха») циклі 1823 жылы жазылған. Мұнда жас диірменші жігіттің өмірі, махаббаты мен күйзелісі ашып көрсетілген. Өз диірмен қожайынының қызына ғашық болған жас жігіт махаббаты мен алғашқы сезімін білдіру жолында бар күшін салады. Алайда сұлу диірменші қыз аңшы жігітті сүйетінін білдіреді. Қайғы мен мұңға бөленген жас диірменші таза бұлақ суына секіріп, соның түбінен мәңгілікке жан тыныштығын таппақ болады.



Осы циклдің ішінен ерекше танымалдыққа ие болған «Сапарға» («В путь»), әні. Бүкіл цикл бойына дерлік жас, жігіттің сенімді досы және сапарласы сылдырлаған бұлақ үнінің бейнесінің үлкен маңызы бар. Бірінші әнде ол жас жігітті өзінің соңынан сапарға жетелегендей болады.

№ 50 мысал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет